Кибернетика - ғылымның соңғы кездерде қалыптасқан бір жаңа саласы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
Кибернетика пәні 3
Кибернетика деген не? 5
Басқару деген не? 6
Экономика – кибернетикалық жүйенің функциясы, сипаттамасы және құрылымы
13
Экономикалық жүйенің таңдаулы дамуын қамтамасыз ету 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе

Кибернетика ХХ ғасырда пайда болған ғылымның ең жаңа салаларының
бірі болып табылады. Кибернетика табиғи және әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен үрдістерді талдау және синтездеу мүмкіндіктерін әдістер
арсеналын байытты. Кибернетиканы қолдану мүмкіндігі ғылыми техникалық
прогресспен, өндірістік үрдістеді автоматтандыру және оңтайландыру мен
тығыз байланысты. Кибернетика басқару туралы ғылымның негізгі құрамдас
бөлігі ретінде адамға, табиғатқа және экономикалық үрдістерге жоғары
өнімділікпен және тиімділікпен әсер ететін мүмкіндік беретін әдістер және
үлгілер ұсынады. Кибернетика бірыңғай тұжырым бойынша басқару мәселесін,
ақпаратты өңдеуді, күрделі серпіндік жүйелерді алгоритмдеу және шешім
қабылдауды зерттейді. Жаңа ғылымның пионерлі-көш бастаушылары Н. Винер, К.
Шеннон, А.Н. Колмогоров және басқа ғылымдардың еңбегін лайықты бағалай
отырып, кибернетика адамзат білімінің барлық жиынтығының даму нәтижесі
ретінде көрініс тапқанын атап өту керек.
Экономикалық кибернетика жалпы кибернетиканың маңызды саласы
ретінде шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының өсуінің оңтайлы және
үйлесімді заңдарының әсерін сапалық және сандық әдістермен зерттеуді
негіздейді.

Кибернетика пәні

Кибернетика терминін грек тілінен аударғанда басқару өнері.
Алғашқы кибернетика туралы ұғымды ежелгі грек философы Платон
еңбектерінен кездестіруге болады. Ол өз еңбегінде корабльді басқару өнері
жөнінде өй-пікір келтірсе, сол уақыттағы адамдардың корабльді басқару
шеберлігі деп түсінуге болады. Ол замандағы парустық корабльді теңіздегі
географиялық картасыз немесе компассыз басқару, әрине шеберлік өнер екенін
байқаймыз. Оларды ежелгі кездегі философтар қоғамды, адамдарды басқару,
ұйымдастыру өнерін белгілеу үшін қолданылған.
Сонымен кибернетика ілімі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап
жеке шаңырақ көтерген ғылым. Ол өзінің жастығына қарамастан, көптеген
ғылыми бағыттарға еніп, қазір кибернетика мәселелерімен матиматиктер,
физиктер, инженерлер, химиктер, биологтар, физиологтар, дәрігерлер т.б.
мамандар айналысуда. Олай болса кибернетиканың ғылыми ортада алатын орнын
мына суреттен көруге болады:

Н. Винер анықтамасы бойынша кибернетика - тірі организмдер мен
машиналардағы байланыстарды және оны басқару істері жөніндегі ғылым.
Академик А.Н.Колмогоров, У.Р.Элбидің 1959 жылы шыққан
Кибернетикаға кіріспе деген кітабына жазған алғы сөзінде: Кибернетика
информацияны қабылдап, сақтап, өңдеп және оны басқару, реттеу процестеріне
пайдаланып, кез-келген табиғат жүйесін зерттейді,- деп жазады.
Ал, В.В.Парин мен Р.М.Баевский кибернетиканы әр түрлі жүйелерді
жалпы заңдылықтар мен басқару туралы ғылым деп түсіндірді.
Кибернетиканың әлі де болса, жас ғылым екендігін 20-25 ғылыми
авторлардың анықтамасынан, бір пікірге келіспеушілігінен көруге болады.
Дегенмен жоғарыдағы авторлардың барлығы да өз тұжырымдарымен ғылыми ілім
екендігін дәлелдесе, екінші басқару процесіндегі негізгі жалпы заңдылықтар,
формациялар үшін де, өндірістер үшін де, тірі организмдер үшін де бірдей
екендігін байқаған. Осы көрсетілген тұжырымдарға ортақ қасиеттің барлығы да
информация процесіне байланысты.
Сонымен кибернетика - басқару, ұйымдастыру, байланыс жасау және
түрлі информацияларды өңдеу туралы ілім, яғни әр түрлі жүйедегі
(машинадағы, техникалық құрылғылардағы, тірі және өлі табиғаттағы,
қоғамдағы) информацияларды негізге ала отырып, жалпы басқару заңдылықтарын
үйрететін ғылым.
Кибернетикалық жүйенің жұмыс істеу тәртібі қойылған мақсатқа сай
өзгерту, басқару, реттеу, арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда кибернетикалық
жүйе басқару объектісімен басқарушы жүйеден тұрады. Басқарушы жүйе тура
байланыс каналдары арқылы басқару объектісіне әсер етеді. Басқару
объектісінің күйі туралы информация кері байланыс каналдары мен басқарушы
жүйеге беріледі.

Жүйенің сыртқы орта мен де және ішкі ортамен де байланысы болуы
мүмкін. Басқарушы жүйенің негізгі мақсаты қабылданған информацияны талдап,
сұрыптап, түрлендіріп басқару объектісіне әсер етеді. Мақсатына және
ерекшелігіне қарай программалық басқару кезінде объектіге басқару
сигналдары алдын ала белгіленген тәртіп бойынша беріліп отырады.

Кибернетика деген не?

Кибернетика — ғылымның соңғы кездерде қалыптасқан бір жаңа саласы.
Кибернетиканы автоматтық машиналар мен тірі организмдердегі басқару және
байланыстылық мәселелеріне арналған түрліше теориялар мен гипотезаларға
және басқа да ғылыми көзкарастарға негізделе қалыптасқан ғылым деп
қарастыруға болады. Қазір кибернетика мәселелерімен тек математиктер ғана
айналысып жүрген жоқ, сондай-ақ, техниктер, физиктер, физиологтар т. б.
шұғылдануда. Тіпті кибернетика ғылымның социология, лингвистика сияқты
салаларында да орын тебуде.
Кибернетика деген не, оның негізін салушылар кім және олар бұл
жаңа ғылыми бағытқа қандай анықтама берген, міне осы мәселелерге қысқаша
тоқталып өтейік. Кибернетика деген сөз ертедегі гректердің кибернос деген
сөзінен шыққан — кеме жүргізу өнері деген мағынаны білдіреді. Бұрын
кибернетика термині көбіне философиялық мәселелерде қолданылды, мәселен
1834 ж. француздың атақты физигі әрі математигі А.М. Ампер өзінің саясат
мәселелері жөніндегі еңбектерінде кибернетиканы адам қоғамын басқаратын
ғылымның аты ретінде қолданған болатын.
Кибернетиканың ғылым ретінде қалыптасуына айтарлықтай еңбек
сіңірген ғалым — Массачусет технология институтының профессоры Норберт
Винер. Ғылымның басқа салаларындағыдай, кибернетика мәселелерін зерттеуге
басқа да ғалымдар ат салысты. Н. Винер өзінің еңбектерінде бір сыпыра
ғалымдардың, олардың ішінде совет ғалымдары И.П. Павловтың, А Н.
Колмогоровтың, Н.М. Крыловтың, Н.Н. Боголюбовтың еңбектеріне сүйенді. Оның
кибернетика жөніндегі бірінші кітабы 1948 ж., екінші кітабы 1950 ж. шықты.
Бұл кітаптарында Винер кибернетиканың алғашқы түсініктерін және анықтамасын
берді. Кибернетика дегеніміз, Н. Винердің анықтамасы бойынша тірі
организмдер мен машиналардағы байланыстылықтар мен басқару жөніндегі ғылым.
Н. Винердің кітаптары жарыққа шыққаннан кейін басқа да ғалымдар —
математиктер, электрониктер, физиологтар, психологтар, логиктер т.б.
Винердің идеясын түрліше бағытта дамытып, толықтыра түсті, өздерінше
анықтама берді. Мұндай анықтамаларды келтіруден бұрын кибернетиканың
негізгі ұғымдарының бірі болып табылатын информация ұғымы туралы қысқаша
түсінік беруіміз керек.
Информация деп қандай да бір мәліметтерді хабарлауды айтады. Бұл —
өте көлемді ұғым: телефон және радио арқылы берілетін мәліметтер, машинаның
бір бөлігінен екінші бөлігіне берілетін сигналдар, нерв жолдарымен өтетін
қозу және тежеу импульстері, оқып үйрену процесінде алатын білім және басқа
да осы сияқты процестердің барлығын информация деп қарастыруға болады.
Осы информация ұғымын пайдалана отырып, еліміздің атақты математигі,
академик А. Н. Колмогоров: кибернетика информацияны қабылдап, сақтап, өңдеп
және оны басқару, реттеу істеріне пайдаланып отыратын система деп анықтама
берді.

Басқару деген не?

Басқарудың не екенін түсіну үшін күнделікті тұрмысымыздан карапайым
мысал келтірейік. Көшеде ерсілі-қарсылы жүріп бара жатқан автомобильдерді
шофер басқарып барады дейміз. Автомобильді кез келген адам жүргізе алмайды.
Оны басқарып жүргізу үшін арнайы білім керек. Автомобильдің жылдамдығын
арттыру немесе кеміту үшін кандай педальды басу керек екендігін білу шарт.
Осы сияқты автомобильді қалаған бағытка бұру үшін рульді қай жаққа бұру
керектігін де білген жөн. Осы мысалдан нені аңғаруға болады? Автомобильді
басқару үшін оны бағындырудың тәсілдерін білу керектігі аян. Самолеттің
басқарып ұшу автомобильден әлдеқайда қиынырақ. Автомобиль жолмен жүре берсе
өзі баратын пунктке адаспай жетеді емес пе? Самолет ше? Самолеттің ұшу
жолын білу үшін карта қажет. Ауа - райы ашық кезде картаны жер бетіндегі
көріністермен салыстыру оңай. Жер бетін тұман немесе бұлт басса ше? Онда
ұшқыш қай пункттің үстінде ұшып бара жатқанын радиотолқындар көмегімен
білуге мәжбүр болады. Космостық ракеталарды басқару самолетпен
салыстырғанда күрделене түседі. Космостық ракетаның Жерді айналып ұшу
кезіндегі жылдамдығы секундына 8 километр болады. Мұндай жылдамдықта
космонавт-ұшкышқа автомат кұрылғылар мен электрондық есептеуіш машиналар
көмекке келеді.
Завод жұмысын басқаруды қарастырайық. Айталық завод тігін машинасын
шығарады екен дейік. Қанша машина шығару керектігін заводтың өзі қалай
болса, солай белгілей алмайды. Оны шешуде тұтынушылардың мұқтаждығы жайлы
информация басты рөл атқарады. Егер сөз халық шаруашылығының барлық
салалары жайлы болса, мәселенің қаншалықты қиындай түсетіні өзінен өзі
түсінікті.
Қазіргі замандағы өндірісте өнеркәсіп жабдықталған машиналарға
қарағанда материалдық емес элементтердің: творчестволық, потенциалдық
өндіріс тәсілінің және басқаруды ұйымдастыру әдісінің маңызы зор. Сол
себепті де кезінде АҚШ-тың тізе бүккен фашистік Германиядан завод
жабдықтарын әкетпей, тек техникалық және патенттік документтерді, көрнекті
ғалымдарды өз еліне әкеткенін осымен түсіндіруге болады.
Басқару күрделі іс. Кез келген басқару ісін мынадай төрт кезеңге
бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең — информация жинау, екінші кезең —
оны өңдеу, үшінші кезең — бұйрық беру, ең соңында бұйрықтың орындалуын
бақылау. Өзіміз әңгімелеп өткен самолетті басқарып ұшу мәселесіне қайта
оралайық. Реактивті самолет экипажының назары ұшқыш кабинасындағы приборда
болады. Бұл приборлар ұшқышқа ауа-райы туралы, желдің бағыты және басқа
деректерді хабарлап тұрады. Ұшқыш осы информацияларды ақылға салып
кнопклар, рычагтар және руль аркылы самолетке желдің бағыты, ұшу жылдамдығы
туралы бұйрық береді де, оның орындалуын көрсеткіш приборлар бойынша
бақылайды. Самолетті басқару өте жақсы ұйымдастырылған. Ұшқышқа қажет
информациялардың бәрі приборлар тақтасында көз алдына шоғырландырылған. Ал
завод директорына қажет деректер әртүрлі акпарлар түрінде қағазға жазылады.
Ақпарлардың кейбірі телефон аркылы жинақталады.
Басқару мәселесі ипформация жинақтау, оны беру және өңдеу
жұмыстарымен ұштасқан. Бұдан 5 ғасыр бұрын информация бір адамнан екінші
адамға сөз не хат арқылы берілген болса, кітап басудың шығуы, радио мен
телевизияны ойлап табу және есептеуіш машинаныцң жасалуы информацняның
алмасуы және оның өңделуі шапшаңдатты.
Басқару мәселесіне жалпылама тұрғыдан қарасақ, ол белгілі бір
мақсатқа жету үшін пайдаланылатын әдіс екенін аңғарамыз. Осы тұрғыдан
қарағанда көзделген мақсатқа жету басқару процесі іске асырылғанға дейін,
яғни ол әсер етпестен бұрын немесе оның жұмыс процесі кезінде анықталады.
Қандай мақсатқа арналған басқару мәселесі болмасы олардың бәрінде де
басқарылушы объект немесе басқарылушы жүйе жайлы информация жинақтау
мәселесіне тіреледі. Жинақталған информация байланыс желісі бойынша
басқарушы жүйеге хабарланып отырылады. Келіп түскен информацияларды өңдеу
нәтижесінде басқарушы жүйе басқарылушы жүйенің жұмысын реттеуге арналған
бұйрықтар дайындап, олар арқылы жұмыстық құрылғылардың әрекеттерін
басқарады. Жұмыстық бөліктегі құрылғылар өздеріне келген бұйрықтарға сәйкес
басқарылушы объектіге әсер етіп, оны қажетті күйге келтіреді. Жұмыстық
құрылғылар мен басқарылушы объсктіден бұларды басқарушы жүйеге қарап жауап
информаиялар жіберіледі. Бұл информацияларда жұмыстық құрылғылардың іс
жүзінде қалай әсер еткені және басқарылушы объектінің қандай күйге
өзгертілгендігі баяндалады. Осы жауап информациялар негізінде басқаруға
қажет келесі бұйрықтарға әзірленеді. Басқарылушы объектіден кері бағытта
таралатын информация кері байланыс принципінде берілді.
Басқару жүйелері. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіптегі,
транспорттағы және басқа салалардағы басқару жүйелерін екі топқа бөлуге
болады. Алғашқы топқа техникалық құрылғыларды, машиналарды, энергетикалық,
құрылғыларды, технологиялық процестерді, транспорт түрлерін басқару, ал
екінші топқа кәсіпорындарды, олардың жеке салаларын және жалпы халық
шаруашылығын басқару жатқызылады. Басқару мақсаты қарапайым болса, бірінші
топты басқару жүйесін толық автоматтандыруға болады.
Екінші топтағы басқару автоматтандырылған жүйе болады. Шешім
қабылдау үшін электрондық есептеуіш машина аркылы информацпялық-логикалық
мәселелер шешіледі. Осының нәтижесінде өндіріс басшысы жоспардың орындалуы
жайлы информация алады. Бұл информациялардың негізінде ең тиімді тәсілді
іздеп табатын логикалық есептеу іске асырылады. Кез келген басқару мәселесі
негізгі мақсатқа жету жолындағы әрекеттер жиынынан тұрады. Арнайы шешімге
келмейінше басқару мәселесі іске асырылмайды. Басқару органы мен
басқарылушы объектер арасында информациялар алмасу негізінде шешім
қабылданып, басқару мәселесі іске асырылады. Информациялық тұрғыдан
қарағанда шешім қабылдау дегеніміз басқару органына жан-жақтан (оның ішінде
басқарылатын объекті де бар) келіп түсетін информацияларды өңдеу деген сөз.
Информацияларды өңдеу нәтижесінде басқарылатын объектіге әртүрлі нұсқаулар
мен бұйрықтар, кеңес беріледі.
Технологиялық процестер мен экономикалық (ұйымдастыру немесе
әкімшіліктің басқару жүйесі бар) объектілерді басқарудың өзара
айырмашылықтары бар. Бұлардың арасындағы ең басты айырмашылық басқару
объектілерінің ерекшеліктерінде. Технологиялық процестерде басқарылатын
объектілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасанды интелект
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Кибернетика. Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
Жасанды интеллект жүйесіне кіріспе
МЕКТЕПКЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА
Психологияның шығу тарихы, қысқаша шолу
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Пәндер