ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
І-тарау. ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау4
1. 1 Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты4
1. 2 Компанияның маркетингтік іс-әрекетін және маркетингтік орта факторларын талдау және бағалау7
1. 3. Компанияның өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін дамыту жөнінде ұсыныстар13
Қорытынды15
Пайдаланылған әдебиетердің тізімі16
Кіріспе
Қазіргі нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды, терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т. б. с. с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетингтік орта жетекші рөл атқарады.
Маркетинг фирманың дұрыс бағытын анықтайды. Ол тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеумен қатар сату көлемін ұлғайту мақсатында сұранысты қалыптастыру және ынталандыру, фирма қызметінің эффективтілігін жоғарлату және фирманың жалпы пайдасын көбейту және т. б. мәселелерін шешеді.
Маркетинг өзін қолданатын ортаны зерттеуден басталады. Оған қатысты жұмыс атаулы нарықтық, жалпы шаруашылық және экономикалық конъюнктураларды зерттеуге сүйене отырып жүргізіледі. Ең алдымен өндіріс және тауар өткізу тұрғысынан фирманың мүмкіндіктерін анықтау негізінде осы тұңіректе шоғырландырылған барлық процестер қарастырылады. Сондай-ақ әрбір тауар өндіруші жалпы нарықтық қарым- қатынастың шеңберінде бүтіннің бөлігі ретінде таңдап алынатын болады және олар өз әріптестерімен бәсекеде жеңіп алған сегменттерінде потенциалдық тұтынушыларымен үнемі байланыс жасап отыруы тиіс.
Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері: микроорта, макроорта және медиаорта.
Микроорта және оның негізгі субъектілеріне: фирма, жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, клиенттер, бәсекелестер, контактілік аудиториялар жатады. Ал, фирма іс-әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени.
Жалпы жұмыста күрделі электр тұрмыстық тауарлардың Қазақстан нарығындағы «LG Elektronics» Оңтүстік Корея компаниясының іс-әрекеті зерттелінеді.
Сонымен қатар жұмыстың зерттеу объектісі «LG Elektronics» корпорациясының Қазақстандағы туынды кәсіпорны - «ашық акционерлік қоғам LG Elektronics Almaty Kazakstan» болып табылады.
І-тарау. ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау
1. 1 Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты
ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» 28 мамыр 1998 жылы құрылды. Содан бері «LG» Қазақстан, ТМД елдері (Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәджікстан, Өзбекстан) және шет елдер (Финляндия, Иран) нарығын жаулап алуда. Қазір республикада сатып алынатын телевизорлардың 57%-тін LG компаниясының өндірген телевизорлары құрайды. Компанияның негізгі өндіретін өнімдеріне цифрлық телевизорлар өндірісі, CD-ROM және DVD-ROM, мониторлар, компьютерлер, плазмалық дисплейлер, мониторға арналған кинескоптар және телевизорға арналған кинескоптар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, ұялы телефондар, СВЧ- пештер, кондиционерлер жатады.
LG компаниясы дүние жүзінде ең ірі транс- ұлттық компаниялардың бірі болып саналады. Дүниежүзі бойынша бұл компанияның 80 зерттеу орталықтары қызмет етеді; жалпы қызметкерлердің саны 126000 адамнан тұрады.
Компания LG Electronics - электроника және телекоммуникация облыстарында лидер болып саналады.
Ең алғаш 1958 жылы 1 қазанда құрылғаннан бастап және бүгінгі күнге дейін LG Electronics компаниясы жаңа технологиялардың дамуын тоқтатпай, үнемі менеджмент жүйесін жақсартуда.
Сонымен қатар LG өнімдері, яғни цифрлық телевизорлар өндірісі, телекоммуникация жүйесі және тұрмыстық техникалар жетекші орын алады және мұндағы өнімдер интернет көмегімен басқарылады. Болашақта медиа технологияларды және телекоммуникацияларды қолданумен үй цифрлық торлар (digital home network) өндірісін кеңейтуіне көп көңіл бөлу жоспарланып отыр.
Дүниежүзі бойынша компанияның 77 фирмалары, лабораториялары және заводтары бар. Компанияның сату көлемі тұрақты өсуде, соңғы 5 жылда орташа жылдық өсу 20% құрайды. Ал, соңғы үш жыл ішінде LG Electronics кондиционерлер сату бойынша дүниежүзінде бірінші орында және 5 жыл CD-ROM өндірісінде лидерлер қатарына кіреді.
Компанияның мақсаты - дүниежүзінде бірінші номердегі сауда белгісі болу. Ал, компанияның негізгі философиясы адамдарды сыйлау және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруына негізделеді. LG жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қоймай, ол біздің өмірімізді цифрлы өнімдер арқылы одан әрі жақсартуға тырысады.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясы 3 ірі бөлімдерге бөлінеді:
- DA- Digital Appliance- Тұрмыстық техникалар бөлімі;
- DOM- Digital Display and Media- Дисплейлер және мультимедиялық технологиялар бөлімі;
- Tele communication- коммуникациялар бөлімі.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясының дүниежүзі бойынша 90 туынды компаниялары жұмыс істейді. Олардың іс-әрекеті LGE корпорациясына 80% жалпы пайда түсіреді. Бұл туынды компаниялар негізінен өндіріс, маркетинг, логистика және сервиспен айналысады. LGE корпарациясының ең ірі туынды компаниялары және филиалдары мыналар: Еуропада -11, ТМД елдерінде - 4, Африка және Орталық Шығыс елдерінде - 7, Қытайда - 12, Азияда - 13, Индияда - 4, Жапонияда - 1, Солтүстік Америкада - 8, Латын Америкасында - 6.
Олардың іс-әрекеті 7- қосымшада толық қарастырылған.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген филиалдар қатарына кірмейтін мынадай филиалдар бар. Олар: Португалия, Абиджан, Алжир, Тунис, Оман, Джедде, Афина, Тегеран, Карачи, Ташкент, Санкт- Петербург, Ченьду, Вухан, Сингапур, Тайпей, Владивосток, Бостон, Даллас, Хьюстон, Майамия, Лос- Анджелес, Сан- Джоус, Сантьяго, Чикаго және басқа да қалаларда.
«LG Elektronics Almaty Kazakstan» құрылтайшысы - Акционерлік Қоғам «LG Elektronics Inc» болып табылады, Корея Республикасы, Сеул қаласы, Эл Джи Твен Тауэрс 20, 150-606, Йодо-Донг, Йодундогпо-Гу.
«LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының жалпы акционерлер жиналысы жоғарғы басқару органы болып табылады. Олардың құрамына акционерлер немесе өздері тағайындаған өкілдер кіреді. жалпы акционерлер жиналысы мынандай мәселелерді шешеді: компанияның жарғысын бекіту және өзгерту, компания іс-әрекетінің негізгі түрлерін анықтау; компанияның есебін және жоспарларын бекіту; компания басшыларын тағайындау; «LGEAK» басқару іс-әрекетінің формасын анықтау, компания іс-әрекетінің жылдық нәтижесін бекіту және т. б.
Сонымен қатар әрбір компания өзінің құрылымдық әрекеттерін тиімді басқаруға мүдделі. Атап айтқанда, компанияның ұйымдық басқару құрылымын ұйымдастырғанда, әр компанияның функциясын орындауға жауап беретін лауазымды қызметкерлер болуы қажет. Қосымша айта кететін болсақ, ұйымдық жоспар бірнеше міндеттерді атқарады. Компанияның ішкі құрылымын төмендегілер тағайындайды:
- Бөлімдер;
- Лауазымды басшылардың құқығын, міндетін, қызметін, жауапкершілігін көрсетеді;
- Лауазымды басшылар, олардың бағыныштық тәртібін белгілейді;
- Компанияның ішкі күнтәртібін тағайындайды;
- Компанияның кооперативтік мәдениетін, этикасы мен этикетін қалыптастырады.
ААҚ «LGEAK» ұйымдық басқару құрылымы нақты, рет-ретімен, кімнің-кімге бағынатындығы туралы 2-суретте көрсетілген. Онда әр лауазым иелерінің қызметі, міндеті, жауапкершілігі көрсетілді.
лпы жмыстар
2-Сурет
Жалпы акционерлер жиналысының арасындағы басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Ол акционерлер кеңесінің міндетіндегі басқа сұрақтардың барлығын қарастырады. Директорлар кеңесі компанияның президентін бекітеді. Компанияның атқарушы органы басқарма болып табылады, олардың құрамына атқарушы директорлар және компанияның негізгі бөлімінің басшылары кіреді.
«LGEAK» президенті - ол компанияның атынан штелдік, ұлттық ұйымдармен, кәсіпорындармен, әртүрлі мекемелермен қарым- қатынас, байланыстар жүргізеді. Компанияның тікелей жауапкершілігі президентке жүктеледі және президенттің бұйрық, нұсқау шығаруына, қызметкерлерді жұмысқа қабылдап босатуға құқылы. Сонымен қатар, ішкі еңбек тәртібінің ережесін орындауын қамтамасыз етеді.
Компанияның бақылау органы - ревизиялық комиссия, онда «LGEAK» компаниясының ішкі аудиты жүзеге асырады (мысалы, жылдық қаржы іс-әрекетін тексеру және растау) .
«LGEAK» компаниясында мынандай департаменттер қызмет атқарады: қаржы, жоспарлау, өндірістік; маркетинг және сату бөлімі бөлек қызмет етеді. 1-қосымшада көрсетілгендей әр департаменттің өз кезегінде бөлімдері болады. «Жалпы тұрмыстар» («General Affairs») бөліміне байланысты, мұнда мынандай мамандар кіреді: кадрларды жұмысқа алу менеджерлері, юристер және контракт және келісім-шарт бойынша мамандар, прогромистер, қоғамдық байланыстар бойынша мамандар мен басқалар.
Бухгартерлік бөлімі - компанияның қаржы-несие жоспарын құрады, әр бөлімнің есеп құжаттарын тексереді. Жұмысшылардың жалақысын, премиясын есептейді.
Жоспар құру бөлімі - негізгі мақсаты, міндеті компанияның стратегиялық жоспарын құру және компанияның даму жұмысының жоспарын құру. Бұл бөлім тікелей вице президентке бағынып, есеп береді.
Маркетинг және сату бөлімі - тікелей вице президентке бағынады және есеп береді. Барлық шығарылған өнімдерге қатысты мәселелерді зерттеп тексереді. Сонымен қатар, өткізу бөлімінің негізгі міндеті қаланың йр аудандарында өткізу каналдарын іздестіріп шығарылған өнімді ұсынуы.
Өнімнің сапасын қадағалау бөлімі - бұл да тікелей маркетингке бағынады, есеп береді. Негізгі міндеті шығарылған өнімнің сапасын тексеріп, сапасын жақсарту.
1. 2 Компанияның маркетингтік іс-әрекетін және маркетингтік орта факторларын талдау және бағалау
Бүгінгі экономика өзінің негізгі өзінің үш субъектісінің: өндірушінің, тұтынушының және өкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым-қатынаста іс-әрекет етеді. Ал, бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады.
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың әдіс-амалдарын қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономикада маркетинг елеулі орын алады.
Капиталдың жекелеген формалары және оны көптеген қолдану сатыларының ішіндегі ең маңыздысы өндірістің өзі даму стратегиялық мақсатына жету жолында бірнеше қызмет атқарады. Олардың ішінде ең негізгілерін айтсақ - өндірісті бастауға фирманың дайындығын, өнім шығарылуын, қаржы экономикалық жағдайының қамтамасыз етілуін және маркетинг арқылы шешуге болады. Ең алдымен маркетинг шаруашылық қызметінің көп тармағының бірі және теңдестік қызметі ретінде, ал соңында интегралданған, жиынтық шаруашылық қызметі ретінде қарастырылды. Дәл осы соңғы көзқарас интегралданған маркетингтің негізін құрайды. Ол төмендегі суретте бейнеленген (2- сурет) .
Фирманың қаржы -экономикалық жағдайын қамтамасыз ету
3- сурет. Бүгінгі фирмадағы маркетингтің орны
Бұл суретте маркетингтің атқаратын қызметтері нарықта қалыптасқан қажеттіліктерді олардың ұқсастығына қарай біріне- бірін жақындатып, оларды қанағаттандыру жалпы идеясына бағытталғанын көруге болады.
Маркетингтің шаруашылық қызметі ретінде орындайтын толық жұмыс түрлері негізінен беру өте қиын. Сонымен бірге, фирманың мынандай сұрақтарға жауап іздеуі маркетингтің рөліне шек келтірмейді:
- Қандай тауарларды нарыққа ұсыну керек (жаңа өнімді жобалау, ескі өнімді жаңарту немесе оның өндірісін тоқтату, т. б. с. с. ) ?
- Өнімді кімге ұсыну керек (тұтынушыларды зерттеу) ?
- Қашан және қандай шарттарды (баға, шығын, сапа, технология, техникалық қызмет көрсету түрлері т. б. с. с. ) тауарға қою керек?
- Тауардың тұтынушыға қандай арнамен жетуі керек (өткізу жүйесін құру, жарнама, өнімді ынталандыру, т. б. с. с. ) ?
Компаниядағы маркетинг бөлімінің мақсаты «LGEAK» ААҚ-ң пайдалылығын арттыру, коммерциялық нәтижелерге жету болып табылады. Ал, міндеттері бірнеше функцияларға бөлінеді:
- Аналитикалық функция:
А) нарықты зерттеу, бағалау;
Б) тұтынушыларды зерттеу, бағалау;
В) нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу;
Д) фирманың ішкі құрылымын зерттеу.
- Өндірістік функция. Бұған жататындар:
А) тұрмыстық техника және электроника өнімдерінің саясатын белгілеу, жаңа тұрмыстық техника өнімдерін өндіру;
Б) материалды техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
В) электроника өнімдерінің сапасы мен бәсекелестік қабілетін басқару.
- Тауар өткізу функциясы:
А) тұрмыстық техника немесе электроника өнімін жылжыту, қозғалысын ұйымдастыру;
Б) тауар саясатын ұйымдастыру;
В) баға саясатын ұйымдастыру;
Г) сервистік қызметтерін ұйымдастыру.
- Басқару, бақылау функциялары:
А) стратегиялық, жедел жоспарлау;
Б) ақпаратпен қамтамасыз ету;
В) бақылау, тексеру.
Маркетингтік мақсатына тұтынушылардың сұранысына қажетті, сапалы тауарлармен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен маркетингтік міндеттерін 4 топқа бөледі:
- маркетингті зерттеу, ақпарат жинау:
а) экономикалық, коммерциялық, өндірістік іс-әрекеттерді зерттеу, талдау;
б) тұтынушыларды зерттеу, бағалау, іріктеу;
в) әртүрлі ақпараттар жинау, өңдеу;
г) фирмалардың ішкі, сыртқы орталарын талдау, бағалау;
д) бәсекелестерді зерттеу, бағалау;
е) маркетингтік стратегиясын, тактикасын жоспарлау, маркетингтік бағдарламаны әзірлеу.
- Тауар ассортиментін жоспарлау:
а) фирма тауар ассортиментін анықтау;
б) тауарға қолайлы баға құру;
в) жаңа тауарды жоспарлау, өндіріске енгізу, игеру;
г) тауардың өмірлік циклын зерттеу, ұзарту жөнінде шаралар пайдалану.
- Тауарды өткізу,, тарату, жылжыту:
а) тауар өтім саясатын белгілеу;
б) нарықтың әртүрлерін, сегментін зерттеу;
в) тауар жылжыту әдістерін іріктеу;
г) тауар тарату каналдарын іріктеу;
д) тауар қозғалысын ұйымдастыру, қоймалау, тасымалдау, сақтау т. б.
- Тауар өткізуді ынталандыру, жарнама істерді ұйымдастыру т. б. :
а) тауар туралы ақпараттар тарату;
б) жарнама істерін ұйымдастыру;
в) тұтынушылар мен сатушыларды ынталандыру;
г) әртүрлі көрмелер, акциялар ұйымдастыру.
Қандай да болсын фирма, оның маркетинг жүйесі қоршаған орта тудырған жағдайда қимыл жасайды. Бұл жағдайлар (және олардың өзгерістері) екі топқа бөлініп, сыртқы және ішкі орта деп сипаттауға болатын факторлар тізбегімен анықталады.
Сыртқы орта күрделі құбылыс. Ол екі түрге бөлінеді:
- Макроорта;
- Микроорта.
Сыртқы орта - фирма өндірісіне ықпал жасайтын экономикалық және саяси әлеуметтік факторлар жиынтығы.
Мұндағы микроорта алты бөліктерден тұрады. Олар: тұтынушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, делдалдар, клиенттер, байланыс аудиториялары.
Жабдықтаушы-компанияны шикізатпен қамтамасыз етеді.
Делдал - тауарларды тұтынушыға өткізу жолындағы, көмекші ұйымдар және адам (сатушы дүкендері) .
Клиент - оларды көбейту үшін, олардың сұранысына қарай түрлі өнімдер өндіру, жеңілдіктер жасау.
Байланыс аудитория- күрделі электро тұрмыстық техникалар өндірумен айналысатын «LGEAK» компаниясының өндірісіне ықпал ететін ұйымдар, фирмалар, жеке адамдар және т. б.
Ал макроорта болса, ол да бірнеше фактордан тұрады.
Олар:
Демографиялық фактор - бұл фирманың құрылымындағы қызметкерлердің саны, олардың жас мөлшері және т. б. жатады.
Экономикалық фактор - бұл фирманың ары қарай дамуына әсер ететін фактор.
Табиғи фактор - оған ауа райы, географиялық аймақ, мысалы қаланың орталықтарындағы тұтынушылар көп болады.
Ғылыми - техникалық фактор - бұл нарыққа жаңа техника шықса, соны тез арада игеретін өнімді тез, әрі жылдам шығаратын едік.
Саяси фактор - бұл іскерлік қарым-қатынасты әділетті түрде реттеу, саяси талаптарды орындауды, өнімдерді көруге қатысты заңдарды игеру.
Мәдени фактор - бұл әр ұлттардың ұлттық мейрамдарына байланысты өнімдер өндіру.
Ішкі орта фирманың жаңа тауарды жасауды, сынауды, сервистік жұмыстарды, тауарларды алушыға дейін жылжытуды, өткізуді, бөлшектер қорымен жабдықтарды персоналды оқытуды, шикізат материалдар жеткізушілермен, осы секілді финанстық және басқа да органдар құрал қатынастарды іске асыратын функционалдық бөлімдерден тұрады.
Тауар өткізу жалпы экономикалық категория ретінде қарастырылса, ол тауар тарату маркетинг жүйесінде тиімді әдіс болып саналады.
Тауарды тарату каналдарының дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді. Өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.
Тарату каналдары дегеніміз - ол өндіруден тұтынушыға дейін жылжыту үрдісінде қатынасын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.
Тарату каналдарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Маркетинг тарату каналдары көптеген қызметтер атқарады:
- өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметін;
- өндіріс үрдісіне қажетті шикізат және материалдар сатып алу қызметін;
- маркетингті зерттеулер жүргізу (нарықты және тұтынушылардың қажеттерін зерттеу) жұмысын;
- тұтынушылар мен түпкі саясат алушылармен байланыс құру, келіссөз түрінің жұмыстарын;
- сауда келісімдерін дайындау және жасау, олардың сапалы орындалуын бақылау жұмыстарын;
- тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметін;
- тауар ассортиментін таңдап белгілеуге қатысу және оны жоспарлауға көмектесу жұмыстарын;
- өткізу операциялары шығындары қаржыландыру жұмыстарын;
- тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін;
- тауарды қоймалау және сақтау жұмыстарын;
- тауарды сорттау және орау жұмыстарын;
- сауда мәлімесінің тәуекелін өзіне алу қызметін ;
- тауардың баға деңгейін белгілеуге қатысып, оны бекіту жұмыстарын.
Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі - ол осы каналдардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады.
Өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдар азайған сайын әдетте тұтынушы арасындағы компания шығындары өседі. Өйткені ол қажет қоймалар, тауар қорын жасауға, оларды сақтауға, өңдеуге, өткізуге молынан қаражат жұмсауға мәжбүр болады. Сонымен қатар, делдалдар көбейген сайын фирманың тұтынушылармен тікелей байланысы үзіледі, демек маркетинг құрылымын бақылау деңгейі төмендейді. Олда тиімсіз.
Сенімді, табысты және ұтымды жұмыс жүргізетін арнаның өзі өндірушінің, көзге «көрінбейтін» қосымша капиталын қалыптасырады. Кейде соған қарамай фирма өзінің өткізу каналдарын (делдалсыз) ұйымдастырады. фирма тауар өткізу жұмысымен өзі айналысады, егерде:
- сатылатын тауар көлемі, одан түскен түсім өткізу каналдарына жұмсалатын шығындарды ақтайтын болса;
- тұтынушылар саны шағын болса да және олар топтасып бір ерде орналасқан болса;
- сатылған тауардың өзі мамандандырылған жоғары дәрежелі сервис қызметін талап етсе;
- өткізу нарығында өз қоймалары жеткілікті болса;
- тұтыну қызметі жағынан және техникалық қасиеттері тар мамандандырылған тауарлар өндіріп, сатуға ұсынылса;
- тауар бағасы жиі өзгере отырып, баға саясаты тез арада өзгерістер енгізуді талап етсе;
- өндірілген тауардың конструкциясына жиі өзгерістер енгізуді нарық талап етсе.
Кез келген фирманың жалпы мақсаты - пайда табу болып табылады. Бұған көбінесе жарнама ықпал етеді, ол тұтынушыда фирманың, тауардың бейнесін қалыптастырады, осы фирмаға баруын ықыластайды, тұтынушыға тауарлар мен қызметтерді таңдауға көмектеседі.
Фирма үшін БАҒА1- ең маңызды көрсеткіш, өйткені оның негізгі қызметі - өткізуден түскен пайданы қамтамасыз ету. «LGEAK» преискуранттарды қолданады, олар сатып алушыға ұсынылатын қарапайым анықтамалық бағалар. Олар алдын - ала бағалық биркаларға, каталогтарға енгізіледі. LGEAK бағаның екі деңгейін анықтайды:
- Жабдықтаушының бағасы;
- Дилердің бағасы.
Жабдықтаушының бағасы - бағаның ең төмен деңгейі (LGEAK үшін өнімнің өзіндік құны болып табылады ) .
Дилер бағасы - жабдықтаушының бағасы + саудалық үстеме баға (шамамен 30%) . LGEAK тауарды дилер бағасымен сатады, онда өнімді Қазақстанға жеткізу, оны сақтау және тағы да басқа шығындар есепке алынған.
Дилер бағасында әр түрлі ескертпелер бар:
- Көтерме жеткізудің бағасы;
- Кепілдемесі бар тауардың бағасы;
- Қызмет көрсетумен бірге тауардың бағасы және т. б.
LGEAK өзінің өнімдеріне бағаны өздігінен қояды: өзіндік құн (жеткізуге кеткен шығындар, жалақыға кеткен шығындар, өнімдерді сақтауға кеткен шығындар және т. б. ) + саудалық үстеме.
Әр дүкен жеке өндіруші - компаниялардың өнімдеріне, сонымен қатар нақты әр өнімнің сатуларына есеп береді. Есеп беру компьютермен «МЕНЕДЖЕР» жүйесінде өңделеді және LGEAK компаниясының жергілікті желісі арқылы басты офиске жіберіледі.
Барлық бақылау жүйесі компьютерленген және мәліметтерді жіберу желісімен жабдықталған, ол өз кезегінде LGEAK компаниясының дүкендерінің сатулары жайында кез- келген уақытта қажет ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Әр дүкенге өнімдерді жеткізу - сату көлемі мен қоймада қалған қалдықтарға байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz