БАСҚАРУШЫЛЫҚ ОЙЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
17 тарау. БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ.

17.1. МЕНЕДЖМЕНТ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ. БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ОЙЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Менеджмент – бұл басқару теориясы және нарықтық экономиканың қажетті
элементі болып табылады. Басқару теориясы ғылым ретінде ХІХ-шы ғасырдың
аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше
дәуірді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқарушылық ойдың
алғашқы қарқыны тейлоризммен байланысты екені айтылады. Фредерик Уинслоу
Тейлор (1856-1915 жж.) американ инженері, басқаруды ғылыми тұрғыдан
жүргізуді алғашқы рет айтқан және ол кез үшін бұл жаналық әрі фантазия
сияқты көрінеді. Кейінірек оның еңбектері мойындала басталды және ғылыми
басқарудың классикалық мектебінің негізін қалад. Ф. Тейлор Халықтық
менеджменттің принциптері еңбегінде кәсіпорынды басқаруды өнер ретінде
қарастырып, онда нені жасауды дәл білу және оны арзан әрі ең жақсы
тәсілмен қалай жасауға болатынын қарастырған. Оған қол жеткізу үшін Ф.
Тейлор ойынша, төмендегідей кейбір басқарудың шешімдерін жүзеге асыру
қажет: мақсатты таңдау және оған жету жолы, нәтижені бақылаудың тәсілін
дайындау. Ф. Тейлор өзінің еңбектерін басқаруды ұйымдастыруды тек кәсіпорын
деңгейінде қарастыруға арнаған. Осы мектептің жақтаушысы француз ғалымы
Анри Файоль (1841-1925 жж.) болған. Ол практикалық тәжірибені
жинақтау негізінде төмендегідей қорытындыға келген: басқару – кәсіпорынның
ресурстарын барынша пайдаланып, оны мақсатқа жетелеу, сөйтіп алғашқы рет
мемлекеттік басқаруда оны ғылыми ұйымдастыру принципін қолдаудың мүмкін
екендігіне ой салды. А. Файоль басқарушылық міндеттерін кәсіпорынның
техникалық, қаржылық және басқа мәселелерімен қарағанда ерекше зерттеу
облысы ретінде оқшауланады.
Басқарушылық ойда 40-ның аяғы, 50-шы жылдың басында кезекті қарқын
белең алды. Ол адамдық қатынастар мектебінің тууымен байланысты еді. Бұл
бағыт психология мен социология адамдардың мінез-құлқы жайлы ғылым
жетістігін басқаруда қолданумен айқындалады. Басқару теориясында адамдық
қатынастар яғни мінез-құлық мектебі пайда болды. Бұл мектептің негізін
қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880-1949 жж.) болды.
Осы ілім формальды емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек
өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды:
қызметкердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс сауалдары мен еңбекті
гуманизациялауды шешуде топтық демократиялық тәсілдерді қолданды.
Басқарушылық ойдың жаңа (1950-1960 жж.) даму дәуірі қазіргі сандық
тәсіл негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен
байланысты. Сөйтіп басқарушылық ғылым мектебі өмірге келді.
Басқарушылық теориясының 70-80-ші жылдардың қарсаңында жаңа мектебі
қалыптасты. Ол ситуациялық тәсіл мектебі болатын. Жағдайды қарастырудың
басты ерекшелігі әрбір ұйымдық-басқарушылық мәселені шешуді нақты
қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің
негізіне бұл мектеп кәсіпорын, ұйымның жұмыстарын қарауды алып, олардың
белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескерді. Осы кәсіпорынның қызмет
жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше
варианттардан мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір
ғана шешімі алынады.
Басқарушылық ойлар теориясында осы мектептерді менеджмент теориясы
мен практикасын дамытуда негізгі деп атау қабылданған. Басқарушылық
теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан
белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады. Мысалы, басқарушылық
теориясының классикалық мектебі мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар
санының өсуі, тауар мен қызмет көрсету нарығының өсуі, бірінші дүниежүзілік
соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриальды революцияның
басталуы.
Мінез-құлық мектебі – адамдық қатынастар мектебінің пайда болуы
кәсіподақтың өсуі әсерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге
сұраным екінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен
байланысты.
Басқарушылық ғылымдар мектебінің тууы корпорация, концерн, концерн-
конгломераттар көлемі өсуі әсеріменғ қырғи-қабақ соғыс, өндірістің
құлдырауымен түсіндіріледі.
Ситуациялық тәсіл мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерінің
ұлғаю әсерімен, елдер арасындағы ғыраштық, бақталастық, жоғарғы
технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы
біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде
басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Басқарудың –
американдық, жапондық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. Әлемдік
шаруашылық дамуы өзінің әсерін қазіргі менеджментті интернациялауға ықпал
етуде.

17.2. БАСҚАРУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН
ЗАҢДЫЛЫҒЫ

Шет елдердің дәстүрлі емес және ғылыми басқару жүйесіне көшудің
кезеңмен жүзеге асуы көптеген себептермен түсіндіріледі. Қазіргі кезде осы
көптегендердің ішінен ерекше оқшауланған бір ғана себеп – адамзат қоғамының
индустриалдықтан постиндустриалдыққа және ақпараттық қоғамға көшуі. Осы өту
құбылысындағы алдағы кездегі байқалатын басты нәрсе – болашақ технологиясы
саналатын компьютерді, гендік инженерия және т.б. кеңінен ендіру болып
табылады.
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдерде 80-шы жылдарда басқарушылық
ойдағы қалыптасқан көзқарасты жоюға қарқынды күш-жігер жұмсалды.
Әлемдік нарықта бәсекелестіктің тез күшеюі және технологиялық ұйымдық
жаңалықтарының жиілігі мен көлемінің ұлғаюы кезінде алғы шепте өз жағдайын
сынай қараған әрі олқылығын дұрыс есептеген фирма басшылары артықшылыққа ие
болды. Олар басқарудағы тиімді саналатын бұрынғы көптеген көзқарастарды
жоюға және өз ұйымының, ондағы жұмыскерлердің келешекте жақсы болуы
тұрғысынан қайта қарайды.
Біздің қоғамдағы дәстүрлі емес басқаруды қолдану қажеттілігі басқа
сипатқа өтумен туындайды: жоспарлы мемлекеттіктен аралас әлеуметтік
бағытталған нарықтық экономикаға өту және әкімшілдіктен экономикалық
басқару тәсіліне өту.
Рыноктық жағдайда әкімшілдік-әміршілдік басқарудан экономикалық
тәсілге өту басқару жүйесіне басқаша кілт табуды талап етеді.
Рынок – бұл кәсіпорынның өзінше жұмыс жасауы, сондықтан да барлық
жоспарлы-экономикалық шешімдер кәсіпорын иығына жүктеледі;
- ақпараттың қағаздық легі қысқарады: барлық керекті ақпаратты нарық
коньюнктурасы жедел көрсете алады:
- кәсіпорындар арасында өзара ақпаратпен алмасу қажеттілігі туындайды;
- ондай мәлімет беру сан алуан тауарлар жинағын ұлғайтады.
Бүкіл әлемді бір мәселе қатты толғандыруда: бүгін және ертең қандай
басқару қажет? Бұл мәселе барлық адамзатты толғандыруда: ақпараттық дәуірге
енген шет елдерді де және рыноктық қатынас дәуіріне алғашқы енген елдерді
де. Бастықтар көп болғанда не болуы мүмкін? Қандай бастықтар керек? Лидер
ме әлде жетекші ме? Егер сен лидер болсаң, онда басқаша жетекшілік
жасағаның дұрыс. Бүгін адамдарды қалай басқаруға болады? Дәстүрлі емес
басқару жүйесіне қажеттілігі себептерінің әртүрлі болғанымен, оның маңызы
біреу-ақ: батыста да, бізде де және ТМД елдерінде басқарудың дәстүрлі ескі
тәсілі жаңа өндірістік қатынастарға сай келмейді.
Олар дәстүрлі, қолайсыз, жалпы, жаппай көпшілік өндірістен қол үзе
бастаса, біздер дәстүрлі, қолайсыз, жоспарлы, нұсқаулы басқару жүйесінен
бас тартудамыз. АҚШ-да өндірістегі 244 млн. тұрғынға 10 млн. менеджер
болса, бұрынғы Одақта барлық басқару жүйесінде 288 млн. тұрғынға 18 млн.
басқарушы болған. Сөйтіп бұрынғы мемлекет бюджетіне өте ауыр салмақ
түскен. Қазақстан Республикасында 2000 жылы 15 млн. тұрғынға шамамен
миллиондай басқарушы келген.
Қазіргі өндірістің бұрынғы дәстүрлі, икемсіз, жалпы, жаппай көпшілік
түрлерінен айырмашылығы – оның жоғарғы икемділігі, жоғарғы ептілігі өнімнің
ұсақ сериясы және арнайы жоғарғы деңгейі, өнімнің тұрақты жаңалануымен
сыипатталады. Осыдан келіп дәстүрлі басқару түрлері – түпкілікті тұтушыны
жеткілікті ескермей, жаппай көпшілік өндірістің жалпы көрсеткіштерге
бағытталуы – бүгін өзін ақтамай отыр. Айта кететін нәрсе әдетте жоспарлы-
нұсқаулы жүйеге жаппай, жалпы, ірі, икемсіздеу өндіріс тән болды. Ол
жоғарыдан нұсқаулы, жоспарлы тапсырмалардыберу арқылы басқарылды. Осындай
автоматтылыққа құрылған организмдер кәсіпорында дағдылы түрде өзінің
қызметін атқарады.
Рыноктық қатынасқа көшу, мемлекттің толық өзіндік еркіндікке
тәуелділігі өзін-өзі басқару тәсіліне ерекше мән беруді талап етеді.
Бәсекелестік күресте өмір сүру үшін кәсіпорында дәстүрлі емес жаңаша
басқаруды үйрені керек. Әсіресе тауарды шығаратын әрі оны өткізумен
айналысатын адамдарды басқара білген жөн. Рынок кезінде кәсіпорын
мамандарында көптеген жаңа қам-қаракеттер пайда болды: тауар рыногын,
капитал нарығын, жұмыс күші нарығын және т.б. білу қажеттілігі. Бұрын
мұндайға сұраныс болған емес және онымен ешкім айналысқан жоқ.
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін қамтамассыз ету үшін қазіргі кезде
басшыға жаңа технологияны білу ғана емес, сонымен қатар басқару тәсілін
меңгеру қажет. Алайда, ішкі ортаны басқару (бұл басқарудың дәстүрлі аясы,
бірақ дәстүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент туралы мәлімет
БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері
Басқарудың ғылыми мектебі
Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құршысы
Ғылымды басқару мектебі
Менеджменттің бастапқы теориялары
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Маркетингтің мәні
Пәндер