Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе2

Менеджменттің даму теориясы. 2

Ұйымдастыру негіздері3

Ұйымды құрылымды құруға әр түрлі көзқарастар5

Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар7

Қолданылған әдебиеттер10

Кіріспе

Басқару ғылымының эволюциясы мен оның әрі қарай дамуы және бұл орайдағы отандық пен шетелдік зерттеулердің жетістіктері, менеджменттің оқу пәні ретінде жеке бөлініп шығуы табиғи қажеттілік екені байқалады. Бұл арада айта кететін жағдай, басым түрде орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес, бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Бұнымен бірге шет елдерде қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет етсе де, адамдардың жүріс тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді түрде жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан менеджменті, басқарудың тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын рецепт немесе шешімдер жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.

Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан постулаттар, принциптер және ережелер арқылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге үйретеді. Бұл орайда шығармашылық істің ыңғайы болмаса бүгінгі таңның менеджменттің барлық жаңалықтары тосқан нәтижені оңай бере алмайды. Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдастыруда және ұжымды басқаруда менеджердің атқаратын ролін күшейте түседі және оның жеке кәсіби қаблетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру үшін менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып, практикалық іс-қызметте оны қолдауы қажет.

Менеджменттің даму теориясы.

Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсендігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік беріледі.

Әртүрлі ғылымдар сияқты менеджменттіңде теориясы болады, онда осы пәнге тән міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады. Оқу құралының бірінші тарауы менеджменттің теориялық негіздерін қарастыруға арналады. Менеджмент - кәсіпорынды басқарудың әдістері мен ережелерінің құралдарымен басқада формаларының және принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің міндеттері:

  1. Басшы қызметкерлерді іріктеп, ұйымның құрылымын анықтайды.
  2. Жұмыс барысын бақылай отырып, мақтау немесе жазалау шараларын қолдану.
  3. Еңбекақы қорларын анықтау.
  4. Қызмет бабымын жоғарлату, төмендету, жұмыстан шығару.
  5. Қайта оқыту білімін жоғарлату.

Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент - басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісіндегі адамдардың арасында қалыптасатын қатынастар.

Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жету үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.

Ұйымдастыру негіздері

Еңбекті мамандандыру мен бөлісу адамдар жұмысының өнімділігін едәуір арттыратындығы белгілі. Әркім өз міндетін айқын түсініп, қоян қолтық әрекет еткенде ғана бірлесіп атқарған жұмыстың тиімді болатыны сөзсіз. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен звеноларға орналастыру, бұлардың бірлескен әрекетін ұйымдастыру, аппараттағылардың барлығының, жекелеген қызметшілер мен жұмыскерлердің іс-әрекетін белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралармен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Ұйым - барлығы бірігіп бір мақсатты көздеген адамдар тобы.

Ұйым болу үшін қрйылатын талаптар:

  1. Ұйым болу үшін кемдегенде екі адам болуы керек.
  2. Кемдегенде көзделген бір мақсаты брлуы керек.
  3. Ұйымның жұмыс атқаратын мүшелері болуы керек.

Ұйымның түрлері:

  1. Ресми ұйым - заң бойынша тіркелген өзінің есеп шоты бар ұйымдар.
  2. Бейресми ұйым - өздігінен пайда болып, нейін жоғалып кетуі мүмкін ұйымдар.

Ұйымның сипаттамалары ұйым көздеген мақсатына жету үшін:

  • Қолда бар ресурстарды толық пайдалана білу керек, бұған математикалық қаржы еңбек ресурстары кіреді.
  • Ұйымда еңбек бөлінісі және еңбекті бірлесу тәртібі қатаң сақталуы керек.
  • Ұйым ортамен байланыста болуы керек.
  • Ұйымда өндіріс салаларына байланысты бірнеше бөлімдер болуы керек.
  • Ұйым дамып табысқа жету үшін, ұйымдастыру, басқару ісі қажет.

Ұйымдастыруды басқару функциясы өндірісті ұйымдастырудың белгілі алты принципі бойынша құрылады: мамандандыру, пропорционалдық, параллелдік (қатарластық), дәлділік, үздіксіз және ырғақтылық.

Ұйымдастырудың өзі адамдардың бірлескен іс-қыймылын бейнелейді. Бірқатар физиологиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік шектеулерге байланысты адамдар өз мақсатына жету үшін бірігуге, бірлесіп әрекет етуге мәжбүр болады. Мұндай бірлесу көп жағдайда қолайлы болуы, әрі белгілі бір ұйымдық құрылымда шығынды аз жұмсауды қажет етуі мүмкін.

Ұйымдастыру- бұл кәсіпорын құрылымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Ұйымды құрылымды құруға әр түрлі көзқарастар

Басшының міндеті ұйымның мақсаты мен міндетіне толық сай келетін, әрі оның ішкі және сыртқы факторларына ықпал ететін құрылымды таңдап алу. «ең қолайлы құрылым-бұл ұйымның сыртқы ортамен бірлесіп әрекет етуіне барынша мүмкінлік беретін, өз қызмекерлерінің күш жігерін өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағытайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары тиімділікте өз мақстына жететін құрылым».

Басқару құрылымын қалыптастырған кезде мынадай теориялық көзқарастар, тұжырымдар болуы мүмкін.

Классикалық теория өндірісті басқару құрылымын қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді ұсынады: басқару қызметінің мақсаттары мен түрлерін айқындау, басқарудың нақты функциясы бойынша іс-әрекет ауқымын есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару функциясын атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін айқындау.

Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс ұжымындағы жұмыскерлердің әлеуметтік ролін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.

Жүйелік көзқарастың мәні сол, өндірістік ұйыммен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болып саналады.

Ситуациялық көзқарастың мәні сол, басқару қрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т. б. ) сүйенуі тиіс.

Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен қызмет лауазымдарының бір-біріне қарай бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызмет-шілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіпкерлік сапасына қарай таңдаумен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды «тиімді» деп санады, өйткені бюрократтық жолмен қабылданған шешімнің ақиқаттық сипаты бплады деп есептейді.

Төменде Вебер тиімді бюрократия деп атаған жүйенің сипаттамасы келтіріліп отыр:

  1. Еңбектің айқын бөлінісі, мұның өзі жоғарға білікті мамандарды нақтылы қызметке қоюға мүмкіндік береді.
  2. Басқару деңгейіде қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай бөлінуі, мұндайда төменгі деңгейдегі қызметшілерді жоғарғы деңгейдегі қзметшілер бақылайды, әрі соларға бағынады.
  3. Жинақталған ресми ережелерімен тандарттары бар өзара үйлесімді жүйелердің болуы, мұның өзі қызметкерлердің өз міндетін бірелкі орындауын әрі әр түрлі міндетердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді;
  4. Ресми міндеттер рухы, сол арқылы ресми адамдар лауазымдық міндеттерін орындайды;
  5. Нақтылы техникалық мамандық талаптарына сәйкес жұмысқа жалдауды жүзеге асыру. Қызметшілердің өндірістен шығарылуын қорғау.

Бюрократтық құрылымның кемшілігі - стандартты ережелердің, процедуралар мен нормалардың мәнділігін, қызметкерлердің өз міндетін мүлтіксіз орындауды қамтамасысыз етуді, осы ұйымдағы басқа да бөлімшелердің тапсырмалардың орындалуын талап етуді, сондай-ақ клиенттер мен қоғам арасындағы өзара әрекетті асыра сілтеушілік. Мұның өзі іс-қимылдағы икемділіктің әлсіреуіне әсер етеді. Икемділіктің жойылуы ұйым ішіндегі қызметкерлердің қарым-қатынасында да пайда болуы мүмкін.

Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

Ұйымдық құрылымды қалыптастырған кезде, отандық және шет елдік көп жылғы басқару практиаксында оны құрудың ұйымдық принциптерін басшылыққа алу қажет.

Басқарудың ұйымдық құрылымы көптеген сапалық қасиеттермен (жұмыскерлердің өкілеттілігі, олардың жауапкершілігі мен өзара қарым-қатынасы т. б. ) сипатталады, сондықтанда құрылымды қалыптастырған кезде оған ықпал ететін факторларды талдауды дұрыс үйлестіре отырып, тиісі принциптердіталап ету қажет. Басқару объектісі неғұрлым күрделі болса, қалыптастыруда принциптер соғұрлым зор роль атқарады, ал мұның өзі құрылымды тиімді ұйымдастыруға сай келуі тиіс:

Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырғанда мына төмендегілер қолданылады.

  1. Жарлық берумен дербес жауапкершілік принципінің тұтастығы. Бұл қосарлы бағыныштылықты және қарама-қайшы нұсқау алу мүмкіндігін жояды. әрбір звенода тек бір ғана басшы болуы, әрі тек соған ғана бағынып, тікелей соның өзінен шешім алу қажет. Оның үстіне басқарушы звено екі объектіні бір мезетте ойдағыдай басқара алмайды.
  2. Линиялық және функционалдық басшылықтың аралығындағы дәл шекараны анықтау принципі линиялық басшылық өндіріс өнімдерін басқаруды жүзеге асыруы, ал функционалдық - линиялық басшылыққа жәрдем көрсетуі, оны қажетті ақпараттармен, ұсыныстармен т. б. жабдықтауы тиіс.
  3. Бақылаудың өрістеу принципі. Бір адам тиімді басшылық ете алатын бағынышты адамдар санын, яғни басқара алу нормасын дұрыс анықтау қажет.
  4. функционалдық нақты шектеу принципі. әрбір өндірістік және функционалдық звеноның айқын белгіленген функциясы болуы, басқа бөлімшелердің функциясына басшылықтың барлық деңгейінде араласпауы тиіс. Мұндай жағдайда диалектикалық функция тұтастығы мен басқару құрылымы бөлімдерінің, бюроның және басқада ұйымдық бөлімшелердің белгілі бір санының қалыптасуымен көрінеді.
  5. Әрбір кәсіпорын басқарушысы мен лауазымды адамның правосының міндеті мен жауапкершілігінің сәйкес келу принципі. Тек осындай сәйкестік қана қолайлы шешімді қабылдауға және жүзеге асыруға нақты жағдай жасайды.
  6. Икемділік пен үнемділік принципі. Басқарудың ұйымдылық құрылымы ішкі және сыртқы орта өзгерістерін ең аз шығынмен сезінуі, яғни өз бетінше бейімделу қасиеті болуы тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдастырудың негізгі типтері
Өндірісте менеджменттік ұйымның құрылымын құру
Ұйымдастыру функциясы
Ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорынның жұмысшыларын басқару
Басқарудағы ұйымдастырудың маңызы мен қажеттілігі
Басқарудағы ұйымдастырудың маңызы
Ұйымдастырушылық құрылымды пайдаланудағы қазіргі тенденциялар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz