Алси фирмасының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Алси фирмасының сипаттамасы

Алси компаниясы Қазақстан рыногында компьютер және ақпараттық технологиялар саласындағы ең жетекші компания болып табылады. Алси компаниясы 1991 жылы Қазақстан нарығында өз іс-әрекетін ашып қалыптасты.

Фирма қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей түрде көрсетілген:

  • компьютерлік жабдықтарды өндіру. Қазақстан Республикасының сертификаты бойынша 1995 жылдан бастап Алси компьютерлері тіркелген тауар белгісімен сатыла бастады.
  • телекоммунакиялық, офистік, профессионалдық және видео-аудио тұрмыстық техникаларды сату.
  • жүйелік шешімдерді енгізу /UNIX - жүйесі, құрылымдық кабельдік жүйелер, GPS - AYL навигация жүйелері.
  • дистрибъюция
  • бағдарламалық өнімдерді жасау.
  • жылжымалы радиотелефондық байланыс қызметтері, транкингтік радиотелефондық байланыс «Алси-Азия-Транк» және радиошақыру қызметкері - пейджинг жүйесінің операторы «Алси-Азия-Пейдж»
  • интернет жүйесі.
  • авторланған оқу орталығының қызметтері. Алси мамандары барлық бағдарламалық өнімдерін оқытады.
  • сервис орталығының қызметтері, компьютерлік сервис жабдықтарды және тұрмыстық техниканы, радиобайланыс құралдарын жөндеу және жаңғырту, кепілді қызметтер көрсетеді.

Алси компаниясының корпоративтік клиенттері болып табылады:

  1. Президент әкімшілігі, ғылым, білім, мемлекеттік табыс, әділет, қаржы, ішкі істер министрліктері, еңбек пен әлеуметтік қорғау департаменті, транспорт және коммуникация, ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау министрліктері, статистика агенттігі, Қазақстанаудит, кедендік басқару агенттігі.
  2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Каспийбанкі, Сауда-қаржы банкі, Ситибанк, Халық банк, Эксимбанк, Орта Азиялық даму банкісі.
  3. Қазақтелеком, Казтрансойл, Қазақстан темір жолы, Теңізшевройл, Картел, Казмұнайгаз, КСС, Казахстан каспишельф, Харрикейн, т. б.
  4. КазМҰУ, КИМЭП, Евразиялық мемлекеттік университеті, мұнай және газ институты, Қазақ-Британдық университеті, энергетикалық университеті.

Алси фирмасының негізгі қызметкерлерін есептеу техникасы және ақпараттық технология аясындағы 10-15 жыл жұмыс стажы бар жас ғылым мамандары құрайды. Компанияның мамандары әлемдік есептеу техникасын өндіруші және ақпараттық техникасын қамтамасыз етумен айналысатын осы фирмалардың семинарлары және көрмелеріне қатысып, өз білімдерін жетілдіріп отырады. Қазіргі таңда Алси фирмасында әртүрлі бағыт бойынша жұмыс жасайтын 96 мамандар бар. Фирма қызметінің негізгі бағыттары 8-суретте көрсетілген.

Фирма қызметінің негізгі бағыттары

14 - сурет

Енді осы қызметтерге қысқаша тоқталып өтейік:

  1. Компьютер техникасын өндіруді Алси фирмасы 1991 жылы бастады. 1995 жылдан бастап фирма компьютерлері тіркелген тауар белгісі ретінде шыға бастады. Алси өз компьютер техникалармен Қазақстан Республикасының Президент аппаратына, Ішкі істер Министрлігіне, Орта Азия бірлесу және даму банкісіне т. б. ірі-ірі ұйымдарды жабдықтады.
  2. Бөлшек сату. Алматы қаласында Алсидің 4 бљлшек сату дүкені және Павлодар, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Арқалық, Атырау, Бішкек қалаларында серіктестері орналасқан.

Сауда залының ассортиментінде компьютер, офис, аудио-видео техникаларының және бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникациялық, көшіргі және түптеу құрал-жабдықтарының 1000-нан астам атаулары бар.

  1. Дистрибъюция. Алси компаниясы дистрибьютер статусында, авторитарлы дилер, ОЭМ серіктесі, бизнес серіктесі, сервис орталығы статусында APS, Intel, Microsoft, Hewlett Packard т. б. сияқты әлемдік өндірушілердің компьютер, офис, аудио-видео техникаларының және бағдарламалық қамтамасыз етудің жабдықтаушысы болып табылады. Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның территорияларында Алсидың 40-тан астам серіктестері орналасқан.
  2. Сервис. Алси фирмасы 1995 жылдың мамыр айында сервис орталығын ашты, қазір ол жерде 30-жуық маман жұмыс жасайды. Авторитарлы сервис орталығы деген статусына ие және барлық өнімдерде кепілдемелі қызмет көрсетеді (профилактика, жөндеу, ауыстыру, кеңес беру) .

Алматы қаласының шегінде On-Site (тапсырыс берушіге барып қызмет көрсетеді) сервисі, сонымен қатар телефон арқылы кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Алси ЖАҚ-ы фотоматериалдарды басып шығару, көшіргі және мата негізінде басып шығару қызметтерін көрсетеді.

  1. Коммуникация жүйесін әзірлеу. 1996 жылы Motorola құрал-жабдықтарының негізінде транкинг жүйесін енгізу және пайдаланумен айналысатын бөлімшелер құрылды, 1997 жылдан бастап Алси-Азия-Транк транкинг байланысы Қазақстан Республикасының 15 қалаларында қызмет көрсете бастады. Қырғызстанның транкинг операторымен бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісім жасалды.
  2. Бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірленуі және жүйелік интеграциясы. 1994 жылдың аяғына қарай құрал-жабдықтармен жабдықтаудың және кәсіпорынды автоматтандырудың кешенді жобасын әзірлеп, жүзеге асыратын жүйелік интеграция бөлімі ашылды.

Бұл өз кезегінде келесідей бөлімшелерден тұрады:

  • жүйелі бағдарламалық қамтамасыз ету және желілік шешімдер тобы
  • интернет технологиясы
  • жүйелі талдау және жобалау
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу жұмыстарымен айналысады.

1991 жылы ҚР ҰҒА-ның теориялық жѕне қолданбалы математика институтының қолданбалы автоматтандырылған құрылымдар лабораториясы негізінде Алси атты Қазақстан-Сингапурлық бірлестік кәсіпорны құрылды. Осы жылы компьютер өндірісі басталды. 1992 жылы INTEL фирмасымен компьютерлік қосалқыларға (процессорлар жиелік платалар) және MICROSOFT компаниясымен компьтерлерді лицензияланған бағдарламалармен /MS DOC 6. 2 жѕне Windows 3. 1/ қамтамасыз етілуге алдын ала орнықтыруға ОЕМ келісімдерімен қол қойылды. 1993 жылы MICROSOFT, American POWER CONVERSION компаниялармен дистрибьютерлік және Matsushita Electric Industrial, Motorola компаниялармен дилерлік келісім сөзге келді. 1994 жылы Алси фирмасы Hewlett-Packard және Toshiba компанияларының авторлық дилері болды. Келесі жылы Алматы қаласында сервистік орталығы ашылды, проектілеуші және дайындаушы топ құрылды, Алматыда бірінші сауда дүкені ашылды. Осы уақытта Алси серіктестіктері Қырғызстан мен Қазақстанның 26 қаласында болды. 1996 жылы бірнеше тендер жарыстарына қатысып, Қырғызстан Премьер-министрлігі Қырғызстан Сорос қоғамы Қазақстан Республикасының транспорт және коммуникация министрлігі, шетел инвестицияларын және қор капиталын іске асыру комитеті АТФ банк, ҚР бюджет банкі, ҚР еңбек министрлігі ұйымдарына арналған проектілерімен жеңіске жетті. 26-сәуірде Алси компаниясының жаңа офисі ашылды, программалық қамтамасыз етуді ойластыру тобы құрылды, 10-маусымда Алси орталық дүкені, 1-шілдеде Алси білім беру орталығы ашылды. Ал 1-желтоқсанда Алси-Азия-Пейдж атты ұлттық пейджингтік құрылым іске қосылды. 1997 жылы Алси ҚР білім министрлігінен ҚР қаржы министрлігі үшін жасаған жобалармен тендерді жеңді. Сәуірден Алси-транк атты транктік байланыспен қамтамасыз ету қызметі жұмыс істей бастады. BASF, Canon, Sony Broadcast GmbH фирмаларымен серіктестік келісімдерге қол қойылды. Алси MICROSOFT Solution Provider, Hewlett Packard фирмасының медициналық техникасын дистрибьютері статусына ие болды. Қарашада Prometric Tomson Learning тест орталығы ашылды. 1998 жылы CISCO Sуstems, 3M, NRG компанияларымен серіктестік келісімдерге келді. Қазақстанда жүргізілген бірнеше тендер бойынша техника жеткізілуі, оны монтаждау жүргізілген. Қазақтелеком, ААҚ KEGOC, ҚР білім министрлігінде лангофондық бөлмелер үшін компьютерлік техника жеткізілді. Қазақстанның 1300 мектептерінің компьютерлік кластарына техниканы жеткізуге келісімдер жасалынды және орындалды. 1999 жылы Ресейдің Айти және Касперский лабораториясы атты фирмаларымен серіктестік келісім бекітілді. Сонымен қатар ҚР орталық сайлау комиссиясы, ААҚ KEGOC, ҚазМунайГаз, ҚР әділет министрлігі және т. б. тендерлер мен жарыстарда Алси компаниясы жеңіске жетті. 2000 жылы LG Electronics фирмасымен серіктестк келісімге қол қойылды. Осы жылы ҚР қаржы министрлігі, ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, Қазақстан темір жолы, ААҚ Kegoc және т. б. Алси фирмасының клиенттері болды. 2001 жылы және Maxel, Xerox фирмалармен серіктестік келісімдер жасалды. Осы жылы Алси фирмасы ҚР халқын еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР жоғарғы сот, ҚР Президент администрациясы, ҚР білім беру және ғылым министрлігі, ауыл шаруашылық министрлігі, ҚР мемлекеттік қаржы министрлігі, шеқара қорғау қызмет ¦ҚК, ҚР қаржы полициясы агенттігі, АҚҚ Казтелеком тендерлері бойынша, ал 2002 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР транспорт және коммуникация министрлігі, ҚР халқын еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, ¦МК КазМунайГаз, ҚР ішкі істер министрлігі, ЖАҚ ¦К Казмунайгаз, С‡ ¦МК Казмунайгаз, ААҚ Каспийшельф, РМК ҚР Қорғаныс министрлігі ЦГО ВС, Алматы энергия жѕне байланыс институты, ¦лттық ғылым академиясы, ҚР табиғат жѕне сыртқы ортаны қорғау министрлігі, мемлекеттік сатып алу агенттігі, ҚР экономика жѕне бюджетті жоспарлау министрлігі, ААҚ Испат-Кармет жѕне т. б. тендерлер бойынша жеңіске жетті. Осы жылы Алси мемлекеттік сапа Ассоциациясына кірді. 2002-2003 жылдары халықаралық сапаның менеджмент ISO 9001:2000 сериясына ену. Алси фирмасына ААҚ Казтрансойл, ҚР көлік және коммуникация министрлігі, ҚР жоғарғы сот жанындағы соттық әкімшілік комитеті, ҚР қаржы министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ІІМ, ААҚ Испат-Кармет және т. б. тендерлер бойынша жеңді.

Алси фирмасын ұйымдастыру-құқықтық құрылымы бойынша жабық акционерлік қоғамға жатқызуға болады. Яғни фирмада тек белгілі бір акция және акционер саны бар, және егер фирмадан шығып кеткісі келсе, онда акциясын акционерлердің біреуіне сату керек. Бұл фирмада 500-ден кем жұмыскер болуы мүмкін емес.

Алси фирмасы компьютерлік, офистік техникамен телекоммуникация жүйесі ауданында әр түрлі қызметтерін көрсетеді. Бұл сұрақтарды шешу үшін компанияда келесі бөлімдер мен департаменттер әрекет етеді:

  • өткізу мен көтерме сауда департаменті
  • корпоративтік клиенттермен жұмыс департаменті
  • аудандық сату департаменті
  • нұсқаулар департаменті
  • СКС бөлімі
  • ПО даярлау бөлімі
  • өндіруші бөлімі
  • бөлшек сауда департаменті
  • сервис орталығы
  • оқыту орталығы
  • АЛСИ-Азия-Пейдж
  • АЛСИ-Азия-Транк
  • Маркетинг бөлімі

Басқару құрылымын иерархиялық басқару түріне жатқызамыз, яғни тапсырыс біртіндеп бас директордан керекті бөлімге дейін жеткізіледі. Бұл құрылымды 15-суреттегі сызба түрінде көрсетуге болады.

Алси фирмасының ең негізгі қуатты бөлімі - өндірістік бөлімі. Бұл бөлім ең жетілген жабдықтармен қамтамасыз етілген және жылына 5000 компьютерге дейін жинауға мүмкіндігі бар. Бөлім компьютерлік технология саласында әртүрлі қызмет көрсете алады: программалы және ПК-ны орнатуға көмек көрсету, кеңес беру, сонымен қатар 2002 жылғы программаны орнатуда ақпараттық жабдықтауды және программалық қамтамасыз етуді экспертизалау қызметі. Алсидің оқу орталығы бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік техника саласында қызмет жасауды үйретеді. Оқу орталығында бүгінгі күні программалық қызметтермен жұмыс жасайтын қазіргі заманғы тұрақты жаңартылған техникалар жұмыс жасауда.

Алси фирмасынын басқару құрылымын ұйымдастыру

15-сурет

Сондай-ақ, төмендегі 16, 17, 18, 19-суреттерден фирманың коммерциялық бөліміне кіретін дүкендерді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы келтірілген.

Алси - Орталық дүкенінің ұйымдастыру құрылымы.

16 - сурет

Алси-Достық дүкенінің ұйымдастыру құрылымы

17 - сурет

Алси-Электрон дүкенінің ұйымдастыру құрылымы

18 - сурет

Алси-Көктем дүкенінің ұйымдастыру құрылымы

19 - сурет

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына келетін болсақ, қаржылық жағдайдың талдаудың негізгі көзі - есеп беру және қосымша құжаттар, сонымен қатар егер кәсіпорын ішінде талдау жүрсе, есеп беру туралы түсініктемелер қажет.

Алси жекеменшік кәсіпорын болғандықтан жоғарыдағы құжаттар осы компанияның коммерциялық құпиясы болып табылады. Алси компаниясы құрылғаннан кейін жылдық айналым тұрақты өсіп отыр. Мысалға, 1991 жылы жылдық айналым - 2 млн. доллар (170 млн. теңге) құраса, 2001 жылы 40 млн. доллар (3млн. 400 мың теңгені) құрады. Яғни соңғы жылдары жылдық айналым 765 млн. теңгеге өсті. Алсидің негізгі қаржылық көрсеткіштерін төмендегі 3-кестеден көруге болады:

Алсидің негізгі қаржылық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
2000 жыл: 2000 жыл
2001 жыл: 2001 жыл
Ауытқу /+, -/: Ауытқу /+, -/
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 2000 және 2001 жылдарды салыстыру
Көрсеткіштер: Жылдық айналым
2000 жыл: 2635
2001 жыл: 3400
Ауытқу /+, -/: 765
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 129
Көрсеткіштер: Жалпы шығын
2000 жыл: 1844, 5
2001 жыл: 2380
Ауытқу /+, -/: 535, 5
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 129
Көрсеткіштер: Салық салуға дейінгі табыс
2000 жыл: 790, 5
2001 жыл: 1020
Ауытқу /+, -/: 229, 5
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 129
Көрсеткіштер: Аударымдар
2000 жыл: 237, 2
2001 жыл: 306
Ауытқу /+, -/: 68, 8
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 129
Көрсеткіштер: Таза табыс
2000 жыл: 533, 3
2001 жыл: 714
Ауытқу /+, -/: 180, 7
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 134
Көрсеткіштер: Рентабельділік /процент/
2000 жыл: 20
2001 жыл: 21
Ауытқу /+, -/: 22
2000 және 2001 жылдарды салыстыру: 24

3 - кесте

Сондай-ақ, фирманың соңғы он шақты жылдағы жылдық айналымдар

20 - сурет

динамикасын 20 суреттен көруге болады.

2. 2 “Алси” фирмасының маркетингтік іс-әрекетін талдау

Қазіргі кезде “Алси” компаниясы Қазақстанның барлық территориясында өздерінің бөлшек сауда дүкендері арқылы тұтынушыларға тауар мен қызмет көрсетеді. Алси компаниясының бөлшек сауда дүкендерінің қызмет ерекшелігі олардың тауар мен сауда қызметтерін сатуды бірдей жүргізуінде және оның сапасы тұтынушылардың санасында кәсіпорынның бәсекелестік жағдайы арқылы анықталуында.

Тұтынушылар дүкенді таңдағанда оның бәсекелестерінен артықшылықтарын ескеруі керек. Сондықтан ЖАҚ “Алси” сауда кәсіпорынына маркетингтік бағдарлама жасағанда тұтынушылардың сатып алу орнын таңдауда шешуші рол атқаратын жақтарын ерекше атап өту керек. Маркетинг бағдарламасының барлық шаралары дүкеннің рыноктағы таңдаған позициясын көретіп және оның бәсекелестерімен салыстырғанда ерекшеліктерін бөліп көрсетуге бағытталуы тиіс. Тұтынушылар санасында бөлшек сауда кәсіпорыны әртүрлі қасиеттегі (аттрибуттағы) терминдер арқылы орнығуы мүмкін. Ең алдымен, олар сауда кәсіпорыны тұтынушылармен қарым-қатынас орнатуға ұмтылатын кәсіпорынның орналасқан жері мен аумақтық қамтылуын бағалайды. Содан кейін тұтынушылар кеңдік, толықтық, тереңдік, салыстырмалылық, тұрақтық параметрлерімен негізделінетін тауардың сапасымен ассортиментіне назар аударады. Дүкендегі баға деңгейі мен өткізуді ынталандыратын бағадағы шегерім саясатыда ерекше маңызға ие.

Қазіргі заманғы тұтынушыларға қызмет көрсету сапасы, сатудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, қосымша қызметтер көрсету, тиімді жұмыс режимі де ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл аттирбуттар сатып алуға кететін уақытқа әсер етіп, тұтынушылардың компьютермен олардың қосалқы бөлшектерін сататын дүкендерін таңдағанда басты мақсатқа ие болады. Осы аттрибудтарды қолдана отырып сауда кәсіпорыны саралау және жайғастыру бағыттарын анықтап, барлық қаситтері жинақталған өзіндік позицияны жасап шығарады. Дүкенді екі атрибут көмегімен жайғастыруға болады:

  • баға деңгейі (сауда үстеме көлемі)
  • тұтынушының тауар мен қызметтен іздейтін артықшылығы.

Мұндай тәсілдемені американдық ғалымдар қолдануға кеңес береді. Бұл қабылдаудың екінші ретті картасына негізделеді және онда төрт әр түрлі алаң кездеседі. Әр алаң тұтынушыға баға деңгейі мен тауар ролінің ара қатынасына негізделген саралау мен жайғастыруды белгілі деңгейде қарастырады.

Бөлшек сауда кәсіпорынының алдыға қойған міндеті осы картада өзін жайғастыру және содан кейін тұтынушылардың санасында бәсекелестерінен бөліп көрсететін әрекеттерді анықтауға бағытталады. Жайғастырудың бірнеше варианттары болу мүмкін: басқа дүкендер ұсынатын дәл сондай туардан осы тауарлардың ерекше айырмашылық ассортиментін көрсететін тауарларды саралау; дүкеннің көрсететін қызмет сапасымен ерекшеленетін қызмет саралануы; тауарды ерекше тиімді бағамен сатудан тұратын баға дифференциациясы. Алси компаниясының дүкеніндегі ұсынылатын баға - бәсекедегі негізгі фактор және сонымен бірге ұсынылатын тауардың сипатын білдіреді. Сондықтан, жайғастырудағы өте маңызды элемент болып тауарды сапалық-бағалық жайғастыру және рыноктағы сауда фирмасының өзі болып табылады. Бұған маркетологтар тоғыз алаңнан тұратын матрицаны қолданады (23 - сурет) .

Бөлшек сауда кәсіпорынының жайғасымын талдау

22 - сурет1

Сауда кәсіпорыны берілген матрицанын кез келген алаңқайында өзін жайғастыра алады. Бұл таңдау бәсекелестердің позициясына байланысты, егер рынок лидері Алси компаниясы номері 1 жағдайды иеленсе, яғни жоғары сапалы тауарды жоғары бағамен ұсынса онда номері 2 және 5-ші алаңқайға өтуі мүмкін. Бұл сапалы тауарды төмен бағамен ұсынатын кәсіпорын позициясын көрсетеді. Осы матрицаны қолдану үшін әрқайсысының көлемі мен өсу қарқынын зерттеу керек. Рыноктағы өз позициясын анықтағаннан кейін Алси дүкені таңдаған позицияға жауап бере алатын және бәсекелестік артықшылығын саралауға жеткізетін маркетингтік бағдарлама (marketing-mix кешені) жасауды бастайды.

”Сапа - баға” параметрі бойынша жайғастыру стратегиясы

:
БАҒА: БАҒА
:

Тауар сапасы

БАҒА:
жоғары
орташа
төменгі
:

жоғары

БАҒА: 1. Сыйақы үстемесінің стратегиясы
2. Терең ену стратегиясы
3. Жоғары маңыздылық стратегиясы
:

орташа

БАҒА: 4. Көтерілген баға стратегиясы
5. Орта деңгей стратегиясы
6. Адал сапалық стратегиясы
:

төменгі

БАҒА: 7. ¦рлау стратегиясы
8. Әсерлі стратегия
9. Төмен бағалық маңыздылық стратегиясы

23 - сурет

Marketing - mix кешні - бұл мақсатты рынок тұтынушыларының өміріне кәсіпорын таңдап алған саралау және жайғастыру бағыттарын қолдану негізіндегі әсер ету құралдарының жиынтығы. Кешенге әртүрлі комбинациядағы 4 белгілі айнымалы кіреді. Олар тауар, баға, өткізу орны, жылжыту.

Бөлшек саудада олар retailing-міx (жалпы бөлшек ұсынысы) деген атқа ие. Бөлшек саудадағы жалпы ұсыныс тауардың өзіндік ерекшелік жиынтығынан, қызмет көрсету бағасы мен әдісінен жайлылық пен ыңғайлылық факторларынан, психологиялық пен эстетикалық және басқа да аспектіден тұрады. Осы факторлардың барлық жиынтығы рыноктағы таңдап алынған позицияға сәйкес келуі керек. Тек осы жағдайда ғана бөлшек сауда кәсіпорыны өзінің бәсекелестерінен ерекшеленіп, тұрақты тұтынушылар шеңберін құра алады және осы арқылы ұсыныс көлемін толықтай қанағаттандыра алады. Бөлшек сауда кәсіпорындарында саралау мен жайғастыру әдістерін қолдану мүмкіндерін зерттеу мақсатында Алматы қаласындағы компьютер мен оның қосалқы бөлшектерін бөлшек саудада сататын Алси компаниясының қызметін талдап көреміз. Алси дәл осындай ассортименттегі тауарларды ұсынатын дүкендер мен жаңа және бұрын қолданыста болған компьютерлерді ақпарат құралдары арқылы сататын жеке кәсіпкерлер тарапынан болатын қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істейді. Сондықтан Алси дүкеніне бәсекелестік артықшылық жағдайын құруға бағытталған маркетинг әдістерін қолдану керек. Ассортиментті саралау мен жайғастыруды анық түрде жүргізу осы тапсырманы шешуге көмектеседі.

“Алси” ЖАҚ-ның позициясына маркетингтік зерттеу жүргізгенде олардың бәсекелестеріне де тән барлық қасиеттерді салыстырамыз. Фирманың негізгі бәсекелестері екінші деңгейдегі маркетингтік ақпараттарға (жарнамалық басылымдар, каталогтар, анықтамалар, теледидар жарнамасы) талдау мен бақылау әдістерінің көмегімен анықталды. Бәсекелестерді сұрыптағанда тұтынушыға дүкеннің ұсынатын тауар ассортиментінің атрибуты бірінші кезекте ескерілді.

Ол толығымен немесе белгілі бір деңгейде Алси дүкенінің ассортиментімен сәйкес келу керек болатын. Алси фирмасына қатысты рыноктағы позицияны анықтағанда тауар түрінен бөлек мынандай атрибуттар ескерілді: орналасуы, тауар бағасы, қызмет көрсету сапасы, сауда залының атмосферасы, жарнама мен өткізуді ынталандыру. Аттрибуттарды талдау сауда кәсіпорынының қызметін жалпылама баллдық бағалауға мүмкіндік беретін арнайы жасалынған жүйе негізінде іске асады (24 - сурет) .

Алси компаниясының негізгі бәсекелестерінің іс-әрекетін бағалау жүйесі

Бәсекелестер сипаттамасы: Бәсекелестер сипаттамасы
Бағалау (балл түрінде): Бағалау (балл түрінде)
Бәсекелестер сипаттамасы: 1
Бағалау (балл түрінде): 2
3
4
Бәсекелестер сипаттамасы: Орналасу жері
Бағалау (балл түрінде): мүлдем тиімсіз
тиімсіз
тиімді
өте тиімді
Бәсекелестер сипаттамасы: Ассортимент
Бағалау (балл түрінде):

таңдау мүмкіндіктері жоқ

(20-дай атаулар)

молықтырылмаған ассортимент (20-30 атаулар)
жеткіліксіз молықтырылған ассортимент (30-40 атау)
молықтырылған әртүрлілік ассортимент (50 атау)
Бәсекелестер сипаттамасы: Тауар сапасы
Бағалау (балл түрінде): төмен
орташа
жеткілікті жоғары
жоғары
Бәсекелестер сипаттамасы: Жаңа технологиялардың тенденциясына ассортиментің сәйкес келуі
Бағалау (балл түрінде): жаңа үлгілер жоқ
жаңа үлгілердің орташа саны
жаңа үлгілердің жеткілікті мөлшері
барлығы жаңа үлгілер
Бәсекелестер сипаттамасы: Баға деңгейі
Бағалау (балл түрінде): төмен
орташа
орташадан жоғары
жоғары
Бәсекелестер сипаттамасы: Қызмет көрсету сапасы
Бағалау (балл түрінде): төмен
орташа
орташадан жоғары
жоғары
Бәсекелестер сипаттамасы: Сауда залының ахуалы
Бағалау (балл түрінде): жетіліксіз қолайсыз жағдай
қолайсыздау жағдай
қолайлы жағдай
өте қолайлы жағдай
Бәсекелестер сипаттамасы: Жарнама және өткізуді ынталандыру
Бағалау (балл түрінде): мүлдем жоқ
жеткіліксіз әртүрлілік
жеткілікті әртүрлілік
ең әртүрлі

7 - кесте

Әзірленген баға жүйесі Алси фирмасының негізгі бәсекелестерін салыстырмалы сипаттауға қолданылды. Атрибуттарды салыстырмалы талдау Алси компаниясына байсалды бәсекелестікті бірнеше маманданған дүкендер (”LogyCom”, “Omega”, “Sulpak Telecom”) тарапынан көрсетуде. Оларда толық ассортимент ұсынады және өзгеде атрибудтардан жоғары бағаға ие.

Бәсекелестер қызметін талдау олардың рыноктағы позициясын қабылдау картасы көмегімен бағалауға мүмкіндік берді. ”Тауар сапасы - баға” атрибуты негізінде жайғастыру 24-суретте көрсетілген, бұл маркетологтар ұсынған әдіс негізінде жасалған қабылдау картасында бейнеленген.

”Алси” компаниясының бәсекелестерін ”тауар сапасы-баға” атрибуты бойынша жайғастыру

Тауарлар сапасы

24 - сурет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
“Алси” фирмасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
Маркетинг функциялары
Ұйымдарды басқарудың методикалық және экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасында елдің экономикалық мүмкіндіктерін және ұйымдарды тиімді басқарудың шетелдің даму тәжіребиесін ескере отырып, ұйымдарды құрудың және тиімді басқарудың теоретикалық әрі практикалық тиімділігі
Ғылыми басқару тәсілі
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМДЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
ӘЛЕМДЕГІ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz