Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері


Мазмұны
Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері1
Негізгі терминдері мен ұғымдары4
Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері
Тұтынушының талғамы
Тұтынушының талдауы
Тұтынушының қалауы
Бюджеттің шектеулігі
Тұтынушылық іс-әрекет, мінез-құлық шекті пайдалық және бейтараптылық қисығы тұрғысынан қарастырылады.
Шекті (қосымша) пайдалық - бұл бір товардың тұтынылуын қосымша бір данаға арттырғандағы оның жалпы пайдалылығының өсімі. Товардың тұтыну мөлшері өскен сайын, оның әрбір қосымша данасының шекті пайдалылығы төмендейді. Сұраныс заңының негізінде жатқан шекті пайдалылықтың кему заңы осы болады.
Тұтынушы мұқтаждығын қалауына сәйкес анықтап, шектеулі табысына қажеттілігін максималды қанағаттандыратын товарлар құрамасын сатып алуға ұмтылады. Бұған пайдалылықты максималдау ережесін ұстану арқылы ғана жетуге болады; ол үшін ақшаның бір өлшеміне сатып алынған товарлардың шекті пайдалықтары тең болуы қажет.
Бейтараптылық қисығы тұрғысынан қажеттіліктерді қарастыру, бұл оларды өлшеп салыстыру емес, тек тұтынушы үшін маңыздылық кезегін анықтау ғана болады. Бейтараптылық қисығы тұтынушы үшін пайдалылығы бірдей өнімдер құрамаларының жиынтығын график түрінде суреттейді.
Бейтараптылық қисықтары шекті алмастыру нормасының (MRS) кемуін көрсетеді, яғни тұтынушы үшін жалпы пайдалылықты өзгертпей, бір игілікті екінші игіліктің алмастыруы. MRS-тің кемуі былай түсіндіріледі: тұтынушы бір товардың азайған көлемін екінші товардың көбейген көлемімен алмастырады (бұл бейтараптылық қисығының бойымен төмен жылжу) .
Пайдалықтардың әр түрлі деңгейлерін суреттейтін бейтараптылық қисықтарының жиынтығы бейтараптылық картасын құрайды. Жоғары орналасқан бейтараптылық қисығымен суреттелген товарлар құрамының пайдалылығы тұтынушы үшін көбірек болады.
Егер бейтараптылық қисықтары тұтынушының қалауын суреттейтін болса, онда бюджет сызығы оның тұтыну мүмкіншілігін білдіреді. Сатып алу қабілеті өзгергенде бюджет сызығы оңға немесе солға қарай жылжып, орналасқан орнын өзгертеді. Бюджет сызығы теріс еңістікті түзу сызық ретінде бейнеленеді және сатып алу шығындары тең екі товар құрамаларының көптеген жиынтығын білдіреді. Бюджет сызығы тұтынушының сатып алу қабілеттілігін және товарлар бағасының салыстырмалы арақатынасын білдіреді.
Товарлар бағаларының арақатынасы өзгергенде бюджет сызығының еңістік бұрышы өзгереді.
Тұтынушы қажеттіліктерін мүмкін болғанша арттыруға ұмтылып, тұтынушылық тепе-теңдік жағдайын табады (яғни екі товардың MRS-і бағаларының кері қатынасына тең болатын бюджет сызығы мен бейтараптылық қисығының жанасқан нүктесін анықтайды) .
«Табыс-тұтыну» сызығы табыстың әр түрлі деңгейлеріне байланысты тұтынудың барлық тепе-теңдік нүктелерін жалғастырады. Әдеттегі товарлар үшін ол оң еңістікте болады.
«Баға-тұтыну» сызығы товарлардың біреуіне баға өзгергендегі қалыптасатын барлық тұтыну тепе-теңдігі нүктелерінен өтеді. Оның негізінде сұраныс қисығы салынады.
Тұтынушылықтың сұраныс көлеміне әсер ететін екі жеке жағдайды ескеру қажет. Баға төмендеген жағдайда табыс әсері пайда болады, товарға тұтынушының сұранысы өседі. Егер тұтынушы арзандаған товардың орнына басқа товар түрін сатып алған болса, онда бұл құбылыс алмастыру әсері болады.
Тақырыпты оқу мақсаттары
Товардың шекті пайдалылығының мазмұнын ашып беру, оның жалпы пайдалылығынан айырмашылығын көрсету, шекті пайдалылықтың кему заңдылығын анықтау.
Пайдалылықты максималдау ережесін түсіну.
Бейтараптылық қисықтарын зерттеу және олардың сипаттамасын беру, бейтараптылық картасын талдау және онда орналасқан әр түрлі қисық сызықтардың айырмашылығын анықтау.
Өнімдерді алмастырудың шекті нормасына назар аудару және шамасының өзгеру негізінде не жатқанын көрсету.
Бюджет сызығының мазмұнын ашу және оның графиктегі орнын анықтайтын жағдайларды ажырату.
Тұтынушылық тепе-теңдіктің орналасу жағдайын түсіну және оны өзгертетін факторларды айқындау.
«Табыс-тұтыну» және «баға-тұтыну» қисықтары қалай салынуы мүмкін екенін түсіну және қалай сұраныс қисығы «баға-тұтыну» қисығы негізінде анықталатынын білу.
Табыс әсері мен алмастыру әсері мазмұнын ашу және олардың тұтынушылық сұранысына жасайтын ықпалын анықтау.
Негізгі терминдері мен ұғымдары
Пайдалық - игіліктің қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігі.
Бюджет сызығы - сатып алу шығындары бірдей өнімдер құрамаларының көптеген жиынтығын графикалық түрде көрсететін сызық.
Алмастырудың шекті нормасы - тұтынушы үшін құндылық деңгейін өзгертпей, бір игілікті екінші игілікпен алмастыру арақатынасы.
Алмастыру әсері - арзандаған товардың басқа игіліктерді алмастыруына байланысты осы товардың сұраныс көлеміндегі үлестің өзгеруі.
«Табыс-тұтыну» қисығы - табыстың өсуіне сәйкес бейтараптылық картасында барлық тепе-теңдік нүктелерін қосатын қисық сызық.
Шекті пайдалық - осы игіліктің тұтынуын бір данаға арттырғандағы жалпы пайдалылықтың өсімі.
Бейтараптылық картасы - пайдалылықтың әр түрлі деңгейін көрсететін көптеген бейтараптылық қисықтарының жиынтығы.
Табыс әсері - нақты табыстың өзгеруіне байланысты туындаған белгілі товарға деген сұраныс көлемінің өзгеру үлесі.
Тұтынушының тепе-теңдігі - ол берілген бағалар бойынша тұтынушының қолдағы табысын толық жұмсап, алатын пайдалылығын максималдау мақсатында сатып алатын товарлар көлемінің мөлшері.
Бейтараптылық жиынтығы - тұтынушылық таңдау нұсқаларының жиынтығы, олардың әрбіреуі бірдей құндылықты білдіреді.
«Баға-тұтыну» қисығы - бейтараптылық картасында бағалардың өзгеруіндегі барлық тұтынушылық тепе-теңдік нүктелерін байланыстыратын сызық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz