Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банктің меншікті капиталының мөлшері мен құрылымы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның бірнеше себептері бар. Меншікті капиталының мөлшеріне қарай банктің ішкі және халықаралық рыноктағы бәсекелестік позициясы мен келешек даму стратегиясы анықталады. Банктің меншікті капиталы сырттан тартылған қаражаттармен бірге айналыс жасап банкке табыс әкеледі, үлғайып отырады. Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай оның қызметінің ауқымы анықталады. Яғни банктің активтік операцияларының ұлғаюы оның меншікті қаражаттарының нақты көлемімен байланысты. Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай банктің қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі анықталады. Банктің меншікті капиталы банктің қызметіне жаңа - прогрессивті банктік технологияны енгізуді, банктік сервисті одан әрі жақсартуды қамтамасыз етеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Банктің қызметіндегі меншікті капиталдың маңызына қатысты ғылымы зерттеулер Қазақстан және ТМД елдерінің ғалым-экономистерінің: А. А. Бекмухамбетованың, Ю. А. Бабичевтің, В. И. Колесниковтың, О. И. Лаврушиннің, Г. С. Сейткасымовтың ғылыми еңбектері мен публикацияларында жарияланған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курс тақырыбының басты мақсаты - меншікті капиталдың мәні мен маңызын, құрамы мен құрылымын, құрау көздерін теориялық тұрғыдан зерттей отырып, банк секторының меншікті капиталының жағдайын нақты мәліметтер негізінде талдау болып табылады. Ол үшін алға қойылған басты міндеттер мынадай:
- Банктік ресурстар және олардың экономикалық мәнін зерттеу;
- Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу көздерін зерттеу;
- Қазақстандық банк секторының меншікті капиталының жағдайын талдау;
- Екінші деңгейдегі банктер қызметінің тиімділігі жəне капиталдың жеткіліктілігін талдау
- Меншікті капиталдың жеткіліктігін қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу;
Зерттеу обьектісі болып - банктің меншікті капиталы саналады. Банктің меншікті капиталының құрамы мен құрылымы және құралу көздері - з ерттеу пәні болып саналады.
Теориялық және методикалық негізі. Курс жұмысында қазақстандық заң актілері мен реттеуші органдардың жарияланымдары, шетелдік және отандық авторлардың экономикалық және қаржылық оқулықтары, мерзімдік басылымдардың тематикалық материалдары сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстандағы қаржы нарықтары мен қаржы мекемелерін реттеу және қадағалау Агенттігінің статистикалық және сараптамалық материалдары қолданылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 3 кесте мен 1 суреттен, қорытындыдан, қолданылған мәліметтер көзінен тұрады
1 БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Банктік ресурстар және олардың экономикалық мәні
Пассивтік операциялар айналыстан тыс уақытша бос ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді және пассивтік операцияларды жүргізу арқылы банк өзінің келесі банктік ресурстарын қалыптастырады.
- меншікті капитал;
- сырттан тартылған қаражаттарды/міндеттемелер.
Пассивтік операциялардың басым бөлігін депозиттік операциялар құрайды. Депозитік операцияларға келесі операциялар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттарын қабылдау, оларды депозиттiк шоттарға орналастыру;
- депозиттік шоттар бойынша кіріс-шығыс операцияларын жүргізу;
- депозиттік шоттар бойынша клиенттің талабы бойынша мұрагерлік, сенімхат, аударым операцияларын жүргізу;
- депозиттік шоттар бойынша проценттер-сыйақы есептеу;
- депозиттік шоттар бойынша чектер, төлем карточкаларын беру;
- депозиттік шоттардың есебі мен архивін жүргізу;
- тағы басқадай.
Депозиттер банктiк шоттарда орналасады. Банктiк шотта шот иесiнiң салған және алған ақшаларының сондай-ақ басқа жақтан шот иесiнiң атына түскен және шот иесiнiң тапсыруымен үшiншi бiр тұлғаның пайдасына шегерiлген аударымдарының есебi жүргiзiледi. Шоттардың түрлерi мен санын талдау клиенттiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Банктерде депозиттiк шоттар теңгемен де валютамен де ашылуы мүмкiн. Банктiк шотты ашу - банк пен клиент арасында келiсiм-шарт жасау арқылы орындалады. Заңды және жеке тұлғалар үшiн депозиттiк шоттардың мынадай түрлерi ашылады: ағымдық, корреспонденттiк шоттар. Ағымдық шоттар заңды және жеке тұлғаларға ашылады. Корреспонденттiк шоттар - банктер мен банк емес несие-қаржы ұйымдарына ашылады.
Ағымдық шотта шот иесiнiң депозиттік операциялар бойынша күнделiктi операцияларының (кiрiс, шығыс) қозғалысының есебi көрсетiледі. Заңды тұлғалардың есеп айырысу не ағымдық шоты бойынша тауарларды өткiзумен, тауарлар өндiрудi қамтамасыз етумен өндiрiстiк шығындармен есептесумен, жұмысшыларға жалақы, салық органдарына салық төлеумен байланысты операциялар жүргiзiледi. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау кезiнде ашылатын есеп айырысу шоттары көбiнесе жинақ шоттары деп аталады. Жинақ шоттары келiсiм шарт жасау негiзiнде жинақ салымдары бойынша жеке тұлғаларға ашылады. Жеке тұлғаларға депозиттiк жинақ шотын ашу және ол бойынша қызмет көрсету банкте бекiтiлген ережелер бойынша айқындалады
Салымшының ақшасын қайтару кепiлдiгi банктiң бүкiл мүлкiмен қамтамасыз етiледi. Бірақ банк ҚР-ның қолданыстағы заңдарға сәйкес өкiлеттi органдардың салымшының ақшасына тыйым салу немесе өндiрiп алу әрекеттерi салдарынан келтiрiген шығындар үшiн жауап бермейдi. Депозитті келiсiм-шарттың талаптары бұзылған жағдайда екі жақ та ҚР-ның қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапты болады. Банктiң кiнәсiнен депозит уақытында қайтарылмаса банктер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне сай айыппұл төлейдi.
Банк жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдарына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру Қоры арқылы “Жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру” Ережесiнде белгiленген тәртiппен кепiлдiк бередi.
Қазақстандағы барлық банктер депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне енуге мүдделі. Өйткені тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесіне енген банктердің депозиттік операциялары бойынша шектеулер қойылмайды. Ал бұл жүйеге қатыспаған банктерге депозиттер қабылдауда шектеулер қойылады. Қазақстанда депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысқан барлық банктер депозите иелерінің мұддесін қорғауға және тиімді саясат жүргізуге міндетті.
Депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесіне қатысу үшін банктерге мынадай талаптар қойылады:
- халықаралық стандарттарға өту бағдарламасын қабылдаған банктердің бірінші тобында болуы керек;
- сақтандыру жүйесіне қабылдау жөнінде өтініш бергенге дейінгі 3 айдың ішіндегі меншікті капиталының көлемі Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен қабылданған Ережеде белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс;
- Ұлттық Банк бекіткен пруденциялық нормативтер сақталған болуы керек;
- депозиттерді сақтандыру жүйесіне енгізу жөнінде Ұлттық Банктің рекомендациясы болуы керек;
- соңғы жылғы қаржылық есебі болуы керек және ол Ұлттық Банк белгілеген аудиторлық ұйымның тексеруінен өткен болуы тиіс.
Қазіргі таңда депозиттерге кепілдік беру жүйесіне Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі 35 банкі қатысуда.
Банк-қатысушы банкротқа ұшыратған жағдайда қатысушы - банкті ықтиярсыз жабу туралы соттың шешімі күшіне енгеннен кейін Кепілдік беру Қоры тендер жариялап, соның негізінде салымдар бойынша қайтарымды өтейтін агент - банкті тағайындайды. Агент - банк жөнінде ақпараттар республикалық басылымдарда жарияланады. Осыдан кейін жабылған банктің салымшысы өтінішімен бірге депозит жөнінде тиісті құжаттарын агент-банкке өткізеді.
“Қазақстанда жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесіне енгізу туралы” Ереже бойынша қайтарым сомасы депозиттің көлеміне байланысты анықталады.
Пассивтік операцияларды жүргізумен және олардың қолайлы сәйкестігін сақтаумен байланысты банктің жүргізетін жұмыстарының жиынтығы - банктік пассивтерді басқару деп аталады. Банктік пассивтерді басқарудың мақсаты - арзан қаржы көздеріне қол жеткізу, банктің ликвидтігінің тұрақтылығын сақтау, меншікті қаражаттарды ұлғайту болып табылады.
Банктік пассивтрді басқару 2 жолмен атқарылады: Орталық Банктің ақша-несие саясаты және банктің ішкі саясаты (макро және микродеңгейде) . Пассивтерді макродеңгейде басқарудың құралдары ретінде Орталық Банктің валюта-несие және бағалы қағаздар нарығындағы операциялары қолданылады.
Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктер мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне несиелік ресурстар нарығында берілетін несиелердің шекті мөлшерін белгілеу арқылы коммерциялық банктердің пассивтерінің қалыптасуына бірден ықпал етеді. Бұл тетікті қолдану кезінде Ұлттық Банк шаруашылық субьектілерінің қосымша қаржы көздеріне деген сұранысын есепке алмайды. Өйткені экономиканы шамадан тыс артық несиелеу - инфляцияның күшеюіне, жеткіліксіз несиелеу - төлемдердің кешігуіне ықпал етеді.
Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша белгіленетін проценттік ставка - қайта қаржыландыру ставкасы немесе есепке алу ставкасы деп аталады. Есепке алу ставкасын өзгерту арқылы Ұлттық Банк несие нарығындағы несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етеді. Мысалы, Ұлттық Банк есепке алу ставкасын көтерген жағдайда (“қымбат ақша” саясаты) несиелік ресурстар нарығында несиеге деген сұраныс азаяды. Соған сәйкес коммерциялық банктердің пассивтері де азаяды.
Ұлттық Банк есепке алу ставкасын төмендеткен жағдайда несиелік ресурстар нарығындағы несиелер арзандайды. Нәтижесінде коммерциялық банктер арзан қаржы көздеріне қол жеткізеді, пассивтерін ұлғайтады.
Міндетті резервтер нормасы немесе резервтік талаптар - Ұлттық Банктегі екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақшалай қаражаттарының қалдығының ең төменгі нормасы (5-20% аралығында) . Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын өзгерту арқылы коммерциялық банктердің несиелік операцияларының ағымын бақылап отырады. Несиелік шектеу қажет болған жағдайда (несиелік рестрикция) Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын көтереді. Мұндай кезде коммерциялық банктердің пассивтері азаяды. Ал несиелік операцияларды ынталандыру қажет болған жағдайда (несиелік экспансия) Ұлттық Банк міндетті резервтер нормасын төмендетеді. Бұл кезде коммерциялық банктердің эмиссиялық мүмкіндігі артып, пассивтері көбейеді .
Ұлттық Банк бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүргізеді. ҚР-ның Заңы бойынша барлық банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдар мемлекекттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Ұлттық Банктен мемлекеттік бағалы қағаздардың белгілі бір бөлігін сатып алуға міндетті. Соған сәйкес Ұлттық Банк коммерциялық банктерге мемлекеттік бағалы қағаздарды сатады және олардан сатып алады. Коммерциялық банктер Ұлттық Банктен мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде пассивтері азаяды, ал қайтадан Ұлттық Банкке сатқан кезде пассивтері көбейеді.
Пассивтерді микродеңгейде басқару банктің ішкі саясатымен анықталады. Оған банктердің ішкі қызметіндегі депозиттік саясаты, процент саясаты, несиелік саясаты, меншікті капиталдың жеткіліктілігін қамтамасыз ету және арзан банктік ресурстарды қалыптастырумен байланысты жүргізетін жұмыстары жатады.
Меншікті капиталдың аздығы банктiң салымшылар алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмау және кредиторлар алдындағы қарызын өтей алмау қаупiн күшейтедi. Сондықтан банк жүйесiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн меншiктi капитал жеткiлiктi болуы тиіс. Бұл көбінесе банктiк ресурстарды тиiмдi орналастыруымен немесе табысты инвестициялық саясат жүргізумен байланысты болады.
Қазiргi уақытта Қазақстандағы коммерциялық банктердiң айналымдағы активтерiнiң басым бөлiгiн қысқа мерзiмдi ақшалар құрайды. Сондықтан банктер ұзақ мерзiмдi инвестициялар жасай алмайды. Сонымен бірге берілген несиелердiң мерзімінде қайтарылмау фактiлерiнiң жиi орын алуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы да жағымсыз ықпал етіп отыр. Соған сәйкес келешек банктердің меншікті капиталын ұлғайту тетіктерін жетілдіру көзделуде.
1. 2 Банктің меншікті капиталының қалыптасуы мен құралу көздері
Меншiктi капитал - банктiң барлық ресурстарынан банктiң мiндеттемелерiн шегерiп тастағаннан кейiнгi банкке тиесiлi қаражаттарды білдіреді. Меншікті капитал банктің коммерциялық қызметінің жүзеге асуының негізін қалайды және банктің қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Банктің меншікті капиталының маңызы өте зор. Атап көрсеткенде меншікті капитал банк зиян шеккенде немесе борыштық тұрақсыздыққа ұшырағанда салым иелері мен кредиторлардың мүддесін қорғайды, банктің төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік орган заңнамалық және нормативтік актілердің көмегімен банктің меншікті капиталының мөлшері мен құрылымын қадағалау арқылы банктердің қызметі реттеп отырады. Меншiктi капитал - бастапқы капитал ретінде қызмет ете отырып, банктің активтік операцияларының өсуінің негізін қалайды. Банктің құрылтайшылары банктің акционерлік капиталына қаржы салу арқылы активтердің банктік айналымын жүзеге асырады. Банктер күтпеген шығындардың алдын алу мақсатында меншікті капиталдың резервін құрады.
Банктің меншікті капиталының мөлшері мен құрылымы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Оның бірнеше себептері бар.
- Меншікті капиталының мөлшеріне қарай банктің ішкі және халықаралық рыноктағы бәсекелестік позициясы мен келешек даму стратегиясы анықталады;
- Банктің меншікті капиталы сырттан тартылған қаражаттармен бірге айналыс жасап банкке табыс әкеледі, үлғайып отырады;
- Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай оның қызметінің ауқымы анықталады. Яғни банктің активтік операцияларының ұлғаюы оның меншікті қаражаттарының нақты көлемімен байланысты.
- Банктің меншікті капиталының көлеміне қарай банктің қаржылық тұрақтылығы, сенімділігі анықталады;
- Банктің меншікті капиталы банктің қызметіне жаңа - прогрессивті банктік технологияны енгізуді, банктік сервисті одан әрі жақсартуды қамтамасыз етеді.
Банктiң меншiктi капиталының құралу көздері:
- жарғылық/акционерлік капитал;
- банктік резервтер;
- қосымша капитал;
- бөлiнбеген пайда.
1 сурет - Меншікті капиталдың құралу көздері1
Жарғылық капитал банктің меншікті капиталының бастапқы негізін құрайды. Оның мөлшері құрылтайшылардың банк ашу жөніндегі келісі-шартында және банктің жарғысында белгіленеді. Банктің құрылу формасына қарай (АҚ немесе ЖШС) құрылташылар жарна төлейді немесе банктің акцияларын сатып алады. Құрылтайшылар жарғылық капиталға салынатын қаражатты ақшалай немесе бағалы қағаздар түрінде сондай-ақ, материалдық активтер ( тек банктік ғимарат) түрінде сала алады. Банктік ғимараттан тыс материалдық активтермен төлеуге банктің директорлар кеңесі рұқсат етеді және оның шекті нормативін белгілейді. Жарғылық капиталға салынған материалдық активтер бағаланып, құны ұлттық валютамен банктің балансында тіркелуі керек. Құрылтайшылар жарғылық капиталға салынуға тиісті қаражатты банк тіркелгеннен кейін 1 айдың ішінде толығымен төлеуі тиіс.
Акционерлік капитал акциялар шығару және оларды сату есебінен қалыптасады және соған орай акционерлік капитал деп аталады. Акционерлік капиталдың мөлшері банк акцияларын ұстаушы - акционерлердің барлық акцияларының номинал құнынан құралады. Жарғылық капитал жарияланған және шығарылған капитал болып бөлінеді. Жарияланған капитал - банктің жарғысында көзделген капиталды, ал шығарылған капитал - акциялар шығару және оларды орналастыру есебінен қалыптасқан капиталды көрсетеді. Жаңадан ашылған банктің акционерлері жарғылық капиталдың жарияланған мөлшерінің 50%-тін банк мемлекттік тіркеуден өткенге дейін төлеуге тиісті. Ал банк мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап 1 жылдың ішінде жарияланған жарғылық капитал толық төленуі тиіс.
Банк акциялар шығару үшін Ұлттық Банктен экспертизадан өтуі тиіс. Ол үшін ол Ұлттық Банкке келесі құжаттарды тапсырады:
- арыз-өтініш;
- акциялар шығару жөніндегі шешім қабылданған акциоерлердің жалпы жиналысының протоколының көшірмесі;
- бағалы қағаздардың өткен эмиссиясы туралы құжаттар мен эмиссия қорытындысы туралы есеп;
- акция эмиссиясы жөнінде мәліметтер проспектісі;
- ең соңғы есепті датаға баланстық есеп және пайда мен шығын туралы есеп;
- банк қызметінің қорытындысы жөнінде аудиторлық мекемелердің тексеру қорытындысы.
Ұлттық Банк тапсырылған құжаттарды 1 айдың ішінде тексеріп, олар дұрыс болса экспертизадан өткені жөнінде эмиссиялық проспектінің екі данасына белгі қояды және банктің эмиссиялық проспектісі жөнінде жазбаша қорытынды береді. Бұл құжаттар банкке қайтарылады. Ал эмиссиялық проспектінің 3-данасы Ұлттық Банкте қалады.
Банк Ұлттық Банктің экспертизалық қорытындысын Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияға тапсырады. Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссия Ұлттық Банктің экспертизасы негізінде эмиссиялық проспектіні тіркейді.
Банк эмиссия тіркелгеннен кейін акцияларды шығарып орналастырады және эмиссияның қорытындысы жөнінде әрбір 6 ай сайын Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық Комиссияға есеп беріп отырады.
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және банктің салымшыларының мүддесін қорғау мақсатында ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2. 06. 2001 жылғы № 190 қаулысымен екінші деңгейдегі банктердің жарғылық капиталы мен меншікті капиталының ең төменгі мөлшері мынадай болып бекітілген:
- жаңадан ашылған банктер үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері - 2 млр теңге;
- банктік операцияларды жүргізуге өкілеті органнан лицензия алған, 1 филиалы бар банктердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 1 млрд теңге;
- Филиалы 1 -ден асатын банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - 1 млрд теңге + Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан әрбір филиал үшін -30 млн теңге, + өзге қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 15 млн теңге, + елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 10 млн теңге, + Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында орналасқан әрбір касса үшін - 15 млн теңге, + өзге қалаларда орналасқан әрбір касса үшін - 10 млн теңге, + елді мекендерде орналасқан әрбір касса үшін - 5 млн теңге.
Банк өзінің міндеттемелерін өтеп, салықтарды төлегеннен кейінгі қалатын таза пайданың есебінен банктік резервтер құра алады. Банктік резервтер - резервтік капитал тағы да басқа мақсаттағы арнайы қорлар түрінде құрылып, банктің келешек дамуы мен банктің қызметкелерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға немесе төтенше шығындарды жабуға жұмсалуы мүмкін. Оларды құрудың тәртібі мен жұмсалуы заңдар мен құрылтай құжаттарының негізінде анықталады.
Банктік резервтерге жарналау аудару мен дивидендтер төлеу атқарылғаннан кейін қалатын пайданың бөлігі - бөлінбеген пайда болып табылады және ол несиелік ресурстар есебінде қолданылады.
Ұлттық Банк пен өзге де қадағалаушы мемлекеттік органдар банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі жөніндегі көрсеткіштерге қарап банктің қызметіне баға береді және бақылау жасайды.
Меншікті капиталдың жеткіліктілігінің көрсеткіші банктің қаржылық тұрақтылығын, тәуекел ету мүмкіндігін және активтердің құрамындағы меншікті капиталдың үлес салмағын көрсетеді. Соған сәйкес соңғы жылдары Ұлттық Банк банктің меншікті капиталына қойылатын талаптарды күшейтуде. Олардың қатары мынадай:
- банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін ұлғайту керек;
- тәуекелдердің алдын алу үшін меншікті капитал базалық және қосымша капиталдардан тұру керек. Базалық капитал ең тұрақты және сенімді қаржы көздерінен құралса, қосымша капитал үмітсіз қарыздар мен тәуекелді шығындарды жабуға жұмсалатын резервтер мен провизиялардан құралу керек. Базалық капитал мен қосымша капиталдың қолайлы арасалмағын сақтап, қосымша капитал көлемінің базалық капиталдың көлемінен асып түспеуін қадағалау керек;
- міндеттемелерін дер кезінде орындау үшін қажетті ликвидті активтердің жеткілікті көлемін ұстап тұру керек; Өйткені өзге тартылған қаражаттардың есебінен міндеттемелерін өтеу банктің пайдасын азайтады және несиелік ресурстардың ысырапсыз жұмсалуына әкеледі;
- меншікті капитал мен сырттан тартылатын қаражатардың қолайлы арасалмағын қадағалауды меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативі арқылы жүзеге асыру керек;
- меншікті капитиалдың жеткіліктілігін қолдауды капиталды кезең-кезеңмен ұлғайтып отыру, активтердің жалпы сомасын қысқарту, тәуекелі жоғары активтердің үлес салмағын кеміту арқылы активтердің құрылымын өзгерту арқылы жүзеге асыру керек;
- тағы басқадай.
Егер банктің міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан асып түсетін болса онда, банктің меншікті капиталы - теріс капитал болып саналады. Банктің меншікті капиталы 3 ай бойы қатарынан теріс күйде болған жағдайда өкілетті орган ҚР Үкіметінің келісімімен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды тез арада жаңа инвсторға сату жөнінде шешім қабылдауға құқылы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz