Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе2

Тауар ассортименті3

Жаңа тауарды жоспарлау4

Тауарды тестілеу6

Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі7

Тауар саясатындағы сервис8

Қорытынды11

Пайдаланылған әдебиеттер12

Кіріспе

Әрбір тауар түрлерінің немесе олардың типтік түрлерінің рыноктары қалыптасады. Мысалы, астық рыногы, түсті немесе қара металл, мақта, ет, сүт т. б. көптеген тауар рыноктары болады.

Іс-тәжірибелік маркетингте рыноктың абстракты үғымы мүлдем пайдаланылмайды. Рынок әрқашан нақтылы белгілі тауар түрінде айтылады. Тауар рыноктарының сипаты әртүрлі. Екі бірдей, мүлде ұқсас рынок кездеспейді. Рыноктың әрқайсысы өндіруші мен тұтынушы арасындағы экономикалық байланысты анықтайтын факторлармен сипатталады. Ал ол факторлар әр аймақта әрқалай. Сондықтан кең белгілер ортағын пайдалану арқылы тауар рыноктары топтастырылады.

Рынок дегенімізді қажеттіліктің пайда болуы мен оның шоғырлану ортасы және соның негізіндегі қозғалысқа келетін өндірістің, тауар өткізу жүйесінің, т. б. маркетингтік іс-қимыл, мүдделердің тоғысатын жері деп түсінген дұрыс болады.

Рынокты таңдап алу үшін және оның ерекшеліктерін дұрыс ескеру үшін Рыноктардың топтастырылуы кәсіпкерлік әрекетте маңызды орын алады.

Тауар ассортименті

Тауар ассортиментін жоспарлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші-кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.

Тауар ассортименті - кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық түрлері жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Тауар түрі (автокөлік, трактор, станок, т. б. ) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан тұрады. Мысалы, кәсіпорын тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді делік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т. б. үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және келемімен, ерекше техникалық көрсеткіштерімен сипатталады.

Тауар ассортименті мына көрсеткіштерімен сипатталады: ені, тереңдігі және салыстырмалылығы. Ассортимент ені - ассортименттік топтардың саны. Ассортимент тереңдігі - әр ассортименттік топтағы жайғасым саны. Ассортимент салыстырмалылығы - тұтынушылар көзқарасынан, түпкі қолдануға, тарату арналарына және бағаға байланысты ұсынған ассортименттік топтардың арақатынасы.

Ассортиментті құру арқылы нақты тауарлар түрлері, олардың жеке серияларының мәселелері, "ескі" және "жаңа" тауарлар, "күрделі" және "жәй" тауарлар әрақатынасын анықтауға болады, Ассортиментті құру кезінде баға, сапа, кепілдеме, сервис жайында өзекті мәселелер пайда болуы мүмкін .

Ассортимент құрудың алдында фирма ассортимент қағидасын өңдейді. Ол оңтайлы ассортименттік құрылымы мен тұтынушылардың талаптарын ескеріп, шикізатты, техниканы, қаржы қорларын тиімді қолданып, өнімді төмен шығынмен өндіріп, тауар ұсынысын құруға бағытталады. Ассортименттік қағида көрсеткіштері жүйесімен сипатталады. Олар: тауарлардың түрлері (тұтынушылардың түрлеріне қарай), ассортиментті жаңарту деңгейі мен оның жиілігі, белгілі тауар түріне белгіленген баға денгейі және т. б. Ассортименттік қағиданың мақсаты фирманы нақты түтынушылар сұраныстарының түрлері мен құрылымына сәйкес тауарларды өндіруге бағыттау болады.

Ассортиментті жоспарлау жұмысы қажетті анықтаудан, немесе рынокты зерттеу нәтижесінде өнім туралы негізгі ұғым қалыптасқаннан кейін басталады. Жаңа өнім туралы ойдың пайда болған көзіне қарамай ойдағы өнімнін қажетке сәйкестігін анықтау керек. Кейбір жағдайда жаңа немесе жаңартылған өнімді бар ассортиментке қосу немесе ассортименттегі ескі өнімге айырбастау ғана қажет болады. Ал өндіру үшін жаңа өнім жобасы болмаған жағдайда, сол өнім туралы ойды жобалау-конструкторлық бөлімшелерге жібереді, олар жаңа тауар үлгілерін дайындап, өндірудің алдында оны тексеріп көреді.

Жаңа тауарды жоспарлау

Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:

♦ пайданы өсіруге көмектеседі;

♦ қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қәсиеттері бар;

♦ өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін ;

♦ фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар;

♦ маусымды жұмыс жасайтын фирмалардың шығындарын азайтып, өткізу арналарын жыл бойы тұрақтаңдырады:

• тұтынушылардың демографиялық өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін .

Жаңа тауарды жоспарлау ісі келесі сатылардан тұрады:

1. Идея жинау сатысы жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың үш әдісі бар: ой шабуылы, тауарларды талдау, сауалдама арқылы.

2. Өнімді бағалау сатысында іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін "іріктеу тізімі" қолданылады. "Іріктеу тізімінің" бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері керсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.

3. Тұжырымдаманы тексеру сатысында тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып әлуға деген ынтасы анықталады.

4. Экономикалық талдау сатысында сұраныс болжалданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.

5. Өнімді шығару сатысы идеяны накты іс-қимылға айналдыру деген ұғым .

6. Байқау маркетингісі сатысы дегеніміз өнімді бір, немесе бірнеше таңдаған әймақта өткізіп көру.

7. Коммерцияға енгізу сатысы тауар өміршеңдік кезеңінін еңгізу фазасына сәйкес келеді.

Жаңа тауарды сатып алушылар тұтынушы ретінде мынадай түрлерге белінеді:

• "жаңашыл тұтынушы"- жаңа тауарды қызыға бірінші болып тұтынып, сапасын сынайтын тұтынушылар;

• "жақтаушылар" - тауарды атақты және сән ретінде болуына себепшілер;

• "прогресшілер" - өсу фазасында тауардың өтімін камтамасыз ететін тутынушылар;

• "күмәнданушылар" - жетілу фазасында тауардың өтімін қамтамасыз етуге кешіккендер;

• "кертартпалар" - жаңа тауарды оның дәстүрлі кезінде ғана қабылдайтын тұтынушылар.

Демек, шығарылған жаңа тауарлардың бәріне рынокта сұраныс бірдей болмайды. Жаңа тауардың сәтсіз жолыда болуы мүмкін , егерде ұтымды ерекшеліктері жеткіліксіз болса, дұрыс жоспарланбаған болса, немесе рынокқа шығу мерзімі дәл анықталмаса.

Тауарды тестілеу

Жаңа тәуарлардың сапасы мен сұранысын анықтау үшін тестілеу жүргізіледі. Мысалы, бір жыл ішінде шет елінде бірнеше жаңа тауарлар тестіленеді. Ал оның ішінде тестілеудің нәтижесінде шамамен 40% "сәтсіз" тауарлар болып шығады. Англия. Бельгия, Голландия және Германияда Еуропадағы ең жоғары беделге ие болған төрт тестілеу орталығы орналасқан. Олар неше түрлі тауарларды және кызметтерді тестілеу жұмысын атқарады. Ал дәрежесінің ең күштісі - Берлиндегі «Теst» журналын шығарушы (1964 жылы ФРГ парламенті құрған) тауарды тестілеу орталығы "Stiftung Warentest" болады.

Кейінгі жылдарда бұл орталықтарда негізінде тұрмыстық электроника бұйымдары және де басқа үй тұрмысына қажет бұйымдар тестіленетін болған.

Ол тауарлар 5 балдық шкаласымен бағаланады. Оның белгілері: өте жаксылары "++", жақсылары "+", орташалары "0", нашарлары "-", өте нашарлары "-". Тауарлардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы негізгі белгілері болып саналады.

Кейінгі кезде Ресейде рынокқа ұсынылған шетелдік жаңа тауарларға тестілеу жүргізілетін болған. Тестілеудің қорытындысы тұтынушыларға арналған "Спрос", "Добрые советы" журналдарында жариялануда. Ал бұл журналдар Қазәкстанда да таратылады. Біздін елімізде осыләй тестілеу жүргізілуі тұтынушыларға тиімді және қолайлы болар еді. Бұл халыққа көрсетілген қамқорлық болуымен қатар кәсіпкерлерге де тиімді және өтімді тауарларды тандап алуға көмектесер еді.

Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі

Өнімнің сапасына және бәсекеге қабілеттілігіне қазіргі әлемде барлық фирмалар көп көңіл боледі. Бұл мәселелерге әр елдің экономикалық және әлеуметтік өмірі байланысты. Себебі сапа және бәсекеге қабілеттілігі деген ұғымы елдің, әр өндірушінің тауарлар мен қызметтерді өңдеу, өндіру, өткізу мүмкіндіктерінің жиынтығын анықтаушы көрсеткіш болады.

Сапа дегеніміз ұлттық экономиканың даму серпіні мен деңгейінен бастап әр шаруашылық бірлікте сапаны құру үдерісін басқару мен үйымдастыруды көрсететін синтетикалық көрсеткіші. Нарықтық экономикада өнім сапасы тауар өндірушілерінің рынокта "өмір сүру" шарты болады және де олардың шаруашылық әрекеттерінінің нәтижелілігінің, мемлекеттің экономикалық жағдайының өлшемі болады.

Тауардың бәсекеге деген қабілеттілігі дамыған бәсекелестік рынокта оның коммерциялық табысын көрсететін маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз тауардың рыноктағы табысын анықтайтын тұтыну және құнды (бағалы) сипаттамаларының жиынтығы, яғни бәсекелес ұқсас тауарларды молынан ұсыну кезіндегі бір тауардың басқаларға қарағанда артықшылықтары. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін тек басқа бәсекелес тауар мен салыстырып қана анықтауға болады, сондықтан оны нақты рынокқа және сату уақытына байланыстырып қарастыру қажет.

Өзінің қажетін қанағаттандыру үшін сатып алушыға тек тауарға ие болу жеткілікті емес. Егер ол техникалық "күрделі" өнім болса, онда сатып алушыда оны пайдалану үшін қосымша шығын шығарады (жөндеуге, майлайтын майға және т. б. заттарға) . Сондықтан сатып алушының шығын-дары екі бөліктен тұрады: сатып алу шығындары (тауар бағасы) және тұтынумен байланысты шығындәр (тұтыну бағасы) .

Әдетте тұтыну бағасы сату бағасынан бір шама артық болады (жалпы пайдалану шығындарында көліктің сату бағасы 20 жоғары болмайды, жүк автокөліктікі - 15) . Сондықтан бәсекеге қабілеттілігі мол тауардың тұтыну бағасы төмен болады. Бірақ бұл экономикалық көрсеткіш (тұтыну бағасы) бәсекеге қабілеттілікұ ғымын толық бейнелей алмайды. Бәсекеге қабілеттілік параметрлер саны өнімнің күрделілігіне, түріне, зерттеу мақсатына және т. б. сыркы факторларға байланысты болады.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жұмысы (17-сурет) үзіліссіз және жүйелі түрде, тауардың өміршендік кезеңінің фазаларына сәйкес жүргізілуі қажет.

Тауар саясатындағы сервис

Бәсекелік рынокта сервис дегеніміз өнімдерді тұтынушыға сәту және пайдаланумен байланысты қызметтер жиынтығын қамтамасыз ететін фирманың маркетинг әрекеттерінің қосалқы жүйесі болады. Дұрыс ұйымдастырылған сервис өніммен бірге оның өміршендік кезеңі бойынша лесіп жүреді, өнімнің жақсы тұтынуын қамтамасыз етеді.

Сервис қызметі сатқанға дейін, сатқаннан кейін сервис түріне бөлінеді. Сатканға дейінгі сервис сатып алушыға кеңес беру, өнімді сатуға дайындау, қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, тауарды сату орнына жеткізген кезде пайда болған кемшіліктерді жою жұмыстарын қамтиды. Бұл сервис түрі тегін жүргізіледі. Сатқаннан кейінгі сервистің өзі екі түрлі болады: кепілдемелі және кепілдемеліден кейінгі. Кепілдемелі сервисте белгілі уақыт аралығында сервис тізімінде көрсетілген жұмыстар тегін орындалады. Себебі бұл жұмыстардың және оған қажет қосалқы заттардың құны өнімнің сату бағасына қосылған. Ал кепілдемеліден кейінгі сервис қосымша төлем әрқылы жүргізіледі. Бұл сервис түрінің көлемі және бағасы келісім шартымен анықталады.

Сервис қызметін әртүрлі жүргізуге болады:

♦ өндіруші фирма бөлімшесінде;

♦ жабдықтаушы фирма бөлімшесінде;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясаты
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Алматы қаласындағы 1 Сыра зауытының тауар саясатын жетілдіру
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Ақауларды жөндеуге шығындар
Тауартану туралы түсінікті айқындайтын күрделі мәселелер
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Өнім сапасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz