Жаңа өнімді жобалау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Жаңа өнімді жобалау

Дайындаған:

Астана – 2008

Жоспар

Кіріспе
1. Идеялардың шығуы
2. Идеяларды іріктеу
3. Тауар концепциясының құру және тестілеу
4. Маркетинг стратегиясын құру
5. Экономикалық анализ өткізу
6. Түпнұсқаларды құру
7. Сыналатын маркетинг
8. Коммерцияландыру
Қорытынды

Компания үшін үнемі өсіп жатырған технологиялар мен бәсекелестер
арасында өз өсу деңгейінің жылдамдығы мен кірістерін сақтап қалу үшін қолда
бар ғана тауарларға сенуге болмайды. Әрине компания жаңа тауарлар мен
қызметтер шығаруы керек. Жаңа тауарлар басқа компанияның тауарын сатуға
рұқсат етілген патент немесе лицензия сатып алу арқылы немесе компанияның
өз күшінің және жеке зерттеулері мен құрылымдарының арқасында келеді. Жаңа
тауарлар деп отырғанымыз, бұрын бар тауарлардың жаңаланған түрлері мен
модификациялары немесе мүлдем басқа тауарлар. Сонымен қатар жаңа сауда
маркалары, бұларды компания өз зерттеулері мен өңдеулерінен кейін ғана
шығара алады. Енді осы жаңа тауарлардың шығарылуына көңіл аударайық.
Жаңа тауардың шығарылуы. Әмбебап тауардың немесе бұрын бар
тауарлардың жаңартылған, жаңаланған түрін шығару және жаңа маркаларды ойлап
табу компанияның жеке өз күшімен жасаған ғылыми зерттеу жұмыстарының
үрдісі.
Жаңашылдық – тәуекелдік іс. Жаңа тауарлар ауқымды түрде сәтсіздікке
ұшырауды әлі де болса жалғастыруда. Жақында жасалынған зерттеулер нәтижесі
көрсеткендей, жаңа дара тұтыну тауарлары (бар тауардың ассортиментінің
көбеюі нәтижесінде туындап отырған) 80%-ы сәтсіздікке ұшырайды екен. Тағы
бір зерттеулер жыл сайынғы нарыққа шыққан 13 мың жаңа тауардың бес жылдан
кейін 40%-ы ғана қалатынын көрсетті. Келесі зерттеулер өндіріс орындары
шығарған жаңа тауарлардың 30%-ға жуығы нарыққа шығарылу кезінде-ақ фиаскоға
(сәтсіздікке) ұшырайды екен. Жаңа тауарлардың мұндай көп сәтсіздіктерге
жиі ұшырауының себебі неде? Себептері бірнеше. Идея жақсы болған болуы
мүмкін, бірақ оған сәйкес нарық болмай қалған болуы керек. Мүмкін тауардың
жасалу технологиясы немесе конструкциясы нақты өңделмеген шығар. Кейде
себебі тауардың нарықта дұрыс қойылмағанынан, жоғары бағасынан немесе
жарнамасын жасау кезіндегі дұрыс ұйымдастырылмаған шаралардан да болуы
мүмкін. Кейде кінә жоғарғы шендегілерде жатады, жағымсыз маркетингтік
болжауларға қарсы жасалған сәтсіз идеялардан да болуы мүмкін. Соңында өңдеу
үрдісі жоспарлағаннан да қымбатқа түседі, дәл сол сәтте бәсекелестер де
қарсы соққыны күтпегеннен де қаттырақ береді. Міне осы сияқты жаңа тауар
шығару сатыларында кездесетін мәселелерді келесі бөлімдерден оқи аламыз.

Жаңа өнімді жобалаудың негізгі сатылары
Осындай жаңа тауарлармен келген үлкен сәтсіздіктермен бірге компания
оң нәтижелерге жетуге үйрену үшін одан да бетер тырыса береді. Мұндағы көп
әдістердің бірі – жаңа тауарларды анықтау және оларға ортақ не бар екенін
анықтау. Көптеген зерттеулерге сүйенетін болсақ, жаңа тауардың сәтті болуы,
оның құрамдағылардың ерекшелігіне, мысалы, жоғары сапасына, жаңа
өзгешеліктеріне және бұрынғыдан жоғарырақ тұтыну құндылықтарына байланысты
болады. Сәтті болудың тағы бір факторы жақсы ойлап табылған тауар
концепциясы болып табылады. Оның көмегімен компания жаңа тауарға деген
мақсат нарығын, оның басымдылықтарына деген талаптарды алдын-ала айқындап
алады. Басқа бір жағынан жаңа тауарды өндіруге салынған инвестиция мен
басшылық жағынан инновациялық қолдаудың көрсетілуі, сонымен қоса жақсы
механизм керек.
Жалпы алғанда пайда әкелетін жаңаны құру үшін, біріншіден, өз
тұтынушыларын тану және табыс нарығы мен мүмкін болатын бәсекелестерді
анықтау керек, екіншіден, нарық сұранысына жоғарғы дәрежеде ие бола алатын
тауарлар өңдеуді бастау керек. Бұдан келіп компания алдында дилемма пайда
болады: бір жағынан жаңа тауарлар қажет, екінші жағынан, жаңа тауар
шығарғандағы табысқа келу де екіталай. Әрбір жаңа жобаның орындалуын мұқият
жоспарлағанда ғана және идеяларды шындыққа айналдыру жолындағы тұрақты
ізденістер бұл сұрақтың шешімі бола алады. Жаңа тауар шығарудың үрдісінің
негізгі этаптары төмендегі суретте көрсетілген.

Идеялардың шығуы
Жаңа тауарды өндіру – идеялардың шығуынан басталады, яғни, жаңа
тауарлар шығару жөніндегі жүйелі ізденістен басталады. Идеялардың құйылымы
болашағы бар идеяларды көптің ішінен таңдап алуға мүмкін болатындай кең
ауқымда болуы керек.
Жаңа тауарларды шығару үшін үнемі жаңа идеялардың құйылымын
ұйымдастырудың бірнеше әдістері бар. Олардың ішіндегілерден ең бастылары:
ішкі қайна көздер, сатып алушылар, бәсекелестер, диллерлар, тасымалдаушылар
және т.б.
Идеялардың шығарылуы. Жаңа тауарларға деген идеяларды жүйелі түрде
ұйымдастырып іздеу.
Көптеген жаңа идеялар компанияның өз ішінде туындайды. Бұл –
компанияның ғылыми-зерттеу бөлімінің жаңа тауарлар өндіру жобалары және осы
компанияда жұмыс істейтін зерттеушілердің, инженерлердің, дизайнерлердің
немесе жұмысшылардың жеке ұсыныстары. Тіпті кейбір компаниялардың
өздерінің персоналының жаңа идеялар айтуылуына арналған арнайы
бағдарламалары да бар. Және де көптеген тамаша идеяларға компания өз
тұтынушыларымен сөйлесе отырып келеді. Түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу
тұтынушылардың қалауы мен қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді;
сұрақтар мен шағымдар анализін жасау – керек қажеттіліктерді жақсы
қанағаттандыратын жаңа тауарлар шығаруға, инженерлер мен сатушылардың сатып
алушылармен кездесуі – барлық мәліметті бірінші қолдан алуға, тағы осы
сияқты көптеген басымдылықтары бар. Тұтынушылармен үнемі тығыз қарым-
қатынаста болу және оларды бақылау арқылы компания көп нәрсені үйрене
алады.
Оның үстіне кейде тұтынушылар жаңаны өздері-ақ шығарады. Компания
мұндай тауарларды тауып, оларды нарыққа шығару арқылы пайдаға кенеле алады.
Кейде тұтынушылар бәріне белгілі тауарлардың жаңа пайдалану әдісін табады.
Жаңа тауарға деген идея шығарудың тағы бір тәсілі – бәсекелестердің іс-
әрекетін бақылап, талдау жасау болып табылады. Олардың жаңа тауарларына
деген жарнама олар туралы бар мәліметті береді. Оны сатып алуға болады,
бөліктерге бөлу арқылы құрамы мен құрылысын қарауға болады және оның
нарықтағы өтімділігін бақылауға, соңынан барып оларды көздеу керек пе жоқ
па екенін шешуге болады.
Тауарды таратушылар, тасымалдаушылар және тағы да басқа көздер идея
шығаруға өзіндік көмек көрсетеді десек болады. Тауарды соңғы тұтынушыларға
жеткізетін сауда байланыстырушылары тұтынушыларға өте жақын бола отырып,
сатып алушылардың қажеттіліктері мен тауар концепциясына, материалына және
технологиясына байланысты идеяларын жеткізуші бірден бір көз бола алады.
Бұл мәліметтердің барлығы әрине жаңа өңдеу үрдістерінде қолданылады немесе
ескерілетін болады. Тасымалдаушылар жаңа тауарларды шығару кезінде қолдану
керек үміткүттірерлік материалдар мен технологиялар туралы айтып бере
алады. Идеялардың қайнар көзі ретінде сала бойынша журналдар, семинарлар,
көрмелер, мемлекеттік мекемелер, жаңа тауар бойынша кеңесшілер, жарнама
агенттіктері, маркетингтік зерттеулер жүргізетін компаниялар,
университеттік немесе коммерциялық лабораториялар және өнертапқыштар бола
алады.
Жаңа өнімге деген идея ізденісі қалай болса солай емес, жүйелі түрде
жүргізілуі керек. Әйтпесе олардың азы ғана қолданылып, көптеген болашағы
барлары ескерілмей қалуы мүмкін. Осылайша компания тағы да әмбебап
идеялардан айырылып қалуы ғажап емес. Жоғарғы басшылық бұл мәселені идея
құйылымын жүйелі ұйымдастыру арқылы ғана шеше алады. Жүйелі
ұйымдастырылған жағдайда ғана идея іздеу, оны реттеу және талдау мен баға
беру де оңай әрі тиімді болады. Бөл жүйе дұрыс жұмыс істеуі үшін келесі
шараларды жасау қажет.
• Идеялар менеджері еті беделді басшыны тағайындау.
• Келіп түскен ұсыныстарды бағалау үшін функцияаралық комиссия құру. Бұл
комиссия құрамына ғылыми-зерттеу бөлімінен өкілдер, технологтар,
құралмен қамтамасыз етушілер, өндірушілер, қаржыгерлер және әрине
маркетологтар кіруі қажет.
• Әрбір қалаған адам өз ұсынысын айта алатындай тегін телефон номерін
орнату.
• Жаңа идеяларды іздеуші барлық компанияның қызметкерлерін,
тасымалдаушыларын, таратушыларын, дилерлерін мадақтап отыру.
• Нағыз өнертапқыштар үшін арнайы мадақтау схемаларын құрастыру.
Мұндай жүйенің енгізілуі барлық компанияның жұмысының алға басуына
септігін тигізеді. Біріншіден, компанияда тапқыштық рухы орнайды.
Екіншіден, идея құйылымдары көбейеді, олардың ішінде міндетті түрде ерекше
табыстылары кездеседі. Жүйе бар пәрменімен жұмыс істегенде идея құйылымдары
күш пен тұрақтылыққа ие болады.

Идеялардың іріктелуі
Идеялар шығару сатысының мақсаты барынша көп идея ұсыну болатын.
Келесі этаптардың мақсаты осы санды қысқарту. Бұл жолда идеяларды іріктеу
сатысы бірінші қадам болады. Ол көп жобалар арасынан көп емес, келешекте
іске асатын, көңіл бөлуге тұрарлықтай жобаларды таңдап алуға бағытталған.
Жаңа тауар шығарудың құны сатыдан сатыға өткен сайын арта түсетіндіктен,
компанияға керек емес идеяларды уақытынан бұрын алып тастауға және
үміткүттірерліктерін анықтауға тырысу керек.
Идеяларды іріктеу. Жаңа тауарларды шығарудың жаңа сатысы, керек
еместерді анықтап, қажеттерін уақытында таба білу.
Көптеген компаниялар өз қызметкерлерінен жаңа идеяларды стандартты
бланктерге толтырып беруін сұрайды. Бұл формадағы ұсыныстарды бағалау өте
оңай. Өтінішке жоба аты, мақсат нарығының және бәсекелестік жағдайдың
суреттелуі, сонымен қатар нарық көлемінің, тауар бағасының, өңделуге
кететін уақыт пен құралдар шығынының, өндіріс шығындары және оның кері
өтелу уақытының шамамен бағасы берілуі тиіс. Бұл өтінішті комиссия
қалыптасқан критерийлер бойынша бағалайды.
Көптеген компаниялар өздерінің мұқият жасаған бағалау және іріктеу
жүйесі бойынша жаңа идеяларды іріктейді.
Концепцияның құрылуы мен тексерілуі
Іріктеліп алынған идеяны енді тауар концепциясына айналдыру қажет.
Тауар идеясы, концепциясы және имиджі түсініктерінің мән-мағынасы бар, және
оларды қорқытудың керегі жоқ. Тауар идеясы – бұл тауардың барлық жағынан
суреттелуі және оны компания нарыққа ұсына алады. Тауар концепциясы –
тауарды сатып алушылар тұрғысынан алып қарағандағы олар үшін маңызды
өңделген және қалыптасқан идея. Тауар имиджі – тұтынушылардың шынайы тауар
туралы түсінігі.
Тауар концепциясы. Сатып алушылар тұрғысынан қарағандағы өңделген
және қалыптасқан т ауар идеясы.
Концепцияның құрылуы
Мұндағы тапсырма жаңа тауардың идеясын әртүрлі тауар концепциясына
дамыту, олардың әрқайсысының ерекшелігін анықтап, ең жақсысын таңдап алу.

Концепцияны тестілеу
Концепцияны тестілеу оның бүтіндей тұтынушы топтарына әсерін байқау.
Бұл кезде оларды жазылған түсініктемемен немесе тәжірибелі нұсқаларымен
таныстырады. Көптеген компаниялар тауарды өндіріске жібермес бұрын, оның
концепциясын тексеріп алғанды жөн санайды.

Маркетинг стратегиясының құрылуы
Маркетинг стратегиясы. Компания тауарды көздеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ғылыми - техникалық дайындау
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Жоба ұғымының анықтамасы
Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері
Стандарттаудың маңызы мен міндеті
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Мұның бәрі SAO жүйелерінің типтік мысалдары
Қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйесінде машина жасау
Логистика. Жеткізу тізбектерін басқару
Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу
Пәндер