Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі 3
2. Шешімдерді жіктеу 5
3. Шешімді шығару және қабылдау технологиясы 10
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Нақты экономикаға көшкен кезеңде кәсіпорынның алдына қоятын мақсаты
күрт өзгеруде. Егерде жоспарлы экономика заманында негізгі багдар ретінде
жоғарыдан түсірілетін жоспар болса, қазіргі уақытта кәсіпорын ең алдымен
рыноктік коньюнктураға бейімделінеді. Басқа сөзбен айтқанда рыноктағы
экономикалық жағдай үздіксіз өзгерісте боп, ұсыныс пен сұраным, баға
деңгейі, бәсекелестік түрі және басқа факторлар оған ұдайы ықпал жасап
тұрады. Сондықтан кәсіпорын, ұйым басшылары әрдайым оны біліп, әрбір жайтты
талқылап, орынды тәуекелдікке баруға дайын болу керек.
Ертеректе айтқанымыздай, кәсіпорынды "ашық жүйе" деп белгілегенбіз.
Демек, оның дамуы, бәсекелесте алда болуы тек қана ішкі факторлардан емес,
сонымен қатар сыртқы ортадан да тәуелді. Осыдан тұрақты өзгерістер және
жаңалық енгізу, тек ұдайы технологияны, ұйымдастыруды, экономиканы жаңартып
тұру арқылы ғана кәсіпорын өзінің басты міңдетін орындай алады: бәсекелес
ортада жеңіп шығу, ұзақ уақыт бойы өз ісімен шұғылдану және де ішкі және
сыртқы рынокта өз позициясын күшейту. Сондықтан әр фирма, компания,
кәсіпорын табысын тұрақты өсіру үшін ылғи да дамуды көздейді.
Демек, кәсіпорынның басты мақсаты өз пайдасын мейлінше көбейту болып
табылады.
Осыған орай басқару шешімдерін дұрыс қабылдай білудің маңызы зор.

1. Басқару шешімінің мәні, қасиеті және ролі

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім
қабылдау, басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген
әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер
кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал
оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты.
Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс
тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі,
дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін
шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас
тартпауы тиіс
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның (коллективтің) экономикалық және
әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі
мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік
жүктейді.
Басқару шешімі термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші
жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын,
қаулы-қарарларды т б; екінші жағдайда— проблемалар мен міндеттер шешімін
қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі объекті: өидіріс немесе басқару
жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема
дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының
арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы
және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай
болуы мүмкін емес, ейткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету
жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің
нашарлығы т б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура
келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған
проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа
шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай
өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік
жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге
көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың
орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек
жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай
деп атап көрсетеді: Тектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген
болса да, шешім қабылдағaн жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен
жетілдіруге болады.
Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі — мақсаткерлік. Шешім
ұжымның (коллективтің) мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген
жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі
шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды. Кез келген шаруашылық
шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы
ескерілуі тиіс. Сонымен қоса кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны
жөн. Практикалық тәжірибе ғылым жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген
шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы, яғни
шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелер де шешілсін.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл
нақты, айқын, дәлелді болуы толық қамтылуы, әрі кімге арналғаны дәл
көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге
асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.

2. Шешімдерді жіктеу

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор.
Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін
жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:
1. Әкімшілік шешімі.
2. Қоғамдық ұйымдар шешімі т. б.
Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және
қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін
қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың
төменгі буынына тән.
Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.
Сыртқы шешім ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол
шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен жәие органдармен, сондай-ақ ауыл
шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады.
Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынаың өзіндегі қызмет саласына жатады.
Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, (ағымдағы)
және жедел деп бөледі.
Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3—5 жыл және одан
астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін (комплекстерін) салу,
кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық
шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еқбек, материалдық
және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат
алатындықтан, перспективалық жоспарларда көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшіи күнделікті шешім көбінесе бір-екі
жыл аралығында жүзеге асырылады.
Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге
асырылады.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы (коллегиалды)
және ұжымдық (коллективтік) болып бөлінеді.
Жекелей шешім — бұл басшының ұжыммен, немесе жекелеген адамдармен
келісімінсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл
көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешім, немесе өндірісті
дамытудың принципті проблемаларын қозғамайтын шешім. Төтенше жағдайда мұның
өзі ерекше маңызды шешім болуы мүмкін. Жекелей шешімнің сипаты мен мазмұны
басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.
Алқалы шешім— бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен (алқа,
кеңес т. б.) бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімге
әдетте мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы
шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жауапкершілігіне нұқсан келтіретін
жайттар болмауы тиіс.
Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып,
сонда қабылданады.
Функционалдық мақсатына орай шешімдерді жоспарлау экономикалық,
технологиялық, қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.
А.И. Пригожий Басқарудық әлеуметтік жағдайлары кітабында басқару
шешімдерін былайша жіктейді.
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес
ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бүған кадр мәседелері
(жұмысқа қабылдау және шығару), агрономиялық, инженерлік және
зоотехникалық, мал-дәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру т. б. жатады. Мұндай
шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
2. Ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының
жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
3 Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған
жетуді көздейді Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі
мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми-
техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы
мүмкін. Атап көрсететін жайт, мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге
міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары
кеңінен қатыстырылуы тиіс.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған (запрограммироанной)
және бағдарланбаған (незапрограммированый) деп жіктейді. Бағдарланған шешім
дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге
асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте
балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтанда таңдау ісі ұйым
белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе
белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар
жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын
қалай жаксарту керек. Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз
себептері аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының
таңдауында көптеген варианттар болады.
Практикада таза түрінде бағдармаланған немесе бағдармаланбаған
шешімдер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында
болады (II).
Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын
қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді
түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса
бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр
түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару шешімдерін құрастыру
Көкшетау Минералды су акционерлік қоғамының қызметін қаржылық – экономикалық тұрғыдан талдау
Басқару қызметтерін ұйымдастыру
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау туралы
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау туралы мәліметтер
Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі
Басқару шешімдерін талдау
Валют-Транзит-Банк АҚ менеджмент ұйымының анализі
Басқару функциясын бейнелеу
Алгоритмды оқыту
Пәндер