Туризм инфрақұрылымы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Туризм инфрақұрылымы.
       Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша
2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды,
оның iшiнде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-
профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4
пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35
сауықтыру лагерi, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1
балалар мен жасөспiрiмдер туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай,
2 кесене, 1 туризм жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар,
қолөнершiлер қалашықтары) - 5.
       2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру
орнының 340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i
басқа мемлекеттердiң меншiгiнде болды. 
      Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған
қонақ үйлер басқа санаттарға жатады. 
      Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн
пайдаланудан түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған
кәсiпорындар көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде -
мейрамханалары бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ
үйлер - 1533,3 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк
базалар - 57,7 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен
автотiркемелердi қоюға арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса
алғанда - 0,7 млн. теңге, қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн.
теңгенi құраған (6-қосымша).
      Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат,
санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн
257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда
32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО),
Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы),
"Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы),
"Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi
бойынша 2003 жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8
млн. теңге, 2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге
инвестиция бөлiнген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне
куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және
туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау
көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың
жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек
139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге
тартылған.
      Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына
шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын
(iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын
ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк
орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң
одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады. 
      Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен
базаларын қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы,
сондай-ақ санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық
тұрғыдан тозудың жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.
Автокөлiк саласында
       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N
1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы
автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және
туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар
енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi
түрде пайдаланылып жүр:
     1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
     2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
     3. Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
     4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы;
     5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
     6. Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
      Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың
қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркияның негізгі туризм салаларының дамыған өңірлері
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Сервистік қызметтің туризмдегі рөлі және салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Қазақстандағы туризм саласы
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Ақтөбе облысындағы туризімнің қазіргі жағыдайы және болашағы
Қазақстандағы туризм инфрақұрылымның даму факторлары. Көлік түрлерінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz