ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ТҮРЛЕРІ


ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ ТҮРЛЕРІ
Өнеркәсіп орны, құрылымы және оны жетілдіру жолдары
Өндірісті басқару өте күрделі, үздіксіз, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық процесс. Бұл процесс кезінде басқарушы жүйе нақтылы қойылған мақсатқа жетуді көздейді.
Өндіріс процесі әр түрлі де және әр салада өзіне тән ерекшеліктері көп болады. Сондықтан бұл жұмыста біз тек өнеркәсіп саласындағы өндіріс процестері қалай басқарылады, соған тоқтамақпыз. Ал осы саланың ішінде машина жасау өндірісіне көп көңіл бөлмекпіз. Өйткені мұнда кездесетін өндіріс процестері ең күрделі және де ең қызықты болып табылады. Мұны игерген маман басқа өндірісті игеріп, оны тиімді басқаруы күмәнсіз.
Өндіріс процесс құрылымын талдаудан бұрын бұл тақырыпты игеруге оңайырақ болу үшін өнеркәсіп орны, құрылымы туралы түсінік бергеніміз дұрыс.
Өнеркәсіп орны жемісті нәтижеге жетуі оның әр түрлі өндіріс бөлімшелері (цех, участок) бір-бірімен арақатынасына байланысты. Қажетті көлемде өнімді тиімді жолмен шығару үшін цехтар арасында, ал цех ішінде учаскелер арасында, белгілі пропорциялар болу керек. Бұл пропорционалдыққа дұрыс құрылым арқылы жетуге болады.
Әдетте өнеркәсіп орнының жалпы құрылымын және өндіріс құрылымын ажырата білу керек.
Жалпы құрылымы дегеніміз өндіріс болімдері мен өнеркәсіп орнын басқарып және еңбеккерлерге қызмет жасайтын ұйымдардың құрамы, олардың саны, шамасы мен көлемі, орналасқан жер мөлшері, адамдар саны және т. б. көрсеткіштер негізінде құрылған өзара ара-қатынастары.
Өнеркәсіп орнының жұмыскерлеріне қызмет көрсететін ұйымдарға пәтер, үй-коммуналдық шаруашылығы, балалар бақшасы, асхана, қолғабыс тигізетін шаруашылығы, емделетін пункттер тағы басқалар жатады.
Өнеркәсіп орнының өндіріс құрылымы деп оның ішкі өндіріс бөлшектерінің құрамын, олардың құру және бір-бірімен байланыс түрлерін түсінеміз.
Өндіріс құрылымымен тікелей байланыс сұрақ - ол цех, участкелер, қызмет орындары, жұмыс орындары белгілі бір жерде қалай орналасқаны.
Негізгі өндіріс бөлігі боп өндіріс учаскесі табылады.
Өндіріс учаскесі деп белгілі бір жерде орналасқан жұмыс орындар жиынтығы, ол жерде технологиялық біркелкі жұмыс, не болмаса бірдей және біртиптес өнімдерді жасау үшін әр түрлі операциялар атқарылады.
Өндіріс участкесінің өнімі дағдыдағыдай өнеркәсіп орны ішінде әрі қарай өңдеу үшін арналады.
Жұмыс орны дегеніміз өндіріс орналасқан жердің бір бөлігі, ол жерде жұмысшы не болмаса бір топ жұмысшылар керекті құрал мен техникалық жабдықтарды пайдаланып өнімді шығару, не болмаса өндіріс процесіне қажет қызмет жасау операцияларын атқарады. Жұмыс орнында бір жұмысшы, бір топ, жұмысшылар, не болмаса жұмысшылар бригадасы болуы мүмкін. Кей жерлерде көп станокті жұмысшы орны болуы мүмкін.
Ірі және көп жағдайда орта шамалы өнеркәсіп орындарында біртектес учаскелерді біріктіріп цехтар құрады.
Цех дегеніміз әкімшілігі бөлінген өнеркәсіп орнының өндірістік бөлімі. Мұндай бөлімде өнім түгелдей, не болмаса өнімнің бір бөлігі шығарылады, немесе өндірістің белгілі бір стадиясы атқарылады. Цехтан жартылай фабрикат шығады да, ол не осы заводта қолданылады, не бөтен заводқа сатылуы мүмкін.
Шағын заводтарда, кейбір орта мөлшерлі өнеркәсіп орындарында цех құрылмай завод тек тікелей учаскелерден тұрады.
Цехтардың өндіріс процесіндегі роліне қарай негізгі цех, көмекші цех, қызмет жасайтын цех пен шаруашылықтар, жанама цех т. б. деп ажырата білу керек.
Негізгі цехта өндіріс процесінің белгілі бір стадиясы атқарылып шикізат пен жартылай фабрикаттан өңдеу арқасында дайын өнім туады, не болмаса бірнеше өндіріс стадиялары аткарылып, оның нәтижесінде бір бұйым не болмаса оның бір бөлігі жасалынып шығады. Мысалға машина жасау заводында оған дайындау, құю, өңдеу, құрау және т. б. цехтар жатады.
Көмекші цех, учаскелерге негізгі цехтарға дұрыс жағдай жасаумен айналысатын цехтар жатады: құрал-сайман, модель жасау, механикалық-жөндеу, энергетикалық және т. б.
Қызмет жасау цехтар мен шаруашылықтар негізгі және көмекші цехтарға қажет жұмыстарды атқарады - дайын өнімді, шикізат, жартылай фабрикатты тасымалдау; оларды сақтау; әр түрлі энергияны пайдаланатын жерге жеткізу; қойма щаруашылығы т. б.
Жанама цехтар мен учаскелер өңдеуден қалған қалдықтарды пайдаланумен шұғылданады. Мысалға, металлургиялық комбинатта оған шлактан кірпіш құю, цемент жасау, керует жасау т. б. бұйымдар жасайтын цехтар жатады.
Өндіріс құрылымының үш типін ажырата білу керек: технологиялық, заттық және аралас типтері.
Технологиялық құрылымды заводтарда әрбір цех, учаске тек белгілі бір технологиялық процесс жүргізеді: құю, механикалық құрау т. б. Бұл тип кең мамандандырылған заводтарда кездеседі. Бұл заводтарда өнім бір-бірлеп, не болмаса шағын сершшен шығарылады. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын технологиялық мамандандыруды одан сайын тереңдетуді талап етеді: кейде өнім габаритіне қарай (ірі, орта және ұсақ бөлшектерді жасайтын механикалық цехтар деп), кейде өңдейтін материал түріне қарай (шойын, болат, түсті металл құю цехтары деп) .
Технологиялық құрылымының мынандай артықшылығын атап өткен жөн: біріншіден, мұндай цех, учаскені басқару оңайланып, жеңілденеді; екіншіден, цех, учаске ішінде адамдар орнын ауыстырып, епті жүмсауға жақсы жағдай жасалынады.
Сонымен қатар бұл типті өндіріс құрылымының кемшіліктері де жеткілікті. Әр цех, учаскеде бірнеше өнімдерді өңдеу үшін жабдықтарды жиі ауыстырып тұру керек. Ал оған көп уақыт кетеді және арадағы пропорциялар өзгеріп түрады. Әр учаске тек қана бір технологиялық операцияны жасағандықтан бүтін бұйым сапасы үшін ұжым жауапкершілігін арттыру қиынға түседі. Құрал-жабдықты тұрақты бір ағынмен орналастыру қиын.
Сондықтан оларды біркелкі, біртиптес орналастырады: токарьлық станоктар учаскесі, тесу станоктар учаскесі тағы да солай орналасқан басқа да учаскелер. Осы себептен өңдеу кезінде шығарылатын бұйым бұрынғы өткен жұмыс орнына қайта келіп, цех, учаске арасындағы байланысты шиеленістіре түседі. Бұл өндіріс циклі ұзақтығын соза түседі де, олардың тиімділік көрсеткіштерінін төмен болуына әкеліп соғады.
Заттық құрылымы кезінде әр цех белгілі бөлшек, буын (узел), агрегатты шығаруға мамандандырылады: мотор цехы, шасси цехы, кузов цехы және сол сияқты басқа цехтар. Бұл құрылым тар мамандандырылған заводтарда жолығады, өнім жаппай және көп сериялы өндірістерде қолданылады.
Бұл типтес кұрылымның мынандай артықшылығын атап өткен жөн: жаңа техника енгізу үшін өндірісте қолайлы жағдай тудырады. Механикаландыру, автоматтандыру кең етек жаюы мүмкін. Осыған қарай кадр біліктілігі жоғарылайды да, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік туады. Өндіріс процестерін ұйымдастыруда ағынды әдістер қолдануға болады. Қызметкерлердің, ұжымның бұйым сапасына деген жауапкершілігі артады және т. б.
Сонымен қатар оған тән біраз салмақты кемшіліктерді көрсетуге болады. Біріншіден, әр цехта құрал-жабдықтар толық комплекті болу керек. Демек, оны тиімді пайдалану мәселесі туады. Екіншіден, әр түрлі құрал-жабдық шоғырланған жерде жұмыс жағдайы нашарлауы мүмкін. Үшіншіден, мұндай цех, учаскені басқару қиын болады. Сондықтан заттық құрылым сирек кездеседі.
Ең кең тараған және жиі кездесетін аралас құрылымы болып табылады. Мұнда дайындау цехтары технологиялық принциппен, ал өңдеу мен шығару цехтары заттық принципімен құрылады.
Өндіріс құрылымы әрқашанда өзгеріп тұрады, өйткені оған толып жатқан факторлар әсер етеді. Оның ішінде мына факторларды атауға болады: өнім сипаттамасы, технология және өндіру әдістері (икемді өндіріс жүйелері, роботтар, роторлық-техникалык комплекстер т. б. ) ; өндіру көлемі және типі; мамандандырылу мен бірлестіру деңгейі және түрлері; тасымалдау шығындарына ой-жүгірту т. б. Бұл сұрақтар бір-бірімен өте тығыз байланысты, сондықтан әр қайсысының ықпалын жекелеп белгілеу мүмкін емес.
Өнеркәсіп орнының өндіріс құрылымы қанша ұтымды құрылғанын талдау арқасында анықтауға болады. Ол үшін әр түрлі көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұл көрсеткіштер қатарына мыналар жатады:
1) цехтар мен қызмет көрсететін шаруашылықтардың құрамы;
2) жоғарыда аталған цех пен шаруашылықтардың мөлшері; қызметкерлер, құрал-жабдықтар қуатын, негізгі қорлар құнын және шығарылатын өнімнің көлеміне сайып келген өзаралық қатынастары;
3) әр түрлі мамандандырылған цех, учаскелердің үлестері;
4) негізгі және көмекші цехтар арасындағы ара қатынасы;
5) еңбек өнімділігі және негізгі өнімнің еңбек сыйымдылығы;
6) орналасқан жерді қанша тиімді пайдалануы;
7) тасымалдау маршрут ұзындығы;
8) жүк айналымы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz