Ғылым және мәдениет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ғылым және мәдениет

1. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.

2. Ғылым дәстүрлі мен техногендік қоғамдарда.

Дәріс мақсаты: Ғылым мәдениеттің феномені ретінде қалыптасуына тоқтау. Ғылыми танымның өзгешелігін анықтау. Ғылым және философия, ғылым және өнер, ғылым және қарапайым таным салыстырмалы түрде ерекшеліктеріне тоқтау. Өркениеттік дамудың дәстүрлік және техногендік типтері және олардың негізгі құндылықтарың анықтау. Ғылымдық рационалдықтың құндылығың көрсету.

Негізгі терминдер: ғылым, мәдениет, өркениет, дәстүрлі қоғам, техногендік қоғам, техника, технология, рух туралы ғылымдар, мәдениет туралы ғылымдар.

Негізгі терминдер:

Ғылым - әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

Мәдениет - құндылық, процессуалдық, пәнділік пен нәтиже түрінде анықталған адамзаттың (әлеуметтік) іс-әрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, әлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік және құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық және рухани мақсатты қызметін қамтиды.

Өркениет - қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі және ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.

«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нәтижелерін өзі анықтауға негіздейтін «өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы және еркіндік сәттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ыктимал түрінде автонономды және рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.

Өркениет пен мәдениеттің бағыттырын ажырата білу қажет. Өркениет - құралды болса /нан, күш/, мәдениет - гуманды /адамгершілік пен ақылдың биіктігі/. Өркениетті - былжырақтық, ал мәдениетті - дүниеқорлық бұзады. Мәдениет - даңққа, өркениет - батырлыққа шақырады. Мәдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мәдениет рухани маңыздылығымен ұстемді, ал өркениет - материалдылығымен бағындырады. Мәдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.

Дәстүрлі қоғам /индустриалды қоғамға дейін, примитивті /қарапайым/ қоғам/ - өзінің мағынасында дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануда адамзаттың индустриалды даму кезенге дейін даму сатысын мағыналық тұрғыда қамтитын ұғым. Бәріне ортақ дәстүрлі қоғам туралы теория жоқ. Ол туралы түсінік негізінде қазіргі әлеуметтік-мәдени модельге ассиметриялы түсінік болады; яғни, оны индустриалды өндіріспен айналыспайтын халықтардың өмірінің реалдық фактілерін генерализациялау деген түсінік. Д. қ. экономикасына жаратынды өндіріс тәрізді. Заттық қатынас мүлдем жоқ, әлде азғантай әлеуметтік элитаның жіктік қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Әлеуметтік қатынастын құрылысының негізгі принципі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады, сондай ақ, ол эндогамдық касталардан тұрады. Негізгі әлеуметтік қатынастарды құрастыратын түрі - жабық, бәрінен ақшақталған әлде жабық қауым. Осы жағдаймен мінез-қылықтың дәстүрлі нормаларын қатал түрде ұстану түбінде тұлғаның индивидуалды белсенділігі мен құндылығын жояды. Осының салдары: әлеуметтік жинақтың мүмкіндігін жоққа шығарады; саяси билік бір каста, клан әлде жан ұяның қолында жұмылады; жазбаша өнердің жоқтығы, әлде ол нақты жоғары шинеуніктер мен абыздардын артықшылығы. Сонымен қатар, жазу көбінесе қарапайым тілдермен емес, ерекше жоғары тілдермен дамиды /орта ғасыр Еуропада - латын тілі, Тайяу Шығыста - араб тілі, Арғы Шығыста - қытай тілі/. Сөйтіп мәдениетті ұрпақтарға трансляциялау /жеткізу/ вербальды, фольклор түрінде болған; негізгі әлеуметтік институт - жан ұя. Ұлт туралы қазіргі теорияларда д. қ. деген ұғым кездеспейді, оның орнына «аграрлы» әлде «аграрлы жазбаша қоғам» деген ұғымдар кең қолданылады /Э. Гелнер, Б. Андерсон, К. Дойч/.

Техногендік қоғам /батыс өркениеті/- XV-XVII ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары және осы бәрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі - Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мәдениет матрицасы үш кезеңен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті - техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмілік уақыты - 300 жыл. Өзінің ішкі мәнінде ол агрессивті және мәдениеттің сакраменталды дәстүрін жояды. Дамудың техногендік типі - табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі және адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы әлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам - орталық, активті іс-әрекетті жан, ол өзінің іс-әрекетің сыртқа бағыттайды. Жалпы мәдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.

Техника - адамға қажетті фунциялар мен операцияларды атқаратын жүйелердің элементтерінің аралығындағы қатынастарды түсіндіретін заңдар мен қасиеттер туралы ғылыми білімдермен негізделген көп-түрлі материалды объектілер мен жүйелер. Техниканы басқаша ғылымның «темір» түрде іске асуы дейді.

Технология - адаммен келесіде пайдалынатын қажетті және пайдалы қасиеттері бар, өнімдерді жарататын материалдық процесстер мен операциялардың дәйектілігі.

Рух туралы ғылымдар - универсалды құндылықтар, оның табиғаты мен адам өмірінде көрінісі мен функцияларын, адамдардың индивидуалды және коллективті мінез-құлықтарын зерттейтің гуманитарлық пәндер жуйесі. Рух туралы ғылымдарға қатысты: құндылық теориясы, мәдениет тарихы мен теориясы, жалпы тарих, дін тарихы, философия тарихы, өнер тарихы, саяси және әлеуметтік тарихы, ғылым тарихы, психология, мінез-құлық туралы ғылым.

Мәдениет туралы ғылымдар - адамзат іс-әрекетін негізгі аспектілерінде: пәндік, мақсаттық, процессуалдық және нәтижелік түрде зерттейтің көп-түрлі ғылыми пәндер. Мәдениетті адамның іс-әректінің өнімі бойынша материалды мен рухани деп бөледі; пәндік іс-әрекеті тұрғысында - ол өндіріс, әлеумет, бағдарлама т. б. қамтиды; процесс қасиетіне қарағанда - шығармашылық, репродкутивті, өзгеріс, даму; мақсат тұрғысында - жоғарғы және төмен т. б. болады. Өзінің өзгеше аспкетілерінің біртұтастығында мәдениет адамзат өркениетінің құрылысының негізгі жаратушысы /ежелгі мысыр мәдениеті, Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай мәдениеті мен өркениеті, орта ғасыр еуропа мәдениеті мен өркениеті т. б. /. Мәдениет туралы ғылымдар: археология, мәдениеттану, антропология, тарих.

1. Ғылым өзі көп анықтамалардын иесі, бірақ үш ипостась /қырында/ көрінеді: қызмет түрінде, пәндік сфералардың жүйесі, әлде әлеуметтік институт ретінде. Бірінші түрінде, ол қоршаған ортаның заттары мен құбылыстардың байланысын логикалық тұрғыда тануға бағытталған. Қызмет әлде іс-әрекет түрінде, ғылым мақсаттылық пен шешім қабылдау, тандау, жауапкершілік атқару аланына кіреді. Осы жағдайға В. И. Вернадский назар аударған: «ғылымның негізгі мағынасы тірі адамдардын ғылыми жұмысынан тұрады».

Өзінің екінші мағынасында, ғылым білім жүйесі болып, объективтіліктің өлшеміне сай, шындық пен ақиқаттын көрінісі, автономды позицияны алуға тырысады, саяси және әлеуметтік өмірден өзін босатуға тырысады. Ақиқат - ол ғалымдардын арманы да, мақсаты да, өмірлерінің мәні де, ғылымды құрастыратын элемент және оның негізгі құндылығы.

Үшінші, институционалдық түсінігі бойынша, ғылымды қоғамдық сананың бір түрі деп түсінеді, басқа қоғамдық саналармен /дін, саясат, құқық, өнер т. б. / тығыз қатыста.

Ғылым әлеуметтік институт және қоғамдық сананың түрі ретінде ғылыми-техникалық білімді өндіреді және ғылыми ұжымдар мен ғылыми қоғамдар, жүйе нормалар мен құндылықтар арасындағы байланысты қамтиды. Тек 20 ғ. шіркеу мен заңгер кәсібіне тең ғалым кәсібіде дамиды.

Дж. Бернал ғылым туралы ғылымның салушысы ғылымға анықтама беру үшін келесі жақтарға назар аударуға болады дейді:

1) институт ретінде;

2) әдіс;

3) білім дәстүрінің жинағы;

4) өндірістің даму факторы;

5) адамның дүниеге қатысы және сенім тудырудын негізгі факторы.

Американдық этимологиялық сөздікте ғылымды бақылау, құрастыру, суреттеу, эксперимент пен теориялық анықтамаға қарап бағалайды /бұл операционалдық подход /.

Э. Агаццидің пікірінше, ғылымды нақты объектілердің аймағы туралы теория деп түсіну керек; бұл ғылыми және қарапайым білімдерді ажырату болып табылады, теориялық деңгейді талап етеді.

Сөйтіп, ғылым тек фактілер жиынтығы емес, принциптер болмаса ғылым болмас. Бірақ, бұл екі жақты мәселе, себебі, ғылымның көрсеткіші теориялық, концептуалдық деңгейі. Фактілер тек ғылымның бет жағы.

Қазіргі кезде ғылым әлеуметтік-мәдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің әсерімен компромисстік т. б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына әсер етті, «мәдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мәдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші - қызметтік және технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам және заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылым әлеуметтік-мәдени феномен ретінде адамзат қытынастарының бүкіл сфераларына қатысты. Қазіргі технократтық ғылымдардың максимасы: «Бәрі ғылымды болмау керек, тек ғылыммен тексеріліп, дәлелдену керек». Сөйтіп, ғылым мәдениетте қалыптасқан дәстүрлер, құндылықтар мен нормаларға бағынады. Танымдық қызмет мәдениет болмысына кіреді. Осыдан, ғылымның мәдени-технологиялық функциясы анық, адам материалын өндеу.

Ғылымның мәдениеттік функциясы тек нәтижеге емес, мәдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мәдениеттік функциясы процессуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады. Индивидуалдық таным өзі мәдениетті, қоғамдық түрде өткізіледі. Индивид социализация процесінде дайын әдістер мен құралдарды қолданады. Тарихи тұрғысында адамзат бәріне ортақ тіл, қарулар мен өзгеше анықтамалар, ұғымдарды қолданады. Ғылыми білім адамның қарапайым өміріне толық кіріп, адамдардың санасы мен көзқарастарын қалыптастырып, сөйтіп қоғамдық ортаның қажетті компоненті, сол ортада тұлғаның қалыптасуы айқын.

Ғылым этосы : интеллектуалдық және әлеуметтік жауапкершіліктер туралы мәселе; моральдық және адамгершілік тұрғысында тандау жасау; шешім қабылдауда тұлғалық аспект; ғылыми қоғамда адамгершілік климатты тудыру.

Ғылым қоғамдық процесстердің әлеуметтік меңгеру факторы. Осының бәрі білім беру, тәрбие жүйелері арқылы қалыптасады.

Біліммен тек 6-8 % адамдар айналысады; 20 ғ. аяғында әлемде ғалымдардың саны 5 млн. астам болады; 15 мын ғылыми пәндер қалыптасқан; қазір ғылыми интеграция мен пәнаралық тенденциялар үстемді.

2. Мәдениетті жабық, автономды, тек өзін менгеретін жүйе деп айтуға болмайды, себебі, оның дамуы ішкі және сыртқы, мәдениеттану себептермен негізделеді: экономика, мораль, өнер, құқық, саясат арқылы. Мәдениет пен ғылым аралығындығы қатынас туралы тақырып жалпы және шексіз, оның көп бөлшекті жағы да бар: ғылым табиғи және әлеуметтік өмірдің заңдылықтарын шығарғанда, оларды меңгеретін қажетті негізіне айналады, сөйтіп, қоғамның қажеттіліктеріне әсер етіп, адамзатқа өмірлік стратегияны тандау, мәдени даму жолын іздеуге көмектеседі. Ғылымның осы фунциясын атқару қызметі мүмкін тек негізгі бір себеп арқылы - ғылым мәдениеттін ең жетілген бөлігі болған сон, әлі бәріне жетпеген түрлермен байланысты.

Мәдениеттің ғылымға әсерін дәлелдейтін бір факт бар, әрбір мәдениет ғылымды жаратпайды, мысалы, майя мәдениеті. Ғылымның пайда болуына мәдениеттану негіздер қалыптасқанда қана, мәдениет адамзаттың басқа іс-әрекеттерінің нәтижелерімен қоса /мораль, өнер, дін, техника, экономика т. б. / өзіндік ойлау стильді, дүние бейнесін, танымның стандарттары мен дүниені түсіндіруге ықпал етеді. Мәдениет әр-қашанда ғылымнан объектілердің адекватты /шындық, ақиқат / түрін, деңгейін талап етеді.

Осы нәтижесінде ғылым өзіне деген мәдениеттің әсерін сезеді, қоғамда қалыптасқан мәдени дәстүрге, құндылықтарға, нормаларға арқа сүйейді. Мәдениет ғылымға тікелей емес, астарлы түрде де әсер ету мүмкін.

Мәдениет пен ғылым арасындағы қатынастын механизмі рельефтік түрде техногендік /батыс/ және дәстүрлі /шығыс/ өркениеттерді салыстырғанда айқын.

Батыс өркениеті - бірінші түрде, техногенді өркениет, өзінің бастамасын ежелгі антика кезенінде тауып 17-18 ғғ. Еуропада толық қалыптасып, содан Солтүстік Америкаға, Австралия мен Японияға көшті. Осы өркениет үшін табиғаттын байлығы мен күшін меңгеру сипатты: сыртқы әлем адамның ғылыми-техникалық қызметінің аренасы, табиғатты жаулау мен өзгертуі, құбылыстарды тануда дискурсивтік, логикалық-математикалық подходка негізгі акцент жасау.

Батыс мәдениетінің профессионалдық және басқа сфераларына «жетістік» этикасы сипат, «Мен» және «Мен-еместі» нақты ажырату, тұлғаның индивидуалдылығына, уникалдылығына, қайталанбатындығына акцент жасау. Адам биоәлеуметтік жан, экономикалық және техникалық прогресс арқылы хайуандықтан қазіргі постиндустриалдық денгейге дейін бірізгілік қозғалыс жасады.

Осының бәрі батыс ғылымының принциптарына, оның бағыттары мен ұстанымдарына әсер еткен: ақиқатқа жету түрінде жаналық пен біртуманың құндылығы, техника мен технологияның ғылыми идеяның материализациясы ретінде даму, қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары мәнгі өзгерісті деген идея, жойылмайтын жаңа фактілер мен ескі заңдылықтар арасындағы қайшылықтар, сол себепте жаңа теориялардын қажеттілігі - осылардын бәрі батыс ғылымның қазіргі негізгі нормалары .

Жалпы ғылым адамдары үшін, тек техногендік қоғамның адамдары ғана үшін емес шығармашылық пен индивидуалдылықтың идеалы, иілмелі динамикалық ойлауда сипатты, өзінің ғылыми және қарапайым сананың рефлексиялығы мен бағытында ашық. Батыстын ғылыми ойлауының классикалық түрі бірізгілік, бірсызықты, бинарлық логикамен негізделген, яғни қайшылықты және оның шешімінің бар екенің мойындамау деген.

Түбінде, батыс ғылымының даму тенденциялары оны постнеклассикалық деңгейіне әкелді; яғни, дүниенің ізгіліксіз бейнесіне. Мысалы, плазмадағы ізгіліксіз толқындар, сұйықтық пен газдағы турбуленттік, үлкен ұжымдардың мінез-құлықтары т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мәдениеттау ғылымы
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынысы
Мәдениет құрылымы
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
Ғылыми дүниетану
Мәдениеттану- философиялық ілім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz