Латиф Хамиди


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Латиф Хамиди

Орындаған: Оңғарбаев А. А.

Хамиди Латиф (1906-1983) - композитор, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетін профессор Б. А. Яворскийдің класы бойынша, Мәскеу консерваториясы жанындағы Татар опералық студиясын бітірген. Л. Хамиди көптеген хорлық өңдеу, әндер, романстар, вальстар жазды, солардың ішінде “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” композитордың атын танымал етті. Ол сондай-ақ, патриоттық, тарихи тақырыптарға да музыка жазды. Композитор шығармашылығының қанат жаюы “Абай”, “Төлеген Тоқтаров” (А. Жұбановпен бірлесіп), “Жамбыл” операларынан да анық байқалады. Хамиди музыкалық мәдениет тарихында қазақтың халықтық музыкасын жинаушы-этнограф және музыкалық, оқулық басылымдардың авторы ретінде қалды.

1933 жылдан Алматы қаласында тұрды, 1934-1935 жылдары қазақ радио хорының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі, 1938-1940 жылдары қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестерінің дирижеры әрі көркемдік жетекшісі.

1940-1942 жылдары қазақтың хор копелласының дирижеры, бас дирижеры және жетекшісі болды. 1942 жылдан Алматы музыкалық училищесінде, ал 1944 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық етті. Шәкіртттері: композитор Н. А. Тілендиев, дирижер Ш. С. Қажығалиев, Ф. Ш. Мансұров, домбырашы Қ. Мұхитов т. б.

20 жылдары ән шығара бастаған Хамидидің есімі 30 жылдары халық арасына кеңінен танылды. Композитор осы жылдары «Бесжылдықтың ерлері», «Қызыл қыран» әндерін жазды. «Отанға ант», «Қазақстан», «Отан» атты вокальдық шығармаларында туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін, қазақтың кең-байтақ даласын, оның сұлу табиғатын бейнеледі. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) жазған патриоттық сезімге, ыза мен кекке толы әндері («Аттаныңдар майданға», «Біз - кеңес еліміз», «8-гвардия дивизиясының әні», «Батыр қыз», «Нұркен») халықты қаһармандық сезімге бөледі. Хамиди қазақ музыкасында тұңғыш вальс эжазған композитор. Оның халық арасына кеңінен тараған «Қазақ вальсі» (1940 ж., сөзі С. Мұқановтікі) мен «Бұлбұлы» (1945 ж., сөзі Баймұханбетовтікі) ТМД елдері, сондай-ақ дүние жүзі сахналарында шырқалды.

Хамиди бұлардан басқа да сазды әуенімен ерекшеленетін вальстар, хорлар, симфониялық оркестрі, халық аспаптар оркестрі үшін камералық-аспаптық шығармалар, спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. Оның Отан, туған ел туралы әндері лирикалық тебіреніске құрылса, бейбітшілік пен тың игеруге арналған әндерінен еңбек пафосы, жеңіс шаттығы еседі. Жас өспірімдер үшін шығарған әндері қазақстандық балалардың шаттыққа толы өмірін паш етеді. 1967 жылы домбыра мен оркестр үшін концерт, «Жарқын жаз» атты хор сиютасын жазды. Хамиди шығармашылы қазақтың профессионалды музыка өнерінің дамуына зор ықпал етті.

«Абай» (1944, А. Қ. Жұбановпен бірге), «Төлеген Тоқтаров» (1947, А. Қ. Жұбановпен бірге), «Жамбыл» (1949) операларын «Жамбыл» мен «Айкүміс» (1946) музыка пьесасын, «Балбұлақ» (1948) опереттасын жазды. ҚазКСР-і мемлекеттік әнұранын (1945, М. Төлебаев, Э. Г. Брусиловскиймен бірге) авторы. Хамидидің «Домбыра үйрену мектебі» (Б. Ғизатовпен бірге), «Дирижерлік етудің негіздері» (Х. Тастановпен бірге) т. б. зерттеу еңбектері бар. ҚазКСР -і мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1978) . 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

1992 жылы республика гимнінің мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт атақты ақын: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаевалар жеңіске жетті. Қазақстан әнұранының әнін алғаш жазған авторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди.

1944 жылы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсының премьерасы болды. 60 жылдан бері ұлы ақынның атымен аталатын опера және балет театры әр маусымын осы қойылыммен ашады. Бұл күн тек табыс қана емес, өнердің ұлттық мерекесі болды. Театр көрерменге лық толды.

Қазақстан Республикасы аумағына бірлесіп «ҚР мерейтойлық және есте қаларлық күндер» көркем пошта маркасы сериясы бойынша кәсіби қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ ССР халық әртісі, композитор, Қазақ радиосының хормейстрі, Құрманғазы атындағы халық аспаптары академиялық оркестрінің дирижері Латиф Хамидидің 100 жылдығына орай көркем пошта маркасы шығарылып айналысқа енгізілді.

Маркалар 4 бояулы офсетті тәсілмен шығарылған. Перфорациясы айдарлы. Таралымы - 5 дана. Суретші: Д. Мұхамеджанов. Маркалар Пекиндегі Пошталық төлемдер белгілерінің фабрикасында (ҚХР) басылып шығарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рамазан Елебаевтың Жас қазақ әнін зерттеу
Қазақ кәсіби музыкасының негізін салушылар
Қазақстанның музыка және балет өнері
А. Жұбановтың шығармашылығы
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
Роза Үмбетқызы - қазақ опера өнерінің майталманы
Ахмет Жұмабаевтың симфониялары
XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның музыка өнерінің дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz