Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
Қазақтың ұлттық аспаптары.
Адырна
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка
аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып,
жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін
бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып
жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті
терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады.
Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен
іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110-
130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас
жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен
әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап
ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде
көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Домбыра
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын
сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән
ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі
үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан
жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге
келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең
шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда,
қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында
кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып,
белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол
тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып
алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш
тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген
фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар
әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында -
Тәбльбасс, Қырғызда Доолбас деп аталады.
Жетіген
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі
музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым.
Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапа йым күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады.
Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында
көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір
сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған
әуен- деседі. Бізге жетіген деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде
жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Жетіген туралы аңыз
Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты
жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп, қарияның үйіне қайғы орнайды.
Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып,
оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші
ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды,
үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”,
бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй
шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті
баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп
дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының
бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты
орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен
жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” - “жетіген”
деген ұғымды береді.
Желбуаз
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел
көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен
жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны
болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге
ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. Желбуаз
аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев Отырар сазы оркестрінде
қолданды.
Қыл қобыз
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен
ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне
қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының
екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және нар қобыз, жез қобыз
деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды.
Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек.
Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында
қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де
айтылады.
Сақпан
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне
музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал
шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл
аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту
үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін
сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.
Шаң қобыз
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық
аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен
тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң
қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені
қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай,
басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге
болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Сыбызғы
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып
табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы
шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал
кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды
айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар
болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен
түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған.
Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау жеңіл болмаған.
Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса,
екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған.
Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай
алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш сыбызғылар да бар.
шертер
Ұран (аспап)
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі
түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Ол - музыка зерттеушісі А. Эйхгонның суреті (1880-шы жылдары оны Қазақтарда
кездестірген) бойынша дайындалған. Түркі халықтарындағы үрмелі аспаптар
ерте кезден келеді. Зерттеушілер үрмелі аспаптардың Орта Азия халықтарынан
шыққандығын мәлімдейді. Ескі үрмелі аспаптардың ойнайтын саңылауы жоқ, олар
тек хабар беру үшін ғана қолданылған. Түтікшеде саңылау пайда болғаннан
бастап, оның техникалық мүмкіндігі анағұрлым өскен.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің
көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған
жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады.
Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі
басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда
қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған.
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.
Қобыз екі шекті 40-қа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz