Туберкулезге қарсы балалар санаториясындағы балалар
Мазмұны
Кiрiспе 2
1. Әдеби шолу. 5
1.1. Балалар туберкулезiнiң ерте байқалатын түрлерi. 5
1.2. Туберкулезбен ауырған балалардың қолдау емiн санаторияда жүргiзудiң
тиiмдiлiгi. 8
1.3. Туберкулезге қарсы балалар санаториясындағы балалар 12
туберкулезiнiң түрлерi 12
2. Өзiндiк зерттеулер 15
2.1. Зерттеудiң әдiстемесi мен қолданылатын құжаттар. 15
2.2. Өзiндiк зерттеулерге талдау жасау 16
Қорытынды 23
Түйiн 24
Тәжiрибелiк ұсыныстар: 25
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi: 25
Кiрiспе
XXI - ғасырдың қауiптi дерттерiнiң бiрi ретiнде туберкулез ауруының
қазiргi кезде әлеуметтiк - экономикалық маңызы өте зор.
Елiмiз көршi дамыған елдермен терезесi тең мемлекет қатарына келген
шақта, болашағымызғы зор кесiрiн тигiзетiн осы дертпен күрес мәселесi
назардан бiр сәт те қалған емес. Өйткенi, туберкулез көбiнесе елiмiздiң
ертеңi, болашақ ұрпағымыз ( жастарды зақымдайтын болғандықтан, бұл мәселе
әр республика азаматын толғандырады.
Туберкулез ( елiмiзде кең тараған жұқпалы ауру. Әсiресе тұрмыстары
төмен отбасыларда, қажеттi дәрежеде тамақтана алмайтын, әке-шешелерi
жұмыссыз және маскүнем балаларда туберкулез дертiнiң өршiп келе жатқандығы
баршамызға белгiлi. Дегенмен кейiнгi кездерi ДОТС терапиясы бойынша ( 1998
жылдан бастап) жұқтырғыш ауруларды дер кезiнде бактерия бөлуi тоқтағанша
емдеудiң арқасында, туберкулез дертi балалар арасында сәл де болса
бәсеңсiген сыңайлы.
ДОТС стратегиясы кезiнде балаларды ауруы толық жазылып шыққанша емiн
ауруханада бастап, жалғастыру емiн туберкулезге арналған санаторияларда
жүргiзедi. Бұл жұмыста санаториялық емнiң балалар туберкулезiн емдеудегi
маңызы зор. Сонымен қатар, туберкулезге арналған санаторияларда ауруға
бейiм балаларға алдын-ала емдеу, сауықтыру жұмыстары да жүргiзiледi.
1998 жылға шейiн балаларды 7 диспансерлiк топта бақылады ( №590
бұйрық). Кейiнгi кезде ДОТС стратегиясын жүйеге енгiзiлуiне байланысты,
балаларды туберкулезге арналған 3 топта бақылайды ( №555.№371 бұйрықтар).
Осыған байланысты, туберкулезге арналған санаторияларда емделетiн
балалардың да құрамы өзгердi.
Мысалы, қазiр туберкулезден жазылып шыққан балалар бақыланатын 3 б және 7
топтары жоқ. Сондықтан, туберкулезбен ауырып жазылып шыққан балаларға алдын-
алу емдерi жүргiзiлмейдi. Ал, бұл жағдай санаторийде жатқан балалардың
құрамына әсер етедi. Бiрақ ол туралы әдебиеттерде толық мәлiметтер жоқ.
Сондықтан да, бiз осы өзгерiстердi анықтауды өзiмiзге жөн көрдiк.
Жұмыстың мақсаты:
ДОТС стратегиясы бойынша туберкулезбен күресу кезiндегi туберкулезге
арналған санаторийдегi балалардың құрамын анықтау.
Мақсатқа жету жолдары:
1. Туберкулезге арналған санаторийдегi балалардың жасы
мен жыныстық құрамы.
2. Санаторийдегi балалардың ауруларының түрлерiн анықтау.
3. ДОТС стратегиясынан бұрынғы кездегi санаторийде емделетiн балалардың
туберкулезiнiң түрлерiн қазiргi кездегi түрлерiмен салыстыру.
1. Әдеби шолу.
1.1. Балалар туберкулезiнiң ерте байқалатын түрлерi.
Қазiргi уақытта ДОТС стратегиясы кезiнде баларда кездесетiн туберкулез
ауруларының түрi өзгердi. Жалпылама жылма- жыл туберкулез ауруын анықтауға
арналған Манту сынағы мен тексеру жүргiзiлмегендiктен балаларда бұл аурудың
асқынған және ауыр түрлерi жиi кездесетiн болды. Дүниежүзiлiк классификация
бойынша, балаларда туберкулездiң мына түрлерi кездеседi. Олар:
1) өкпе туберкулезi (миллиарлы туберкулез);
2) ауыз қуысының және құлақтың шырышты қабатының туберкулезi;
3) абдоминальды туберкулез;
4) лимфа түйiндерiнiң туберкулезi;
5) бас миы және омыртқа туберкулезi;
6) сүйек және буын туберкулезi;
көз туберкулезi;
8) терi туберкулезi;
9) сирек кездесетiн балалар туберкулезiнiң түрлерi:
- генитальды,
- бүйрек,
- бауыр және көкбауыр туберкулезi.
Медицина саласында көп жылдар бойы жемiстi еңбек еткен
М.Темiрғалиевтiң 1970-1972 жылдар аралығындағы зерттеу жұмыстары кезiнде
“Боровое” санаторийiндегi туберкулездiң әртүрлi түрлерiмен ауыратын 700
жасөспiрiмдердiң ауру тарихтары тексерiлген. Тексеру нәтижесiнде
туберкулездiң мына түрлерi басым болған:
- трахеобронхияльдық лимфа түйiндерiнiң туберкулезi (37,7%);
- инфильтративтi- пневмониялық туберкулез (13%);
Ал, оның iшiнде алғашқы туберкулез комплексi балалар арасында 11,2%
шамасында болған.
Балалар туберкулезiн емдеуде ең маңызды орын алатын сауықтыру
орындарының бiрi, ол- санаториялық емдеу жүйесi болып табылады. Өйткенi
санаторияда ұзақ мерзiмдi емдеу - бақылау кезеңiн жүзеге асыра отырып,
аурудан айығудың басты басты механизмдерi құрылады. Яғни, аталмыш емдеу-
сауықтыру орынында химиотерапиялық әдiстен басқа, арнайы емес жалпы адам
ағзасының жағдайын жақсартатын түрлi табиғи әдiстердi қолданады. Ондай
әдiстердi қолдану арқылы, науқас баланың ағзасының ауруға қарсы тұру күшiн,
яғни, жалпы иммунитетiн көтередi, туберкулез ошағындағы репаративтi
процестердiң жүруiн үдетедi.
Соңғы жылдары 1998 жылдан бастап, ДОТС стратегиясы бойынша
туберкулезбен ауырған балалар ауруханалықнен кейiнгi қолдау емдерiн
балаларға арналған туберкулезге қарсы арнайы санаторийлерде жалғастырады.
Санаторийлiк емдеу жүйесiне балалар көбiнесе мына көрсеткiштерi
бойынша алынады:
- туберкулез виражымен (туберкулез таяқшасының
алғашқы рет ағзаға түсуi);
- гиперергиялық манту сынағы;
- туберкулездi ертерек жұқтырған балалар;
- туберкулездiң белсенсiз түрi;
- ерте және созылмалы туберкулездiк уланулар;
- жанұяда, мектептерде, балабақшаларда туберкулезбен ауыратын
науқастармен қарым- қатынаста болған туберкулезге күдiктi балаллар.
Туберкулездi тек ауруханада емдеу мiндеттi емес. Егер алғашқы рет
туберкулездi анықтағаннан соң, баланың жалпы жағдайы жақсы болса, онда оны
емханалық бөлiмге жiбермей-ақ, бiрден санаторийге ем қабылдауға
бағыттаған жөн. Өйткенi санаторийде оларды күнделiктi бақылауға алып,
тексередi, керегiнше жағдайларына қарай күтiм көрсетiледi. Сонымен қатар,
бұл емдеу-сауықтыру орындарында негiзгi емнiң жалпы тиiмдiлiгiн арттыратын
мынандай шаралар жасалынады:
а) науқас баланың таза ауада мах.түрде болуы;
б) бiркелкi, дұрыс құрылған күнделiктi күн тәртiбi (ұйықтау,
шынығу, еңбек, оқу және демалыс режимдерi);
в) емдiк тамақтану;
г) ағзаны қоршаған ортадағы қолайсыз әсерлерге шынықтыру (су
процедуралары, еңбек және дене жаттығулары);
д) десенсибилизациялық терапияның барлық комплексi;
е) оқу- тәрбиелiк жұмыстары.
Соңғы жылдары туберкулезге арналған санаторийде жататын
балалардың құрамы өзгердi. Халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайының
нашарлауына байланысты, ауылдық жерде тұратын балалар қаражат тапшылығының
салдарынан облыс орталығындағы санаторийлерге жете алмайды. Оларға керектi
дәрежеде толық емдеу, алдын-алу жұмыстары көрсетiлмейдi. Сол себептен
туберкулездiң эпидемиологиялық ахуалы әлi де қауiптi қалпында қалып отыр.

тиiмдiлiгi.
Балалар туберкулезiн емдеуде санаториялық емдеу- сауықтыру
жүйесiн қолданудың маңыздылығы өте жоғары.
Жалпы айта кететiн бiр жайт, соңғы жылдарда балалар туберкулезiн
емдеудегi санаториялық емдеу-сауықтыру жүйесiнiң
алатын орны хақында жазылған мәлiметтер өте аз, тiптi жоқтың қасы.
Бұрынғы авторлардың еңбектерi бойынша жалпы туберкулезбен
науқастанған балаларды бақылауға алғанда, саны жағынан қазақтар-55,5%,
орыстар-31,0%, украиндар-3,9% және басқа да ұлт өкiлдерi-0,6% болған. Қыз
балалар-59,6%, ер балалар саны-30,2% шамасында болған (М.Темiрғалиев,
1978ж). Тексеру кезiнде санаторийдегi жалпы саны 700 науқас баланың iшiнде
жас шамалары бойынша 14-15 жастағылар саны-184, 16-18 жас аралығындағылар-
342, ал 18 жастан жоғарылар саны 171-ге жеткен. Яғни, бұл көрсеткiштер
кеселдiң ересек жасөспiрiмдерде басымдылық танытқанын көрсетедi. Ауру
процессiнiң ұзақтығы 4,8 науқастарда 4-6 айға дейiн, 38,0 науқастар 7 жыл
шамасында, 27,2 –2 жыл, 29,8 –3 жылдан астам уақытқа созылған.
Туберкулездiң ауыр клиникалық түрлерi көбiнесе, қыз балаларда
байқалған. Бiр жағынан, бұл өзгерiстер сол жас шамаларындағы гормональдық
өзгерiстермен байланысты болуы мүмкiн екенiн айта кеткен жөн. Сондықтан
санаторийлiк емдеу кезiнде диспансерлiк бақылауға, негiзiнен, асқынған,
ушыққан туберкулез түрлерiн алатынын байқауға болады.
Санаторийдегi барлық науқас балаларға комплекстi емдеу жұмыстары
жүргiзiлген: комбинирлi антибиотикалық терапия, теңiздерде шомылу( жаз
кезiнде), емдiк дене шынықтыру, қымызбен емдеу және ең соңғысы, ол- әрине,
оперативтi емдеу түрiн қолдану. Комплекстi емнiң әсерiнен 1-2 аптаның
соңында науқастардың көпшiлiгiнiң жалпы жағдайы жақсарып, ұйқысы түзелген
және тамаққа тәбетi жақсарған. Ал, 2-3 айдың аяғында туберкулезбен улану
белгiлерi толығымен жоғалған. Сол жылдары барлық науқас балаларға
қажеттiлiктерiне қарай тiс жегiсiнде (кариес) толық ауыз қуысына толық
санация жүргiзiлген, ал 57 науқасқа- тонзизэктомия жасалған. Мiне осындай
манипуляциядан кейiн, гемограммадағы көрсеткiштер қалыпқа келе бастаған,
тамаққа деген тәбеттерi жақсарып,
денесiне салмақ қосып, туберкулез процессiнiң ағымына оң әсерiн тигiзген.
31 науқастан алынған миндалиналарға микробиологиялық зерттеу жүргiзiлгенде,
оның 12-сiнде туберкулез микобактериясы табылған. Яғни,
бұл көрсеткiштер миндалинаның туберкулез инфекциясының ағзаға кiру- таралу
жолдары болып табылатындығын дәлелдеп отыр.
Комплекстi емнiң тиiмдiлiгi ол науқастың санаторийдегi емделу мерзiмi
мен кеселдiң түрiне және ұзақтылығына байланысты. Егер де өкпе
туберкулезiнде ауру анықталысымен, оны созылмалы түрге жеткiзбей және емдi
анағұрлым ұзақ мерзiмде алса, онда соғұрлым айығу процессiнiң жоғарылауы
байқалады.
Сонымен, толық жазылған 395-бала (52,1% ), ал жағдайы сәл де болса
түзелген 315 (45%) бала болса, ал өзгерiссiз деген нәтижелермен 19 науқас
бала (яғти 2,7%) санаториядан шыққан.
Кейiнгi көптеген ғалымдардың пiкiрiне сүйенсек, науқас балалардың
негiзгi контингентi, жергiлiктi туберкулезге арналған санаторийлерге
жiберiлуi керек. Өйткенi, ол жерлерде операциядан кейiнгi кезеңдегi және де
кеселi алғаш анықталған науқас балаларға көмек көрсетiледi. Сонымен қатар,
өкпе туберкулезiнiң белсендi түрiмен ауыратын науқас балаларға емнiң алдын-
алу курсы жүргiзiледi. Климаттық курорттарға көбiнесе, жергiлiктi жердегi
емнiң оң әсерi болмаған, дәрiлерге керi әсерi бар және спецификалық емес
қосымша мүшелерiнiң аурулары болғанда науқас балаларды жiбередi.
Туберкулезбен науқастанғандарға негiзгi емдеу орталығы санаторий
болғандықтан, ондағы емдеу жұмыстарының сапасы қазiргi заман талабына сай
жоғарғы деңгейде болуы керек.
Бұрынғы әдебиеттерде берiлген мәлiметтерде туберкулезге арналған
санаторийлердегi емделiп жатқан барлық балаларды шартты түрде 4 топқа
бөлген:
1- топқа, белсендi туберкулез процессiмен алғаш анықталғандар,
стационардағы емнен кейiнгi медикаментозды, яғни химиотерапиялық емдi және
табиғат факторларының әсерлерiн керек ететiндер жатады.
2 - топқа созылмалы туберкулез түрiмен ауыратын, қабынуларының
ликвидациясынан кейiнгi кезеңдегi балалар жатады. Сонымен қатар,
туберкулездiң үдемелi емес, яғни бей үдемелi түрiмен науқастанғандар осы
топта емделедi. Туеркулездiң бұндай түрлерiнде баланың оқуға, еңбекке деген
қабiлеттiлiгiн, жалпы жағдайын жақсарту мақсатында емдеу- сауықтыру
жұмыстары жүргiзiледi.
3 - топқа өкпе дыбысының тынуымен сипатталатын белсендi
туберкулез, оның iшiнде туберкулез процессiнiң тұрақтылығында,
стационардағы емiнен кейiн бiрнеше ай өткеннен соң, тиiмдi өткiзiлген
хирургиялық операциядан кейiнгi кезеңдегi науқас балалар жатады. Олар
жалғастыру емдiн, атап айтқанда қалпына келтiру, яғни, реабилитациялық емiн
қажет етедi.
( I, II, V Б диспансерлiк бақылаудағы топтар).
4 - топқа туберкулез поцессiнен кейiнгi қалдық өзгерiстерiмен
(метатуберкулездi синдром), қосымша ауруларымен және интеркуренттi
аурулармен ауырғандар, сонымен қатар, туберкулез процессiнiң үдемелi
түрiмен науқастанған балалар жатады.
Қазiргi кезде, туберкулезге арналған санаторийлердегi емделiп
жатқан балаларды диспансерлiк бақылаудағы 3 - топқа бөледi.
0 (нөлдiк) топ - белсендiлiгi күмәндi, тыныс органдарының
туберкулезi бар науқас балалар жатады. Бақылау мерзiмi нөлдiк топта 3 айдан
аспауы керек. Осы уақыт iшiнде мұқият клиникалық, рентгенологиялық,
бронхологиялық, бактериологиялық тексерiстер жүргiзiледi, сонымен қатар,
санаторияда 2-3 ай бойы химиотерапиялық ем қабылдайды. Химиотерапия
нәтижесiне сүйене отырып, туберкулез процесiнiң белсендiлiгiн анықтайды.
Науқаста белсендi туберкулез бар екендiгi дәлелденген жағдайда, оны
1- бақылау тобына ауыстырады.
1- топ өз кезегiнде 1А және 1Б шағын топтарға бөлiнедi. 1 А шағын
тобына туберкулез алғаш рет анықталған науқас балалар, бұрын нәтижелi ем
жүргiзiлгеннен кейiн процестiң өршуi немесе қайталануы бар науқастар
жатады. 1Б шағын тобына 1А шағын тобында 2 жыл бойы бақылау
жүргiзiлген мерзiмде өткiзiлген ем нәтижелi болмай, соның салдарынан
созылмалы туберкулез процесi түзiлген науқас балалар жатады. Әрбiр шағын
топтарда бактерия бөлушiлердi жеке даралайды.Бұл топтағы балаларға
комплекстi химиотерапия және хирургиялық емнен басқа санаторияда
туберкулездiң инфекция ошағына әлеуметтiк реабилитация және алдын-алу емдiк
курстары жүргiзiледi.
II - топқа тыныс органдарының сырқаты бәсеңдей түскен, белсендi
туберкулезiмен ауыратын балалар жатады. Бұлар 1- топтан ауыстырылған
балалар. Олар жүйелi түрде бақылауда болады, жалпы сауықтыру және емдiк
алдын- алу шараларын жүргiзудi керек етедi.
Аталған топқа енетiн балалар қысқа мерзiмдi, 2-3 айлық
химиотерапиялық курстардан өтедi, емдеу санаториялық жағдайда өтедi.
Процестiң белсендiлiк белгiлерi және ауыртпалық факторлары
анықталмаған жағдайда, туберкулезден кейiнгi аз қалдықты өзгерiстерi бар
науқас балалар II-бақылау тобанда 1 жыл бойы, ал көп қалдықты өзгерiстерi
және ауыртпалық факторлары барлар-2 жыл бойы бақылауда болады.
II - диспансерлiк бақылаудағы топқа тыныс органдарының
туберкулезiмен емделiп жазылған, туберкулез ошағымен қарым- қатынаста
болған (БК+, БК-) және алғашқы рет туберкулез инфекциясын жұқтырған
(туберкулин сынамасының виражы) және гиперергиялық реакциясы бар балалар
алынады.
Туберкулез ошағымен қарым- қатынаста болған БК+ 2жыл,
БК-1 жыл көлемiнде бақылауға алынады. Химиопрофилактиканы тек туберкулездi
жұқтырған балаларға 6-айға жуық мерзiмде жүргiзедi. Ал, екiншiлiк
химиопрофилактика жүргiзiлмейдi. Бұндай балаларға диспансерлiк бақылау
жүргiзудiң мақсаты- емделiп жазылудың тұрақтылығын бақылау, туберкулездiң
қайталануының алдан-алу және оны дер кезiнде анықтау болып табылады. Ал,
виражы бар балаларға химиопрофилактиканы 3 ай бойы өткiзедi (
М.И.Перельман, В.А.Корякин ).
Балалар санаторийiндегi науқас балаларды емдеудегi
терапиялық әдiстерi және емiнiң тиiмдiлiгiнiң критерилерi әр топтағы науқас
балаларда әртүрлi, яғни өзара айырмашылықтары болады.
1.3. Туберкулезге қарсы балалар санаториясындағы балалар
туберкулезiнiң түрлерi
Қазiргi кезде өкпеден тыс туберкулез түрлерiсен ауырған
науқастардың белгiлi-бiр контингентi санаторилiк емге жiберiлуi үшiн,
арнайы анықталып отыр. Сондай арнайы топтар арқылы емдiк сауықтырылуға
сүйек-буын туберкулезiнiң белсендi, қабынған, рецидивтi, үдемелi түрiмен
ауырған әр жастағы балалар жiберiледi. Санаторийде сүйек- буын
туберкулезiмен науқастанған балаларға ортопедиялық, антибактериялдық және
көрсеткiштерi бойынша хирургиялық ем жүргiзiледi.
Туберкулез кеселi бар науқас балаларды емдеуде химиотерапия мен
оперативтi емдеу әдiстерiн қолдану арқасында ауруханадағы емдеу уақыты
қысқарды. Соған байланысты ұзақ және қысқа мерзiмде туберкулездi емдеу
мүмкiндiгi туды.
Ленинград хирургиялық туберкулез институтында жүргiзiлген
зерттеу мәлiметтерiне сүйенсек, өкпеден тыс туберкулездiң барлық түрлерiнде
санаторийлiк емнiң тиiмдiлiгi өте жоғары және ол 61-99% аралығында өзгерiп
тұрады екен. (П.Г. Корнев). Осыған ұқсас мәлiметтердi көптеген авторлардың
еңбектерiнен де байқауға болады. (Т.П.Мочалова, Л.П.Крайзельбурд, және
соавт; А.Л.Шапиро; В.Д.Грунд және соавт. А.З.Соркин; Л.Я.Волович және
соавт. Е.А.Гуз; Т.Н.Захарикова, Д.Ю.Андрияшик; Ф.М.Садило; И.Г.Шеметило;
Л.П.Овсянник, Л.А.Пономарев және т.б. ).
Ленинград хирургиялық туберкулез институтының базалы
хирургиялық орталығы мен көп жылдар бойғы тәжiрибелерi бойынша
хирургиялық емнен кейiнгi кезеңдi санаторлы - климаттық жағдайда
өткiзгенде науқас жағдайының тез түзелетiндiгi айқындалған. (С.А.Коровина;
Т.Н.Захарикова және Д.Ю. Андрияшик; С.А.Чернишев; Т.Д.Гусева; Л.Н.Шлыкова
және т.б.).
Хирургиялық емнiң нәтижесiнiң жоғарғы деңгейде болуы себептi,
санаториялық емнiң жалпы тиiмдiлiгi күннен- күнге артып келедi
(И.Н.Петров).
Несеп-жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен ауырғандар арасында,
белсендi туберкулез процессiнiң прогрессивтi кезеңiнде немесе қабыну және
қабынудың алдын-алуда оперативтiк емнен кейiнгi кезеңде санаторийлiк
емдеудiң маңыздылығы ерекше.
Қазiргi кезде өз уақытында қойылмауы себептi, несеп-жыныс
жүйесiнiң мүшелерiне, көбiне, оперативтiк ем қолданылады. Бұндай комплекстi
емнiң тиiмдiлiгi санаторийлерде 93 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz