Менеджменттің қағидалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны 2
2. Менеджменттің қағидалары 4
ҚОРЫТЫНДЫ 9

1. Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны

Бұған дейiн бiз бизнестi тек Өзiнiң қара басына пайда табушылар, ал
маркетингтi - жеке өзiне ғана пайда табу мақсатында өндiрicтi басқару мен
тауар өткiзу жүйесi деп есептеп келдiк.
Бұрын Менеджмент жане Менеджер ұғымдары қанаушылық анықтаушы
ретiнде қолданылды.
Ал қазiр бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың
әлеуметтiк биiк дәрежесiн, олардың арнайы қызмет түpiнe жататындығын
бейнелейдi.
Cоңғы уақытта бiздiң сөздiк қорымызға менеджер, менеджмент,
маркетинг ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзiн қазақшаға дәл аударатын
болсақ, онда басқа бipеу арқылы өз мaқcaтына жету болып шығады екен.
Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкi төpкiнiн әрқашанда дәл бере бермейдi.
Менеджмент (басқару) ағылшын сөзi, оның түп төpкiнi гpeктің манус,
яғни қол, күш деген сөзiнен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлiрек
айтқанда ат тiзгiнiн ұстау, меңгеру шеберлiгiн бiлдiрген. Кейiннен бұл атау
адам қызметiнiң саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың
ғылыми, практикалық мәнiн бiлдiретiн болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік
беріледі:
1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісіс, үлгісі;
2. билiк және басқару өнepi;
3. шеберлiктiң ерекше түpi және әкiмшiлiк дағды;
4. басқару органы, әкiмшiлiк бөлiгi.
Күнделiктi тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетудi
бiлдiредi.
Тіпті бiлiктi басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы
түрлiше түсiндiрiледi.
Егер менеджмент теориясын алғашқы жасаушыдардың бірі Ф.
Тейлордың пiкiрiнше менеджмент - ipгeлi дәл ғылымға, ережелер мен
принциптерге негiзделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердiң түсiндiруiнше
- жоғарыда аталған элементтерi бола тұрса да, менеджмент ғылымнан немесе
кәсiптен гөpi, прaктикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымына кең мағынада
түсiнiк беруге қарсы болып, оны icкерлік кәсiпшiлiкке, былайша айтқанда
тауар өндiру мен алуан түрлi экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э. Плоумен кеңiрек түciнiк бердi.
Бұлар батыстағы iскерлiк әлемге Бизнес пен менеджменттi ұйымдастыру
кiтабының авторы ретiнде танымал. Олар былай деп жазады: Кең мағынада,
әлеуметтiк тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегенiмiз адамдарға тән
тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесiнде өрicтейтiн техника немесе тәciл.
Мұндай топтың мысалына үкiмeттi, алуан түрлi клубтарды және iскep
кәсiпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзiнiң дербес
менеджментi болуы тиiс. Осы тұрғыдан алғанда менеджменттi тәсiлдер жиынтығы
ретiнде қapacтыpyғa, әpi сол арқылы белгiлi бiр адамдар тобының мaқсаттары
мен мiндеттерi белгiленедi, айқындалады.
Басқарудың осындай жалпы қағидасы, деп атап көрсетедi авторлар,
адамдар тобының алуан түpiнe түрлiше қолданылғанымен, оның түп негiз-
мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгiлi бiр әлеуметтiк
топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады.
1.Yкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметiне
қолданылмағанымен, Петерсон мен Плоуменнiң пiкiрiнше, оның қызметi барлық
жағынан алғанда менеджменттiң жалпы анықтамасына сәйкес келедi.
2. Мемлекеттiк менеджмент. Көп мемлекеттiк мекемелердi ұйымдастыру
және сондағы қызметкерлерге билiк жүргiзудi жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Meмлeкeттiк менеджменттiң epeкшe түpi. Қарулы
күштердi ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент.
Мемлекеттiк мекемелердегi секiлдi, мұнда да қызметкерлер тобының ic-
әрекетiн ұйымдастырып, олapғa басшылық ету қажет.
5. Бизнес-менеджмент. Yкiмeттiктeн және мемлекеттіктен өзгеше келетiн
менеджменттiң ерекше түpi.
6. Мемлекеттiк меншiктегi менеджмент. Бизнес - менеджменттің арнайы
түpi. Жеке меншiк iскерлiк кәсiпорын функциясымен қoca, мұнда менеджмент
сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пiкiрлер де ықпал
етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетеді: менеджмeнттeгi мұндай
өзгешелiктердiң көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың
барлығы адамның мiнез-құлкы туралы негiзге алынатын түсiнiктерге
сүйенедi. Осы aталғaндар менеджменттi жеке адамдар арасындағы психологиялық
қарым-қатынаска тәуелдi етедi де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсiз
ретiнде қарастырылады, өйткенi соңғы айтылғанның алуан түрлiлiгiнде шек
жоқ.
Менеджментке алуан түрде, түciнiк бергенiмен, классиктердiң бұл
жөнiндегi тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келедi. Гальвецияның пiкiрiнше,
басқару процесi - өнер, оның басты мәнi мен мазмұны нaқты жағдайға қарап
ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық iлiм негiзiн) қолдану.
Тiптi маман болмағанның өзiнде де, бiздiң кез келгенiмiздiң басқару
ғылымы мен өнepi туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсiз.
Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндiрiстi тиімдi басқарудың
теориясы мен практикасы.
Менеджмент - нақты мaқсaтты жүзеге асыру үшiн кәсіпорып жұмысын
басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметiнiң түpi.
Kөpнeктi американ экономисi В.В. Леонтьевтiң анықтамасы бойынша:
Менеджмент - бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегi,
әлеуметтiк қaтынac саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгiзу
мақсатында фирмаларды, компанияларды тиiмдi басқару принциптерiнiң,
тәсiлдерi мен формаларының жиынтығы.
Қазiргi кездегi менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруiмен,
фактiлердi жан-жақты зерттеуiмен, кәсiпорындардың ойдағыдай ic-әрекетiмен,
басқаруды түпкi нәтижесiне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және
маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасауымен, адам факторын
жандандыратын шешiмдер қа6ылдауымен сипатталады.
Менеджменттің бiрнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайер өзiнiң Европада
бизнес қалай жасалады кiтабында былай деп жазды: Менеджмент - бұл жұмыс
icтеп тұрған коммерсиялық кәсiпорынның арнайы органы. Егер батыста кез
келген кәсiпорын жөнiнде сөз бола қалса, адамдар әуелi сол кәсiпорындары
бүкiл басшылыққа ден қояды, өйткенi кәсiпорынды коғамға танытатын да тек
басшылар.
Сонымен, менеджменттiң бастапқы ұғымы - бұл басшылық.
Iскep кәсiпорындар тек өз органдары, яғни басшылар, немесе менеджмент
арқылы ғана әpeкeт ете алады.
Жеке кәсiпорын, өзiнiң праволық формаларына қарамастан, басшылығы
болуы тиic. Басқадай басқару түрлерінен іскер кәсiпорын менеджментiнiң
айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару мiндетi тауар
өндiру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртшылықтың қажетiн өтеу,
немесе рынок арқылы әлеуметтiк қажеттiлiктi канағаттандыру. Өндiрicтiк
кәсiпорындағы менеджменттiң басқа ұйымдардан өзгешелiгi, олар өзiнiң барлық
шешiмдерiнде экономикалық түciнiкті басшылыққа алуы тиic. Оның өмip cүpyi
мен мәртебесi қызметінің экономикалық нәтижесiне негiзделдi.
Менеджмент ұғымының анықтамасына сүйенетiн болсақ, онда менеджмент
дегенiмiз қазiргi индустриялық қоғамда жұмыс icтейтiн экономикалық орган.
Менеджмент қабылдаған кез келген әpeкeт, кез келген шешiм - бұл
экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттiң тиiмдiлiгiн және
менеджерлердiң ic-әрекетiн экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер
арқылы ғана таразылауға болады.
Менеджменттегi басты нәрсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жаyaп
беpетiн мақсаттар қою (алдына мақсат қойған менеджмент). Eскi стильдегi
кәсiпорын басшылығынан менеджерлердiң түбегейлi өзгешелегi де осында.
Менеджменттің тағы бiр анықтамасына сәйкес оның жұмыс icтey міндетiне
жататыны - колда бар адам мен материалдық ресурстар негiзiнде тиiмдi
кәсіпорын құру.
Кәсiпорын ең сапалы, әрі бағасы бiр шама арзан тауарларды шығара алуы
немесе бәсекелестерiне қарағанда ең тәуiр қызмет көрсете алуы тиic.
Кәсіпорын - ең алдымен адамдар. Осыдан келiп бұл терминнің үшіншi
анықтамасы шығады: менджер - бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын
ұйымдастыру.
Кәсiпорындағы адамдар өндiрстік процестiң маңызды элементі болып
саналады.Жаңа кәсiпорынды құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша
қаржысы мен капиталды рынок капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік
білетiн қызметкерлердi iздеп табу анағұрлым күрделi іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне
жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Eгep кәсіпорын нашар әрі
тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа кожайыны жұмысшыларды емес,
басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегенiмiз ұжым (коллектив)
жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер
мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі
тиімділігін арттыруды көздеу қажет.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар:
Бiрiншi ұғым. Менеджмент - бұл басқару, басшылық ету органы. Екiнші ұғым.
Менеджмент – бұл aдaмдaрды басқару (әрекет).
Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредерик Уинслоу Тейлордың (1856-
1915) есімімен байланысты.

2. Менеджменттің қағидалары

2.1 Тейлор концепциясының негiзгi қағидалары. 1.Практикада қалыптасқан
eскi, дәстүрлi жұмыс тәсiлдерiнiң орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбiр
элементiн ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол былай дедi: басқаруда да, көпiр салу
секiлдi асқан дәлдiк керек.
2.Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды
жаттықтыру және баулу.
3.Еңбектi ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесiн практикаға
енгiзу iсiнде әкiмшiлiк пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
4. Еңбектi бiркелкi бөлiсу және әкiмшiлiк пен жұмысшылар арасьндағы
жауапкершiлiк.
Еңбек өнiмдiлiгiн барынша арттыруды басты мақсат етiп қоя
отырып, Тейлор жұмысшы еңбегi мен өндiріс құралдарын пайдалануды;
материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс
операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеудi қарапайым
операцияларға бөлiп, кейiннен хронометраждау арқылы еңбек процестерiн
зерттеудi, әрбiр операцияға бақылау орнатуды, бiріңғайланған еңбек арқылы
қолдануды т. б. көздедi.
Тейлор жеке жұмыскерлердiң еңбек операцияларын талдай отырып, әрбiр
операцияны жекелеген құрамдас бөлiктерге жiктеуге жәнеде хронометраж
көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивтi әдiстерiн анықтауға болатындығын
дәлелдедi. Тейлор жүйесiнде еңбек қарқынының артатындығы соншалық,
жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтiруге мүлде дерлiк уақыты болмайды
екен. Тиiмсiз қозғалыстарды жоя отырып, Тейлор eң қолайлы жұмыс тәсiлiн
жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып
олардың еңбегiн мамандандыру, неғұрлым тиiмдi жұмыс амалдарын пайдалану
үшiн жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттiгi туды.
2.2 Эммерсон ойлап шығарған өнімдiлiктiң 12 принципi жұртқа кeңiнeн
мәлiм болды. (1912). Мұнда ол кәсiпорынды басқарудың принциптерiн
қарастырды, әрi тұжырымдады. Эммерсонның пiкiрiнше, мұндай принциптерге
мыналар жатады:
- дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық дeңгeйiнде бұған жетуге
әрбiр басшы мен оның қол астындағылар ұмтылады;
- болашақ мақсатты ескере отырып, әрбiр жаңа процестi талдауға
шынайы дұрыс көңiл бөлy;
- бiлiктi кеңес беру - өндіріске және басқаруға байланысты арнайы
бiлiмнiң қажеттiгi және барлық, мәселеде бiлiктi кeңес бiрлесiп
ақылдасқанда ғана нәтижелi болады;
- тәртiп - барлық ұжым (коллектив) мүшелерiнiң белгiленген тәртiп пен
ережеге бағынуы;
- қызметкерлерге әдiл төрелiк;
- басшыны қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн жедел,
сенiмдi, толық, дәл және тұрақты есеп;
- ұжым қызметiн мұқият, жедел басқаруды қамтамасыз eтeтiн диспетчерлiк
жұмыс;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Қаржылық менеджменттің механизмі
Ресей менеджментінің қағидалары
Туризм менеджментінің қызметі мен қағидалары
Менеджменттің мәні мен қағидалары
Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Менеджменттің Классикалық мектебі
Территориялық басқару жүйесі
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Пәндер