Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер.
Тақырып 3.1.Басқарудағы экономикалық әдістер.
Басқару дегеніміз - алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар
бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесінің
маңызы зор.
Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ықпал жасау әдістері
басқару әдістері деп түсініледі.
Басқару әдістері дегеніміз - басқару процесінің маңызды элементі.
Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы,оларды іс жүзінде шебер пайдалана
білу өндірісті басқару тиімділігінің алғышарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың
ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін
өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да
техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру,осы заманғы
техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру
үшін жағдайлар жасайды,олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, әдістер - басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып
табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа бөледі:
А) бүкіл басқару жүйесіне жататындар(жалпы әдістер)
Б) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын
ауқымдағы әдістер)
Басқарудың жалпы әдістері:
-кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару
қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне:
-министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне:
-түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістеріне:
-белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдістеріне бөлінеді.
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі
шағын сипатта болады,өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына,
қызметкерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен
басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын
жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзіне басқару әдістерінің:
-өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді):
-мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы
екендігімен):
-қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын
білдіреді):
-қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, ұжымдық) ерекшеленетін сан
алуан түрлері қолданылады.
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық
жүйелерге белгілі бір басқару буының алдына міндеттерді, соның ішінде:
-экономикалық:
-ұйымдық-әкімшілік:
-әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал
жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.
Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады. Барлық басқару
әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір
тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу
шеңбері болады.
Басқару әдістеріне талдау жасау кешені көзқарасты,әдістің
мазмұнын,оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген
жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен басқару
әдісі дегеніміз-объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі.
Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың талаптарына сай келуі
жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне
айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен
өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сүрмейді.
Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын әсердің мазмұнымен ғана
емес,бағытымен де сипатталады.
Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір
ұйым форма алмай қоймайды.
Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып
табылады. Басқаруды праволық жағынан регламенттеу өндіріске басшылық етудің
көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.
Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.
Нарық қатынастарына көшу кезеңінде өндірістегі мотивация
қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен саналығына
негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа:
А)материалдық себеп әдістеріне:
ә)әлеуметтік себеп әдістеріне:
б)билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.
Осы топтардың әрқайсысы:
-оңды себепті(ынталандыру)
-теріс себепті(жазалау мәжбүр ету) қамтиды.
Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері
болып тбылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал
болмайды.Мәселен,материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер
үшін база жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға
болады.
Материалдық себептер мынадай үш түрде:
-қоғамдық:
-ұжымдық:
-жеке түрде көрінеді.
Материалдық себептерге:
-материалдық жағынан ынталандыру:
-күштеу шаралары:айып салу,өсім алу және басқа да материалдық
жазалар қолдану жатады.
әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор-кең көлемді насихат
және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін жетеді.
Әлеуметтік себептер оңды(материалдық көтермелеу) және теріс (жазалау) болуы
мүмкін.
Билік ету себебі қызметкерді кез-келген жағдайда қимыл жасауға
мәжбүр ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның
беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күштеу тұтқалары арқылы қамтамасыз
етіледі.
Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:
А)тура немесе тікелей ықпал етуге:
ә)міндеттер қоюға:
б)ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді.
Тура ықпал етуге басшының ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей
нұсқау түрінде өкім беруі тән.
Міндет қою - сан қырлы әдіс,өйткені міндеттердің тәптіштелу дәрежесі
әртүрлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудың негізгі типі.
Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін
жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс.
Адамдағы жұмыста бұл әдістің мүмкіндіктері шектеулі,ол ұзақ мерзімді
перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың
экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз
жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында
қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып
табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір
экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық
көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер
орындаушыларға олардың экономикалық әдістер деп түсініледі.
Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық
мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдалануын көздейді.
Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның
коллективті мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге
ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру
жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу
мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды,
үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық
көрсеткіштер деп,өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін
тануды,жоспар жасауда,оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен
әдістерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде
дербестік беруді көздейді.Олар сонымен қатар барлық экономикалық
көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді.
Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады.Олар:
-шаруашылық механизмі және оның құрылымы:
-әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару:
-экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану:
-мемлекеттік реттеудің әдістері.
Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.
Шаруашылық механизмі-шаруашылықты жүргізудің қағидаларына
негізделген әдісі.бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез келген кәсіпорындардың
залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді.Шаруашылық механизмі ұғымына
мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін
жағдай жасауды білдіреді.
Шаруашылық механизмі,басқаша айтқанда,өндірістік қатынастар
жүйесі,өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-
қимылдарды көрсетеді деген сөз.Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен
өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық
мүдделерін ескере отырып әртүрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.Өйткені бұл орайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Ұйымдар және оларды тиімді басқару
Мемлекетті басқарудың тәсілдері
Басқару әдістері мен технологиялары
Технологиялық ақпараттарды қайта өңдеу
Кәсіпорын қаржысын басқару
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Ұйымдар және оларды тиімді басқару жайлы
Қаржылық басқару
Пәндер