Интерактивті сабақтар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№1 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Интерактивті сабақтар
Macromedia Flash - интepaктивтiлiгi қoлдayлы құpылғaн вeктopлық
гpaфикa нeгiзiндe aнимaциялaнғaн жoбaлapды құpyдaғы жәнe қoлдaнy кeзiндгi
қapaпaйым, өтe қyaтты құpaл бoлып тaбылaды. Flash cypeтшiлep мeн
дизaйнepлep құpғaн Web-тi aнимaция жәнe дыбыc жoбaлapымeн тoлықтыpyғa
мүмкiндiк бepeтiн идeaл жұмыc инcтpyмeнтi бoлып тaбылaды.
Flash-пен танысуды комплектке кіретін интерактивті сабақтардан бастау
неғұрлым пайдалы. Осылайша, нақты мысалдар жүзінде, төменде көрсетілген
Macromedia Flash 5 (сурет. 1.1), негізгі құралдарымен жұмыс икемділіктерін
игеруге болады.

Сурет. 1.1. Macromedis Flash 5 негізгі
компоненттері.

1. "Құралдар" саймандар тақтасы.
2. "Уақыт шкаласы" уақыт диаграммасы.
3. "Кітапхана" кітапхана терезесі.
4. "Сахна" жұмыс аймағы.

Шолу
Сабақты үйренуге кірісу үшін командасындағы Help (Анықтама) ÞLessons
(Сабақтар) Þ 1 Introduction (Кіріспе) таңдаңыз. Алдарыңызда 1.2 суретте
көрсетілген Flash терезесі ашылады.

Cурет. 1.2. Компоненттер сипатталуы бар Flash терезесі.

Интерфейстің кез келген элементіне курсорды апарып, оның сипатталуын
оқып көруге болады. Оң жақ төменгі бөлікте сурет 1.2 (және сурет 1.1) Flash
–тың негізгі төрт компоненті көрсетілген.
Жұмыс аймағы уақыт диаграммасында таңдалған кадрды бейнелейді. Жұмыс
аймағында бейнелермен жұмыс істеп, фильм құра аласыз.
• Кітапхана бейнелер, батырмалар, фильмдер фрагменттері бола алатын
символдарды сақтау үшін арналған.
• Уақыт диаграммасы уақыт бойынша фильм мазмұнының өзгеру процессін
бейнелейді. Мазмұнды ұйымдастыру үшін деңгейлер қолданылады.
• Toolbox панелінде мәтін мен графиканы құру және өзгертуге арналған
құралдар орналасқан. Құралдар тақтасының төменгі бөлігінде таңдалған
құралдың модификатор батырмалары шығады.
Жұмыс аймағын максималды кеңейту үшін кітапхана, уақыт диаграммасы және
құралдар жиыны терезесін экранның кез келген бөлігіне, соның ішінде қосымша
терезесінен тыс жерге де орналастыруға болады.
Сабақтағы жаттығулар жұмыс аймағында (work area) орындалады. Іс жүзінде
барлық сипатталған әрекеттерді үстелде орындау керек. Қалған жағдайлардың
барлығында интерактивті сабақтардың іс жүзіндегі жұмыстардан ешқандай
айырмашылығы жоқ. Сабақтың келесі бетіне көшу үшін жұмыс аймағындағы оң
жаққа бағытталған бағдаршаны шертіңіз. Кері қайту үшін сол жаққа
бағытталған бағдаршаны шертіңіз.

№2 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Сурет салу және бояу
Бірінші сабақ сурет салу және бояуға арналған. Help (Анықтама) Þ
Lessons (Сабақтар) Þ 2 Drawing (Сурет салу ) командасын таңдаңыз. Сіз 1.3-
суретте көрсетілген Flash программасы терезесін көресіз.

Түзу, тіктөртбұрыш және овал салу
Line (Түзу), Rectangle (Тіктөртбұрыш) және Oval (Овал) құралдары басқа
графикалық программалардағы сияқты қолданылады.
1. Құралдар тақтасындағы Oval (Овал) батырмасын басып жұмыс аймағына
көшіңіз. Овал салыңыз. Түс және бояу жайлы әзірше алаңдамаңыз.Сабақты
келесі бетіне көшіңіз.

Сурет 1.3. Бояу және сурет сабақтың бастапқы терезесі.

Құрал ерекшеленген жағдайда құралдар жиынының төменгі бөлігінде оның
модификаторлары-құралды баптау батырмалары пайда болады.
2. Oval құралын және оның Stroke (Штрихт түсі) и Fill (Бояу түсі)
модификаторларын дайындаңыз. Мысалда көрсетілге овалды салып көруге
тырысайық. Stroke және Fill модификаторларын қолдану үшін сәйкес батырманы
және палитрадағы түсті басыңыз.
3. Жұмыс аймағына көшіп овал салыңыз. Line және Rectangle құралдары да
осылайша жұмыс істейді, тек олардың модификаторлары өзгеше.
4. Сабақтың келесі бетіне көшіңіз.

Сурет. 1.4. Rectangle құралымен жұмыс.

5. Жұмыс аймағына көшіп, мысалда көрсетілген тіктөртбұрыш салыңыз.
Содан кейін жұмыс аймағына оралып, Rectangle батырмасын басыңыз да,
Rectangle Radius (Бұрыштардың доғалдығы) модификатор батырмасын басып,
айналдыру қисығының нүктелер саны ретінде 20 мәнін енгізіңіз.
Pencil құралы
Pencil (Карандаш) құралы кез-келген пішіндегі фигуралар және түзулер
салуға арналған.
1. Pencil құралын таңдаңыз, содан соң Pencil Mode (Карандаш режимі)
модификатор батырмасын басып, 1.5-суретте көрсетілгендей Straighten
нұсқасын тандаңыз.

Сурет 1.5. Кез келген пішіндегі түзулер салу
2. Мысалда көрсетілгендей жұмыс аймағында түзу салыңыз. Flash –тың
сызықтарды қалай түзететініне назар аударыңыз.
3. Pencil құралы арқылы сызылған сызықтар сапасына назар аудармай,
мысалда көрсетілген төртбұрыш және үшбұрышты салыңыз.
4. Pencil mode модификатор батырмасын басып, Smooth (Дөңгелектеу)
нұсқасын тандаңыз және мысалда көрсетілген қисық сызықты бейнелеңіз.
Flash–тың қисықтарды қалай дөңгелектейтініне назар аударыңыз. (сурет 1.6)
5.Pencil mode модификатор батырмасын басып, Ink (Чернила) нұсқасын
таңдаңыз және дәл сол сияқты түзу салыңыз.
Flash бұрынғыдай түзулерді дөңгелектегенмен нәтиже өзгергеніне назар
аударыңыз.

Сурет. 1.6. Кез келген пішіндегі түзулер салу

№3 Зертханалық сабақ
Тақырыбы: Фигураларды бояу және бояумен құю
Brush (Кисть) құралы кәдімгі малярлық кисть сияқты сызықтар
қалдырады.Brush батырмасын басып жұмыс аймағындағы фигураларды бояп
жаттығыныз. (Сурет 1.7)

Сурет 1.7. Бояу үлгілері.
Paint mode (Кисть режимі ) Paint Inside (Ішінде бояу) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет шығармалары арқылы патриотизмді оқыту әдістері
Информатика сабақтарын әзірлеу
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Химияны оқыту әдістемсі
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Оқушыларды оқыту процесінде
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың жүйелік сипаты
Пәндер