Миф терминінің анықтамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Миф терминінің анықтамасы

Миф – бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі:
1) көне аңыз, әңгіме;
2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез;
3) тарихи – мәдени шартталған айрықша сана күйі.
Адамзаттың негізгі мифтерінің бірі – уақытты цикл ретінде қабылдайтын
мифологиялық санамен байланысты мәңгілік айналымдар туралы миф. Мифошығарма
космогенез ретіндегі мифтің екінші мағынасы - әлемнің хаостан жаралуы. Бұл
космоногиялық мифтерге бастау береді. Олардың басты тақырыбы: қасиетті
(киелі) тарих, дүниенің, адамның және т.б. жаралуы. Әдетте, мифте
жаратылыс уақыты киелі сипатқа ие болады, ол үлгі ретінде құрметтеледі.
Үшінші мағынасына байланысты Миф дүниетанудың алғашқы рационалдық бітімі,
оның бейнелі – рәміздік түсіндірмесі, қайта жаңғыру ретінде анықталады. Миф
өзі пайда болған дәуірдің дүниетүсінуін бейнелейді, ол – адамзаттың рухани
мәдениетінің алғашқы бітімі миф құрылымын Леви – Брюль партиципация деп
атаған. Мифте әрбір обьект, әрбір іс – қимыл басқа обьектілермен, іс –
қимылдармен ұштасып жатады. Адамды бейнелеу – бұл тек қана бейне емес, ол
сол адамның бір көрінісі, оның бір бітімі. Сондықтан бөлшек – бұл тұтастық,
айқындалуының бір тұсы. Дүниеге діни көзқарас және соған сәйкес келетін
дүниетүсіну типі алғашында мифологиялық сана шеңберінде қалыптасады. Алайда
миф пен дін арасында айырмашылық бар. Дін тылсым дүниені, трансцендентіні
Құдай деп таниды, ал мифте табиғи күштерде құдайлық қасиет бар.Миф үшін
(діннен айырмашылығы) табиғат құбылыстары (мыс., Күн) мен мінез – құлық
көріністері (мыс., ашу, ыза) – Құдай. (Күн мен Ашу) мифологиялық бейнелер
субстанционалды сипатта, олар нақты, шындықта бар нәрселер ретінде
қабылданады.Мифке метафорлық ерекшелік құрылым ретінде қабылданады, сонда
миф өзінің сакралды (құпия( мәнінен айрылады. Рәміздік емес шындықтың
бөліктері ретінде қабылданатын бейнелерді тудырады. Миф архайкалық сана
үстемдік еткен дәуірде пайда болады, бірақ кейінгі мәдениеттерде де
жойылмай, сақталады. Әлеуметтік сананың өсуіне орай және адам өзінің
дербестігі мен еріктілігін түсінгенде, яғни адамның табиғи және қоғамдық
өмірмен тікелей тұтастығы бұзылғанда миф өзінің жалпылама құдіретін
(сакралдылығын) жоғалтады.
Мифтің жалпыға ортақ теориясы жоқ. Бірақ мифті түсіндіру мен зерттеу
үзіліссіз жалғасып келеді. Алғаш рет миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол
миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деп санады. Одан кейін 20 ғ. ортасында
бастап миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Э. Тайлор
алғашқы қауымдық мәдениет кітабында мифтер мен діни нанымдар негізінде
анимизм жатады деп жазады. Түс көру,, өлген адамның жаны туралы түсініктер
ежелгі адамды балалық ойларға жетеледі. Г. Спенсер миф таным құралдары
мен мүмкіндігінің шектеулігінен туындағын құбылыстардың сырын қате түсіну
(түсіндіру) деп санады. Дж. Фрейзер үшін миф – магиялық әрекетті ақылға
салып, әдеби тіл арқылы пайымдау. Мысалы, қаратайған көсемді өлтіру
ритуалына құдайдың өлімі туралы миф сәйкес келеді . психологиялық мектеп
пен оның өкілдері в.Вунд, Л.леви – Брюль, З.фрейд, К.Г. юнг
мифошығармаларының негізінде алғашқы қауым адамның дүниені қабылдауының
ерекшеліктері жатыр, ол бір нәрседен туындағын сезімдерді, эмоцияларды сол
құбылыстың немесе нәрсенің өзіне тән қасиет ретінде қабылдады деп санайды.
20ғ. әлеуметтік антропологияда Б. Малиновский мен К. Леви – Строс
теорияларының ықпалы жоғары болды. Малиновскийдің пікірінше, миф –
құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, ол шындық ретінде пайымдалған
сенімнің көрінісі. Миф – бұл белсенді әлеуметтік күш. Леви Строс жеке мифті
емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады.
Мифологиялық ойлау тәсілі ой түйіндеуге, логикалық талдау жасауға
қабілетті. Ол үшін таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде табиғи тілдің
аналогы. Миф семантикасында жұптық (бинарлық) қарама – қарсылықтың : жоғары
– төменгі, өмір - өлім және т.б. маңызы зор. Бұл оппазициялар сананың
түбегейлі қайшылықтарын бейнелейтін – ді, ал Мифологиялық сана оларды
біріктіруге тырысады. 20 ғ. Мәдениетінде миф аса маңызды рөл атқарды: бұл
дәуірдің барлық мәдениеті іс жүзінде мифологиялық болып келеді, бұл
мәдениеттануда жаңа мифологиялық сана (неомифология) анықтамасына ие
болды.
Мифтік әлем

Алчера , Унгуд , Вонджина, бугари, Дема, Куги , Уаропо
және осыларға ұқсас басқа өзгермейтін осындай айтылулар болуы оларды
кәдімгі қарапайым тәжірибе әлеміне және ғажайып әлемге бөлмей, кейбір
австралиялық және папуастық тайпалардың қалай анықтайтынын көрсетеді. Бұл
соңғы көзқарас түземдіктерді қанша қызықтырса, алғашқысыда сонша
қызықтырады. Олардың жанды заттарға және ғажайып фактілерге қатысты өзінің
мифте сенімділігінің айтылуларын тапты.
Осы мифтердің кейбіреулерінің мағынасын талдау алдында , келесі
ескертпелерді жасау болмас. Алғашқы адамдарға байланысты кез келген
зерттеулердегі сияқты сақтықсыз түсініктерді оларға қолданса , талдау
өзінің шын кемшіліктерімен қолайсыз болады.
Мысалы, әлем табиғидан немесе табиғидан жоғары болса бәрі бір біз
үшін – ол ғарыш. Бұл ұғым тәртіп және иеархия идеясын әлемді құрайтын
элементтердің оңтайлы орналасуын өзіне қамтиды, басқаша айтқанда
ұйымдастырылған тұтастықтың қандай да бір идеясын немесе аз ба көп пе тірі
организмдердің сансыз клеткаларының жиынтығын еске түсіреді. Ал,
австриялықтар мен папуастықтардың ғажайып әлемі (бұл жерде табиғат әлемін
айтпағанда) бұл үлгімен құрастырылмаған. Бұл ғажайып әлемде бар екендігін
сезінетін күштер әрқайсысы өздігінен тіршілік етеді. Олардың ықпалын
енгізу, ешқандай өзара мәнсіз жүзеге асырылады. Олар жай ғана қатар өмір
сүреді.
Жіті бақылаушы австралиядағы Спенсер және Гиллен, Жаңа Голандияға
Ландтманмен Вирц және басқаларды алсақ барлығы өзара бір пікірге келіседі:
Төменгі және жоғарғы күштер ара қатынасында ешқандай субординациялар
(кішілердің үлкен қызметтілерге сөзсіз бағынуы)жоқ. Барлық осындай күштер
ретсіз күйде көрінеді.
Мифтік әлемді зерттеу дәлдік қалыпта, тура болу үшін, ретсіздікте
қалуы қажет пе? Олардың арасындағы біршама байланысты, біршама жалпылықты,
біршама тіпте болмағанда сыртқы ұқсастықты , ең өрескел қайшылықты жоюға
тырыспай, кішкене болса да түземдіктерге тиіспейтіндей, тіпті олар
сезбейтіндей бұл зерттеу бір мифтен екіншісіне немесе бір циклден екіншіге
өтуі қажет пе? Зерттеудің мұндай тәрізді үлгісі біздің әдеттеріміздің,
біздің әдістемелік жүйеміздің талабына қайшылығын айтпағанда, ол бізді
жалған нәтижелерге әкелер еді. Мұндай зерттеу мифтерде біз анық
көргендей,жалпылық элементтерді байқамайтындығын, қарастырылмайтындығын
көреміз. Жалпылықтың көзі ретіндегі туысқандықты , өңнің біркелкілігін,
тақырыптардың тұрақтылығын, уақиғалардың жиі ұқсастығын, және де әсіресе
мифтердің ғажайып әсерлі жан ұшыру категориясын әрекетке қосқанда әрқашан
пайда болатын сезім билеуінің біркелкілігін қарастырмаған болар еді.
Басқа жағынан алғанда, австриялықтармен папуастықтардың мифтік
әлемінде өздерінің уақытпен орындарының ортақ жағдайлары бар. Ол – бұл
әлемге таяу келу алдында қарастыруға тиісті тағы бір жалпы элемент.

1. Мифтік кез(уақыт пен кезең)

Алчера, Унгуд, Куги, Дема және т.б. осы сияқты мифтік әлемге
жататын барлық айтылулар қазіргі кезде кездеспейтін тіршілік иелері өмір
сүрген немесе уақыйғалар болған , яғни , бізден өте қашық дәуірді, кезеңді
көрсетеді. Спенсер мен Гиленнің айтуынша алчера деген ең алдымен аса
қашық өткен деген мағынада . Бұл аса қашықтықтағы көне заман , бізден
сонша қашықтығы ол кезеңнің шындығы қазіргіден өзгешелігі өте көп.1 Бұны
Прейс URZEIT деп атайды.
Алғашқы адамдарда белгісіз ұзақтықтағы және өткен кеткен уақыт идеясы
бар ма, жоқ па деген сұраққа келуге болады. Бұл ұғым өзімізге әбден әдетке
айналғаны сонша, ешбір адамгершілік ақыл – ой, одан ешқашан ажырауы мүмкін
емес сияқты.
Негізінде австриялықтар мен папуастықтарда қалыптасқан ұғым өзінің
сонша алшақтығымен де біздікіне ұқсас болып көрінеді.
Бұл түземдіктер, өткенді жүйелі түрде келетін , тіпті уақыт бөлшектерін
құрайтын, ұзақ кезең деп қабылдамайды - дейді Малиновский. Олар тіпті
жақындығымен, әсіре ерекшелігімен қарама – қарсы қойылатын тарихи
уақиғалардың ұзақ – қашықтығын, уақиғалардың аңыздармен мифтер қатарынан
алшақтанған сайын, тарылып онша айқындала бермейтінін, тіпті азда болса,
ұғына алмайды. Біздің қоғамымыздағы элементарлық тарихи ойларға тән
көзқарас түземдіктер үшін тіптен жат. Өткен уақиғаларды айтқан сайын олар
келесі өзгешелікті: яғни уақиғаның өздерінің заманында немесе олардың
аталарының заманында, болмаса басқа әйтеуір – бір заманда болғанын айтады.
Бұл демаркациялық шекарадан тыс барлық өткен уақиғаларды олардың
пайымдауынша бұл ертеде болған немесе бұл тым ертеде болған түсінігі
реттеусіз бір жоспарға енгізіледі. Ешқандай шекарасыз өткен уақиғалар бір
жоспарға енгізіледі: бұл әлдеқашан болған, бұл тым әлдеқашан болған .
Олардың ой - өрісінде дәуірлердің жүйелі ауысып отыратыны жайлы
мүлдем жоқ. Олар үшін өткен зор шым – шытырқ уақиғалар болып табылады.
Оларда әлем мен қоғамның дамуы жайлы ұғыну жоқ, себебі олар артына
үңілмейді, олар жүйелі тізбекті көрмейді, табиғатта да адамзат өміріндегі
қазіргі біздегідей. Діни, әрі ғылыми көзқараста біз жердің кеңейетіндігін
және сонымен қатар адамзаттың өсетінін білеміз. Олар туралы болжауымыз
біздің осы білімімізге функционалды байланысты. Ал, түземдіктер үшін жерде
адамзат ылғи да мәңгі жас күйін сақтайды. Сондықтан түземдіктер алыс не
жақын қашықтықтағы тартуларды хабарлайтын оқиғаларды байыптайтын қандай да
бір үзіліссіз өзгеріп отыратын, дәуірлерге бөлінетін, қоғамдық кезең
орналасу орнын қолдана алмайды.
Олардың мифтік кейіпкері қазіргі сияқты үйлерде тұрады, қазіргі
сияқты тамақпен қоректенеді.
Дегенмен олар үшін миф пен тарих арасында айырмашылық бар. Мифтік
әлемде қазіргі кезде бола қоймайтын әртүрлі оқиғалар ортаның үйлестігіне
қарамай болып тұрады.
Адамдар қазіргі адамдарға қарағанда ерекше қабілетпен өзгешеленген,
тіпті қазіргі адамдардың алғашқылары ондай қабілетке ие болмаған.Мифтік
әлемде адамзат жерден жаралған. Олар жануарларға айналады. Терілерін сыпыру
арқылы әйелдер мен еркектер өздеріне жастықты қайтарады, аспанда қайықтар
ұшады, заттар тасқа айналады т.б.
Одан әріректе Малиновский бұл жерде эволюцияның кез – келген дамуының
жоқтығына көндіреді.
Түземдіктер, расында, жер бетінде адамзат, бау – бақшалар т.б.
болмаған уақыт туралы сөз қылады. Бірақта мұның барлығы аяқталған мағынада:
ешнәрсе өзгермейді және дамымайды деген түрде пайда болады. Ең алғашқы
жерден жаралған адамдар, өз денесіндегі әшекейлерімен және жаңғақты шағып
жеген қалпында пайда болған. Оқиғаның өзі, жерден жаралу фактісі мифтік
болып табылады. Олай болатыны адамзат пен елдер бауырына алатын, қазіргі
кезде орындалмайтын, осыларға жататын фактілер қазірде қандай болса сондай
болған
Сондықтан түземдіктер, жалпы ешқандай ұғынбайтын ұзаққа созылған
тарихи дамудағы мифтік әлем олардың ойына да келе қоймайды. Естеріне
сақтайтын өткен ұзамай –ақ өшіріледі де оның орнына бірден мифтік кезең
келеді. Папуастар мұны тіптен, тура түсінеді- дейді Добу: аралдағы қазіргі
мекендеушілердің төрт бес ұрпағына дейін де мифтік тіршілік иелері болған,
ол кезде де мифтік оқиғалар болып жатқан.
Ол, кезең, қазіргі күндердегі тіршілік иелері мен фактілер пайда
болған уақытқа жатпайды. Басқа бір автордың түсіндіруінше, ондай кезеңдегі
мерзім, уақыттың әлі болмағандағы мерзімі.
Доктор Форчюн, Малиновский ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЛҒАШҚЫ ДІНИ НАНЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МӘНІ
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы
Салыстыру - универсалды әдіс
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Социализм теориясын нақтылау
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Ахмет Яссауи
Пәндер