Қ. Р-ның демографиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1.1. Қ.Р-ның демографиялық жағдайы 3
1.2 Қазақстан халықтарының демографиялық өсу қозғалысы 6
1.3 Қазақ халқы санының кему және өсу себептері. Өсу болашағы 8
Әдебиеттер 11

Кіріспе

Демография (гректің - халық және -жазамын деген сөздерінен алынған) -
халықтың санын, құрамын құрылымын, аумаққа бөлінуін, сонымен қатар олардың
уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық
статикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай
және туу, өлім, көші-қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.
Демография туудың, өлімнің, көші-қонның әлеуметтік, экономикалық,
биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен
қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына,
отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты элеуметтік-экономикалық
проблемалардың жиынтығын да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу
және оны өзгерту бағытын анықтап, ол туралы шешім қабылдайды, адамның
құндылық жүйесін, балалы болуға тілегін, оны қанағаттандырдағы материалдық
мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін, т.б. зерттейді, соған
байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.
Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және
халықтың әр түрлі аумақтарда көрсеткіші мына белгілеріне байланысты
сипатталады: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған тұрақты жері.
Халықтың жыныстық жастық көрсеткішінің екі белгісі болады: біріншісі
- белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер
мен әйелдің, ал екіншісі - әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Шын
мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен естияр адамның
арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы
және жасына байланысты жиынтық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі.
Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді,ал кейін өмірде ер
балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатынастар әлемнің
әр елінде әр түрлі, жастық ерекшеліктер де солай.
Елдер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр
түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, өндірістің
кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық
пен кәсіптік салаларға байланысты.
Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық
құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысты
зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс.
Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын
аңғарады. Демография-ғаламдық проблема.

1.1. Қ.Р-ның демографиялық жағдайы

Қазіргі кезде біздің республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55
пайыздан астамы қазақтар, 35 пайызы орыстар. Ал 1920 жылы Республикада не
бары 4 миллион 400 мың халық болды. Оның 7 пайызы қалада, 93 пайызы ауылда
тұрған екен.
Республикада 70 жылдан астам уақыт ішіндегі демографиялық қозғалыстар
қандай болды? (1940 жылға дейінгі нақты статистикалық есептің жоқтығына
байланысты бұл туралы кейінгі жылдарда жарияланған материалдарға
сүйенеміз).
Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі - демографиялық процесс
көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері 40, ал
1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есеге жуық
өскен, соған қарамастан туу екі есе кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай-
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған шығыны
350 мың адам (әскер қатарында 4-5-6 жыл болғандарды есептегенде). Соған
байланысты ер адамдардың шығыны туу процесіне кері әсерін тигізгені
белгілі.
1940 жылмен салыстырғанда туылған бала саны үш есеге азайып, 21,4
пайыздан, 7,6 пайызға кеміді. 1970 жылы 306 мың бала өмірге келген. Соның
ішінде үш, одан да көбірек бала тапқан аналар 148 мың болды (яғни 48,5
пайызы). Олай болса аналардың жартысы үш және одан да көп бала туған. Ал
осындай аналардың есебінін өмірге келген балалар саны 1988 жылы 33,6 пайыз
болды, яғни үш және одан көп бала туған әйелдер саны 15,5 пайызға кеміген.
1988 жылғы есеп бойынша әрбір үш баланың бірін 20-29 жас арасындағы
әйелдер, ал 35-тен жағары жастағы әйелдер өмірге келген балалардың 3-4
пайызын ғана туған.
Ерлер мен әйелдер санының арақатынасында да біршама айырмашылықтар
бар. 1989 жылғы санақ бойынша 16,5 миллион халықтың 57 пайызы қалада, 43-і
селода тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5 пайыз, селода тұратын әйелдер
саны 51,5 пайыз болған. Олай болса, қалада тұратын ер адамдар саны аз да,
селода әйелдер саны көп екен.
Адам өмірінің ұзақтығы әр кезеңде әр түрлі болды: 1978-1988 жылдар
арасында жалпы халықтың орта жасы 61,9-64,8 әйелдердің орта жасы 72,4-74,1
жыл болды. Жалпы алғанда әйелдер ерлерден 10 жас артық өмір сүрді. Оның
негізгі себептері: әйелдер ерлермен салыстырғанда әр түрлі ауруларға аз
ұшырайды, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір салты өзгермейді, үй шаруасы,
бала тәрбиелеу, немереге қарау сияқты жұмыс түрлері көбейе түседі. Ал ер
адамдар ішімдік ішеді, темекі тартады, зейнетке шыққаннан кейінгі өмір
салты күрт өзгереді. Біздің елімізде халықтың орта жасы Жапония, Финляндия,
Голландия, т.б. елдерден әлдеқайда төмен. 1991-1997 жылдардағы әлеуметтік-
экономикалық қиындық адам өміріне кері әсерін тигізгені сөзсіз. 1993-1994
жылдардағы есеп бойвнша республикамызда туудан өлімнің көрсеткіші артып
отыр.
1991 жылғы есеп бойынша халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен
кызметкерлер саны 6,5 миллион болды, оның 72,3 пайызы материалдық
өндірістің саласында, ал материалдық емес салаларда 27,7 пайызы жұмыс
істеді. Қазір өндірістің көптеген саласының дағдарысқа ұшырауына байланысты
жағдай өзгерді. Бұрын зауыттар, фабрикалар, ғылыми мекемелер, жоғары оқу
орындары, театрлар, т.б. мәдени ғимараттар қалалы жерлерге салынды. Өндіріс
орындарының көптеп салынуына байланысты көне қалалар жаңарды, жаңа қалалар
пайда болды.
Қазір 1,5 миллион халқы бар Алматыда 1939 жылы 220 мың халық тұрған
еді. Ақтөбе, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл,
Семей, Теміртау, Астана, Шымкент сияқты қалалардың халқы соңғы 20-25
жылдарда 2-3 есе өсті.
Сөйтіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Халық пен демографиялық үрдістер туралы мәліметтер әлеуметтік талдау көзі
Қазақстанның демографиялық жағдайын бағалау
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Қазақстан халқының КСРО уақытында ашашрылқта болған жағдайы
Демография пәніне кіріспе
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
Пәндер