Заттардағы магнит өрісі
Заттардағы магнит өрісі
Эксперементтік зерттеулер барлық заттардың магниттік қасиеті болатынын
көрсетті. Егер тогы бар екі орамды қандай да бір ортаға орналастырса, онда
токтардың арасында өзара магниттік әрекет күші өзгереді. Тәжірибе
көрсеткендей, заттарда электр тогы туғызатын магнит өрісінің индукциясы осы
токтардың вакуумда туғызатын магнит өрісінің индукциясынан өзгеше болады.
Біртекті ортада В магнит өрісінің индукция модулі жағынан вакуумдағы В0
магнит өрісінің индукциясынан неше есе өзгеше екенінін көрсететін физикалық
шама магниттік өтімділік деп
аталады:
µ= В В0
Магнит - өтімділігі µ≠1 болатын заттар магнетиктер деп аталады.
Магнетиктер сыртқы магнит өрісінде магниттеледі. Заттардың магниттік
қасиеттері атомдар мен олардың құрамына кіретін элементар бөлшектердің
(электрондар, протондар, нейтрондар) магниттік қасиеттерімен анықталады.
Протондар мен нейтрондардың магниттік қасиеттері электрондардың магниттік
қасиеттерінен 1000 есе әлсіз екені тағайындалған. Сондықтан заттардың
магниттік қасиеттерін атом құрамына кіретін электрондар анықтайды.
Электрондарда электр өрісі ғана емес, сонымен қатар өздік магнит өрісінің
болуы оның басты қасиеттерінің бірі. Электрондардың өздік магнит өрісі
спиндік (spin – айналу) деп аталады. Электрон ядроны айнала өзінің
орбитальді қозғалысы нәтижесінде дөңгелек микро-токтарға ұқсас магнит
өрісін туғызады. Электрондардың спиндік және магниттік өрістері олардың
орбита бойымен қозғалысынан туады да заттың магниттік қасиетінің кең
спектрін анықтайды.
Заттар бір-бірінен магниттік қасиеттерімен ерекшеленеді. Көптеген
заттарда бұл қасиеттер әлсіз. Әлсіз – магниттік заттар парамагнетиктер
(мысалы, алюминий, платина, азот, оттек, вольфрам) және диамагнетиктер
(мысалы, мыс, мырыш, висмут, шыны, инертті газдар, сутек, органикалық
қосылыстар) деп аталатын екі үлкен топқа бөлінеді. Сыртқы магнит өрісіне
кіргізгенде парамагнетиктер олардың өздік магнит өрісі сыртқы өріспен
бағыттас болатындай магниттелсе, диамагнетик заттар сыртқы өріске қарсы
бағытталады.
Парамагнетиктерде µ1, ал диамагнетиктерде µ1, себебі
(парамагнетиктер үшін),
(диамагнетиктер үшін),
мұндағы В0 – вакуумдегі сыртқы магнит өрісінің магнит индукциясы,В –
заттағы сыртқы магнит өрісінің индукциясы, ΔВ – магниттелген дененің магнит
индукциясы.
Пара және диамагнетиктер өтімділігінің бір санынан өзгешілігі өте аз.
Мысалы, алюминийде µ = 1,000023, оттегінде µ = 1,000002, вольфрамда µ =
1,000176, мыста µ = 0,999990, суда µ = 0,999991, висмутта µ = 0,999824.
Парамагниттік заттарды электромагнит полюстерінің арасындағы біртекті
магнит өрісіне орналастырса, олар күшті өріске қарай тартылады (10.49-
сурет), ал диамагнетиктен жасалған заттар өрістен тебіледі (10.50-сурет).
Пара және диамагнетизм сыртқы магнит өрісіндегі электрондық
орбиталардың қасиеттерімен түсіндіріледі. Диамагнетик заттардың
атомдарындағы электрондардың өздік магнит өрісі сыртқы магнит өрісі жоқ
кезде электрондардың орбита бойымен қозғалысы салдарынан туатын магнит
өрісін теңгереді. Диамагнетизмнің пайда болуы электрондық орбитаға әреккет
ететін Лоренц күшімен байланысты. Осы күштің әрекетінен электрондардың
орбита бойымен қозғалысының сипаты өзгереді және магнит өрістерінің теңдігі
бұзылады. Осы кезде пайда болған атомның өздік магнит өрісі сыртқы өрістің
индукциясына қарсы бағытталады.
Парамагнетик заттардың атомдарындағы электрондардың магнит өрісі
толығымен теңгерілмеген және атом өздік магнит өрісі бар кішкентай дөңгелек
токтарға ұқсас болады. Сыртқы өріс жоқ кезде осы дөңгелек микротоктар еркін
(әр түрлі бағытта) орналасқан, сондықтан магнит индукцияларының қосындысы
нөлге тең. Сыртқы магнит өрісінде микротоктар сыртқы магнит өрісінің
бағытымен бағыттас орналасады. Бірақ атомдардың жылулық қозғалысының
салдарынан микротоктар ешқашан толық бағдарланбайды, яғни барлық
микротоктардың бағыты сыртқы магнит өрісімен бағыттас бола бермейді. Сыртқы
магнит өрісінің артуымен микротоктардың бағдарлану эффектісі өседі,
сондықтан парамагнетиктердің өздік магнит өрісінің индукциясына тура
пропорционалдық қатынаста артады. Парамагнетиктердегі толық магнит
өрісінің индукциясы сыртқы магнит өрісінің индукциясы мен магниттелу
процесінде пайда болған өздік магнит өрісінің индукциясының қосындысынан
тұрады. Парамагнетиктердің магниттелу миханизмі полюстік диэлектриктердің
поляризациялану (үйектелу) механизміне өте ұқсас. Заттардың электрлік
қасиеттерінің ішінде диамагнетизмнің аналогі жоқ.
Кез келген заттаың атомдары диамагниттік қасиетке ие. Дегенмен көп
жағдайларда атомдардың диамагнетизмі өте күшті парамагниттік эффектісінен
байқалмай қалады. Диамагнетизм эффектісін 1845 жылы М. Фарадей ашты.
Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар ферромагнетиктер деп аталады.
Олардың магнит өтімділігі
10² – 10 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz