Адам скелетінің құрылысы


Адам скелетінің құрылысы
Адам скелеті дене мүшелеріне сәйкес топтасып тұлға, қол-аяқ және басқа сүйектеріне бөлінеді.
Тұлға сүйектері омыртқа жотасы мен лөлрек клеткасынан құрылады.
Омыртқа жотасы ұзына бой тізбектеле орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Көкрек клеткасы алдынан төс сүйегі мен, арт жағынан көкірек омыртқалары мен шектелетін 12 жұп қабырғалардан түзіледі.
Қол-аяқ сүйектері өзінің қызметіне қарай еркін қозғалмайтын, еркін қозғалып тұратын сүйектері болып екіге бөлінеді. Қол тоқпан жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Қол бас сүйектерінің өзі білезік сүйектері, алақан және
Саусақ бақайшақтары болып бөлінеді. Иық белдеу жаурын және
буғанақтан еұрады.
Аяқ сүйектері ортан жілік, сирақ сүйектері, аяқ басы сүй-
ектері болып бөлінеді. Аяқ басы сүйектерітоларсақ, табан және
саусақ бақайларынан тұрады. Жамбас белдеуіне екі жамбас
сүйегі мен сегізкөз жатады.
Бас сүйектері филокенетикалық шығу тегіне байланысты өте курделі. Олар негізінде мидың орналасқан сауыты және ас қорту, тыныс жолдарының басталатын жері болып саналады.
Бас сүйектері ми сауыты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді.
Омыртқа жотасы-33-34 омыртқадан түзілген
адам скілетінің негізгі тірегі, оның 24-ші жеке, ал қалғаны біріккен немесе жалған омыртқалар болып саналады. Жеке
жатқан омыртқалар өзара омыртқааралық шеміршектер,
буындар және сіңір байламдары арқылы жалғасқан . Олардың
өздеріне тән ерекшеліктері де болады. Жалған омыртқаларға өзара бірігіп кеткен сегізкөз және құйымшақсүйектері жатады.
Омыртқа жотасы орналасу жағдайына қарай бес бөліктен тұрады: мойын бөлігі -7, көкірек бөлігі-12, бел бөлігі-5, сегіз көз - 5, құйымшақ бөлімі -4-5 омыртқалардан тұрады.
Сегізкөз және құймашақ бөліктерінің омыртқалары бірігіп
әр қайсысыөз алдына сегізкөз және құймашақ сүйектерін
*1*
түзеді
Жеке омыртқалар саны - 24, әрбір жеке омыртқаның алдыңғы толық келген жеріномыртқа денесі арытқы жағынан омыртқа тесігін қоршай жатқан бөлігін доғасы
, ал доғасынан айнала шығынқы жерлерін өсінділері, олардың артқа қарап жатқан тақ өсінділерін бүйір өсінділері дейді.
Блардан басқа омыртқалараралығын бұындастырып жатқан
Жоғарғы және төменгі өсінділері бар. Олар да тақ болып келеді. омыртқа тесіктері бір-бірімен жұлын жататын
Омыртқа каналын түзеді . Оыртқа доғасы мен дөңесімен қосылар жерінде төменгі және жоғарғы ойындылары
болады. Бұл ойындылар омыртқалардың байланысы
нәтижесінде омыртқааралық тесіктер түзеді .
Бұл тесіктерден жұлын нервтері мен қан тамырлары
өтеді .
Мойын омыртқалары . Мйын омырт-
қаларының жалпы көлемі кішкентай, арқа өсінділері қысқа, ұштары екі айырлы келеді. Көлденең өсінділердің
негізінде тесік болады . Олар арқылы омыртқа артериясы
миға өтеді . Осы ерекшеліктері арқылы моиын омыртқа-
ларын басқа омыртқалардан ажыратуға болады.
5-мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің алдыңғы
жағындағы бұдырды ұйқы төмпегі дейді. Оған жанаса ұйқы артериясы миға өтеді. Егер қанды тоқтату керек болса
, төмпектің тұсынан тамырды басып қанды тоқтатуға болады. Мойын омыртқаларының басқа омыртқаларға
қарағанда қозғалу жағдайы молырақ болады. Жұлын
тесгі кең, пішіні ұшбұрышты .
Мойын омыртқалар ішінде 1 және 2 омыртқалардың құрлысы ерекше . Сол себептен 1 мойын омыртқаны ерекше атпен атлант, ал 2 мойын омыртқаны эпистрофей дейді.
1мойын омыртқаның тесігі үлкен болғандықтан ауыз
омыртқа деп те атайды. Ауыз омыртқасының денесі мен
арқа өсіндісі болмайды. Оның орнына алдыңғы, артқы
доғасы және бүйір бөліктері болады. Бұл омыртқаның денесі ұрықтытың даму кезеңінде 2 мойын омыртқаға
көшіп тіс тәрізді өсіндісін түзеді . 1 Мойын омыртқаның
*2*
2 омыртқамен жәнешүйде сүйегімен байланысатын бірнеше
буын беттері болады. Жоғары жағында көбіс тәрізді буын
ойысы шүйде сүйегімен, төменгі жағындағы буын беті 2
мойын омыртқамен жалғасады . Ал атланттың алдыңғы доғасының іш жағындағы буын беті 2 мойын омыртқаның
2 тіс тәрізді өсіндісімен буынды байланыс жасайды.
1 мойын омыртқа бастың шүйде сүйегімен бірге 2 мойын
омыртқаның тіс сәрізді өсіндісінен айналмалы қозғалысқа
келіп отырады . Осы буынды байланыстар арқасында
басты оңға-солға бұруға, алға- артқа июге болады. 2мойын омыртқаның ерекшелігі болып саналатын тіс тәрізді өсін-
дісі, оның үстінгі екі бүйір бөліміндегі буын беті үстіңгі омыртқамен, астыңғы жағындағы жатқан буын беті астыңғы омыртқамен жалғасады. Бұның арқа өсіндісі қысқа, екі айырлы келеді . 7 мойын омыртқаның арқа өсіндісі өте ұзын, сол себепті оны *шығыңқы* омыртқа
деп те атайды . Бұл өсіндісін мойының артқы жағынан
ұстап терінің астыңғы жағын байқауға болады. Сол себептен осы омыртқадан төмен қарай санау жүргізіледі.
Көкірек омыртқалары мойын омыртқаларға қарағанда
Ірілеу жетілген . Олардың әрқайсысына келіп қабырғалар тізіледі . Сол себептен көлденең өсіндісі мен денесінде буын
буын беттері болады . Көлденең өсіндісіндегі буын беті
алдыңғы жағында жатады .
Дене бөлігіндегі жартылытай буын ойыстары
омыртқа жотасын түзе келгенде бір- бірімен қосылып,
бүтін буын ойысын түзеді . Осы екі омыртқа дененің қос-
ылысынан пайда болған ойысқа қабырға басы кіріп орналасқан . Сонымен бір қабырға басы көрші жатқан екі омыртқа денесімен буындасады .
1-11-12 Омыртқалар денесінде бүтін ойыстары болғандықтан оларға өз қабырғалары тікелей келіп байланысады . Осы ерекшеліктермен бірге тағы бір айта кетін жағдай бұл омыртқалардың арқа өсінділері ұзын әрі сәл төмен қарай бағыт алған . Осының нәтижесінде көкірек омыртқаның қималы басқа омыртқаға қарағанда аздау келеді .
Бел омыртқалар бесеу .
*3*
Дене салмағының көбірек түсүіне байланысты жоғарғы жатқан омыртқаларға қарағанда күшті жетілген . Әсіресе
ең соңғы 5 ірілеу . Көлденең өсінділері қабырға қалдығының болуына байланысты ұзындау келеді . Арқа
өсінділері жалпақ, тіке артқа қарап, бір-біріне паралель
жатады . Сол себептен адамның бел бөлігі басқа бөліктерге қарағанда қозғалғыш келеді .
Сегізкөз сүйегі сегізкөз омыртқаларының
Бірігу нәтйжесінде пайда болады . Сырт пішіні үш бұрышты келген . Жоғарғы жағы кеңейіп, 5 бел омыртқасымен төменгі жағы сүйірленіп құйымшақ омыртқасына байланысады . Бүйір бөліктерінде екі жамбас сүйектерімен буындасатын құлақ қалқаны тәрізді буын беті
болады . Сегізкөз сүйегінің алдыңғы бетінде омыртқа денелерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған көлденең сызықтар жатады . Артқы жақ бет өсінділерінің бірігуі нәт-
ижесінде будырлы келеді . Сегізкөз сүйегінің ортасымен ұзына бой төмен түскен будырын ортаңғы будыры дейді . Ол арқа өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болған .
Оның екі жағында өсінділердің бірігуі нәтижесінде пайда
Болған буын будырмағы, ал оның екі жағында көлденең өсінділердің бірігуі нәтижесінде пайда болған бүйір қалыңы жатады . Сегізкөздің ішінде каналы бар . Оның алдыңғы жағы және артқы бетінде нервтер мен қан тамырлары өтетін тесіктері болады . Сол себептен бұл сүйекті сегізкөз
деп атайды . Сегізкөз құрлысында жыныстық айырмашылық байқалады . Ер адамда сегізкөз ұзындау, әрі жіңішкелеу, ал әйел адамда жалпақ, әрі қысқа болады .
Құйымшақ омыртқаларының өсінділері жойылып, омыртқа денесі ғана сақталған 4-5 қалдық
омыртқалардың біреуі нәтижесінде пайда болады . Бұл
жануарлардың құйрық бөліміне сәйкес келген қалдық омыртқалар . Сондықтан олардың өсінділері жоғалып,
домалақ келген сүйекшелерге ұқсайды .
*4*
Көкірек клеткасы ал дыңғы жағынан төс
сүйегіне, артжағынан көкірек омыртқаларына жалғасқан .
Бұл 12 жұп қабырғадан түзілген . Көкірек клеткасының жоғарғы жиегін 1 көкірек омыртқасы, 1 қабырға, төс тұтқасы қоршап жатады . Бұл жиектің алдыңғы жағыы арт жағына қарағанда төмендеу келеді . Көкірек құысынан
төменгі жиегін 12 көкірек омыртқасы, төменгі қабырғалар, шеміршек бөліктері және төстің семсер өсіндісі жиектеп жатады . Көкірек клкткасының іші әр түрлі болып келеді . Оның жыныстық және жастық ерекшеліктері болады . Көкірек құысында негізінен жүрек пен өкпе орналасқан . Қабырға шеміршектері көкірек клеткасыны серпімділік қасиет береді . Көкірек клеткасының жалпы сырт пішіні конус тәріздес, оның мұндай пішінде болуықолдың еңбек құралына айналуына байланысты . Ал жануарлардың көкірек клеткасының пішіні өзгеше, екі бүйірінен қысынқы келеді . Жаңа тұған баладан да осыны байқауға болады . Сондықтан олар жиі тыныстап, қысқа дем алады . Өсе келе көкірек клеткасы дөңгелене бастайды . Оның жақсы дамып, дұрыс жетілуі үшін балаларды дене тәрбиесімен шұғылдандыру керек . Рахит аурумен ауырған
балардыдың көкірек клеткасы алдына қарай шығынқы
«құс көкіректі келеді » . Ересек адамда жалпы көкірек пішіні физиалогиялықжетілу жағдайына байланысты болады . Ал кәрі адамның ет системасының нашарлауына байланысты
төмен түсіп кішірейе бастайды . Әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда көкірек клеткасы қысқалау келеді .
Қабырға құрлысы . Бұл жаққа иіліп келген 12 жұп сүйектерден түзілген . Жеке қабырғаның құрлысына келсек, оның орта жерін қабырға денесі дейді. Ал алдыңғы және артқы бөліктері қабырға ұшымен аяқтал-
Ады . Арт жағындағы сәл жұандап келген қабырға басы омыртқа денесімен жалғасады . Қабырға басынан кейінгі сәл жіңішкеріп келген жерін қабырға мойыны, одан кейінгі дөңесті қабырға бұдыры дейді .
Қабырғалардың төменгі жиегі жоғарғы жиегіне қарағанда өткірлеу болады .
*5*
Төменгі жиегінің ішкі жағымен өтетін қабырға сайы арқылы қан тамырлары мен нерв талшықтары
Әр қабырға өзіне сай омыртқалармен екі буын жасап қабырға басы омыртқа денесімен, ал қабырға бұдыры омыртқаның көлдынең өсіндісімне қосылған .
Әр қабырғаның алдынғы бөлігі шеміршек арқылы төске жалғанған .
Қабырғалардың тікелей төске байланысатын
Жоғарғы жетеуін «нағыз қабырғалар » деп атаса, қалған
бес қабырғаны «жалған қабырғалар » дейді .
Соңғылардың үшеуі шеміршектер арқылы өзара бірігіп барып 7қабырғаның шеміршегі арқылы төске жалғасады .
Ал 11 және 12 қабырғаларда «бос қабырғалар» дейді .
Әр қабырғаның өз құрлысына қарай айырмашылығы да бар .
Төс сү йегі жалпақ келген сүйек, ол 16 жасқа дейін төс тұтқасынан, төс денесінен және семсер өсіндісінен тұрады . Төс тұтқасынң үстінде мойындық орналасқан .
Екі жағында бұғана және 1 қабырғамен байланысатын ойындылары бар . Төс тұтқасы мен денесі нің қосылар жерінде 2 қабырға, ал одан төмен қарай 3-ден 7-ші қабырғаларға дейінгі буын ойындыларын түзіп, қимылды
байланысын жасайды .
Тұлға сүйектерінің байланысы . Тұлға сүйектері өзара қимылды және қимылсыз байланыстар жасайды . Омыртқа жотасының бас сүйектері мен байланысуын шүйде- атлант буыны дейді . Бұл эллипс тәріздібуындар қатарына жатады . Ал атлант пен эпистроф
омыртқаларының арасында үш түрлі байланысты буындар бар . Оның екеуі осы омыртқаның астыңғы және үстіңгі буын беттерінің байланысынан пада болса, үшінші буындасуы 1 омыртқаның алдыңғы доғасымен 2 омыртқаның тіс өсіндісінің арасында пайда болады . Омыртқааралық шеміршектер бір омыртқа денесінің астыңғы бетін екінші омыртқа денесінің үстіңгі бетімен байланыстырып отырады .
*6*
Олар жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі . Омыртқа аралық шеміршектер омыртқа жотасына серпімдік әрі
Еркін қимылды қасиет беріп, дененің қимылын артырады . Сонымен бірге жүргенде, жүгіргенде, секіргенде омыртқаның бір -біріне түсетін салмағын баяулатады . Омыртқалардың буын өсінділері өзара байланысып буын түзеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz