Инженер кадрларын дайындаудағы негізгі бағыттар
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі 4
Қазақстанда инженер кадрларын дайындау 6
Инженер кадрларын дайындаудағы негізгі бағыттар 7
Қорытынды 9
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10
Кіріспе
ХХІ ғасырдың бүкіл адамзат баласы үшін күрделі, терең, әрі ауқымды
өзгерістермен басталғанына баршамыз күә болып отырмыз. Ғылым мен техниканың
қарқынды дамуы үдей түсуде. Дүниежүзіндегі барлық елдер мен халықтарды
әлемдік глобализация процесі өз ықпалына алып, ұршықша иіріп бара жатыр.
Әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптасты, интернет өмір салтының бұлжымас
бөлігіне айналуда. Тәуелсіздігін бекемдеуге қадам басқан Қазақстанның бұл
ұлы процестерден тыс қала алмайтынына әбден көз жеткіздік. Ендеше, ол
процестерге үлкен дайындықпен, жүйелі әрі айқын мақсатпен қосылу керек.
Онсыз өз жөн-жосығымызды, болмысымызды жоғалтып алуымыз әбден мүмкін. Бұл —
бір. Екіншіден, бүгінгі Қазақстанда қоғамның барлық саласында демократиялық
өзгерістер жүріп жатқаны белгілі, адамзаттық қоғамның алғашқы нышандары
қалыптасуда, экономикалық өмірімізде нарықтық қатынастар орнығуда. Бұл
ретте әрбір қоғам мүшесі ең әуелі өзінің қоғамдағы орнын танып, қабілет-
мүмкіндігін айқын бағдарлай білуі қажет. Әйтпесе, қараңғыда адасқан адамдай
дәрменсіздікке ұрынуы мүмкін. Қысқасы, Бүгінгі глобализация, ақпараттандыру
және интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында адамға білім беру
проблемасы алдыңғы кезекке шығып отыр.
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының екінші
құрылтайында сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсеткен болатын: "Біз мынау
глобализация жағдайында мемлекеттер мен әр адам бәсекеге түскен кезде
алдыңғы қатарлы ел болып, озу үшін білім керек екенін білеміз. Қазір
білімнің бәсекесі, біліктіліктің бәсекесі жүріп жатыр. Қазақтың жерінің
асты үстінде байлық баршылық. Бірақ білім болмаса, ол байлық қазақтың
дастарханына өздігінен түспейді. Біліммен, ғылыммен ғана өркендеп жатқан
елдер көптеп саналады. Сондықтан біз бұл мәселеге ерекше көңіл бөлетін
боламыз".
Ал жоғары білім беру — мемлекетіміздің даму жоспарының өзекті саласы.
Интеллектуалды орта, ұлттық ғылыми, мәдени және техникалық зиялы қауымының
да қайнар бұлағы осы жоғары білім еншісінде. Қоғамның материалдық күш-
қуатын арттыратын да білімді азаматтар.
Жоғары білім берудің аса бір маңызды бағыты — бүгінгі ғылым мен
техниканы, жаңа технологияны терең игерген, өндірісті ілгері апаратын
инженер кадрларын дайындау екені айдан анық ақиқат.
Шынында да өнеркәсіп өнімдерін өндіруді жобалаушы да, конструкциялық
сынақтан өткізуші де, бұйымды шығарып, ел игілігінде ұсынушы да, ғылымды
ілгері апарушылар да, жаңа техника, технологиялар заманында елімізді
өркениетті, озық елдер қатарына қосатындар да — осы инженерлер.
Қазақстан жоғары мектебінің белгілі мамандарының бірі, Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Мырзатай Жолдасбековтің
"Келешектің алтын кілті" деп аталатын мақаласында осы мәселе төңірегінде
терең ой қозғай отырып, былай деп жазады: "Соңғы он жылда өркениетті
елдерде жоғары білім беру саласына ілгерілеу тенденциялары тән болғандығы
көрінеді: жоғары білім берудің дәстүрлі жүйелерін реформалау және қайта
жаңғырту: университеттердің нарықтық-экономикалық субъектілеріне айналуы;
оқытудың инновациялық технологияларын жасау және дамыту; университеттердің
білім беру мен ғылымның ықпалдастығын тереңдету; университеттердің
автономиясын дамыту және олардың қызметін басқару мен ұдайы бақылаудың
тиімді тәсілдерін табу; қосымша білім беру қызметтерінің көбеюі". Әрине,
бұл процестер Еуразия кеңістігінде, Қазақстанда да өз көрінісін тапқаны
рас. Бұл ретте білім беру ісінде мына құбылыстардың бой көрсеткенін атаған
ләзім: мемлекеттік сектордың қысқарып, мемлекеттік қаржыландырудың
азайтылуы: мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының санының өсуі, дәулетті
топ балаларының шетелде білім алуға ұмтылуы, материалдық жағдайы төмен
әлеуметтік топ өкілдерінің жоғары білім алуға мүмкіндігінің бірсыпыра
қиындауы; классикалық университеттегі білім берудің көп сатылы жүйеге
ауыстырылуы. Жалпы алғанда тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның жоғары білім
беру саласында реформалар мен өзгерістер қайшылыққа толы болды. Осы
процестер қиыншылықтармен қабаттасып отырды. Мемлекеттік стандарттың жаңа
буынын жасауға, мамандарды дайындаудың әлемдік талап деңгейіне сәйкестеуге
талпыныстар болды. Емтихан алу мен оқу процесін үздіксіз бақылаудың
тестілік процестері кең қолданыс тапты. Студенттер құрамын қалыптастырудың
жаңа моделіне көштік. Университеттер арасында шынайы бәсекелестік
қалыптасты. Жоғары білім берудің мемлекеттік емес секторы пайда болды, тез
ұлғайды. Жоғары оқу орындарын лицензиялау және аттестациялау талаптары
қойылды. Магистрлер даярлау, аспирантура мен докторантураға мемлекет
айтарлықтай көңіл бөле бастады. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің
басты құндылықтарының бірі есебінде әркімнің нәсіліне, ұлтына, жынысына,
тіліне, діни сеніміне, әлеуметтік жағдайына байланысты білім алу жолында
кедергінің жоқтығын атап өткен дұрыс. Конкурстық негізде әркімнің грант пен
несиеге ие болып, білім алуына кепілдік берілді. Біздің білім жүйеміздің
тағы бір ерекшелігі – оның ашықтығы, яғни жаңалықтарды қабылдауға
икемділігі, ғылым мен өндірістің сан-алуан бағыттарына қарай мамандар
дайындау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz