Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Маркетингтің мәні1

Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы1

Маркетингтің мәні

Маркетинг - іскерлік, кәсіпкерлік,

тапқырлық, дарындалақ, икемділік,

сезімталдық және білімділік мектебі.

Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.

Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы

Маркетинг - соңғы уақыттардағы өндірістің және тауар қатынастарының дамыған елдердегі жетілуінің көрінісі.

Маркетинг ағылшын тіліндегі "market", бізше нарық (рынок) дегенді білдіретін сөзден шыққан. Ол нарық экономикасы жағдайындағы тауар қатынастарын кешенді зерттеу концепциясын аңғартады. Нарықтық тауар қатынастары кезінде ең әуелі тауар тұтынысына айырықша мән беріліп, бұл келесі кезеңде соған сәйкес тауар ендіруді ұйымдастырумен жалғасады. Сондықтан екі аралықты. яғни өндіру мен тұтыну процестерін байланыстыру сауда немесе тауар еткізу жүйесіне жатады.

Сонымен өзара тығыз байланыстағы осы үш процесті зерттеу мен оны тиімді жүзеге асырып отыру - маркетингтің негізгі мәселесі Сол себепті олардың әрқайсысын басқару жүйесіндегі бүтіннің бөлшектері регінде жеке-жеке зерттеп барып, сол арқылы белгілі бір қорытындыға келгенде ғана орынды шешім қабылдай алуымыз мүмкін.

Маркетинг - экономикалық дамудын өзекті проблемаларын жан-жақты талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келетін әрі келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады.

Маркетинг концепциясының жаңалығы мен құндылығы сонда, ол экономиканың негізгі құрамы: өндірісті, сауданы және адам тіршілігінің мұқтажын өзара ынталы әрі біртұтас қарым-қатынаста қарастыруға саяды.

Ал маркетингтің мақсаты нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюнктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу. Қорыта айтқанда, маркетинг - тауарға деген мұқтаждықты тауар алмасу арқылы қанағаттандыруға бағытталған қызметтің өмірлік маңызды түрі. Маркетингтің, әлеуметтік негізі - халықтық төлеу қабілетіне қарай сұранысын өтеу болғандықтан, оның қалайда адам мүддесіне қатысты екендігі байқалады.

Маркетингтік өндіріс пен тауар саудасын ұйымдастыру арқылы тұтынушыға нақты көрсетуге қатысты қабылдайтын шараларының жалпы мазмұны мынаған саяды: сұраныс құрамы және оның өзгеру динамикасы, тұтынушылардың талғамы мен қалауы жөнінде сенімді де айқын мәліметтер жинау; сұраныс талабына сайкес келіп, мұқтаждық проблемасын шешуге қабілетті әрі бәсекеге төтеп беретін тауар өндіруді ұйымдастыру; сондай-ақ тауар сату жүйесін мүмкіндігінше неғұрлым жіті бақылап отыруды қамтамасыз ету ол үшін: тұтынушыларға, сұранысқа және нарыққа тиісті дәрежеде ықпал етуді іске асыру. Маркетингке қойылатын осынау талаптар әрбір жекелеген жағдайда қажетті мазмұнмен толықтырылып отырылады.

Маркетингке қатысты қаншама деректер келтіріліп, көлемді сипаттамалар берілгенімен, оның шын мәніндегі мазмұны мен мақсаты түгелдей зерттелді деу ертерек . . . Өйткені еліміздегі қазіргі экономикалық, жағдайдың деңгейіне, қоғамдық құрылыстың ерекшеліктеріне байланысты маркетинг те қосымша мәліметтермен байытылып отырылады.

Біздегі өтпелі дәуір деп аталып жүрген нарықтық экономикаға көшу кезеңі маркетингке үлкен жаңалық енгізеді. Өйткені ғасырлар бойы жинақталған нарықтық экономика саласындағы тэжірибеге, қуатты экономикалық потенциалға, жоғары дәрежедегі бизнестік білім мен психологиялық дайындыққа сүйенген маркетингті біздің жағдайымызға бейімдеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

Өкінішке орай, өткен кезеңнен мирас ретінде қалып қойған өндірістегі монополиялық жағдай жалғасып келеді. Соның нәтижесінде нарықта тауар өндірушінің үстемдігі, билігі орын алып бұл тауар өндірудің дамуына, бәсекелік өндіріс және бәсекелік сауда қатынасының, орнығуына кедергі келтіруде және тауар молшылығына жол бермей, маркетинг концепциясына материалдық негіз жасауды кешеуілдетіп отыр.

Бұқара халық қоғамдық процестерді демократияландыру арқасында енді ғана еңсесін тіктеп, өзін толық құқықты азамат әрі тұтынушы ретінде сезіне бастағаны рас. Сол себепті де жұмыла кірісіп, экономиканың материалдық негізін жасау жеңілдеп, ұмтылыстар нарықтық қатынасқа алғышарт жасап, маркетингке іргетас қалаудың айрықша кезеңіне айналып келеді.

Әдетте маркетинг ісін ұйымдастыру жеке кәсіпорындардың (фирмалардың), тұтынушылардың өздерінің алға қойған мақсаттары шеңберінде жүзеге асырылатынына сәйкес ол ең әуелі салааралық және аймақтық (регионалдык) нарықтық қарым-қатынастарды жетілдіре түсуге күш салады.

Маркетинг концепциясы бойынша, тауар өткізу мен өндіріс жүйелерінің дамуы қашанда нарықтық қарым-қатынастардың көлеміне және тауарға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы салыстырмалы жағдайға байланысты өрбиді. Ал тауар сұранысы мен ұсынысының қалыптасуы қоғамның тарихи, экономикалық және технологиялық даму дәрежесінің нәтижесі екені белгілі. Ендеше тауар өтімділігі өндірушілердің нарықтық тауардың сапалық деңгейіне ықпал өтуіне қарай өзгеріп отыратын болады.

Нарықтық қатынаста тауар тапшылығы, яғни тұтынушылар сұранысының өндіріс ұсынысынан басым тусуі тауар сапасы мен мөлшерінің талапқа сәйкес келмеуінен туындайды. Соның салдарынан өндірістің монополиялық үстемдігі, дәлірек айтқанда, тауар молшылығына ынталы бола қоймайтын, тауардың оны мен сатушының билігінде қалып қоятын нарық жағдайы пайда болады. Тап осы сипаттағы тауар тапшылығы немесе адамның тұтынушылық сұранысының толық қанағаттандырылмауы экономиканың дамуына кедергі келтіреді.

Экономика өндірістен басталып, тұтыну арқылы өз күшіне енетіндіктен, тұтынушылардың үстемділік еткен бәсекелік күрес жағдайында тауар ендіруді тұтынушылардың талабына қарай дұрыс жолға салып, реттеп отыру маркетингтің басты міндеті белгілі бір тауар түрін алуға мүдделі тұтынушыларды іздестіре отырып, соның нәтижесінде жинақталған дерек-мәліметтерге сәйкес өндіріс қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыра білу болып табылады. Бұған қоса, өндірілген тауарды алдын ала анықталған сұранысқа
қарай ойдағыдай өткізуді қамтамасыз ете отырып, сол тауарды ендіруші мен сатушының да жоғары пайда алуына жағдай жасау қажет болады.

Маркетинг аса маңызды теориялық ұғымдарға мән берумен бірге, накты іс-тәжірибеге де баса назар аударып, солардың негізінде сындарлы страгедиялық болжаулар ұсынады.

Маркетинг дегеніміз - нарықтық және тауар қатынастарының сан алуан әдіс-тәсілдерін жете игерудің тауар әлемінің таусылмас мүмкіндіктері мен келешегін көре білудің, адамның табиғи қабілетінің ашылуына түрткі болатын іскерлік пен тапкырлықтың, белгілі бір кәсіпке бейімділіктің интуициялық дарындылықтың мектебі.

Маркетинг - кәсіпкерліктің қызғылықты да күрделі түрі. Оның нарыққа әсер ету құралдары жайында сөз еткенде: мұқтаждық қажеттілік, талап ету секілді ұғымдарды аттап етуге болмайды.

Мұқтаждық дегеніміз - адамның өзіне бірдеңенің жетіспейтінін іштей түйсінуі. Адамдардың мұқтаждықтары әр қилы әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Олардың бастылары: білмекке құштарлық, өз қабілетін көрсетуге талпыныс тәрізді жеке бастық және тамақ ішу, киіну, өз өмірінің қауіпсіздігін ойлау сияқты әлеуметтік-физиологиялық сонымен қатар әсерлену, сүйіспеншілік, сыйластық секілді рухани мұқтаждықтар - адам табиғатынан туындайтыны аян.

Маркетингке қатысты тағы бір ұғым - қажеттілік.

Қоғамның дамуына орай адамның әлденені қажетсіну түйсігі де үздіксіз өсіп-жетіле береді. Шындығында, адамның сұранысы мен әлденені қажетсінуінде шек жоқ бірақ оның қажетін қанағаттандыруға керек игіліктер шектеулі. Тіпті табиғи байлықты былай қойғанда, ең ақыры жеке адамның сатып алу мүмкіндігінің өзі де шектеулі емес пе. Сондықтан адам алғашқыда аса қажетті нәрсені сатын алудан бастап, өз қаржысының мөлшеріне қарай әрекет етеді. Ол сатып алу қабілеттімен дәлелденген қажеттілік, яғни талап ету делінеді.

Маркетинг мұқтаждықты қанағаттандыруды айырбастаудан бастап зерттейді. Айырбас деп әлдебір адамның өзіне қажетті зәру бұйымды алу үшін оның орнына басқа бір бұйымды ұсынуын айтады.

Айырбас жасауға мына жағдайлар қажет деп есептеледі:

1) Айырбас жасайтын жақтар екеуден кем болмауы керек;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАРКЕТИНГТІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Маркетингтің жалпы сипаттамасы
Халықаралық маркетингтін қазіргі проблемалары
Нарықты сегменттеу туралы
Нарықты сегменттеу
Халықаралық маркетинг істерін жоспарлау
Қазақстан Республикасының орналастыру орындары
Тұтынушы тұлғасы және оның қажеттіліктері
Тауар сапасын арттыру концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz