Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Тауар саясатының теориялық негіздері 3
1.1 Маркетингтегі тауар саясатының ролі 3
1.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігі 6
2 Алматы қаласындағы №1 Сыра зауытының тауар саясаты 7
2.1 №1 Сыра зауытының тауар ассортименті 10
2.2 №1 Сыра зауыты тауарларының бәсекеге қабілеттілігі 11
Қорытынды 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21

КІРІСПЕ

Елімізде өтіп жатқан экономикасы түбейгейлі жүйелік өзгерістер кезеңін
басынан өткеріп жатыр. Микро деңгейдегі бұл кезең экономикалық
субьектілерінің іскерлік бағыттары мен шарттарының өзгерісімен сипатталады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан
кезінде негізгі құрамдастарының бірі – маркетинг жүйесі. Қазіргі отандық
жағдайларда маркетинг аумағындағы батыс тәжірибесін толықтай қолдану мүмкін
емес. Сол себепті Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасу бағыттары мен
мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының
тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларында кәсіпорындар
алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымдау шешу маркетинг кешенінінің
құрамдасы болып тауар саясаты болып табылады. Тауар саясатын басқарудың
күрделілігіне неғұрлым үлкен нарықтық сақтап қалу немесе басып алу арқылы
негізгі мақсаты пайданы асыру үшін НИОКР енгізу. Нарықты зерттеулер бойынша
маркетингілік рәсімдер, сұранысты қалыптастыру, сервистік қызметтерді
дамыту және басқада бағыттарды қамтуын қамтамасыз ету болып табылады. Тауар
саясаты басқару обьектісі ретінде кәсіпорынның басқа да жүйелерінен өз
күрделігі және бағытталуымен ерекшелінеді. Тауар саясаты кәсіпорынның
өндірістік және техникалық қызметтері арасындағы өзара тығыз әрекететуінің
үлесімділігі.
Кәсіпорын тауар саясатын жетілдіру тауар көп түрлігі (ассортимент),
тауар номенклатурасы, маркілеу, тауарларға атаулар беру, орам және
сервистік қызмет көрсету және тағы басқа проблема арасындағы келісімдерді
талап етеді.
Тауар ассортименті - функционалдық және тұтынушылық сипаттамалары
ұқсас тауарлар тобы. Кез келген фирма нарықта тұрақтану үшін, нарықта тауар
ассортиментін толтырып әрдайым, кеңейтіп отырады.
Тауар ассортиментін толтыру жайлы шешімдер қабылдау тауар
номенклатурасы түсінігімен тығыз байланыст.
Тауар номенклатурасы – бұл нақты сатушылармен тұтынушыларға ұсынылатын
тауар бірліктері және топтарының барлық көп түрлігінің жиынтығы. Тауар
номенклатурасының кеңдік, толу, тереңдік және гармониялық сипаттамалардан
тұрады. Бұл төрт сипаттамалар фирма тауар саясатын анықтауға мүмкіндіктер
береді.
Тауар маркасы басқа тауарлардан оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке
сайкес тауарға тіркелген белгі болып табылады. Ол сурет, рәміз (символ),
бірікке әріптер немесе цифрлар сипатында болуы мүмкін.
Тауар маркасы экономикалық мән мағынасы жоғары және ол ол көптеген ірі
компаниялардың миллион, миллиардтаған доллармен есептелінетін мемлекеттік
автономды объектісі.
Кәсіпорынның тауар саясатын жетілдіру үшін үнемі тауардың өміршеңдік
кезеңін бақылау қажет. Тауардың өміршеңдік кезеңі бұл – бір нарықта болу
уақыты.
Тауардың бәсекеге қаблеттілігі - бұл нарықта жемістіліктілікті
анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипаттамалар жиынтығы. Бұл көп
функционалды түсінік, күрделі категория, нарық шарттарында тауарға сайкес
сипатталып , тұтынушылар талаптары тек сапалық, техникалық, эстетикалық
сипаттмалары ғана емес, сонымен қатар сатудың эканомикалық және
коммерциялық шарттары бойынша анықталады.
Осы жоғарыда айтылған тауар саясатын біз тәжірибе жүзінде Алматы
қаласындағы №1 Сыра зауытында зерттедік.
Қазіргі таңда Қазақстанның сыра нарығында 27 өндіруші бар. Соның ішінде
Алматы қаласының №1 Сыра зауыты отандық өндірістік қатарындағы сапалы өнім
шығаратын зауыт болып табылады.
Уаақыт өте келе сыра зауытының өнімді шығару деңгейі өсе бастады. 1996
жылы зауыттың өндірістік көлемінің ұлғаюы ерекше болды. Осы уақыттан бастап
ұйымдастырушы техникалық іс-шараларға сайкес өндірісті жаңарту жұмыстары
белседі түрде жүргізіле бастады.
Зауыт үлесін ең үлкен жетістік болып американдық – технологияларды жаңа
қайнату пештерін цехторға ендіру болып табылады. Бұл жоғары сапалы
өнімалуға және өнім құрамындағы темірдің болмауына мүмкіндіктер туғызды.
Қазіргі таңда зауыты дайын өнімнің дизайнын және тауардың бәсекеге
қаблеттілігін жақсарту мақсатында 1997 жылы Германдық Кронес фирмасымен
келісім шарт жасалынған. Бұл келісім шарт өнім сапасын арттыруға және таза
өндіруге мүмкіндіктер туғызды.

1. Тауар саясатының теориялық негіздері

1.1 Маркетингтегі тауар саясатының ролі

Маркетинг кешенінің басты құрамдасы тауар болып табылады. Нарықта
сатып алу, тұтыну және пайдалану үшін ұсынылатын кез келген нәрсе тауар деп
аталады. Дайын өнім тұтынушылық қасиетке ие болу кезінде тауарға айналадың,
яғни тауарға біріншіден сұраныс бар, екіншіден, оған белгілі мөлшерде ақы
төлеуге сатып алушы ойы болады, үшіншіден, адам мұқтаждығын
қанағаттандыруға қабілеттілігі тән:
Тауар келесі белгілері бойынша жіктеледі:
1. Белгілеуіне қарай: тұтынушылық, өндірістік белгілеу;
2. Қолдану мерзімдері бойынша: ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді

және қызметтер (өндіріс пен тұтыну қатар жүреді);
3. Сұранысы мен бағасына қарай: күнделікті сұранысы бар тауарлар,
алдын ала таңдау тауарлары, айрықша сұраныс тауарлары;
4. Тұтыну сипаты және өңдеу дәрежесіне қарай: шикізат, дайын және
қосалқы өнімдер, жартылай фабрикаттар мен материалдар;
5. Дайындау тәсілдері бойынша: стандарттық және бірігей өнім.
Тауар саясатын басқарудың күрделігіне неғұрлым үлкен рыноктың үлесті
сақтап қалу немесе басып алу арқылы негізгі мақсаты пайданыасыру үшін НИОКР
енгізу, нарықты зерттеулер бойынша маркетингтік рәсімдер, сұранысты
қалыптастыру,сервистік қызметтерді дамыту және басқа де басқа бағыттарын
қамтуын қамтамссыз ету болып табылады. Егер осы негізгі мақсатқа жетуді
ескермесе кәсіпорын өз бөлімшілерін жақтаушылығын арттыру мәселесі
талқыланбайды. Тауар саясатының басқару обьектсі ретінде бағытталуымен
ерекшеленеді. Осы кездегі тауар саясаты кәсіпорынның өндірістік және
техникалық қызметтері арасындағы өзара тығыз әрекет етуі үлесімді болуы
керек.
Кәсіпорынның тауар саясатындағы әр қилылық тауардың әр түрлі
деңгейлері мен байланысты болады. Нарықта тұтынушылықты қанағаттандыру үшін
ұсынылатын тауар үшдеңгейге бөлінеді:
-ой бойынша тауар;
-нақтылы орындаудағы тауар - оның тұтынушылар алдындағы көрнісі,
тауардың фирмалық аты, дизайын, орамы, бағасы, сапасы мен сенімділігі,
функционалдық қасиеттері және басқада тұтынушылық қасиеттерімен анықталады.
Қазіргі нарықта тауардың тұтынушылық қасиеттері тармағын немесе қызметтер
кешенін кеңейту бағалық емес бәсекенің маңызды факторы болып табылады.
Тауар саясатының қалыптасуында нарықта сатылған және жаңадан
ұсынылған өнім үшін маркетингтің нақты мәселелері бір шама өзгеше келеді.
Өндірілген өнімге қатынасты маркетинг қызметін нарықта бәсекелестерге
қатысты позициялауды талдау, тұтынушылардың сұранысын және тілектерін
ескеріп, оны модификациялау, орамын өзгерту сияқты мәселелер толғандырылады
сатылған өнімнің көлемі және аймақтары бойынша келешекке жоспарлау
барысында маркетингтік бағдарламалар құрылып оны әрмен өсірудің шараларын
қарастырады. Ал жаңа өнімді талқылау кезінде кәсіпорынның басқа бөлімшелері
қатысып талду жасауындағы қиындық болып табылуына қарай маркетингке қатысты
осы бағытта екі мәселені қарастырады:
-маркетинг бөлімі қажетті түрдегі ақпаратты (болашақ нарық
мөлшері, мүмкін бәсекелестер, нарықтағы бағалар, жаңа өнімге қатысты
тұтынушылар қалауы мен тілектері, өткізу және сервистік тармақтар дайындығ
және тағы басқалары жатады) бере алатынына көз жеткізу;
-жаңа өнім құру процесі алғашқы кезеңінде жеткілікті түрде
маркетинег бөлімінің қатыстыратынына көз жеткізіп, басқаруды ұйымдастыру.
Фирманың тауар саясаты жекелей тауар бірліктері, тауар көп түрлігі,
тауар номенклатурасы, маркалық атауларды беру, орам және сервистік қызмет
көрсетумен байланысты проблемалар арасында келісімділікті талап етеді.
Тауар ассортименті. Тауар ассортиментін жоспарлау , құру және басқару
маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай
бегілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты
тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші-кәсіпорын нарыққа
ұсынылған тауардың тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп аталады.
Тауар ассортименті – кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық
түрлерінің жиынтығы. Оған әр тұрлі тауар жиынтығы кіреді. Тауар түрлері
(Рахат конфеттері – карамель, мармелад, сорғыш конфеттері, ирис, шоколад)
функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік
топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін
ассортименттік позциядан тұрады. Мысалы кәсіпорын тоңазытқыш және кір
машинасын өндіреді делік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық тағы
басқа үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаларға ие болуы мүмкін және
көлемімен, ерекше техникалық көрсеткіштермен сипатталады.
Тауар ассортименті мына көрсеткіштермен сипатталады екі тереңділігі
және салыстырмалығы. Ассортимент екі ассортиментік топтардың саны.
Ассортимент тереңдігі әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент
салыстырмалығы – тұтынушылар көз қарасынан, түпкі қолдануға, тарату
арналарына жәнебағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың
арақатынасы.
Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке
серияларының мәселелері, ескі және жаңа тауарлар, күрделі және жай
тауарлар арақатынасын анықтауға болады. Ассортиментті құру кезінде баға,
сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін.
Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы
ассортименттік құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты,
техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп,
тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортименттік қағида көрсеткіштері
жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері, ассортиментті жаңарту
деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға деңгейі
және тағы басқалар. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты
тұтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды
өндіруге бағыттау болады. Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан
немесе нарықты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан
кейін басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болңан көзіне қарамай ойдағы
өнімнің қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда немесе
жаңартылған өнімді бар ассортименттікке қосу немесе ассортименттегі ескі
өнімге айырбастау ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы
болмаған жағдайда өнім туралы ойды жобалау. Жобалау конструкторлық
бөлімшелерге жіберіледі. Олар жаңа тауарлар үлгілерін дайындап, өндірудің
алдында оларды тексеріп отырады.

1.2 Тауардың бәсекеге қабілеттілігі

Өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қазіргі әлемде барлық фирмалар көп
көңіл бөледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі
байланысты. Себебі бәсекеге қабілетті деген ұғымы елдің, әр өндірушінің
тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өндіру, өткізу мүмкіндіктерінің жиынтығын
анықтаушы көрсеткіш болады.
Нарық байланыстарын қызметтендіру маңызды шарттары нақты бәсекелестер
болып табылады. Бәсекелес - бұл үлкен пайда алу мақсатында нарықтағы
өнімдердің экономикалық бәсекелесі (соперничества).
Бағалық және бағалық емес бәсекелес, олигополиялық, еркін бәсекелестер
болып ерекшеленеді.
Еркін бәсекелес - нарықта көп өндірушілермен кез келген тауарды
қолданатын тұтынушылардың көбеюінен туындайды және дебәсекелестердің ішінен
біреуі нарықтан ығыстырылады, өйткені тұтынушылар сатушыларды үлкен көлемде
таңдай алады.
Олигополиялық бәсекелес - нарықтың көп бөлігін бақылайтын біріккен
немесе бірнеше кәсіпорындардың бәсекелесі.
Бағалық бәсекелес - өндіруші тауардың бағасын төмендету немесе көтеру
жолы арқылы сұранысқа әсер етеді.
Бағалық емес бәсекелес- сұранысқа түрлі жолдар арқылы әсер етуі, яғни,
сапаны жоғарлату, сыртқы көрінісі, жарнама және т.б.
Тауардың бәсекеге деген қабілеттілігі дамыған бәсекелестік рынокта оның
коммерциялық табысын көрсететін маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге
қабілеттілігі дегеніміз тауардың рыноктағы табысын анықтайтын тұтыну және
құнды (бағалы) сипаттамаларының жиынтығы, яғни бәсекелес ұқсас тауарларды
молынан ұсыну кезіндегі бір тауардың басқаларға қарағанда артықшылықтары.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін тек басқа бәсекелес тауармен салыстырып
қана анықтауға болады, сондықтан оны нақты нарыққа және сату уақытына
байланыстырып қарастыру қажет.
Өзінің қажетін қанағаттандыру үшін сатып алушыға тек тауарға ие болу
жеткілікті емес. Егер ол техникалық күрделі өнім болса, онда сатып
алушыда оны пайдалану үшін қоымша шығын шығарады (жөндеуге, майлайтын майға
және т.б. заттарға). Сондықтан сатып алушының шығындары екі бөліктен
тұрады: сатып алу шығындары (тауар бағасы) және тұтынумен байланысты
шығындар (тұтыну бағасы).
Әдетте тұтыну бағасы сату бағасынан біршама артық болады (жалпы
пайдалану шығындарында көліктің сату бағасы 20- жоғары болмайды, жүк
автокөліктікі - 15). Сондықтан бәсекеге қабілеттілігі мол тауардың тұтыну
бағасы төмен болады. Бірақ бұл экономикалық көрсеткіш (тұтыну бағасы)
бәсекеге қабілеттілік ұғымын толық бейнелей алмайды. Бәсекеге қабілеттілік
параметрлер саны өнімнің күрделілігіне, түріне, зерттеу мақсатына және т.б.
сыртқы факторларға байланысты болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жұмысы үзіліссіз және жүйелі
түрде, тауардың өміршеңдік кезеңінің фазаларына сәйкес жүргізілуі қажет.
Тауардың бесекеге деген қабілеттілігін анықтау көрсеткіштері:
- өнімге қойылатын талаптарды тұжырымдау;
- нарықты зерттеу;
- тауарға деген әлеуетті тұтынушылардың сұранысы;
- бәсекелес туралы мәліметтер жинау;
- бәсекеге қабілеттілігін талдау мақсатын анықтау;
- жобаны талдау, құнын бағалау, нарық сыйымдылығын және өткізу
мүмкіндіктерін анықтау;
- бағалауға қажет параметрлер тізімін анықтау;
- бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін экономикалық параметрлермен
есептеу: бәсекеге қабілеттілігінің интегралды көрсеткішін есептеу,
бәсеке қабілеттілігін анықтау, бәсекеге қабілеттілігін көтеру
шараларын жүргізу және шығындарды оңтайландыру;
- салыстыру негізін анықтау;
- нормативтік параметрлерді талдау;
- бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін техникалық параметрлермен есептеу;
- тұтыну бағасын талдау.
Кәсіпорынның бәсекелес қабілеттігі сандық факторларының әсерінен
қалыптасады. Олардың ішінен негізгілері болатындар: жаңа, сапалы,
пайдаланудағы тиімділік, дизайн, қорабы, энергосыйымдылығы.
Тұтынушы тауарды таңдамас бұрын, ереже бойынша алдымен сапасын, оның
қасиеттеріне көп көңіл бөледі. Тауардың бәсеке қабілеттілігі тұтынушы
қасиеттеріне және тауардың бағасына тәуелді.
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
айыру қажет.
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелес алдында оның
артықшылығы және кәсіпорынның экономикалық, техникалық, ұйымдық
мүмкіншілігі. Кәсіпорын мүмкіншілігі бәкелестікке шыдау: мысалы, өндіріс
шығындарын төмендету, өнімнің сапасын жоғарылату, жоғары табыс алу және
нақты рента бөлігінде тұрақты орын алу.

2 Алматы қаласындағы №1 Сыра зауытының тауар саясаты

Қазіргі таңда Қазақстанның сыра нарығында өнімді жеткізетін 27 сыра
өндіруші зауыт бар. Және 75 кіші зауыттары бар. Бұл зауыттардың қуаттылығы
100 мың дал. Барлық зауыттардың қуаттылығы 57,2 млн. доллар. 2005 жылы
отандық сыра зауыттарымен 18,5 млн. доллар сыра өндірілген. Соның ішінде
Алматы қаласының №1 сыра зауыты отандық өндірушілердің қатарындағы сапалы
өнім шығаратын зауыт болып табылады.
№1 сыра зауыты 1974 жылы құрылған. Сыра зауыты жоғары сапалы сыраны
ескі дәстүрлермен шығаруда әйгілі болғандықтан сыра саласының ең ескі
кәсіпорындарының бірі болып табылады. 1992 жылға дейінсыра зауыты
Сусындар бірлестігінің құрамында болып келген. Қазіргі таңда жеке
кәсіпорын ретінде жұмыс атқаруда. Бұл кезеңде негізгі құралдардың тозуы
86,8% болқандықтан, өнімді шығару қиындай түсті. Осы кезде өнімді жаңарту
мәселесіне көп көңіл аударылды.
Уақыт өте келе сыра зауытының өнімді шығару деңгейі өсе бастады. 1996
жылы өндіріс көлемінің ұлғаюы ерекше болды. Осы уақыттан бастап
ұйымдастырушы – техникалық іс-шараларға сәйкес өндірісті жаңарту жұмыстары
белсенді түрде жүргізіле бастады.
Зауыт үшін ең үлкен жетістік болып американдық-технологиялық жаңа
қайнату типтерін цехтарға ендіру болып табылады.
Жаңа қайнату цехының құндылығы өндірістен қара қара металдың шығарылуы
. Олар: жаңа котелдар, сыра трубалары және де басқа да құралдар тот
баспайтын болаттан жасалынды. Бұл жоғары сапалы өнім алуға және өнім
құрамындағы темірді болдырмауға мүмкіндік берді.
Сыра зауытының тағы бір үлкен жетістігі болып тауар саясатының
жетілдіру жолдарының жүзеге асуы, яғни тауар ассортиментінің көбеюі,
сапасының жоғары болуы, бәсеке қабілеттілігі және т.б.
Дайын өнімнің дизайнын және бәсеке қабілеттілігін жақсарту саясатында
1997 жылы германдық фирмамен Кронес келісім шарт жасалынған болатын. Бұл
келісім шарт өнім сапасын арттыруға және таза өнім өндіруге мүмкіндік
туғызды. Осы таңда сыра зауыты таза өнімдер өндіруде. Бұл өнімдер келесідей
сыра және сусындар түрімен анықталады: Жигулевское, Корона Алатау,
Казахстанское, Алатау, Көктөбе, Жигер, Минжилки, Медео,
Шымбұлақ, сусындар: Зеленое яблоко, Малина, Дюшес, Буратино,
Яблоко.
Қазіргі таңда Алматы қаласының №1 сыра зауыты саладағы негізгі
кәсіпорындардың бірі болып табылады және кәсіпорындарда жоғары сапалы өнім
шығаруға барлық жағдайлар жасалынған. №1 сыра зауытының рыноктық
қатынастарға өту тиімділігі ұйымдастырушылық құрылымдар мен маркетинг
қызметінің нарық пен тұтынушылардың талаптарына жауап реакциясы және қайта
құрылуы жеделдігімен анықталады.
№1 сыра зауытындағы маркетингтің төмен тиімділігін жоюды талап ететін
келесі негізгі факторлар бар:
1. Рынок пен рыноктық қатынастар мәдениеті дамуының төмен деңгейі;
2. Сыра зауытының маркетингтік іс-әрекетін жоспарлау мен жүзеге асыру
бойынша тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстардың болмауы;
3. Өндірістік менталитет және маркетингтік тұтынушыға емес, өткізуге
бағдарлануы. Пайда мен өткізуді көтеру немесе ұжымды сақтауға
бағытталған басылымдықтар;
4. Кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізу, нарық коньюктурасын
моделдеумен болжау тәжірибесі және әдістемесінің болмауы;
5. Ақпараттық база дамуының жеткіліксіз деңгейі;
6. Кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен түгел персоналының нарыққа
толассыз бағдарының болмауы.
Маркетингтің төмен тиімділігінің аталған себептермен сыра зауытының
маркетинг іс-әрекеті тиімділігінің өсуін қамтамасыз ету үшін шешуді талап
ететін мәселелер шартталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында өте көп сауда-делдал кәсіпорындары
әрекет етеді және олар ұлттық экономиканың дамуына маңызды роль атқарады.
№1 Сыра зауытының делдал фирмалармен қарым-қатынасына тәуелді еткізуді
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған етіп бөлінеді.
Орталықтандырылған өткізуді ұйымдастыру кезінде асту бір жерде жүреді
немесе өткізуші басқа компаниялар өз жауапкершілігі есебінен дербес заңды
тұлға болып нарықта әрекет етеді. Бұл нұсқаның артықшылығы: компания
басшылығы өткізу үрдісінде үлкен әсер етеді. Жалпы тауар қозғалысы
арналарының негізгі нұсқаларының оң және теріс жақтары 2-кестеде
көрсетілген. №1Сыра зауытының тауар қозғалысын ұйымдастыру келесі суретте
көрсетілген.

№1 Сыра зауытының тауар қозғалысын ұйымдастыру

ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫ
КӨТЕРМЕ БӨЛШЕК

Тарапорллллр

№1 Сыра зауытындағы маркетинг бөлімінің алдына қойылатын талаптардың бірі
тауарды тұтынушыға жеткізіп, оған өткізу. Өндірілген тауарды тиімді
өткізуді қамтамасыз ету үшін №1Сыра зауыты шаралар кешенін жүргізеді.
Өткізудің негізгі түрлерін және әдістерін зерттеп жетілдіру барысында
түпкі тұтынушыға тауарды болашағы мол жылжыту әдістерін табуға және тиімді
бөлшек сауда ұйымдастыруға көмектеседі. Бөлшек саудаға былай деп анықтама
беруге болады:
Бөлшек сауда – тауар не қызметтерді тікелей соңғы тұтынушының жеке
коммерциялық түрде емес пайдалануына әрбір сату әрекеттері. Бөлшек саудасы
тауарды дара тұтыну үшін түпкі тұтынушыға оны сату қызметін орындайды.

2.1 №1 Сыра зауытының тауар ассортименті

Маркетинг жүйесіндегі тауар, тауар өндірушінің сату үшін нарыққа
шығарылатын өнім. Нарық қажеттілігін қанағаттандыру үшінтек кәсіпорынның
өндірістік мүмкіншіліктерін ғана қарастырылмайды, сонымен қатар құралдары
ретіндетұтынушыға бағытталған тауар қасиеттерін маркетинг қызметтерінде
қарастырады.
Тауарлық түрлендіру (ассортимент) ұғымы тауар түрлері деген түсінікке
жақын. Тауар ассортиментінің ауқымы (диапазоны) тауар өндірушінің алдына
қойған мақсатына, яғни №1 Сыра зауытының нарық төңірігіндегі қарым
қатынасының көлемі мен өндіріс қуатының мүмкіндігіне қарай өзгеріп
отыратынын көрсетеді. Өз тауарларын жеткілікті түр-түрі арқылы абырой-
беделін арттыруға тырысып, нарықта қомақты үлес иемденуге немесе нарықтығы
үлесін одан кеңейте түсуге күш салатып кейбір тауарларының пайда
әклмейтінінше онша көңіл бөлмейді. Ал көбірек пайда алу үшін жоғары тауар
түрлерінің шамалы бөлігін ғана иемденеді. Сондықтан нарықта тұрақтану
және ондағы өз үлесін жоғалтпау мақсатымен тауардың түр-түрін, яғни
ассортиментін көбейте түсетін болды.
№1 Сыра зауытының ассортименті құру үшін, аз дегенде мынандай
міндеттемелерді ұстанады: өндіріс, өткізу және экспорт мақсаты жайлы толық
мәлемет алуы; зауыт әрекетінде өндіріс-өткізу стратегиясының орын алуы;
өзінің мүмкіндіктері және шикізаты (зерттеулік, ғылыми-техникалық,
өндірістік, өткізулік) жайлы қазіргі және болашақ кезде анық мәлеметте
болу.
Тауар ассортименті – не қызмет ұқсастығына, не оларды клиенттердің тек
бір тобына ғана сатылатындығына, небір типті сауда орындары арқылы
сатылуына, не бір шектегі бағаның диапазонында сатылатындығына қарай
топталған, бір-бірімен тығыз байланысты тауарлар. Мысалға сыра зауатының
ассортименттік саясаты сыра және алкаголсіз ішімдіктерге бағытталған.
№1 Сыра зауытының тауар ассортименті кеңдік, тереңдік, толықтылығы,
жаңартылу деңгейі, құрлымы бойынша ажыратылады.
Ассортимент кеңдігі дегеніміз ол белгілі бір қолдануға арналған тауар
саны. Мысалы №1 Сыра зауытының кеңдігі 14 түрлі өнімнен тұрады (сыралар,
сусындар, газдалмаған сусындардан тұрады).
Ал ассортимент тереңдігі дегеніміз ол белгілі бір тауардың көрсетілген
түрлерінің саны, әр тауар тобындағы позициялар саны. Мысалы №1 Сыра
зауытының ассортиментінің тереңдігі 10-ға тең, себебі әр сыра және
сусындардың 4-6 шақты түрлері бар.
Ассортимент толықтылығы нақты бір тауар саны мен тиісілі прейскурант
немесе спецификация бойынша берілген тауар санының арақатынасының
арасындағы арақатынасын айтады. Мыслға, спецификация 6түрлі сыраны қамтиды,
ал нақты түрде зауыт 4 түрлі сыра сатады. Яғни, тауар ассортиментінің
толықтылығы 0,66-ға тғең.
Жаңартылу деңгейінде сатуға түскен ассортименттің толық көлемінде жаңа
тауарлар көлемінің салыстармалы салмағы. Мысалы №1 Сыра зауыты 9 түрлі
сыралыр сатады, оның 2-і жаңадан шығарылғын сыралар. Яғни сыра зауытының
жаңартылу деңгейі 0,2-ге тең.
Ал ассортимент құрлымы №1Сыра зауытының бүкіл тауар айналымындағы
Барлық тауардың топтары, топшалары, түрлері соммасының салыстырмалы үлесі.
Егер ассортимент құрлымы тұтынушылар сұранысына сай келсе, онда тұрып
қалған сатылмайтын тауарлаи топтары тұтынушылар қажет ететін басқа
тауарларға жасанды диффицит тұғызады. Өткізуді жақсарту үшін зауыт үнемі
ассортиментіпен жұмысын жүргізуді ұйымдастыруда. Оптималды түрде құрылған
ассортимент қоғамдық өндіріс эффекитивтілігіне, жұмыс күшінің жұмсалуына
және материал шикі заттардың экономдалуына үлкен етеді. Тауар ассортименті
белгілі бір деңгейде өзгеріп отыруы мүмкін, ал белгілі тауарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Сыра зауытының тауар ассортименті
Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілеті
Пассивті стратегиялар стратегиялары
Бағалық стратегиялар маркетингтік
Маркетингтік зерттеулер туралы мәлімет
Шағын бизнесті демеу шаралары
Өңдеуге жаттатын негізгі шикізатты сақтау шарты және сипаттамасы
БК Беккер және К ЖШС компаниясының тауар саясатын талдау
Компания өнімдері жайында
Пәндер