Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеусауықтыру орындарының сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қарқаралы тауларындағы туристік базалардың және емдеу-сауықтыру орындарының сипаттамасы

Еліміздің орталық аумағын алып жатқан Қарағанды облысында Қарқаралы деп аталатын таулы-орманды оазис бар. Шахтерлар астанасының шығыс қақпасынан шыққан жолаушы сары-жасыл төбелер мен шетіне көз жетпейтін байтақ даланы кесіп өткен асфальт жолды көреді, бұл Сарыарқаның жүрегі - Қарқаралыға алып баратын жол. Бұл жердің еліміздің інжу-маржаны, «Қазақстанның Швейцариясы» атануы тегіннен емес.

Қарқаралы жөнінде өлеңдер мен аңыздар көптен-көп. Қарқаралы таулары мен ормандарының асқан сұлулығы, көкпеңбек аспаны мен тұп-тұнық көлдері, ол жерді мекендейтін адамдар мен жан-жануарлар әлемі алғаш рет осында келген адамды таңғалдырмай қоймайды. Қарқаралы бір сиқыр күш іспетті аймақ, ол кез келген адамды өзіне тартады да тұрады. Сондықтан да, республикамыздың әр аймағынан, тіпті шетелдерден жыл сайын қаншама саяхатшылар ғажайып табиғатты бір көрейін, оның жұпар ауасымен бір тыныстайын деп үздіксіз келіп жатады.

Әрбір дамыған өркениетті халық ықылым заманнан табиғатты аялауды бірінші кезекке қойған. Оны құндақтаулы нәрсетеден кем аяламай, дәл солай күтіп-баптаған. Жер басып жүрген әрбір жан табиғат-ананың қойнындағы топырақ та, өзендер мен ормандар да, көлдер мен өсімдіктер де - бәрі-бәрі өмірдің ұлы құндылығы, тіпті адам баласы үшін ең қымбат нәрселердің бірі деп білген. Сондықтан, адамдар сұлу табиғатты сақтап қалу үшін қорықтар жасай бастаған. Бұл тәжірибе тіпті «қорық» түсінігі пайда болғанға дейін-ақ істеліне бастаса керек. Кезінде Петр бірінші кеме жасау үшін Заонежьедегі орманның бәрін тып-типыл еткеннен кейін Кивач маңайындағы орманға балтамен баруға тыйым салғаны соның бір айғағы.

Сол уақыттардан бері қоршаған ортаны қорғау - адам баласының басты міндеттерінің бірі. Табиғаттың бүлінуі жер бетіндегі жалпы тіршілікке төнген алып қатер еді. Міне, осы жағдай арнайы табиғат қорғау заңдары мен республикалық және жергілікті деңгейдегі қорғауға алынған аумақтардың құрылуына себепкер болды. Елімізде бірқатар аймақтық экологиялық проблемаларды тиімді шешуде халық депутаттары кеңесінің экология жөніндегі депутаттық комиссиясының жиналыстары жақсы рөл атқарды. 1993 жылы осындай жиналыстар барысында табиғатты қорғаудың аса маңызды мәселелерін тез арада жүзеге асыру ісі талқыланып, соның қатарында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағын құру туралы мәселе кеңінен талқыланды.

Сөйтіп, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат саябағы таулы-орманды ландшафттарды және бірегей табиғат құндылықтарын қорғау, туризмді дамыту және халықтың демалыс орындарын жетілдіру мақсатында 1998 жылы құрылды. Оның жалпы аумағы 90 323 га, ол Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында, шахтерлар қаласынан 215 шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі күндері саябақ Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитетінің құзырында. 2005 жылы 19 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №746 қаулысымен бекітілген «Республикалық деңгейдегі ерекше қорғалатын табиғат аумақтары тізіміне» Қарқаралы ұлттық саябағы да кірді.

Ұлттық саябақ аумағы төмендегідей қызмет ету аймақтарына бөлінген:

  1. Қорық аймағы;
  2. Тапсырыс режиміндегі аймақ;
  3. Басқарушы, туристік және рекреациялық пайдалану аймағы;
  4. Шектеулі және дәстүрлі-шаруашылық қызметі аймағы.

Ұлттық саябақта Табиғат жылнамасы бойынша материалдар жинастыру ісі жүргізілуде. Мұнда келген адамдардың жайлы әрі белсенді демалуы үшін басым әрі келешегі мол қызмет түрлері - танымдық-экскурсиялық және спортттық-сауықтыру туризмі болып табылады. Ұлттық саябақтың рекреациялық қызметі мен экологиялық туризмін дамыту жөніндегі картасы дайындалған.

Қарқаралыда «Тасбұлақ» ЖШС, «Жемчужина», «Каскад», «Шахтер» секілді бірнеше демалыс үйлері жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Шапағат», т. б. бірнеше балаларға арналған лагерьлер де бар.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Шахтер» демалыс үйі Қарқаралының таулы-орманды оазисінде, Пашенная өзені жағасында, Қарағандыдыдан 224 шақырым жерде орналасқан. Таңғажайып табиғаты, таудың саф ауасы ертегідей алаңсыз демалысты аңсайтын саяхатшылар үшін таптырмас рахат. Демалыс үйі төрт қабатты екі корпустан тұрады, онда қарапайым, жақсартылған және өте жақсы болып бөлінетін өз бөлмелері бар. Демалыс үйі бір уақытта 350 адамды қабылдай алады.

Демалушыларға көрсетілетін қызмет түрлері де көңілден шығатындай. Атап айтқанда, небір дәмді тағамдар даярлайтын асханасы, қолайлы саяжай аймағы, катамарандары мен қайықтары бар кішігірім айлақ, бар, билеу алаңы, дискотека, бильярд, шашка, шахмат ойнайтын жерлер, т. б. ұсынатын қызметтері бар. Ал спорт сүйер қауым үшін футбол алаңы, волейбол алаңы, теннис корты жұмыс жасайды. «Шахтер» демалыс аймағындағы тау шаңғысы кешені демалушылардың ең қызықты уақыт өткізетін жері. Ал балалар үшін ойнайтын құм, кішкене басқыштар, карусельдер, әткеншек орнатылған арнайы алаңша бөлінген. Экскурсияны жүргізушілер саяхатшыларды маршруттық бағыттар бойынша таулы-орманды оазисті аралатып, талай аңыздарға арқау болған Шайтанкөлді, алғашқы қауымдық адамдар өмір сүрген үңгірді, өлкетану мұражайын, және тағы да басқа ғажайып жерлерді көрсетеді.

Қарқаралыда 6 түрлі туристік маршрут бар: 1 атты, 3 жаяу жүру, 1 шаңғымен, 1 велосипедпен жүру бағыттары. Жоғарыға сәл көтерілсең, қар суымен және жер асты бұлақтарымен толығып отыратын тау көлдерін кезіктіруге болады. Бұл жерлерден желдің, дымқыл судың және тасқынның әсерінен әртүрлі қызықты формаларға түскен тастарды көру қиын емес.

Қарқаралы таулы аймағындағы тағы бір көрнекті жер - «Тас бұлақ» демалыс үйі. Жалпы аумағы 50 гектар жерді алып жатқан ол көптеген саяхатшылардың махаббатына бөленіп үлгерген киелі мекен. Қонақ үйлердің терезелерінен қазақтың ұсақ шоқыларының бір шеті болып табылатын тауларды да, көгілдір айдынды өзенді де, шетсіз-шексіз даланы да көруге болады. «Тас бұлақ» табиғат оазистерінің қайнар көзі іспеттес. Бұл жерде демалып жатып орман ішінде серуендеуге де, көлікпен кең байтақ даланы кезуге де, аң және балық аулауға да және тау шаңғысы трассасында сырғанауға да мүмкіндік жетерлік. «Тас бұлақтың» маңайында саңырауқұлақ көп өседі. Және бұл аймақта саңырауқұлақ маусымы ерте көктемнен күздің аяғына дейін созылады екен.

Демалыс үйіне келген адамдарға тамақты қазақы ұлттық дәстүрлі үлгіде дайындайды. Бұл жердің етінің сапасы басқа ешбір аймақта кездеспейтіндей жоғары деңгейде. Сонымен қатар, демалыс үйі маңайында отыздан астам жеуге жарамды шөптер өседі. Соны етке араластырып қосса, бірегей әдемі дәм пайда болады.

Мұнда саяхатшылардың көңілін көтеретін қызықты ойындар да өтпей қалмайды. Мәселен, жергілікті жас жігіттер ұлттық ойындарды ойнап, ат үстіндегі небір жаттығу тәсілдерін жұртшылық назарына ұсынады.

Қарқаралы өңіріне келген әрбір жан өзіне бұған дейін көрмеген таңғажайып әлем ашады. Енді алдағы уақытта «Тас бұлақ» курорты халықаралық стандарттарға жауап беретін соңғы үлгідегі демалыс орнына айналғалы отыр.

Мұнда бұл күндері көп жерде кездесе бермейтін бірегей орындар салынуда. «Тас бұлақта» Қазақстандағы тұңғыш панорамалық лифт орнатылды. Француз терезелі, жылы еденді әдемі 8 номерлі нысан есігін ашты. Оның бірі жаңа отау құрып жатқандарға арналған. Елімізде әрбір апта сайын 2000 неке қиылады екен, ендеше бұл нысан солар үшін таптырмас орын болары сөзсіз. Бұдан өзге, соңғы үлгідегі мейрамханалар, орман арасында жазғы көңіл көтеру алаңдары, дәмханалар бар. Түгелдей жасыл желең ағашпен көмкерілген бір төбенің етегіне әртүрлі стильде жасалынған алты әңгімелесу орны (беседка) қойылған.

Жоғарыда айтылып өткендей, Қарқаралы таулы аймағында орналасқан бұдан да басқа «Жемчужина», «Каскад» демалыс үйлері, «Жас дәурен», «Шапағат», «Романтик» балаларға арналған сауықтыру орталықтары да «Тас бұлақ» пен «Шахтер» демалыс үйлеріне ұқсас қызмет түрлерін көрсетуге қауқарлы.

Демалушылар мен қонақтар мұнда ХІХ ғасырда бой көтерген әдемі құрылыс нысаны - «Орманшы үйі» мен жақында салынған «Табиғат мұражайын» да тамашалай алады.

Бұлар алыстан келген саяхатшылардың көңілін аулап, ынтықтыру үшін, сонымен қатар, күйбең тірліктен біраз қолдарын босатып, демалу үшін келген адамдардың жандарына дауа, демалыс ұсыну үшін табиғат-ананың өзі сыйлаған құндылықтарды пайдаланып отыр. Сарыарқаның қымбат алтын тәжі атанған Қарқаралы аймағының адам баласына беретін сыйлығы бұдан да көп.

Қарқаралы табиғатының туризмдегі бағалануы

«Атыңнан айналайын, Қарқаралы» демекші, ежелден сұлулығымен әркімді тәнті етіп келген бұл өлке енді Қазақстанның туризм саласын дамытудағы басты көздеген мақсаттардың бірі болып отырғаны рас. Мұнда жер шарының кез келген бұрышынан келген саяхатшыны таңғалдыра алардай, бір көрген адамның екінші рет келуіне себепкер болардай тартымды да таңғажайып жерлер мол екендігін жоғарыда айтып кеттік. Сондықтан да, мемлекет билігі Қарқаралыны үлкен туризм орталығына айналдыру үшін бар күш-жігерін жұмсауда. Егер мұнда туризм жақсы дамыса, ол елімізге ірі көлемде қаржы құйып қана қоймай, Қазақстанды әлемге танытуы ғажап емес.

Қарқаралы атауы бұрынғы қазақ қыздарының басына киген «қарқара» бас киімінің атына байланысты туындаған. Өйткені, бұл жер таулы аймақ болғаннан кейін, көп таулар түрі жағынан қарқара бас киіміне ұқсаса керек. Қарқара әдемі жібекпен, шашақтармен қалай сәнделсе, Қарқаралының таулары да гүлдермен, өзен-көл, ағаштарымен солай сәнделген.

Сондықтан, Қарқаралы үшін туризмнің алар орны ерекше. Біз бұған дейін бұл аймақта әдемі таулар, өсімдік әлемі, жануарлар әлемі, өзен-көлдер бар екенін айтып өттік. Олардың туризм үшін сұранып тұрғанын да тілге тиек еттік. Енді Қарқаралының осы табиғат байлығына жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз. Өйткені, Қарқаралының туризмін дамытса, осы табиғат байлығы дамытары сөзсіз.

Қарқаралының таулары . Олардың көкке ұмтылған көріністері шын әдемі. Иә, алыстан қарап тұрсаң, олар шынымен де құс қауырсынымен сәндеп-әспеттелген ежелгі әйелдердің қарқарасына ұқсап-ақ тұрады. Кейбір қазақ рулары көшпелі заманда сандыққа тағатын үкінің немесе қырғауылдың бума қауырсынын «қарқара» деп айтқан. Қарқаралы оазисіне алғаш келген шетелдік зерттеушілердің бірі - орыс жазушысы Михаил Пришвин, ол мұнда 1909 жылы келген екен. Қарқаралы сілемі үш тау сілемінен тұрады. Бірі - әйгілі Шайтанкөлі бар Бұталы таулары, екіншісі - адам аяғы жете бермейтін Шаңкөз қыраты және Комсомольск шыңы орналасқан Мәтен таулары. Бұталы мен Шаңкөз Қарқаралының солтүстік жағында қатар орналасқан, олардың араларында Кеңдара жырасы жатыр.

Биіктігі жағынан әлемнің көк тіреген шыңдарымен салыстыруға келмегенмен, Қарқаралы таулары сұлулығы мен қайталанбас ғажайыбы тұрғысынан туризм бағытын дамытуға таптырмас өлке екені белгілі. Оның табиғаты, таза ауасы, жануарлар әлемі әдемілік аңсаған саяхатшының көңілінен шығар дүниелер.

Тас сарайлар . Бұлар Қарқаралы қаласынан 2 шақырым жерде орналасқан. Алып тастар адамды жаңбырдан және күн сәулесінен қорғайтындай көмкеріліп, тас қабырға іспетті тұр. Бұл табиғи үңгірлердің ауқымдары да өте үлкен: 8-10 метрді құрайды. Күмбезінің астында домалақ қойтастар бей-берекет шашылып жатыр. Тас сарайлар қаланың солтүстік-батыс жағындағы биіктеу қырқаның үстінде орналасқан. Тас сарайлардың үстінен қараған адамға, шексіз дала көрінісі ашылады: бір жағында - сары толқынды дала, жан-жаққа жөңкілген ирлелең жолдар, келесі жағында - тоғай басқан көгілдір таулар. Тас сарайларға жақын жерде Пересменщик тастақтары орналасқан, олар адам дауысын жеті мәрте қайталайтын акустикасы таза зал сияқты. Нүркен Әбдіров ауылына дейін барсаңыз, ар жағындағы Кент таулары ауданында Қызылкеніш ғажайып сарайының қираған орнын көруге болады.

Әлемде саяхатшыларды тартатын осындай орындар жетерлік. Мәселен, Америкадағы Колорадоны немесе өзіміздің Шарынымызды айтуға болады. Сол секілді Тас сарай көрінісін де осылардың қатарына ұялмай қосып, әлемнің әр бұрышынан туристерді шақыруға әбден болады.

Жерасты бұлақ көздері . Қарқаралы тауларының айрықша белгілерінің бірі осы. Жерасты бұлақтарынан шығып жатқан су тұщы, дәмді және салқын. Солардың ішінде жергілікті халық Суықбұлақтың суын жақсы бағалайды. Бұлақтың түбінен көпіршіктер шығып жатады, бұл ол судың газдалғанын анық аңғартады. Зерттеушілердің айтуынша, бұлақ секундына 0, 45 литр су бере алады. Оның жазғы орташа температурасы + 6 градус. Сол аймақтың көнекөз қариялары қыс мезгілінде қандай аяз болсын бұлақ суының бір температурада болатынын және ешқашан қатпайтынын айтады.

Табиғаты айрықша бұл өлкеде Қарқаралы деп аталатын жан-жағын тоғай басқан өзен бар. Ол өзінің бастауын таулардың солтүстік беткейіндегі адырлар арасындағы екі қайнардан алады. Сол жақ қайнардан Үлкен және Кіші Қарқаралы басталады. Ол Қарқаралы қаласының маңынан өтеді. Оң жақ қайнардан шығатын су жаз кезінде тартылып қалады. Екі қайнардан басталған сулар бір-бірімен қосылып, жоғарыда баяндаған Қақаралы өзенін түзеді.

Комсомольск шыңы маңайынан бастау алатын Кеңгір бұлағы тура шығысқа қарай Қабан өлкесімен ағады. Комиссаровск кентіне жеткеннен соң, оңтүстік бағытқа бұрылған өзен ары қарай Қарасу аталады. 20 шақырымнан соң Қарасу өзені Сұлтанқопа көліне келіп құяды. Сонымен қатар, бұл аймақтағы Қарасор көліне құятын суы мол әрі ағысы қатты Жарлы өзені бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік рекреациялық ресурстар мен Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық орталықтар және емдеу саласындағы туризмнің үлесі
Қазақстандағы туризм
Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын экологиялық туризм бөлігінде дамыту
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытудың табиғи алғышарттары
Қонақ үй шипажайлары
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Экологиялық туризм түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz