Қарқаралыны туристік орталыққа айналдырудың келешегі мен проблемалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қарқаралыны туристік орталыққа айналдыру ісінің келешегі мен проблемалары

Қазақ халқының бағына біткен сұлу да тартымды Қарқаралы таулы аймағын жыл сайын миллиондаған саяхатшылар келіп демалатын туристік Меккеге айналдыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі. Әсіресе, жергілікті билік тарапынан осындай бір талпыныс бар. Күні кеше елордамыз Астана қаласында өткен бүкіләлемдік туристік ұйымдар ассамблиеясы отырысында Қазақстандағы туристік саланы дамытудың көптеген жобалары айтылды. Соның қатарында, көздің қарашығындай сақталынуы тиіс Қарқаралы демалыс аймағы да айтылмай қалған жоқ.

Бүгінде Қарқаралыдағы емдеу-сауықтыру орталықтары мен өзге де демалыс орындарында таулардағы альписнистік маршруттарды қалпына келтіріп, автокөліктерді жалға беру ісін жолға қою мәселесі күн тәртібіне шығарылуда. Шенеуніктердің айтуынша, туризмді қарыштап дамытса, одан мемлекеттің де, жекеменшік иелерінің де ұтары мол. Әзірге Қарқаралының әсем табиғаты аясында 20 шақты демалыс үйлері жұмыс жасап жатыр. Алайда, солардың тек бірнешеуінде ғана шетелдік меймандарды ұялмай шақырып, демалта алатын жағдай бар көрінеді.

Қазіргі күні Қарқаралы тек республикамыз үшін ғана маңызды туристік «Мекке» болып отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, билік өкілдерінің жоспары бұдан да зор. Бірақ, ондай үлкен мақсаттарға жету үшін Қарқаралы таулары мен табиғатын ірі-ірі халықаралық көрмелерге шығарып, тиісті жарнамалар жасау қажет. Бірақ, қазіргі таңдағы шенеушіктердің ең басты міндеті - демалыс үйлеріндегі қолайлылықты жақсарту болып тұр. Бұған бүгінде қаражат та бөлініп қойылған екен. Сонымен қатар, жаңа демалыс нысандарын салуға қажетті қаржы да жеткілікті көрінеді. Демалыс маусымдары саябырсып, саяхашылар қатары азайыған уақыттарда осы нысандарды тезірек тұрғызып алу жоспарлануда.

Жақын келешекте Қарқаралы тауларында бір емес, бірнеше демалыс базаларын салу жобада бар. Жоғарыда айтылып өткендей, егер демалушыларға автокөлік жалға берілетін болса, бұл әлемнің әр шетінен саяхатшылар шақырудың да бір амалы болары хақ.

Жергілікті шенеуніктердің есебінше, Қарқаралыға жолы түскен әрбір турист демалу мен саяхат кезінде кемінде мың АҚШ долларын жұмсап кетеді екен. Егер жыл сайын мыңдаған туристерді тартып, әрқайсысы осындай сомада көк қағаздарын қалдыратын болса, одан мемлекетімізге келетін пайданы есептей берсеңіз болады.

Кәсіпкерлік және өндіріс департаментінің туризм бөлімінің бастығы Әсия Жошинаның айтуынша, қазіргі туристер ағымын 20 пайызға арттыру жаңа 2000 жұмыс орнының ашылуына себепші болады.

Қарағанды облысының әсем курорттық аймағына шетелдік саяхатшыларды тарту үшін ағылшын тіліндегі ақпаратттық белгілерді де көптеп іліп, кәсіби гидтер (жол көрсетуші мамандар ) мен туризм жөніндегі нұсқаушыларды дайындау ісі де шешілуге тиіс мәселелер.

Дегенмен, Қарқаралы аймағындағы демалыс үйлерінің директорларын мазалап жүрген бұл нәрсе емес. Олардың жанына бататын мәселе - қазіргі кездері қыста мұнда адамның көп келмейтіндігі. Сонда бар болғаны, олар жылына жазғы үш айда ғана қарқынды жұмыс істейді.

Ал Қарқаралы ауданының шенеуніктерін басқа бір мәселе мазалайды. Әлбетте, олар аймаққа осындай жақсы назар аударылғанына және туризмнің дамуына қаражат құйылғанына дән риза. Дегенмен, шенеуніктер туризмнің қарыштап дамуы аймақтың әсем табиғатына кері әсерін бере ме деп қауіптенеді.

Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Сержан Аймақов: «Туризм медальдің екінші беті сияқты, қазіргі табиғаты таңғаларлық, ағашы жайқалған саябақтың орнынан 40-50 жылдан кейін асфальт жолдар торлаған демалыс саябағын көргіміз келмейді. Ол бүгінгідей табиғат аясындағы саябақ болып қалуын қалаймыз» деген пікір айтады.

Бүгінгі таңда жалпы Қазақстан аумағын «туристік Меккеге» айналдыру мақсатында елімізде бірқатар іс-шаралар атқарылу үстінде. Солардың бірі - «Менің Отаным - Қазақстан» атты республикалық туристік экспедициясын ұйымдастыру.

Бұл экспедицияның негізгі мақсаты - жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын, арнайы орта білім беру орындарының, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының бірінші, екінші курс студенттерін туризммен айналысудың ұйымдастырушылық формаларына тарту болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туристік сақтандыру қызметінің мәселелері мен даму келешегі
Туристік бизнестің теориялық негіздері және Қазақстандағы даму келешегі
Қазақстанның банк жүйесі: тарихы, қазіргі жағдайы және ХХІ ғасырдағы проблемалары мен келешегі
Фирманың қызметін жоспарлау және қаржылық талдау: Ремолюкс ЖШС мысалында ҚР кәсіпорындарының даму проблемалары мен келешегі
Инженерлік мамандық: ұғымы, жеке және кәсіби сипаттамалары, әлеуметтік мәселелері және қазіргі заманға сай кадрларды даярлау проблемалары мен келешегі
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік-рекреациялық әлеуеті: табиғи ресурстар және даму проблемалары
Орталық Азиядағы интеграциялық процестер: геосаяси және геоэкономикалық мәселелер мен келешегі
Антропология тарихы мен теориясы: мектептер, парадигмалар және келешегі
ҚР коммерциялық банктерінің құрылымы: қазіргі жағдайы мен даму келешегі
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қазіргі жағдайы және халықтың жинақтарын инвестицияларға айналдырудың негізгі механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz