Мифологиялық уақыт және прототүріктер мәдениеті


ЖОСПАР
Мифологиялық уақыт және прототүріктер мәдениеті2
Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері9
Қолданылған әдебиеттер тізімі12
Мифологиялық уақыт және прототүріктер мәдениеті
Ежелгі дәуір мәдениетінің дүниетанымы - миф Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінін маңызды белгісіндей, олардың символдық (рәміздік) мазмұны аркылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінген.
«Миф алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар (А. Қасымжанов) .
Мнфологиялық дүниетанымның кіндігі - кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. А. Ф. Лосев атап өткендей, миф дегеніміз ойдан шығарылған қиял да, ғылыми қағида да, символикалық таңба да, діни сенім де емес. (Философия. Мифология. Культура. М., 1991, 21 б. ) . Ол - сөз құдіретіне ие болған мәдени тұлғаның тарихы (уақыты) .
Мифтік уақыт туралы сөз қозғағанда оның жазусыз мәдениетпен бітісе қалыптасқанын ескеру керек. Мифтік түсініктерге, болжамдарға, кәріпкелдік пен сәуегейлікке арқа сүйеген жазусыз мәдениет өз пиғылын жеке адамның еркінен тыс жағдайда жүзеге асырады. «Коллективтік тәжірибе мен әдет-ғұрыпты арқау еткен қоғамның қуатты болжау мәдениеті болуы шарт. Ал бұл табиғатты, әсіресе аспан шырақтарын бақылауды міндетті түрде ынталандыра отырып, осыған байланысты теориялық танымның өркендеуіне алып келеді. Сызба (начертательная) геометрияның кейбір бітімдері календарлық астрономиялық ауызша поэзиямен қаныға отырың мәдениеттің жазбасыз сипатымен орайласуы әбден кәнік», - дейді Ю. Лотман (Мәдениеттер шпологиясы - Әлем. А., 1990, 248 б. ) . Бұл үзіндіден мифологиялық танымның уақыт пен кеңістікті игеру құралы екендігін көреміз. Жазулы ақпарат жоқ кезінде миф оның қызметін атқарған адам мен дүниенің дәнекері болған. Кейін құдай адамдарға кітап (Інжіл, Құран, Библия) сыйлаған соң мифологиялық дүниетанымды дін мен философия ығыстырды. Бірақ ол Уақыт ағынында жоғалып кетпей, баспаның көмескі сана (подсознание) мен архетиптік жадыдан табады.
Мифологиялық уақыттағы сакральды (қасиетті) мағынасы бар мотив - адамның биологиялық өмірі, оның тууы мен өлімі. Қауымдағы ең бірінші бөлініс - жыныстық бөлініс. Оның негізінде мифологиялық сана уақыттан тыс тұратын алғашқы абсолютті бейнелердің бірі - Алғашқы Ата-ана туралы түсінікті қалыптастырады. Егер діни түсініктегі Адам ата мен Хауа ананы) Құдай жаратса, мифологиялық Арғы Тек - табиғат туындысы, тотем (киелі жануар) . Мифологиялық уақыт бүкіл табиғи адамдық белгілерді танып, оны адамдандырды.
Мифологиялық текетегі кейіпкердің сөзі мен ісі синкреттіқ және тұтастық сипатта болады. Оның бірлігін жүзеге асыратын күш - салт-дәстүрлердің мызғымас жүйесі. Тек осы арқылы адам өзіне бір тұрақтылық табады.
Сонымен мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғатпен сырлас болуды талап етті. Скиф-сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар, табиғатпен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.
Қазақтың арғы ататектерінің уақытты мифологиялық тұрғыдан түсінуі әлемдік үлгілерден алыс жатқан жоқ. Мәдениеттанулық структурализмнің өкілдері (В. Пропп, К. ЛевиСтросс) әртүрлі халықтардың мифтері мен салт-дәстүрлерін зерттей келе, олардағы құрылымдық ұқсастықты атап көрсетті. Мысалы, ежелгі гректердегі Циклоп пен түрік халықтарының Төбекөз туралы мифтері тек мазмұндық емес, сонымен бірге құрылымдық ұқсастықты танытады.
Енді мифологиялық уақыттың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Көп дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе - мифологиялық уақыттың реалды уақытпен жақындығы. Алғашқы білім жеткіліксіздігінен реалды дүниені қиял, ойдан құрастырылған жасанды аналогиялық бейнелер арқылы түсіндіргенімен ол ақылы шарықтаған. Жаңа Заман адамынан табиғатқа жақын тұр. Мифологиялық тұлға реалды уақытты өзінің виртуалды, ішкі, тылсымдық уақытымен қабылдайды және ол адамдық дүниемен бірге өтеді.
Мифологиялық уақыттың негізі оқиғалардан оның мазмұны мифологиялық тұлғаның іс-әрекеттерінен тұрады. Оқиға да, әрекет те ерекше бір құрастырылған хронотоптарда өтеді.
Олардың алмасуы мен өзгеруі адамнан тысқары болатын реалды уақыт пен кеңістікте ошей, осы мифологиялық хронотоптар арқылы жүзеге асады. Бұл этностық уақытқа да тән құбылыс. «Уақыттың баяу, немесе жылдам жүруі оқиғаның тығыздығына тікелей қатысты. Бір ғажабы оқиға азайып сирей бастаған жерде уақыт жылдам жүреді. Оқиғаның өзі баяндалмайтын жерде оның орнын уақыт толтырады. Жалпы уақытты айтын ескертіп отыру оқиға қоюлығы азайған жерде еске түседі. Тотемдік Ілкі тек адам мен табиғаттың ішкі тұтастығын білдіретін маңызды дүниетанымдық түйнекке жатады.
Зерттеушілер Ілкі Тек жалғыз адам әлеміне тән деп есептемейді. Ол бүкіл ғарыштық әлемді, үш дүниені (жоғары, орталық және төменгі) қамтитын көрініске жатады. Мысалы, көшпелілер әрбір түлікті белгілі бір ғарыштық стихиямен байланыстырады:
. . . ешкі - сайтаннан, қой - оттан, түйе - сордан, жылқы - желден, сиыр - судан.
(Ж. Каракузова, М. Хасанов. Космос казахской культуры, 36 б. ) . Бұл стихиялар (дүлей күштер) ғарыштық жасампаздықтың таңбалары: сиыр - өлім мен о дүниенің белгісі, түйе - Жердің бейнесі, «еш» деген түбірі бар ешкі - хаостың, бостықтың таңбасы. Кейін қазақтың дәстүрлі мәдениетінде тотемдік ұғымдар қалғанымен олардың нақтылы көріністері өзгерді.
Әрине, тотемдік түсініктер тек этникалық уақыттың бастама нүктесімен шектелмеген. Қазақ мәдениетінің архетиптік уақытында қалыптасқан және дәстүрлік уақытта жан-жақты қолданылған уақытты циклдік есептеу жүйелері арқылы (мүшел, жыл қайыру, мүшел жас, амал мен тоғыс, халық күнтізбесі) түсінудің көне алғышарттары мифологиялық кезеңде пайда бола бастаған. Және ол тотемдік уақыт бастамасымен тікелей қатысты болған. Бұл туралы Ш. Уәлиханов былай деп жазған: «Мүшел есебі бұдан 3-4 мың жыл бұрын шыққан. Тарихи зерттеулер бойынша алғашқы мүшелде төртақ хайуан болған: ұлу, бөдене, барыс және тасбақа. Бұлар дүниенің төрт тарапы мен жылдың төрт мезгілін бейнелеген. Ұлу - шығыс пен көктемнің, бөдене - оңтүстік пен жаздың, барыс - батыс пен күздің, тасбақа - солтүстік пен қыстың ишараты болған . . . Бертін келе бұл мүшел 6, 8, 12 хайуанға жеткен. . Мүшел сөзінің қайдан және қашан шыққаны белгісіз». (Избр. произв., А., 1968, 284- 285 б. ) .
Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеуші Ә. Хасенов бұл туралы былай пайымдайды: «Ежелгі түркі сөздеріне талдау жасай келе «мүш ыйл» және «мүш ел» сөздеріне тоқтауға болады. Мүш - он сөзінің бір варианты (алтмүш - алпыс, алты оң Жетмүш - жеті он) . Сонда «мүшйыл» - он йыл болмақ. Мағынасы тұрақсыз, шатаса беретін ұлу мен мешінді кейін қосылды есептесек: Орхон түркілерінің алғашқы мүшелінде 10 жыл болды деген қорытынды шығады». (Қазақстан өнері мен мәдениетінің тарихы. А., 1988, 156 б. )
Мифологиялық уақытты басқа типтер ауыстырғаннан соң да тотемдік түсініктер халық жадысында архетиптік қызмет атқарып, басқа бір рәміздер мен таңбаларға айналады. Мысалы Ататек тотем Көкбөрі жаугершілік және бостандық үшін күрес заманында қайсарлыққа шақырған рәміздік рөл атқарған. Ұлттық ойындарының бірі көкпардың төркінінде «көкбөрі» ұғымы жатыр.
Мифологиялық уақыттың тағы бір ерекшелігін мәдени дисперсия немесе синкретизм деп атауға болады. Әртүрлі әлемдер мен мәдениеттердің тоғысуы, уақыттық кезеңдердің бір-бірімен араласып кетуі, қиял-ғажайып оқиғалардың тұрмыс шындығымен бірге жүруі мифтік санаға тән құбылыс. Мысалы, «Қобыланды» эпосы қыпшақ тайпаларының сыртқы жауларымен күресін бейнелейтін нақтылы тарихи хронотопы анықталған батырлық жыры. Алайда бұл эпоста кездесетін Құртқаның шешесі Көктен кемпір, Баба Түкті Шашты Әзиз бейнелері исламға дейінгі мифологиялық кейіпкерлер болып табылады. Осындай мысалдарды қазақтың рухани мәдениетінен көптеп кездестіреуге болады.
Тарихи тұлға - Асан қайғы дарияның маңында пері қызына үйленеді. Баба Түкті Шашты Әзиз су астына перінің қызының соңынан сүңгіп, оған үйленеді. Бірақ пері қызының табу (тиым) қойған шарттарын орындай алмайды. Аспанға ұшын кеткен пері қызы екеуікің баласы Ендігені дарияның жағасына тастап кетеді. Қорқыт туралы аңызға қатысты Оғызхан Күн мен Жер қызына үйленеді.
Әрине, бұл айналмалы уақыт пен кеңістік мифологиялық санада өзгерістерге ұшырап отырды. Мифологиялық кейіпкердің өзі бас кезінде стихиялық күштерге толық тәуелді болса, адамдық, мәдениеттің нығаюы нәтижесінде оның дербестілігі айқындала бастады. Бұл туралы С. Қасқабасов былай дейді: « . . . мифологиялық сананың екінші кезеңіндегі қазақ мифтерінде адам өзін қоршаған ортадан бөлек айырықша жан деп пайымдайды және оның басқа жанға немесе нәрсеге айналуы адам еркі бойынша емес, сыртқы басқа әсерлер бойынша өтеді. Әдетте бұл біреудің қарғысы немесе тәңірінің, құдайдың жазасы түрінде болады. Бірақ қарғау және құдайлық күштердің араласуымен болған айналыстың өзі сөз арқылы жүзеге асады, себебі бұл уақытта (анимизм мен тотемизмнің орныққанына кейін) магия дамыған еді». (Казахская несказочная проза. А., 1990, 85 б. ) .
Магия уақыт ұғымымен тікелей қатысты. Ол құбылыстар заттар дүниесіне ешқандай технологиясыз және құралсыз, өз қалауымен әсер ететін ерекше ритуалдық әдіс есебінде енді. Яғни, магия түзу сызықтық уақыт пен жазық кеңістік әлеміндегі құбылыстарды ерекше бір тылсымдық күшпен өзгертуге негізделген. Оны объектіні билейтін субъект деп те қарастыруға болады.
Мифологиялық уақыттың тағы бір ерекшелігі оның болжамдық функциясымен байланысты. Мәдениеттер типологиясы ілімінде мифтік уақыт пен кеңістік тек бағдар емес, сонымен бірге адамдардың болашақгы білуінің құралы болды. Кейбір зерттеушілер мифологиялық сана өткен шақ пен қазіргі жагдайдың аумағынан шыға алмайды деген пікір айтады. Бұл, біздің ойымызша, дұрыс емес.
Мифологиялық уақытқа сүйенген мәдениеттің болашақ туралы болжамдары ақыл-ой мен логикаға негізделуден гөрі, адамның ішкі интуициялық және тылсымдық қабілеттеріне иек артқан. Бұл мәселе ғылымда тек соңғы жылдары дұрыс бағытқа қойылып, бұрынғы «мистика» деп айдар тағылған оның парапсихологиялық таным мүмкіншіліктері зерттеу объектісіне айнала бастады.
Әрине, көптеген болжамға байланысты мифологиялық түсініктерді өз мүддесіне қатысты әдейі бұрмалаушылық та кездеседі. Мысалы, хиромантия (алақанның сызықтары бойынша адамның тагдырын анықтау), астрология (зодиак жұлдыздары арқылы . . . ), құмалақ салу ж. т. б. осы сияқты «болжамдар» өтпелі заман тәрізді қиын-қыстау уақытта көбейіп те кетеді.
Алайда, болашақ бейнесін түсінуге ұмтылу ертедегі мифологиялық уақыттың маңызды қасиеті еді. Болашақ бейнесі мифологиялық сана үшін эсхатология түрінде болды. Яғни тарихи Уақыт ақырзаманмен бітеді деп есептелді. Оның тіпті ғарыштық мифтері де болды. Мысалы, Темірқазық жұлдызын айналып жүрген Жетіқарақшы жұлдыздары, не Үркердің қызын не Ақбозат пен Көкбозатты ұрлап алған күні ақырзаман болады екен деген миф бар.
ақырзаманмен бітетін уақыт бағыты, әдетте, этномәдени жүйенің күйзеліс, дағдарыс кезеңіне тән. Бұл көбінесе тұтастықтың әлсіреуі, көсемдер мен әскери басшылардың этностың болашағын ойлауды қойып, өз бастарының қамың алдыңғы қатарға қойғанда орын алады.
Басқарушыларынан түңілген халық күйгелектікке бет бұрып, әділетсіздікке, әркім тиесілі жазасын алатын ақырзаман болады деген түсінікпен қарсы шығады. Әрине, қазірге кезден болашаққа секірудің басқа түрлері де бар.
Жалпы алғанда, болашақ уақытты халықтық дүниетаным этиканың жақсылық және жамандық ұғымдары тұрғысынан баға беру арқылы болжайды. Кейін діни санада уақыт мәресі тозақ және ұжмақ ұғымдары арқылы түсіндірілген. Бұл мифологиялық болашақ түсінігінен күрделі және тұлғаның өміріндегі құндылықтар жүйесімен байланысты.
Мифологиялық уақытта болып кеткен оқиға мен оның қазіргі қалпы мен болашағы арасыада кедергі тұрған жоқ. Қайталанбалы уақыт өрісінде әлі болмаған бірақ ыктимал нәрселерді беру тәсілі әр түрлі: жору, ішкі дүниесімен сезіну, магия, теріс бағыттарға кедергі қоюға тырысу, аластау ж. т. б. Осылардың ішіндегі ең көп тарағаны - көрген түсті жору.
Сонымен мифологиялық уақыт туралы қазақ және басқа да халықтардың кейбір түсініктерін қарастырып өттік. Қайталап айтатын жәйт: мифологиялық уақыттың нышандары кейінгі даму барысында жоғалып кетпей, рухани мәдениеттің терең қабаттарында өз әсерлігін сақтап қалады.
Батырлық уақыт және қазақ мәдениетінің архетиптері
Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ, ол табиғи және қауымдық, күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген тұлғасы - Батыр. Бұл шынында да батырлық еді. Табиғи немесе құдайылық қажеттікті жеңе білген батыр нағыз адамзаттық мәдениеттіліктің (азаттықтың) негізін қалады. Батыс мәдениетінде «варварлар» бастаған батырлық ғасырлар Рим империясы құлағаннан кейін басталса, Еуразия Ұлы даласында бұл процесс номадалық түрік империяларының шарықтауымен сәйкес еді. Ғалымдар қазақ эпостарының алғашқы нұсқалары түрік қағанаттары кезінде қалыптасқаны туралы көптеген дәлелдер келтіреді. Ең бастысы - батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің архетиптері қалыптасқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz