Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
1. Инфляция туралы теориялық аспектілер ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Инфляция туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Инфляцияның түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Инфляцияның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау
және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты ... ... ... ... .
2.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік
зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Инфляцияны реттеу және ақша айналымын
тұрақтандыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1. Инфляция туралы теориялық
аспектілер ... ... ... ... ... ... . ... ...
1. Инфляция туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Инфляцияның түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.3 Инфляцияның
себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау
және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты ... ... ... ... .
2.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік

зардаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.2 Инфляцияны реттеу және ақша айналымын
тұрақтандыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..
2.3 Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Кіріспе

Ақша айналыс заңының басты шарты – ақшаға деген сұраныс пен
айналыстағы ақша көлемінің арасындағы тепе – теңдіктің сақталуы. Өйткені
айналыстағы ақшалардың көлемі айналысқа қажетті ақша көлемінен артып кетсе,
онда айналыстағы ақшалардың құнсызданып ақшаның сатып алу қабілеті
төмендейді. Бұл қоғамдық әлеуметтік – экономикалық дағдарыс – инфляцияға
әкеледі.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Жалпы
инфляция ұғымының пайда болуын қағаз ақшаның шығуымен байланыстырады және
ол экономикалық құбылыс ретінде экономикалық теорияларда ΧΧ ғасырдан бастап
жиі кездесе бастайды.
Инфляция мәселесі барлық елде болады және экономика мен қоғамға шындап
қауіп – қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қағаз ақшаның айналымына
тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз
ақшамен артық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар
мен қызметтер бағаларының көтерілуін, ақшаның сатып алатын қабілетінің
түсуіне мән беретін әлеуметтік – экономикалық феномен. Онда экономикалық,
әлеуметтік, саяси мәселелер ұштасады. Инфляция – табиғи апаттар және қоғам
сілкіністерінің жиі серігі, саяси және әлеуметтік жанжалдар нәтижесі екенін
тәжірибеде көрсетеді.
Осы заманғы инфляция жүйелі сипатымен көрінетін ерекшеліктерге ие және
бұл құбылыс тек бағаның өсу нәтижесінде туындайтын ақшаның арзандау
көрінісі ғана емес, сонымен қоса ол бүкіл ел экономикасының мүшкіл халіне
байланысты болып келеді.
Инфляцияның пайда болу себептері мен оны өршітетін факторлар ақша
айналымы мен өндіріс саласынан туындайды.
Инфляцияның табиғатын түсіну мен инфляцияға қарсы шараларды мемлекттік
әрекеттердің теориялық негізгі ретінде қазіргі заманда ақшаның сандық
теориясында, оның монетаристік немесе кейнсиандық дамуында болады. Осы
теория инфляция себебін нарықтардың тұрақты тепе – теңсіздігінен туындап
және ақша қажеттілігі оның ұсынысынан үнемі жоғары болғанымен көрінеді деп
ұйғарады.
Сыртқы инфляция баға индексімен өлшенетін, тауарлар мен қызметтерге
бағаның өсуімен көрінеді. Бірақ, үнемі көріне бермейтін инфляцияның
белгілері бағаның өсуінде көрінеді. Жеке тауарлардың сапасы көтерілгенде,
технология өзгергенде, мода кезінде және т.б. баға өсуі мүмкін. Сондай-ақ,
егер бағаның өсуі төлемақы, зейнетақы мен жәрдемақының алдын ала өсуімен
қоса болса, оны инфляция деп есептеуге болмайды.
Осы заманға инфляция өндіріс процесінің өзінде туады, бірақ оның нақты
көрінісі ақша саласында анықталады. Сондықтан, инфляцияны артық ақша
белгілердің эмиссиясымен жиі байланыстырады. Бұл салыстырмалы түсінік. Егер
ақша эмиссиясы тауарлар өндірісі мен қызметтердің өсуіне сәйкес болып,
олардың қарқындары үйлессе, бұл инфляция құбылысы емес, айналым арналарының
толып кетуі болмайды. Алайда, экономика толық жұмыс істеу үшін және айналым
арналарының аса толу кезінің қашан және айналым арасын қай шегіне дейін
ақшамен толтыруға болатынын анықтау өте қиын. Осындай инфляцияны зерттеу
жеткіліксіз болғандықтан инфляцияға қарсы дұрыс шаралар жетілдіру оңайға
түспейді.
Қазіргі монетаристер, ақша – бағаның тұрақты байланысына қарағанда,
бағалардың өсуі мен ақша жиынының арасында өте күрделі тәуелділіктің бар
екенін мойындайды. Инфляцияны тек қана айналымдағы артық ақша ғана емес, ең
алдымен шаруашылық әдістері, ұдайы өндіріс процестерінің бұзылуы, ақша
айналымы заңының бұзылуы тудырады.

1. Инфляция туралы теориялық аспектілер

1.1 Инфляция туралы түсінік

Инфляция термині тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы
азамат соғысы тұсында пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп
кетуі процесі мағынасында қолданылған. Инфляция латын сөзі, мағынасы
˝inflatio˝ - ˝қампаю˝ деген.
ΧΙΧ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Алайда,
инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен
ежелгі Қытайда болып тұрған. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ΧΧ
ғасырда бірініші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес
өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздауына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға тән ˝ғажайып˝ құбылыс
емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемалардың бірі.
Инфляцияның пайда болу себептері мен оны өршітетін факторлар ақша
айналымы мен өндіріс саласынан туындайды.
Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық
болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажет болған жағдайда қазынадан
айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін - өзі реттей алады.
Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша
өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады.
Инфляцияның негізгі себебі – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларындағы: қор жинау мен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың, мемлекеттік
табыстар мен шығындардың, кредиттің, капитал көлемі мен мөлшерінің,
айналымдағы ақша массасының мөлшері мен шаруашылықтағы ақша сұранысының
тепе – теңдігі бұзылғаны болып табылады. Ақша айналымы арналарының толып
кетуі артық ақша эмиссиясынан, тауарлық масса мен жасалған қызметтердің,
ақша белгілерінің айналым жылдамдығы азайған кезде болуы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің
механизмдерімен қоса ақша – кредит, бюджеттік, салықтық шаралардың кең
көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша
айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың
мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциялды нормативтердің
бекітілуін өзіне қосатын ақша – кредит саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша
жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен
қызмет көрсетуінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.
Қазақстан Республикасында инфляция процестерін ақша – несиелік реттеу
әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге коммерциялық
банктердің несиелік салымдарына шек қою және сол операциялар бойынша
мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі.

1.2 Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% - тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20 – дан 200 процентке
жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт,
келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы
деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада,
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық 3300% - ке дейін жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген
бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу
қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946
жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген
сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады.
Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең
болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды. Гиперинфляцияның
басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды.
Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50 – 60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты
қарқынмен жүрді. Ал 70 – жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы
өндірістің қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына
айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70 – жылдардың екінші
жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ – та 1956 –
1965 жылдары 1,7% , 1966 – 1974 жылдары 5,1% , 1975 – 1980 жылдары 9,3%
болды. Англияда осы кезде ол 3,1, 6,0 және 17,9%, Францияда 5,0; 5,9 және
10,9%. 80 – жылдардың соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4 %
- ке тең болды, 1987 жылы – 3,7% - ке төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне
сәйкес келді. Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың
ішіндегі ең негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға
бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция балансталған, тепе – теңдікте болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың
тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу
керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
жоспарлайды, мысал ретінде Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады,
ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық
инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық
тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс
көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жағдайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан
шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді.
Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен,
тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша
жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта
бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да
өзінің тепе – теңдік жағдайына келеді.
Инфляция көрінісінің келесі түрлері мен формалары болады:
1. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция – бағалар өсуінің орташа жылдық қарқыны 10 пайыздан
төмен болғанда, бағалардың біртіндеп ұзақ өсуімен сипатталатын
инфляция. Осындайда ақшаның құны тәжірибе жүзінде сақталады, номиналды
бағалармен өзара шарттарға қол қою тәуекелі болмайды. Сондықтан оны
экономиканың жөнді даму элементі ретінде қарастыруға болады.
Қазақстанда қазіргі уақытта жыл сайынғы 5-8 пайыздың шеңберінде ғана.
- орташа инфляция – баға өсуінің орташа жылдық қарқыны 10-50 пайызды
құрағанда, баға өсуінің секірмелі түріндегі инфляция; оның кезінде
өзара шарттар бағаның өсуіне байланады, ақша тез материалданады.
Инфляцияның осындай түрі қауіпті саналып, бұған қарсы шаралар
қолдануды талап етеді.
- қарқынды инфляция – бағалар өсуінің өте жоғары қарқынды инфляциясы,
бағалардың өсуі жылына 100 пайыздан асады. Ол шаруашылық механизмді
ақсатады, экономикалық байланыстар үзіліп, бар терлік айырбасқа өтеді.
Мұндай жағдайда бизнесті жүргізу мүмкін емес. Қазақстанда 1994 – 1996
жж. инфляция деңгейі 2000 пайызға дейін жеткен.
2. Пайда болу сипатына қарай:
- әкімшілік инфляция - әкімшілік басқарулы бағалардан туындаған
бағаның өсуімен пайда болатын инфляция;
- шығын инфляция – ресурстар мен өндіріс факторларына бағаның өсуімен
көрінетін инфляция, соның әсерінен өндірістік шығындар және
тауарлардың бағалары өседі. Ресурстарға бағаның өсу себептері –
ресурстарға әлем бағаларының өзгеруі мен ұлттық валюта курсының
төмендеуі, жұмыстың өнімділік деңгейі төмендеп, өндірістің құлдырауы,
энергетикалық дағдарыс және т.б.;
- сұраным инфляциясы – ұсынысқа қарағанда сұраныстың көп болуымен, яғни
тауарлар мен қызметтердің өсуіне қарағанда халық пен мекемелердің
жиынтық табыстарының тез артуынан туындайтын инфляция.
- ұсыным инфляциясы - өндірістік ресурстарды толық пайдаланбаған
жағдайда өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуінен
туындайтын инфляция.
- импортталған инфляция – сыртқы факторлар әрекетінен туындаған
инфляция;
- кредиттік инфляция – шамадан тыс кредиттік экспансиядан туындаған
инфляция.
3. Инфляция формаларының көрінісі бойынша:
- ашық, яғни тауарлар мен өндіріс ресурстар бағаларының еркін өсу
есебінен болатын инфляция;
- жасырын инфляция – мелекеттің бағаларды бұрынғы деңгейде ұстау
ұмтылысымен қоса жүретін тауар тапшылығынан туындайтын инфляция.
Осындай жағдайда тауарлар көлеңкелі, ұйымдастырылмаған, бағалары
сөзсіз өсетін нарықтарға кетеді.

1.3 Инфляцияның себептері

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің
артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық
өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекттік реттеуге,
салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, өлшемнің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық
байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне
көптеген неше түрлі себептердің де әсері болады.
Коньюнктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфлцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында бағалардың
динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс
пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі.
Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық
толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде
баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфляциялық өсуіне әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі
тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығысдар мен кірістердің тепе – теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттің бюджеттік тапшылығынан көрінеді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда ˝ақша станогы˝ белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша
массасы көбейеді. Айырбастың соңғы теңдігін ΜV=PO еске түсірсек, M мен P
көрсеткіштері өсуінің байланысы артық.
Екіншіден, осындый жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта
көптеген өндірушілер болып, өнімдерді түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлде ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте – бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында ˝импорттық˝ инфляцияның
қаупі туады. ˝Импорттық˝ инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады, ол
˝инфляцияны күту˝ нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.
Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. Өндірушілер өз өнімдерінде өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция
көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының
арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші
болды. Бұрынғы КСРО – ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы
инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе – теңсіздік жатады, ол

әміршілдік - әкімшілік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰӨ
- дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы – несие
жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.

2. Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау
және Ұлттық Банктың инфляцияға қарсы саясаты

2.1 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік
зардаптары

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан
тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны
жойып, ақша – несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің
интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық
валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары мынадай:
- Ұлттық валютаның құнсыздануымен байланысты халықтың, мемлекеттік
бюджеттің, шаруашылық субъектілерінің жинақ ақша қаражаттары
құнсызданады;
- Баға өсіп, тауар тапшылығы туындайды;
- Жалақы азайып, жұмыссыздық көбейеді;
- Көлеңкелі экономика дамып, қылмыс түрлері көбейеді;
- Қоғам мүшелері әлеуметтік топтарға бөлінеді;
Ерекшеліктеріне қарай инфляция мынадай түрлерге жіктеледі:
Көрініс алу сипатына қарай:
- Ашық инфляция – бағаның өсуіне кедергі болмайтын инфляция;
- Жабық инфляция – тауар тапшылығымен байланысты бағаның өсуіне
мемлекеттік қатаң бақылау жасалатын инфляция;
- Шошыну инфляция – бағаның кенеттен бірден өсуі салдарынан болатын
инфляция;
- Болжамды инфляция – үкімет жоспарлайтын инфляция;
- Кенеттен болатын инфляция - бағаның кенеттен өсуі салдарынан болатын
инфляция;
Таралу аймағына қарай:
- Локальді инфляция – бір елдің аумағын қамтитын инфляция;
- Дүниежүзілік инфляция – ғаламдық экономиканы қамтитын инфляция;
Өсу қарқынына қарай:
- Баяу инфляция – баға баяу, біртіндеп өседі және оның деңгейін 10%-тен
аспайды;
- Орташа инфляция – баға жылына жылдам 20 - 200%-ке дейін өседі. Бағаның
өсуі контрактілермен келісім жасау кезінде есепке алынады;
- Ұшқыр инфляция – баға жылына 500 - 1000%-ке дейін өседі:
Инфляция – қоғамдық ұдайы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары
Мемлекет - Өте ұшқыр
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Қаржы және инфляция туралы
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Қазақстан Республикасындағы инфляция және инфаляциямен күресу жолдары
Пәндер