ААҚ LG Elektronics Almaty Kazakstan компаниясының өндірістік және маркетингтік ісәрекеттерін талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
І-тарау. ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау4
1. 1 Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты4
1. 2 Компанияның өндірістік және қаржылық нәтижесін талдау, бағалау8
1. 3 Компанияның маркетингтік іс-әрекетін және маркетингтік орта факторларын талдау және бағалау10
1. 4. Компанияның өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін дамыту жөнінде ұсыныстар21
Қорытынды25
Пайдаланылған әдебиетердің тізімі26
Кіріспе
Қазіргі нарық қатынастары шаруашылық қарым-қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үдерістерді игеруді, ол үшін оларды, терең және жан-жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттерін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресті жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар, олардың өнімдерінің өзгерісі туралы т. б. с. с. болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетингтік орта жетекші рөл атқарады.
Маркетинг фирманың дұрыс бағытын анықтайды. Ол тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеумен қатар сату көлемін ұлғайту мақсатында сұранысты қалыптастыру және ынталандыру, фирма қызметінің эффективтілігін жоғарлату және фирманың жалпы пайдасын көбейту және т. б. мәселелерін шешеді.
Маркетинг өзін қолданатын ортаны зерттеуден басталады. Оған қатысты жұмыс атаулы нарықтық, жалпы шаруашылық және экономикалық конъюнктураларды зерттеуге сүйене отырып жүргізіледі. Ең алдымен өндіріс және тауар өткізу тұрғысынан фирманың мүмкіндіктерін анықтау негізінде осы тұңіректе шоғырландырылған барлық процестер қарастырылады. Сондай-ақ әрбір тауар өндіруші жалпы нарықтық қарым- қатынастың шеңберінде бүтіннің бөлігі ретінде таңдап алынатын болады және олар өз әріптестерімен бәсекеде жеңіп алған сегменттерінде потенциалдық тұтынушыларымен үнемі байланыс жасап отыруы тиіс.
Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері: микроорта, макроорта және медиаорта.
Микроорта және оның негізгі субъектілеріне: фирма, жабдықтаушылар, маркетинг делдалдары, клиенттер, бәсекелестер, контактілік аудиториялар жатады. Ал, фирма іс-әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени.
Жалпы жұмыста күрделі электр тұрмыстық тауарлардың Қазақстан нарығындағы «LG Elektronics» Оңтүстік Корея компаниясының іс-әрекеті зерттелінеді.
Сонымен қатар жұмыстың зерттеу объектісі «LG Elektronics» корпорациясының Қазақстандағы туынды кәсіпорны - «ашық акционерлік қоғам LG Elektronics Almaty Kazakstan» болып табылады.
І-тарау. ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының өндірістік және маркетингтік іс-әрекеттерін талдау
1. 1 Компанияның жалпы сипаты, құрылымы және мақсаты
ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» 28 мамыр 1998 жылы құрылды. Содан бері «LG» Қазақстан, ТМД елдері (Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәджікстан, Өзбекстан) және шет елдер (Финляндия, Иран) нарығын жаулап алуда. Қазір республикада сатып алынатын телевизорлардың 57%-тін LG компаниясының өндірген телевизорлары құрайды. Компанияның негізгі өндіретін өнімдеріне цифрлық телевизорлар өндірісі, CD-ROM және DVD-ROM, мониторлар, компьютерлер, плазмалық дисплейлер, мониторға арналған кинескоптар және телевизорға арналған кинескоптар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, ұялы телефондар, СВЧ- пештер, кондиционерлер жатады.
LG компаниясы дүние жүзінде ең ірі транс- ұлттық компаниялардың бірі болып саналады. Дүниежүзі бойынша бұл компанияның 80 зерттеу орталықтары қызмет етеді; жалпы қызметкерлердің саны 126000 адамнан тұрады.
Компания LG Electronics - электроника және телекоммуникация облыстарында лидер болып саналады.
Ең алғаш 1958 жылы 1 қазанда құрылғаннан бастап және бүгінгі күнге дейін LG Electronics компаниясы жаңа технологиялардың дамуын тоқтатпай, үнемі менеджмент жүйесін жақсартуда.
Сонымен қатар LG өнімдері, яғни цифрлық телевизорлар өндірісі, телекоммуникация жүйесі және тұрмыстық техникалар жетекші орын алады және мұндағы өнімдер интернет көмегімен басқарылады. Болашақта медиа технологияларды және телекоммуникацияларды қолданумен үй цифрлық торлар (digital home network) өндірісін кеңейтуіне көп көңіл бөлу жоспарланып отыр.
Дүниежүзі бойынша компанияның 77 фирмалары, лабораториялары және заводтары бар. Компанияның сату көлемі тұрақты өсуде, соңғы 5 жылда орташа жылдық өсу 20% құрайды. Ал, соңғы үш жыл ішінде LG Electronics кондиционерлер сату бойынша дүниежүзінде бірінші орында және 5 жыл CD-ROM өндірісінде лидерлер қатарына кіреді.
Компанияның мақсаты - дүниежүзінде бірінші номердегі сауда белгісі болу. Ал, компанияның негізгі философиясы адамдарды сыйлау және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруына негізделеді. LG жеткен жетістіктерімен шектеліп қана қоймай, ол біздің өмірімізді цифрлы өнімдер арқылы одан әрі жақсартуға тырысады.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясы 3 ірі бөлімдерге бөлінеді:
- DA- Digital Appliance- Тұрмыстық техникалар бөлімі;
- DOM- Digital Display and Media- Дисплейлер және мультимедиялық технологиялар бөлімі;
- Tele communication- коммуникациялар бөлімі.
Қазіргі кезде LG Electronics компаниясының дүниежүзі бойынша 90 туынды компаниялары жұмыс істейді. Олардың іс-әрекеті LGE корпорациясына 80% жалпы пайда түсіреді. Бұл туынды компаниялар негізінен өндіріс, маркетинг, логистика және сервиспен айналысады. LGE корпарациясының ең ірі туынды компаниялары және филиалдары мыналар: Еуропада -11, ТМД елдерінде - 4, Африка және Орталық Шығыс елдерінде - 7, Қытайда - 12, Азияда - 13, Индияда - 4, Жапонияда - 1, Солтүстік Америкада - 8, Латын Америкасында - 6.
Олардың іс-әрекеті 7- қосымшада толық қарастырылған.
Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген филиалдар қатарына кірмейтін мынадай филиалдар бар. Олар: Португалия, Абиджан, Алжир, Тунис, Оман, Джедде, Афина, Тегеран, Карачи, Ташкент, Санкт- Петербург, Ченьду, Вухан, Сингапур, Тайпей, Владивосток, Бостон, Даллас, Хьюстон, Майамия, Лос- Анджелес, Сан- Джоус, Сантьяго, Чикаго және басқа да қалаларда.
«LG Elektronics Almaty Kazakstan» құрылтайшысы - Акционерлік Қоғам «LG Elektronics Inc» болып табылады, Корея Республикасы, Сеул қаласы, Эл Джи Твен Тауэрс 20, 150-606, Йодо-Донг, Йодундогпо-Гу.
«LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының жалпы акционерлер жиналысы жоғарғы басқару органы болып табылады. Олардың құрамына акционерлер немесе өздері тағайындаған өкілдер кіреді. жалпы акционерлер жиналысы мынандай мәселелерді шешеді: компанияның жарғысын бекіту және өзгерту, компания іс-әрекетінің негізгі түрлерін анықтау; компанияның есебін және жоспарларын бекіту; компания басшыларын тағайындау; «LGEAK» басқару іс-әрекетінің формасын анықтау, компания іс-әрекетінің жылдық нәтижесін бекіту және т. б.
Сонымен қатар әрбір компания өзінің құрылымдық әрекеттерін тиімді басқаруға мүдделі. Атап айтқанда, компанияның ұйымдық басқару құрылымын ұйымдастырғанда, әр компанияның функциясын орындауға жауап беретін лауазымды қызметкерлер болуы қажет. Қосымша айта кететін болсақ, ұйымдық жоспар бірнеше міндеттерді атқарады. Компанияның ішкі құрылымын төмендегілер тағайындайды:
- Бөлімдер;
- Лауазымды басшылардың құқығын, міндетін, қызметін, жауапкершілігін көрсетеді;
- Лауазымды басшылар, олардың бағыныштық тәртібін белгілейді;
- Компанияның ішкі күнтәртібін тағайындайды;
- Компанияның кооперативтік мәдениетін, этикасы мен этикетін қалыптастырады.
ААҚ «LGEAK» ұйымдық басқару құрылымы нақты, рет-ретімен, кімнің-кімге бағынатындығы туралы 2-суретте көрсетілген. Онда әр лауазым иелерінің қызметі, міндеті, жауапкершілігі көрсетілді.
лпы жмыстар
2-Сурет
Жалпы акционерлер жиналысының арасындағы басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Ол акционерлер кеңесінің міндетіндегі басқа сұрақтардың барлығын қарастырады. Директорлар кеңесі компанияның президентін бекітеді. Компанияның атқарушы органы басқарма болып табылады, олардың құрамына атқарушы директорлар және компанияның негізгі бөлімінің басшылары кіреді.
«LGEAK» президенті - ол компанияның атынан штелдік, ұлттық ұйымдармен, кәсіпорындармен, әртүрлі мекемелермен қарым- қатынас, байланыстар жүргізеді. Компанияның тікелей жауапкершілігі президентке жүктеледі және президенттің бұйрық, нұсқау шығаруына, қызметкерлерді жұмысқа қабылдап босатуға құқылы. Сонымен қатар, ішкі еңбек тәртібінің ережесін орындауын қамтамасыз етеді.
Компанияның бақылау органы - ревизиялық комиссия, онда «LGEAK» компаниясының ішкі аудиты жүзеге асырады (мысалы, жылдық қаржы іс-әрекетін тексеру және растау) .
«LGEAK» компаниясында мынандай департаменттер қызмет атқарады: қаржы, жоспарлау, өндірістік; маркетинг және сату бөлімі бөлек қызмет етеді. 1-қосымшада көрсетілгендей әр департаменттің өз кезегінде бөлімдері болады. «Жалпы тұрмыстар» («General Affairs») бөліміне байланысты, мұнда мынандай мамандар кіреді: кадрларды жұмысқа алу менеджерлері, юристер және контракт және келісім-шарт бойынша мамандар, прогромистер, қоғамдық байланыстар бойынша мамандар мен басқалар.
Бухгартерлік бөлімі - компанияның қаржы-несие жоспарын құрады, әр бөлімнің есеп құжаттарын тексереді. Жұмысшылардың жалақысын, премиясын есептейді.
Жоспар құру бөлімі - негізгі мақсаты, міндеті компанияның стратегиялық жоспарын құру және компанияның даму жұмысының жоспарын құру. Бұл бөлім тікелей вице президентке бағынып, есеп береді.
Маркетинг және сату бөлімі - тікелей вице президентке бағынады және есеп береді. Барлық шығарылған өнімдерге қатысты мәселелерді зерттеп тексереді. Сонымен қатар, өткізу бөлімінің негізгі міндеті қаланың йр аудандарында өткізу каналдарын іздестіріп шығарылған өнімді ұсынуы.
Өнімнің сапасын қадағалау бөлімі - бұл да тікелей маркетингке бағынады, есеп береді. Негізгі міндеті шығарылған өнімнің сапасын тексеріп, сапасын жақсарту.
Нарықтық экономиканың түпкі мақсаты өндірістік тауарларды сату, сатып алуды реттеу, тұтынушыға қажетті тауарды жеткізу, сондықтан кез-келген фирманың мақсаты сұранысқа сәйкес тауар ассортименттерін жоспарлау, жаңа тауар өндіру, пайда табу болып табылады.
Орта Азияда №1 сауда белгісі болу үшін, компания өндірістік іс-әрекетіне байланысты арнайы әдістер енгізген. Мұнда: Қазақстан тұтынушыларын қызықтыратын, ең жақсы тауарлар өндірістен өндірістік линия қызметкерлері марапатталады, қызметкердің квалификацияларын жоғарлатуға, тәжірибесімен алмасу үшін Кореяға жіберіледі, өнімнің сапасына байланысты және тағы да басқаларға кездесулер ұйымдастырылады.
Компанияда «Super A &Six SIGMA» деп аталатын жеке бағдарламалар бар. «Super A» бағдарламасы барлық жасалған иновациялық стратегияларды өзіне енгізеді. Сонымен қатар, сәтті басқару менеджментін енгізеді, жасалған ғылыми- зерттеулер, маркетинг және сервис қызметтері кіреді. Ай сайын 600-ге жуық жоғарғы класс профессионалдар тобы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар көптеген ақпарат ресурстарын қолдану арқылы және алынған мәліметтерді терең өңдеу жүргізеді. «Super A» бағдарламасы фирманың имиджына тиімді әсер етті. Ал, 6 Sigma крнцепциясы шыққан өнімнің сапасын үнемі дамытып және ғылыми зерттеулер жүргізіп отырады, сонымен қатар өндірістік кемшіліктердің қысқаруын үнемі қадағалап отырады. Берілген бағдарламалар «LGEAK» компаниясының офис қызметкерлеріне және өндірістік линия қызметкерлеріне де байланысты. «Super A &Six SIGMA» бағдарламасымен жақсы табыс болу үшін арнайы семинарлар жүргізеді.
Бұл бағдарламалар болашаққа негізделген және «LGEAK» компаниясының 2005 жылы дүние жүзінде лидер олу ұмтылысымен көрсетеді.
Бұл мақсаттарды жүзден асыру жолында әрбір фирма материалдық техникалық ресурстарымен қамтамасыз етілуі қажет, тауардың сапасымен бәсекелестік қабілетін жақсарту, жаңа тауар шығару, әртүрлі өндірістік жоспар әзірлеуі тиіс.
1. 2 Компанияның өндірістік және қаржылық нәтижесін талдау, бағалау
Кесте1
Жылдық тауар сату көлемінің есебі 2002ж.
Тауар ассорти-
менті
1жыл-
да мың
Өткі-зу баға-сы
(тг. )
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
Телевизор
Шаңсор-ғыш
Кондиционер
Кір жуғыш машина
Тоңазыт-қыш
Монитор
Микротолқынды пеш
Музыка-лық центр
Караоке
Видеомагнитофон
Ұялы телефон
Үй кино
театры
DVD-проигры-ватель
DVD-плейер
100
150
100
110
150
160
180
140
100
120
130
170
100
130
1, 200
1, 800
1, 200
1, 320
1, 800
1, 920
2, 160
1, 680
1, 200
1, 440
1, 560
2, 040
1, 200
1, 560
23, 987
10, 500
37, 850
32, 210
40730
19, 975
18, 050
39, 64046, 500
15, 685
34, 685
50, 790
31, 260
21, 250
28, 785
18, 900
45, 420
42, 5172
73, 314
38, 352
38, 988
66, 5952
55, 800
22, 5864
54, 1086
103, 6116
37, 512
33, 150
28220
12352
44450
36720
45730
23500
21230
42250
5
18450
38450
56390
35610
25000
33, 864
22, 233
53, 340
48, 4704
82, 314
45, 120
45, 8568
70, 980
60, 000
26, 568
59, 982
115, 0356
42, 732
39, 000
5, 079
3, 3336
7, 920
5, 0532
9, 000
6, 768
6, 8688
4, 38484, 200
3, 9816
5, 8734
11, 424
5, 220
5, 850
Бұл кесте көрсеткіштерінде «LG Elektronics Almaty Kazakstan» компаниясының 2002 жылғы тауар ассортименттері мен тарату мөлшерінің жылдық есебі қарастырылды. Тауар ассортиментінің өткізу бағасы компания прайс-листімен алынған.
Ал, келесі кестеде 2003 жылдық тауар сату көлемінің есебі көрсетіледі (Кесте6) .
ААҚ «LG Elektronics Almaty Kazakstan» өзінің қаржы жағдайын қатаң түрде жүргізеді. Әрбір өндірістік жұмыстарды іске асыру үшін қаржы жоспары жасалады.
Компанияның іс-әрекеттерінде қаржы-материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді:
- Компанияның түпкі мақсаты, нәтижесі, таза пайда мөлшерін, девидент қорын арттыру жолдарын көрсету;
- Компанияның жедел іс-әрекетін қолма-қол ақшамен қамтамасыз етеді, киімді пайдалану шараны көздейді.
Қаржы жоспардың мазмұны келесі тауарларды қамтиды:
- фирманың табыс пен алынған жоспарлары;
- таза пайданы тарату жолдары.
І Табыс және шығын жоспары фирманың тиімділігін, нәтижесін дәлелдеу болып табылады.
Табыс - компанияның сауда-саттық және қосымша іс-әрекеттерінен түсетін ақшалай және материалдық ресурстар.
Шығын - бұл фирма бойынша өндірісті коммерциялық және ішкі фирмалық қажеттілкке жұмсалған ақша материалдық ресурстардың құны. «LGEAK» компаниясы өзінің қаржы дайын қатаң түрде қадағалайды. Әрбір өндірістік жұмыстарды іске асыру үшін қаржы жоспарын жасайды.
Баланстық пайда - фирманың өндірістік, коммерциялық және басқа да іс-әрекеттері бойынша жалпы пайдасының сомасы.
1. 3 Компанияның маркетингтік іс-әрекетін және маркетингтік орта факторларын талдау және бағалау
Бүгінгі экономика өзінің негізгі өзінің үш субъектісінің: өндірушінің, тұтынушының және өкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым-қатынаста іс-әрекет етеді. Ал, бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады.
Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін осы заманғы ғылыми теория мен практиканың әдіс-амалдарын қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономикада маркетинг елеулі орын алады.
Капиталдың жекелеген формалары және оны көптеген қолдану сатыларының ішіндегі ең маңыздысы өндірістің өзі даму стратегиялық мақсатына жету жолында бірнеше қызмет атқарады. Олардың ішінде ең негізгілерін айтсақ - өндірісті бастауға фирманың дайындығын, өнім шығарылуын, қаржы экономикалық жағдайының қамтамасыз етілуін және маркетинг арқылы шешуге болады. Ең алдымен маркетинг шаруашылық қызметінің көп тармағының бірі және теңдестік қызметі ретінде, ал соңында интегралданған, жиынтық шаруашылық қызметі ретінде қарастырылды. Дәл осы соңғы көзқарас интегралданған маркетингтің негізін құрайды. Ол төмендегі суретте бейнеленген (2- сурет) .
Фирманың қаржы -экономикалық жағдайын қамтамасыз ету
3- сурет. Бүгінгі фирмадағы маркетингтің орны
Бұл суретте маркетингтің атқаратын қызметтері нарықта қалыптасқан қажеттіліктерді олардың ұқсастығына қарай біріне- бірін жақындатып, оларды қанағаттандыру жалпы идеясына бағытталғанын көруге болады.
Маркетингтің шаруашылық қызметі ретінде орындайтын толық жұмыс түрлері негізінен беру өте қиын. Сонымен бірге, фирманың мынандай сұрақтарға жауап іздеуі маркетингтің рөліне шек келтірмейді:
- Қандай тауарларды нарыққа ұсыну керек (жаңа өнімді жобалау, ескі өнімді жаңарту немесе оның өндірісін тоқтату, т. б. с. с. ) ?
- Өнімді кімге ұсыну керек (тұтынушыларды зерттеу) ?
- Қашан және қандай шарттарды (баға, шығын, сапа, технология, техникалық қызмет көрсету түрлері т. б. с. с. ) тауарға қою керек?
- Тауардың тұтынушыға қандай арнамен жетуі керек (өткізу жүйесін құру, жарнама, өнімді ынталандыру, т. б. с. с. ) ?
Компаниядағы маркетинг бөлімінің мақсаты «LGEAK» ААҚ-ң пайдалылығын арттыру, коммерциялық нәтижелерге жету болып табылады. Ал, міндеттері бірнеше функцияларға бөлінеді:
- Аналитикалық функция:
А) нарықты зерттеу, бағалау;
Б) тұтынушыларды зерттеу, бағалау;
В) нарықтың фирмалық құрылымын зерттеу;
Д) фирманың ішкі құрылымын зерттеу.
- Өндірістік функция. Бұған жататындар:
А) тұрмыстық техника және электроника өнімдерінің саясатын белгілеу, жаңа тұрмыстық техника өнімдерін өндіру;
Б) материалды техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;
В) электроника өнімдерінің сапасы мен бәсекелестік қабілетін басқару.
- Тауар өткізу функциясы:
А) тұрмыстық техника немесе электроника өнімін жылжыту, қозғалысын ұйымдастыру;
Б) тауар саясатын ұйымдастыру;
В) баға саясатын ұйымдастыру;
Г) сервистік қызметтерін ұйымдастыру.
- Басқару, бақылау функциялары:
А) стратегиялық, жедел жоспарлау;
Б) ақпаратпен қамтамасыз ету;
В) бақылау, тексеру.
Маркетингтік мақсатына тұтынушылардың сұранысына қажетті, сапалы тауарлармен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен маркетингтік міндеттерін 4 топқа бөледі:
- маркетингті зерттеу, ақпарат жинау:
а) экономикалық, коммерциялық, өндірістік іс-әрекеттерді зерттеу, талдау;
б) тұтынушыларды зерттеу, бағалау, іріктеу;
в) әртүрлі ақпараттар жинау, өңдеу;
г) фирмалардың ішкі, сыртқы орталарын талдау, бағалау;
д) бәсекелестерді зерттеу, бағалау;
е) маркетингтік стратегиясын, тактикасын жоспарлау, маркетингтік бағдарламаны әзірлеу.
- Тауар ассортиментін жоспарлау:
а) фирма тауар ассортиментін анықтау;
б) тауарға қолайлы баға құру;
в) жаңа тауарды жоспарлау, өндіріске енгізу, игеру;
г) тауардың өмірлік циклын зерттеу, ұзарту жөнінде шаралар пайдалану.
- Тауарды өткізу,, тарату, жылжыту:
а) тауар өтім саясатын белгілеу;
б) нарықтың әртүрлерін, сегментін зерттеу;
в) тауар жылжыту әдістерін іріктеу;
г) тауар тарату каналдарын іріктеу;
д) тауар қозғалысын ұйымдастыру, қоймалау, тасымалдау, сақтау т. б.
- Тауар өткізуді ынталандыру, жарнама істерді ұйымдастыру т. б. :
а) тауар туралы ақпараттар тарату;
б) жарнама істерін ұйымдастыру;
в) тұтынушылар мен сатушыларды ынталандыру;
г) әртүрлі көрмелер, акциялар ұйымдастыру.
Қандай да болсын фирма, оның маркетинг жүйесі қоршаған орта тудырған жағдайда қимыл жасайды. Бұл жағдайлар (және олардың өзгерістері) екі топқа бөлініп, сыртқы және ішкі орта деп сипаттауға болатын факторлар тізбегімен анықталады.
Сыртқы орта күрделі құбылыс. Ол екі түрге бөлінеді:
- Макроорта;
- Микроорта.
Сыртқы орта - фирма өндірісіне ықпал жасайтын экономикалық және саяси әлеуметтік факторлар жиынтығы.
Мұндағы микроорта алты бөліктерден тұрады. Олар: тұтынушылар, жабдықтаушылар, бәсекелестер, делдалдар, клиенттер, байланыс аудиториялары.
Жабдықтаушы-компанияны шикізатпен қамтамасыз етеді.
Делдал - тауарларды тұтынушыға өткізу жолындағы, көмекші ұйымдар және адам (сатушы дүкендері) .
Клиент - оларды көбейту үшін, олардың сұранысына қарай түрлі өнімдер өндіру, жеңілдіктер жасау.
Байланыс аудитория- күрделі электро тұрмыстық техникалар өндірумен айналысатын «LGEAK» компаниясының өндірісіне ықпал ететін ұйымдар, фирмалар, жеке адамдар және т. б.
Ал макроорта болса, ол да бірнеше фактордан тұрады.
Олар:
Демографиялық фактор - бұл фирманың құрылымындағы қызметкерлердің саны, олардың жас мөлшері және т. б. жатады.
Экономикалық фактор - бұл фирманың ары қарай дамуына әсер ететін фактор.
Табиғи фактор - оған ауа райы, географиялық аймақ, мысалы қаланың орталықтарындағы тұтынушылар көп болады.
Ғылыми - техникалық фактор - бұл нарыққа жаңа техника шықса, соны тез арада игеретін өнімді тез, әрі жылдам шығаратын едік.
Саяси фактор - бұл іскерлік қарым-қатынасты әділетті түрде реттеу, саяси талаптарды орындауды, өнімдерді көруге қатысты заңдарды игеру.
Мәдени фактор - бұл әр ұлттардың ұлттық мейрамдарына байланысты өнімдер өндіру.
Ішкі орта фирманың жаңа тауарды жасауды, сынауды, сервистік жұмыстарды, тауарларды алушыға дейін жылжытуды, өткізуді, бөлшектер қорымен жабдықтарды персоналды оқытуды, шикізат материалдар жеткізушілермен, осы секілді финанстық және басқа да органдар құрал қатынастарды іске асыратын функционалдық бөлімдерден тұрады.
Тауар өткізу жалпы экономикалық категория ретінде қарастырылса, ол тауар тарату маркетинг жүйесінде тиімді әдіс болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz