КIТАП САУДАСЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетi

Журналистика факультетi

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: КIТАП САУДАСЫ

Орындаған: САЛИЕВА Қ.

Тобы: 201

Тексерген: СМАЙЫЛ Д.

Алматы, 2004

Кiтапты бастыру ғана мақсат

емес, оны ел iшiнде таратып мәдениеттiң

үлкен құралы ету мақсат.

Ғ. Мүсiрепов

Кiтапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдiрiлген балшыққа, тақтайшаға не қайың қабығына жазылған түрлерiнен басталғаны белгiлi. Тiптi, сол замандарда- ақ қолжазба кiтапты көшiретiн орын даяр өнiмдi, яки қолжазба кiтапты сататын дүкендер де болған.

Көне гректер кiтап сатушыны библиопол деп атапты. Осы сөзден француз кiтаптанушысы Г. Пеньо «Библиология жөнiндегi түсiндiрме сөздiк» деген кiтабында «библиополистика» атты термин туғызған. Бүгiнде библиополистика алғашқыдағыдай кiтап саудасы деген ғана мағына емес, кiтап саудасының теориясы, тарихы, ұйымдастырылу негiздерi деген ұғымдарды бiлдiредi.

Жалпы библиополистика жөнiнде бiзде түсiнiк кең дамымаған. Әдебиеттер өте аз. Кiтап саудасының бүгiнгi жағдайына келсек, республикада кiтап саудасы орташа деңгейде. Көптеген кiтап дүкендерi жойылған. КСРО кезiнде кiтап дүкендерiнiң саны он бес мыңнан асып жығылған екен. Ал сол кiтап дүкендерiн ендi ауданды, ауылды алты айналсаң да таба алмайсың. Бәрi зат пен тамақ сататын орындарға айналып кеткен. Нағыз кiтап оқитын қазақ - ауылда. Өзiнiң ұнаған авторының шығармасын сатып алу үшiн олар қалаға арнайы келмесi анық. Қалаға келген күннiң өзiнде арнайы қазақ әдебиетiнiң басылымдары тарап жататын мекеме жоқ. Ал, ешкiм де керегiн iздеп, әрбiр баспаны аралап жүре алмайды.

Кiтап саудасын артқа тартып тұрған басты себептердiң бiрi - мiне осы. Бастысы, ауылдарда кiтап дүкендерiн ұйымдастыру керек.

Кiтап сату iсiнiң бәсеңдеуiнiң тағы бiр себебi - дәл кiтапта берiлетiн ақпаратты басқада көздерден алуға болатын мүмкiндiктердiң кеңейе түскендiгi деп ойлаймын. Мысалы, коммуникациялық байланыс құралдары (телефон, телефакс), бұқаралық ақпарат құралдары. Бұл құралдар кiтапқа деген сұранысты шегерiп отыр.

Өзiмiз де керектi ақпаратты кiтаптан гөрi аталған құралдардан алуға көбiрек талпынатынымыз жасырын емес. Себебi, уақыт үнемдеу жағынан осы құралдардың жеделдiгi кез келген адамға тиiмдi. Керектi мәлiмет туралы қай еңбекте жазылған, ол қайда бар деп, оны оқып, iздеп жатқаннан гөрi, Интернетке кiрiп, тез арада керектi сайттан мәлiметтердi алған шапшаңырақ болады.

Дегенмен бiлiмдi санаға құю жағынан кiтаптың еш нәрсемен салыстыруға келмейтiнi сөзсiз.

Үшiншi себеп - жарнамаға қатысты. «Агитация и реклама» деген мақаласында Маяковский: «Бiрде-бiр iс, тiптi ең әдiл деген iс жарнамасыз iлгерi баспайды» деп жазған екен. Сол айтқандай, сауда болғандықтан жарнама бiрiншi орында тұруы тиiс. Бiздiң қазiргi жағдайға келсек, жаңадан жарық көрiп жатқан кiтаптар жөнiнде «Қазақ әдебиетi», «Ана тiлi», балаларға арналған кiтаптар туралы «Ұлан» газеттерi мәлiметтер берiп тұрады. Бiрақ бұл аз. Бұрындары кiтап жаршысы деген газет болыпты. Онда жаңа шығарманың қысқаша мазмұны туралы жазылыпты. Қазiр де сол сияқты жеке газеттер керек. Сонымен қатар, мұндай насихатты радио, теледидар да жүргiзуi керек. Себебi, елдiң назары бүгiнде теледидар мен радиоға көбiрек ауған. Ал, сол кiтаптар жөнiнде теледидер мен радиодан хабарлап, айтып жатса, ел бiлiп жүрер едi.

Бiр таң қалатыным, қазiр теледидардан барлық затты жарнамалап жатады (арақ пен темекi өнiмдерiнен басқа) . Небiр сарайлардай сәндi дүкендердi, олардың iшiндегi бұйымдарға дейiн даралап айтып жарнамалап жатады. Сол жарнамалардың iшiнен кiтаптар, кiтап дүкендерi жөнiнде жарнамаларды кездестiре алмайсың. Егер кiтап дүкендерiндегi тауар жайлы жеке-жеке айтып жатса, сол дүкендердiң мекен-жайын қоса берiп жатса, кiтап сатып аламын деген адам (әсiресе, ауыл тұрғындары) оңай-ақ сол дүкендi тауып алар едi. Әрi ол дүкеннiң де тұтынушысы көбейе түсер едi.

Жарнамаға қатысты тағы бiр ұсыныс: менiңше, әрбiр көше қиылыстары сайын iлiнiп тұрған жарнамалар қатарына жаңа шыққан Қазақстандық авторлар еңбектерiн, оларды қайдан алуға болатындығы жөнiнде мәлiметтерi бар жарнамаларды қосса жақсы болар едi. Мысалы, премьералар (театрлардағы, кинотеатрлардағы) туралы, өтетiн әр түрлi концерттер туралы ел арасында насихат жүредi ғой. Олар жөнiнде афишаларды кез келген жерден көруге болады. Сол сияқты, кiтаптар туралы осындай жарнамалылық керек.

Ал, осы жарнама жасау, сатып алушының сұранысын анықтау, оны қанағаттандыру, керек уақытында тауарды ұсына бiлу - бәрi маркетологтың мiндетi. Яғни, маркетологтың атқарған iсiне қарай кiтаптың сатылу деңгейi анықталмақ.

Ендi қалаларда орналасқан кiтап дүкендерi жөнiнде.

Алматы қаласында баспалардың, корпорациялардың арнайы Кiтап үйлерi, кiтап дүкендерi орналасқан. Мысалы, «Атамұра» корпорациясының ондаған Кiтап үйлерi бар. Бұл кiтап үйлерiнде оқулықтар, оқу-әдiстеме құралдары, жазу дәптерлерi, кiтаптар, энциклопедиялар, полиграфиялық өнiмдер сатылады. Бұл өнiмдердiң бағасы үстемесiз, баспа белгiлеген бағамен сатылады. «Атамұра» корпарациясының вице-президентi Гүлбаршын Нагиевадан сұрастырғанымызда шығаратын өнiмдерiнiң сатылу жағдайы - коммерциялық құпия екенiн айтты.

Басқа да кiтап дүкендерiндегi кiтаптардың сипатына келсек, мысалы «Рарити» (Абай даңғылындағы) кiтап дүкенiнде «Intellservice» баспасының өнiмдерi сатылады. Көбiне студенттерге, мектеп оқушыларына арналған оқулықтар, мектеп жасына дейiнгi бүлдiршiндерге арналған кiтапшалар, көркем-әдеби кiтаптар, басқа да жанрдағы кiтаптар, канцелярлық тауарлар, құттықтау қағаздары бар. Кiтап сатушыларынан сұрастырғанымызда бiр күнде 5 теңгеге сауда жасайтындарын айтты. Кiтаптарының басым көпшiлiгi орыс тiлiнде. Көп сұранысқа ие кiтаптар - шет елдiк детектив, мелодрама жанрындағы кiтаптар және оқулықтар.

Ал, Тимирязев көшесiнде орналасқан кiтап дүкенiнде барлық кiтаптар орыс тiлдi екен. Мұнда да студент қауымына арналған, экономика, менеджмент сияқты салалардағы арнайы кiтаптар, шетел классиктерiнiң шығармалары, энциклопедиялар сатылады екен. Сатушыларының айтуына қарағанда орысша кiтаптардың оқырманы көп. Әрi қазақша кiтаптардың мағынасын түсiну қиын болғандықтан, орыс тiлiнен тiкелей аудара салғанынан кiтап сатып алуға келетiн студенттер орыс тiлiндегi кiтаптарды таңдайды екен. Шетел классиктерiнiң шығармалары 4700-5000 теңге көлемiнде екен. Ең арзан кiтап студенттерге арналған оқулықтар. Бағасы ең арзаны 1700 теңге көлемiнде. Ал ең қымбат кiтап 17400 теңге екен. Бұл - «Қазақстан» энциклопедиясы.

Осы мысалдарға қарап, әлi де орыс тiлдi кiтаптарға деген сұраныстың қазақ тiлдi кiтаптарға қарағанда анағұрлым жоғары екендiгiн көруге болады.

Басқа елдердегi кiтап бағаларымен салыстыра қарасақ, Қытайда кiтап өте арзан тұрады екен. Мүмкiн бұл мемлекеттiң өз iшкi саясаты шығар. Нақты бағасына келсек, Қытайда бiр кiтаптың бағасы бәтеңкенiң бағасынан 25 есе арзан. Бiр жағынан, кiтап арзан болғандықтан мүмкiн оның тұтынушылары да көп шығар. Ал, Токиода бiр кiтап 500 иен тұрады екен. 150 иен 1 долларға тең. Яғни, бiр кiтап 3 - 3, 5 доллар тұрады.

С. Ф. Добкиннiң «Основы издательского дела и книгопечатания» еңбегiнде: «Кiтап сататын мекемелер баспалардың өз жоспарларын құруда үлкен роль атқарады. Кiтап сатушы адамдар күнделiктi миллиондаған кiтап сатып алушылармен әңгiмелесiп, соған сәйкес кiтапқа деген сұранысты, тұтынушылардың қандай кiтапқа қызығушылығы жоғары деген мәселелердi анықтайды. Олардың бәрiн жинақтай келе, ортақ бiр қорытынды шығарады. Осы қорытындыны баспаларға тапсырады. Сонымен қатар, сол баспаларға қандай тақырыпта кiтаптар шығаруды және қандай кiтаптарды қайта басып шығаруды айтып отырады», - делiнген. Яғни, бұл - осы салалардың бiр- бiрiмен өте тығыз байланысты екендiгiн аңғартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітап саудасы және оқырман
Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Тмд елдеріндегі кітап басып шығарудың дәстүрлі әдістері
Орта ғасыр кезіндегі Корея мен Қытай қарым-қатынастары
Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КІТАП НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қазақ баспаларының қызметін нарықтық экономика және мемлекеттік реттеу мәселелері
Кітап және халық
Кітап шығару, сату процестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz