Жергілікті қаржылар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

«Қаржы» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы : Жергілікті қаржылар

Тобы: Фин 08-1

Орындаған: Мұсаева Гүлдана

Қабылдаған: Жрауова құралай Серікқызы

Қызылорда 2010 жыл

Жоспар:

Кіріспе . . .

1. Жергілікті қаржылардың экономикалық мәні . . .

2. Жергілікті бюджет кірістері мен шығыстары . . .

3. Қызылорда облысының бюджетінің атқарылуын талдау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті ақшалай қаражаттарының орталықтандырылмаған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айрықша экономикалық формалар арқылы-бюдежеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар: кірістер жергілікті бюджетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар тиісті әлеуметтік қамсыздандыруға бөледі. Кірістер мен шығыстардың құрамымен құралы өзіөзі басқаратын органдармен нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде жергілікті кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады. Жергілікті бюджеттің меншік түсім көздері болып табылатын, меншікті салықтар немесе төлемдер болып табылады. Кірістер мен шығыстардың тәптіштелген тізімі мен топтамасы бюджет жіктемесінен айқындалады. Бюджет-жіктемесі бұл жергілікті қаржы органдарының бүкіл бюджеттік қызметінің негізін қалайтын бюджеттің кірістері мен шығыстарының жүйеленген экономикалық топтамасы. Бюджет жіктемесі экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарлары, болжамдары және бағдарламалары мен байланысты қамтамасыз етеді. Бюджет жіктемесінің бөлім, парагрф, тарау және баптары болады.

Бюджет процесін қарастырғанда, жергілікті органның қаржыландырудың экономикалық нысандарын оңтайлы іріктеу туралы сауалдың алатын орыны ерекше. Оның шешімі бюджетті қалыптастырудың пәтуа үрдісін өтеп алуға берілген. Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту үрдісі, сонымен қатар оны атқару мен атқарылуын бақылау үрдісі процедураның басты мәселесі. Соңғы он жылдықта қазақстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және әлеуметтік негізделген құрлымымен және жергілікті шығыстар көлемімен қажетті нәтижеге қойған жоқ. Негізгі себептерінің бірі ретінде қолданыстағы бюджеттік процедураның әлі де жетілмегенін айта кеткен жөн. «Бюджеттік технологизм» тұғырнамасында процедура мәселесін заңмен реттеу барысында негізгі критерий ретінде бюджеттік процедураның тиімділігін және айқындығын пайдалану маңызды болып табылады. Бұл байланыста бюджет туралы заң жобасын төрт рет қараудан гөрі бір рет бюджет заңын қабылдау өзекті болып саналады, ол үкіметтін экономикалық саясатының сенімді ұйғарымы болады. Мұнда бюджет үрдісіне қатысушыларға қажетті ақпаратты қатамасыз ету сауала туындайды. Қажетті ақпараттың әртүрлі бюджет процедурасының шешіміне әсер ететін дәрежесін есепке ала отырып, бюджет туралы заң жобасымен бір уақытта енгізілген материалдар мен құжаттар тізімдемесін қалыптастыратын амалды өзгерту керек. Бұл бюджеттің мақсаттық параметірін әзірлеуге мүмкіндік береді, яғни оның басымдығын анықтауға және бюджеттің атқарылуын бақылау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.

Бюджетті атқару стадиясы, бюджетті дайындау, қарау және бекіту кезеңдеріне қарағанда, ұзақ уақыт аралығын алады-бір сөзбен айтқанда қаржы жылын. Тағайындалған көлеммен салыстырғанда, бюджеттік қаржыландыру көлемін өзгерту бойынша шешім құжаттық рәсімдеуді және мемлекеттік қаржы бақылау органдарына айтуды қажет етпейді, бұл бақылау процедурасының тиімділігін төмендетеді. Бюджеттік тағайындау өзгергенде, заңмен бекітілген шарттарды сақтамау, бюджеттің орындалуы туралы есеп беруді қабылдамау үшін негіз болмайды. Осымен қатар, атқарушы өкіметке мемлекеттік қаржыларды заңды түрде еркін иеленуге мүмкіншілік туады. Бюджеттік қатынастардағы әртүрлі субъектілердің-атқарушы өкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігі туралы мәселенің реттелмегені бюджеттің атқарылуы кезінде күрделі ауыртпалық болып табылады. Бұл мәселе менің ойымша, жалпы бюджет үрдісін оңтайландыру негізінде шкшілуі керек. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың елеулі ауытқуы кезінде болжамданатын параметрлерден бірқатар істерді алдын-ала қарастыру керек.

1. Жергілікті қаржылардың экономикалық мәні

Жергілікті қаржы- ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.

Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің біріңғай жүйесінде енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.

Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсаздындыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырп отыр.

Нраықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады.

Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік* тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға- жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпымемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.

Жергілікті қаржының әлеуметтік- экономикалық мәні жалпымемлекеттік қаржыға ұқсас.

Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай- ақ мемлекеттің әкімшілік- аумақтық құрылысымен және оның саяси- экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы жергілікті қаржының жай- күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлеуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір жәреде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.

Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пйдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс- шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар көрінісін тапқан.

«Бюджеттік бөлініс» салықтар мен алымдардың әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда, корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылады. Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе- тең бөлінетін болды.

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттілігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аймақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді. 1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер- селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.

Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюы республикалық жіне жергілікті бюджеттердің өзара қатынатарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлкеттік қаржыландыруға және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді.

Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айырықша мәнділікке ие болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі ізделуде.

Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлкеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді.

2. Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары

Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет- Бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жрегілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттерідің экономикалық мәні олардың мынадай арналымдарында корінеді:

билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;

бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының баым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Дүниежүзілік және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік- аумақтық бөліністерді абаттаныру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай- ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30- дан 60 пайызын қайта бөледі және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:

олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады) ;

жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;

тұтынудың қоғамдық қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың және аудандардың бюджеттерін қамтиды. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50 пайыз аралығын құрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын құрайды.

Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:

1. дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру;

2. қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билік пен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дәлелденеді.

Қаржы қатынастарының әкімшілігін жүргізудің қағидаты қаржының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқұрайды бақылауға берілсе, соғұрлым оны орталықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бекітіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықта болатын біріңғай шаруашылық кееннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Аймақтық ұдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңдылықтарымен анықталады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің жай- күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы және аймақ неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдайда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне аймақтардың әлеуметтік- экономикалық дамуының қазіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы аймақтық экономикалық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылған және жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша тұжырымдалады: экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асыраудағы дербестік.

Оперативтік- шаруашылық дербестігі жергілікті буында шығыстардың 50 пайызынан кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бекітіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу «фискалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады.

Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік құрылымдар) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:

1. мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;

2. басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;

3. әлеуметтік шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;

4. биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;

5. билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;

6. мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қаражаттарды жұмсауға бақылай жасаудың нысаны.

Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен жетеді. Бұл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.

Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық шешуде биліктің жергілікті органдарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлееттің жағдайына Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм ұғымның мәні сақталған кезде «фискалдық регионализмге» ауыстырылуы мүмкін.

«Бюджеттік реттеу» аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігімен бері жолымен жүргізіледі. Қазақстанда салықтарды жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты «бекітілген» және «реттеуші» кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей тұрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу процесі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммуналдық заңи тұлғаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік- аумақтық бөліністің меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік- аумақтық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімімен бекітілген әкімшілік- аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады.

Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасуына әсер етіп отыр.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық ситуация: қаржы- бюджет саясаты, өндіріс дамуының аумақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т. с. с. сан алуан факторлар әсер етеді.

«Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне уқсас және мыналарды кіріктіреді:

1. салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері;

2. салықтық емес түсімдер (коммуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің таурлар өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алулар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер) ;

3. жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудын түсетін түсімдер) ;

4. жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергілікті атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептелінеді.

Дамудың қазіргі кезеңінде Қазқстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері (96, 7%) құрап отыр.

Түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 20% құрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың бюджеттерінде әлеуметті- экономикалық қажеттіктерді қаржыландырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық және басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 50 пайызға дейін барады. Бұл мұндай облыстардың салық базасының нашарлығымен байланысты. Бұл жағдайда республикалық бюджет арқылабюджеттік алынымдар мен субвенциялар тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейкесті болып табылады, яғни бұл тетік объективті негізделген жетілдіруді қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Қамтамасыз ету функциясы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Экономикалық дамудағы қаржы
Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz