Генри Форд және бүкілхалықтық автомобиль


Генри Форд және бүкілхалықтық автомобиль
(Henry Ford, 1863-1947)
«Табанды адамдар алған беттерінен қайтпай мүмкін емес деген сөздерге құлақ аспай, өз дегеніне жетудің жан-жақты жолдарын қарастырады. Олар өз істерінде табысқа жету жолында асқар таудай кедергілерге тап болса да өз армандарыган айнып кетпей еңбектенумен болады. Сырт көзге олардың ғаламат жетістіктері әп-сәтте бола қойғандай көрінеді, бірақ қандай саладағы болмасын ірі табыс талай “тар жол тайғақ кешуден” соң сонда да бірбеткейлік танытып бірнеше сүрінулерге мойымай алға жылжудан соң ғана келеді. Генри Форд алғаш рет 12 жасында бу двигателімен қозғалатын локомобильді көрген сәттен арманынан өзінің бірінші автомобилін құрап шығарғанша табаны күректей 20 жылдай уақыт өтсе, ал оның бүкілхалық тұтынатын “Т-моделін” жасап шығарғанша 33 жылдан астам уақыт кетіпті. Ол тіпті өзінің ұлы жеңісіне жеткенше 2 мәрте банкрот болғанына, тіпті көптеген адамдардың оны “есуас Генри” атап кеткен мазағына мойын ұсынбай еңбектенумен болды. Үлкен жеңіске жету үлкен қиыншылықтарды бастан өткерген соң ғана келеді.
Ең алғаш рет Генри Форд әкесімен бірге Детройт қаласына бара жатқан жолда “Никольс-Шепард” локомобилін көргеннен бастап оның ойын аттың көмегінсіз қозғалатын арба жасап шығару жаулап алды. Ол күндердің күнінде сондай машинаның иесі болсам деп арман етті. Бірақ ол өзінің тек ондай машинаның иесі болып қана қоймай, өзінің автомобильдер шығару өнеркәсібінің негізін қалайтынын, сөйтіп адамзат тарихында елеулі орын қалдыратынын білгенде жоқ болатын. Автомобиль жасауды ол жекелеген энтузиасттар қолынан алып елдің зор әрі мықты өнеркәсіп саласына айналдыра алды.
Оның ықпалы алғашында тек қалталылар ғана міне алатын автомобильді қарапайым халық сатып ала алатын тауарға айналдырумен қатар автомобильдер нарығының қалыптастыра алуынан байқауға болады. Фордтың автомобильдері француздық “Панхард және Левассор”, немістік “Бенц”, италияндық “Фиат” фирмалары тәрізді басқа көптеген автомобиль шығарушылар тіпті елемеген көпшілікке арналды.
Америка өнеркәсібінің тарихына көз жүгіртсек Генри Фордтың есімі әрдайым көз алдымызда тұрады.
Генри Фордтың 1914 жылы өз кәсіпорны жұмысшыларының күн сайынғы еңбек ақысына 5 долларға жеткізуді және жұмыс күнінің ұзақтығын 9 сағат орнына 8 сағатқа түсіруі оның тарапынан жасалған революциялық қадам болды. Оның нәтижесі көзге ұрып тұрды: жаппай өндіріс әдісі оған автомобильдің бағасын төмендетуге, ал мүмкіндік берсе жалақысы жоғарылаған адамдардың үлкен тобы осы машинаны сатып алып, оны мүліктене бастады. Миллиондаған орташа американдықтардың жекеменшік автомобилі болды. Фордтың зауыттары ғана отызыншы жылдардың аяғында оның 30 миллионын шығарды.
Фордтың керемет табысқа жетуі оның көпшіліктің көңіліне қонымды әрі оңай басқарылып жолсыз жерлерде жүре алатын автомобиль шығара алуында еді. Ол өзінің сезімталдығына байланысты нарықты да, технологиялық өзгерістерді де жіті қадағалап отыра алды. Дирборн маңындағы фермада өскен ол үлкен бизнес және халықаралық сауда туралы да ештеңе білмейтін. Ол қарсыластардың көпшілігін өз автомобильдерінің табысының шаңы мен түтінінің астында қалдырып кете барды.
Форд көптеген қиын мәселелердің қисынын қарапайым шешімдер арқылы шешу жолдарын қарастыратын. Алғашқы 2-цилиндрлі двигательді жасауға ол көптеген қателіктер мен тәжірибелерден соң ғана қол жеткізді. Одан соң тағы да талай тер төгіп автомобильдің өзін жасап шықты. 1910 жылы оның фирмасы Америкадағы 300-ден астам автомобиль фирмаларының көш басшысы болып, ал бүкіл әлемдегі 1-ші орынды 20 жылдай иемденді. 1920 жылдары ол жылына 1 млн. автомобиль шығара бастады. Сол жылдары Советтер Одағына да өзінің “фордзон” атты тракторларын да жөнелте бастады. Форд құрған компания қазір де Детройттағы үлкен үштіктің сапында. Бұл арман мен табандылықтың арқасында жеткен жеңіс арнайы техникалық білім алмаған адам үшін аз болып көрінбес.
Фордтың талантты өнертапқыштығы оның істі ұйымдастыра білудегі көрегендігімен біте қайнасып жатты. Ол өзінің өмірбаяндық кітабында: “Капиталдың ең негізгі мақсаты - тек мол ақша табу емес, ол сол қаражаттың адамзаттың өмірін жақсарта түсуіне қызмет етуі”, - деп жазды. Ол өзі осы қағидамен жұмыс істеп көпшіліктің құрметіне бөленді. 1910 жылы Хайленд-Паркте тұрғызған автомобиль зауыты сол кездегі көптің таңдайын қақтырған алып өнеркәсіп орны болды. Ал сол зауыттан шыққан “Т-моделі” әлемдегі ең көп сатылған машина атағын 20 жылдай уысында ұстап тұрды. Бұл күндері де Форд есімін білмейтін автомобиль жүргізушісі жоқ деуге болады. Генри Форд адамзатты аттан автомобильге отырғызып оған бұрын-соңды болмаған тәуелсіздік пен еркіндік алып берді.
Генри Форд Дирборнға таяу (Мичиган штаты) фермада дүниеге келді. Жастайынан ол техникаға құштарлық танытып, әртүрлі құрал-саймандармен оны-мұны құрастырғанды жөн көріп өсті. Ол әртүрлі механизмдермен ойнағанды, оларды жөндегенді жанындай жақсы көретін. Ол алғаш рет бу двигателімен жүретін локомобильді көрген сәтін мәңгі есінде сақтап қалды. Ол локомобильді жүргізушінің айтқанын аузын аша аңырып тыңдағаны жөнінде былай деп жазды: “Осы локомобиль менің автомобиль техникасымен айналысуыма себеп болды. Мен алғашында түрлі модельдер құраумен айналысып, бірнеше жылдардан соң тіпті іске асатын нұсқасын жасадым. Ие, сол жылы он екі жасар бала кезімде локомобильді көрген сәттен бастап менің бар ынтам тек өздігінен қозғала алатын машинаны жасап шығу мәселесіне ауды”.
Ол әкесінің машиналарды тастап жер жыртып егін ексең жердің жартысын бөліп беремін деген сөзін елемей 16 жасында локомобильдерді шығаратын және жөндейтін «Вестингхауз» фирмасына эксперт болып жұмысқа орналасты. Осында істей жүріп ол бу двигателіне қарағанда бензин арқылы іске келетін двигательдің автомобиль жасауға қолайлы екенін түсінді. Бірінші рет ол ағылшындық Отто жасап шыққан двигатель туралы журналдан оқып білді. Кейіннен бұл двигательді ол өзі жөндеп көрді. Содан соң ол 1890 жылы 2-цилиндрлі двигательдерді жасау тәжірибелерін жүргізе бастады. Араға үш жыл салып ол өзінің тұңғыш автомобилін жасап шықты. Сөйтіп Детройттағы бірінші автомобиль дүниеге келді.
1895 жылы ол Нью-Йорктағы «Мэйси» әмбебап дүкенінде неміс Бенц жасап шыққан автомобилі тұрғанын естіп арнайы барып көріп қайтты. Бұл кездері ол атақты өнертапқыш Эдиссонның «Электр компаниясында» инженерлік қызмет атқаратын. Бенцтің автомобилінің өзі жасаған автомобильден еш артықшылығы жоқ екенін байқаған ол өзі құрастырыған автомобиль модельін 200 долларға сатып жіберіп 1896 жылы 2-ші автомобилін құрауға белсене кірісіп кетті. Мұнысы алғашқы модельге қарағанда жеңілдеу болды.
Бұл кездері француздық «Панхард және Левассор» фирмасы неміс Даймлердің патентінің негізінде жұмыс істей бастап авто өнеркәсібінің кәсіби терминдеріне “автомобиль”, “гараж”, “шофер” сөздерін енгізіп үлгерген болатын.
Ол 1899 жылдың тамызында Эдиссонның компаниясындағы жылы орнын тастап тәуекелге бел буып «Детройт Автомобиль компаниясын» құрушылардың қатарына енді. Бірақ ол тәуелсіздікке ұмтылып 1902 жылы жұмыстан шықты.
Сөйтіп тағы да бір жыл бойына үнемі ізденістер мен тәжірибелермен айналысумен болды. Осы тұста жұрт автомобильдердің жылдамдық қабілетіне мән бере бастаған болатын. Осыны байқаған ол 2-цилиндрлі әрі жеңіл автомобиль жасап шығарып Кливлендттік А. Уинтонмен ипподромда жарысқа түсіп жеңіп шықты.
Автомобиль өнеркәсібінің ХХ-ғасырдың алғашқы жылдарында шапшаң дамығаны сондай, оның нарықтары тура көздің алдында түбегейлі өзгеріп отырды. Алғашында автомобиль өнеркәсібі негізінен бай адамдарды бағдар етіп моторы бар сән-салтанатты экипаждар шығарды. Уақыт өте келе бұл салаға өзінің бастапқы нарығы тарлық ете бастады.
Осы өзгерісті байқаған Генри Форд енді автомобиль Америкада байларға арналған ойыншық болудан қалуға айналды деген тұжырым жасады. Бұл өзгерістерге оның жауабы машина қарапайым болуға, иесі оны жүргізіп қана қоймай кейбір жағдайда жөндеп алатындай болуға тиісті болды.
“Т-моделі” автомобилін жүргізу мен жөндеу тұрғысындағы артықшылықтар оған бірінші орынды иемденуге жол ашты.
Генри Форд : “Менің мақсатым - жер шарын автомобильдерге толтыру”, - деді.
Осы жеңіске байланысты көмір сатумен айналысатын іскер А. Малькольмсонның арада апта өтпей жатып көмектесуіне байланысты 1903 жылы «Форд мотор» компаниясының негізін қалады. бұл үлкен істің алғашқы қадамдары болатын. Осылайша алғашқы Фордтың “А- модельді” автомобилін жасап шығаруды бір жылдың өзінде 1700 данаға жеткізді. Келесі жылы 4-цилиндрлі “В-моделін”, “С” және “Ғ” модельдерін шығарып сата бастады. Малькольмсонның қызметшісі болған Джеймс Казенс көптеген жылдар Фордпен бірге иін тіресе тегеурінді еңбек етті. Ол алғашында аға басқарушы қызметінен 1917 жылы фирмадан кетіп сенатор болып сайланғанға дейін вице-президенттік сатыға дейін көтерілді. Фордтың алғашқы акционерлік қоғамдағы бөлшегі аз болатын. Кейіннен 1916 жылы ол акциялардың 59% өз қолына қаратса, ал 1919 жылы басқа акционерлердің кертартпалығынан аулақ болуды жөн көріп қалған 41%-ін ұлы Эдсельдің иелігіне сатып алды.
Алғашында-ақ Джеймс Казенс сұраныстардың өндірістен ертерек түсуіне байланысты енді автомобильдерді көптеп шығара бастау керек екенін байқады. 1906 жылы «Форд мотор» компаниясы ұлғая түсіп 300% дивиденд әкелді. Осы жылдары Форд машинаның сату бағасын арзандату жолында әртүрлі тәжірибелер жүргізіп көрді. Ақыры Д. Казенс екеуі тек арзан әрі қолайлы автомобиль жасап шығарғанда ғана мол табысқа кенелетіндіктерін түсінгеннен соң Пикетт-Стриттегі зауытта құпия бөлме ашып сонда жұмыстар жүргізе бастады.
Генри Фордтың арзан машинаға бетбұрысы 1907 жылғы биржадағы аласапыраннан аман алып қалды. Машинаның конструкциясын жасауға атсалысқан Джон Гелемб, Гарольд Виллс атты инженерлер болатын, ал автомобильді сынақтан өткізуді Форд өз қолына алды.
1905 жылы Палм-Бичтегі (Флорида штаты) автомобиль жарысында автомобильдер бір-біріне соғысқан кезде ол француздық машинаның бөлшегінің сапасы анағұрлым артық екенін байқады. Оның ванадий қосылған болат екенін анықтап Кантон қаласындағы (Огайо штаты) болат зауытына сұраныс түсірді. Бұл болатты жасау жолын білетін металлургты ол Англиядан шақыртты, сөйтіп жеңіл бірақ өте берік ванадийлі болат шығара бастады.
1908 жылы 1 қазанда зауыттан шыққан “Т-моделі” американдықтардың ғана автомобильге деген көзқарасын қалыптастырып қоймай ол бүкіл әлемнің келбетін өзгертті.
Алғашқы жылдың өзінде-ақ бұл машинаға сұранныс өте көп түсіп 10 мың данадан астам шығарылды. Бұл шындығында бүкілхалықтық алғашқы автомобиль болды.
Шыға бастаған кезде “Т-моделі” 850 доллар болатын, бұл анау айтып арзанда емес еді. Өйткені кейбір қосымша заттарына ақша төленетін. Бұған қарағанда қазіргі кезде ұмыт болған “Хапмобиль” 750 доллар тұрса, ал тіпті қарапайым “Браш” 485 доллар, ал “Сирс” 385 доллар тұратын. Бірақ фордтың артықшылығы оның “Т-моделінің” сапасы жоғары және оны жөндеп әуре болмай кез келген тетіктерін ауыстыра салынатындығында еді.
Шындығында “Т-моделі” керемет машина болатын, себебі әлі автомобиль жолдары жоқ кездің өзінде де ауыр жолдарда емін-еркін қимылдап әрі жылдам жүре алатын машина болатын. Жеңіл 4-цилиндрлі моторы бар, 2 жылдамдықпен жүре алатын машина көпшіліктің көңілінен шыққандықтан кейінірек оны американдықтар еркелете «қарашойын Лиззи» атап кетті. Моторды іске қосу магнето арқылы болып, машина май шашу арқылы майланатын. Тіпті артқа да жүруіне болатын. Бұл ыңғайлы машинаның артықшылығын бүкіл іскер Америка түсіне білді.
1909 жылы ол тек “Т-моделін” шығару керек деген ойға келді. Барлық машиналардың шассиі бірдей болатындықтан және автомобильдің түсі тек қара бояумен боялатыннын басып айтты. Сонда ғана ол өз автомобильдерін көптеп шығарып бүкіл халық үшін көлік құралына айналдыра алатындығын сезді. Сөйтіп Детройт қаласының маңындағы Хайленд-Парктен 60 акр жер сатып алып үлкен жаңа автомобиль зауытын сала бастады. Бұл жаңа зауыттағы жұмыс істеу принциптері тіпті жаңаша жасалу керек екенін байқаған Форд пен Казенс Уолтер Флэндерсті шақырып алып ерекше тапсырма берді.
Хайленд-Парктегі жаңа зауыт 4 қабатты болатын. Машинаны құрау ең жоғарғы 4-қабатта басталып бірінші қабатта аяқталып сынақтан өтетін. 1913 жылы конвейер стационарлы болса 1914 жылы ол үздіксіз жылжымалы конвейерге айналдырылды. Сөйтіп Фордтың ең мықты технологиялық жетістігі деп есептелінетін конвейер жүйесі дүниеге келіп әдепкіде автомобильдерді жылына жүздеген мыңдап кейіннен тіпті миллиондап шығара алатындай жағдайға жеткізді. Бұл өнеркәсіптегі үлкен серпіліс болатын. Форд үшін аз уақыт ішінде көп өнім шығару маңыздылығынан туындаған конвейерлік жүйе бұл күндері өндірістің барлық салалрында қолданылады. Осы кезден бастап Форд бүкіл ғұмыр бойы автомобиль конструкциясына анау айтып өзгеріс енгізбесе де конвейерді жетілдіруден қол үзбеді. Бұл тынымсыз еңбектің арқасында бір “Т-моделін” жасау үшін жіберілетін уақыт 12, 5 сағаттан 83 минутқа дейін азайды.
1914 жылы ол конвейерлік жүйенің адамның терін сығып алатындығына байланысты шыдас бере алмаған жұмысшылардың жылдам ауысып отыруын ауыздықтау мақсатымен өзінің шешімін жариялағанда таңданбаған адам қалмады.
Әлдекімдер оны ессіз деп атаса, енді біреулері бұл жұмысшылардың қамын жейтін социалист деп ат қойып айдар тақты. Ал Форд сол жылы машинаның өзіндік құнын түсіре отырып, адамдардың ауысуын 6%-ке төмендетіп тағы да өз жұмысшыларын автомобиль шығаратын адамдар етіп қана қоймай оларды автомобиль иелеріне айналдырды. Бұл іскерлігі оны халық қалаулысына айналдырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz