Маркетинг концепцияларының дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

1. Маркетинг концепцияларының дамуы

2. Өндірістік концепциясы

3. Тауар концепциясы

4. Өткізу концепциясы

5. Маркетинг (тұтыну) концепциясы

6. Әлеуметтік-этикалық маркетинг концепциясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Тауардың өмірге келуін әрине сұраныс белгілейді. Ал сұранысты
айқындайтын да, оны қалыптастыратын да маркетинг үрдісі болады. Сондықтан
маркетинг қазіргі бизнестің концепциясы ретінде зерттеу, талдау, ойлау және
болжау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын
қамтамасыз етеді. Маркетинг концепциясына сәйкес фирманың жан-жақты
жұмыстарын рынок жағдайында алдын ала реттеу және әлуетті тұтынушылардың
мүқтаждығы мен қажеттіліктерін нақтылы білу, олардың болашақта өзгеруін
болжамдар арқылы есепке алынып отырады. "Өндірген тауарды сатудың орнына,
сатылатын затты өндіріңіз", "Тауарды емес клиентті жақсы біліңіз" – бұл
маркетинг концепциясындағы фирманың сенімі.
Маркетинг саласындағы белгілі маман Ф.Котлер мынадай анықтама берді:
Маркетинг - айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға
бағытталған адам қызметінің түрі.
Бір жағынан мұндай қызмет рынокты жан-жақты, жүйелі зерттеуге,
тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға
өндірісті бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар өндірілген тауарларды
тиімді өткізу үшін рынокты және қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған
нысаналы және белсенді іс-әрекеттерді болжап белгілейді. Маркетинг
қызметінің негізгі мақсаты-тұтынушы мен өндірушіні бір-бірімен тығыз
байланыстыру, бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрін тұжырымдасақ, маркетинг қызметіне
төменгілер жатады:
♦ әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін,
сұранысын анықтау;
♦ тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар
шығару;
♦ тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге
пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
♦ өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен
жеткізуді анықтау;
♦ рынокқа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға
белсенді әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың қүндылығы
және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырылып қолданса өседі. Бүл жағдайда
маркетинг концепциясы қалыптасады және оның қолданылуы мүмкін.
Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсетіп отырғанындай рыноктағы табыс
фирманың тек қана өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен
қатар маркетингті дұрыс қолдануын да дәлелдейді. Өйткені маркетинг:
♦ кәсіпорынды басқару принципі ретінде тиісті рынок шешімдерін
дәйекті бағыттау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдары
мен әдістерін белгілейді;
♦ рынок әрекетінің құралдары ретінде ерекше тәсілдер арқылы
бәсекелестерге қарағанда басымдылық алуын қамтамасыз етеді;
♦ рынок әдісі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері
үйлесуіне қол жеткізеді.

Маркетинг концепцияларының дамуы

Маркетинг дегеніміз дүниежүзі кәсіпкерлерінің бірлескен
творчествосының туындысы. Олардың қорытқан тәжірибесі тұтас бір
философиялық бизнес идеологиясын дүниеге әкелді. Сөйтіп маркетинг бүкіл
кеңістікте орын алып дамиды. Рынок қатынастары дамуының әр сатысына сәйкес
өзінің неше түрлі концепциясы қалыптасты.
Маркетинг концепциясының мына сатылары белгілі:
♦ өндірістік
♦ тауарлық
♦ өткізу (коммерциялық әрекеттерді интенсивтендіру)
♦ маркетинг (тұтыну)
♦ әлеуметтік-этикалық
Осы концепциялар экономика дамуының әртүрлі кезеңдерін (негізінде
американдық), сонымен қатар соңғы жылдарда болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық және саяси өзгерістерін бейнелейді.

Өндірістік концепциясы

Тарихи тұңғыш қалыптасқан маркетингтің өндірістік концепциясы
тұтынушылар арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын
көбейтуді көздейді деген пайымдаумен негізделеді. Ол технологияны және
өндіру процесін әрқашан жетілдіруді, өндіріс көлемін ұлғайтуды, өндіріс
шығындарын төмендетуді талап етеді. Бұл жағдайда барлық назар өндірістің
ішкі мүмкіндіктерін неғүрлым толық пайдалануға аударылады. Сондықтан осы
жолмен рынокты әлде бір тауармен тез толтыруға, молынан пайда алуға болады.
Осы концепция келесі екі жағдайда кеңінен қолданылады:
♦ тауарға сұраныс ұсыныстан басым болғанда өндіріс көлемін ұлғайтуға
болады;
♦ тауардың шығынын жаппай кең өндіру арқылы төмендетуге болады, ал
төмен шығын төмен баға арқылы тауардың сатылуын қамтамасыз етіп, пайданы
ұлғайтады.
Өндіруші мен рыноктың өзара байланысы мына схемамен сипатталады:
өндіріс рынок
Демек, өндіріс сұраныстың қанағатсыз болуын пайдаланып өз үстемдігін
алды. Мысалы, концерн "Тексас инструментс" өндіріс көлемін кеңейтіп,
шығындарын азайту арқылы тауарларының бағасын төмендетіп аме-рикандық қол
калькулятор рыногының негізгі үлесіне ие болды.

Тауар концепциясы

Өндірістік концепциямен бірге тауар концепциясы пайда болды. Бүл
концепцияның негізі тауарды жетілдіруге, оның сапасын, дизайнын, орауын
жақсартуына көңіл бөледі. Тұтынушылар жетілген тауарларды алады, өйткені
олардың сапасы жоғары және бағасы қолайлы.
Бірақ тауарды шамадан тыс қызығып артық шығару "маркетингтік
соқырлыққа" апаруы мүмкін. Осындай жағдайдың пайда болуын және онын
себептерін маркетинг саласындағы белгілі маман Теодор Левитт анықтады. Ол
Гарвард жоғары бизнес мектебінің ғылыми хаттарында "Близорукость
маркетинга" деген экономикалық-публицистикалық мақаласын жариялады. Левитт
американдық үлкен темір жол компанияларының күйреуге ұшырауы себептерін
талдап, мынадай қорытындыға келген: сол компаниялардың басқарушылары тек
қана темір жол бизнесімен айналысып, бәсекелес транспорт түрлерінің дамып
кеткенін ескере алмай қалған.
Тұтынушы тауарды емес, оның қанағаттандырушы қабілетіне мүдделі.
Тауарлар біршама басқаша көрінетін, алайда ұқсас тұтыну қызметін атқаратын
тауарлармен өзара бәсекеде болады. Олар басқаша өндіріліп, тұтынушыға
ерекше арнамен өткізілсе де, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын
баламалы өнім болуы мүмкін. Бұл концепция осыны ескермеді.

Өткізу концепциясы

Өткізу концепциясы өндірістік және тауар концепцияларының даму
нәтижесінде пайда болды. Жоғарыда атап өткен екі концепция тек қана
өндірісті кеңейту және тауарды жетілдіруге көңіл бөледі, ал рынокты жете
зерттеп, оны болжаумен шүғылданбайды. Мұндай жағдайда ерте ме кеш пе, бірақ
міндетті түрде өткізу мәселелері шиеленіседі. Өйткені кәсіпорын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг негіздері туралы
Маркетингтің мәні мен мағынасы және негізгі концепциялары
Маркетинг концепциялары
МАРКЕТИНГТІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
Маркетингтің негізгі мақсаттары
Сапаны басқару жүйесі
Концепциялардың алғашқысы - өндірістік концепция
Отандық кәсіпкерлерге маркетинг
Нарықтық экономикадағы маркетингтің мәні және негізгі концепциялары
Нарықтық экономика жағдайындағы өнім сапасын арттыру және маркетинг
Пәндер