Бұлшық ет, оның қасиеттері және жұмысы


Бұлшық ет, оның қасиеттері және жұмысы.
Жануарлар үнемі механикалық қозғалыста болады. Жануарларды механикалық қозғалысқа түсіретін бұлшық ет болып саналады. Атап айтқанда бұлшық еттің жиырылуынан жануарлар механикалық қозғалысқа түседі. Бұлшық еттің жиырылуы жануарлар денесіне қажетті жылуды қамтамасыз ететін болса, әрі қарай химиялық энергия жылулық немесе электр энергиясына емес, бірден механикалық жұмысқа айналдыратын құрал болып саналады. Бұл кезде химиялық энергия жылулық немесе электр энергиясына емес, бірден механикалық энергияға айналады. Жануарлар организмінде болатын бұл процестің құпиясын ашу техникалық тұрғыдан алып қарағанда да өте маңызды болып табылады. Бұл құбылысты шешу (яғни химиялық энергияны бірден механикалық энергияға айналуы) жаңа типті двигательдер ойлап табуға мүмкіндік береді.
Бұлшық еттің бірнеше түрі бар. Соның бірі - қаңқаға жабысып тұратын бұлшық ет. Сүйекке жабысып тұратын бұлшық етті орталық жүйке жүйесі бақылап отырады. Бұлшық ет көптеген шоқ талшықты еттерден, әрбір шоқтың өзі көптеген талшық еттерден тұрады. Талшық еттің құрамында созылған көп ядролы клеткалар болады. Оны ерекше қабат қоршап тұрады. Оны сарколема деп атайды. Бұлшық етті құрайтын талшықтардың арасында қан жүретін капиллярлық «ыдыстар» орналасады. Бұлшық ет талшықтардан тұрады. Ал талшықтардың ішінде созылған малекулалық құрылым - миофибриллалар болады. Молекулалық тұрғыдан алып қарағанда сүйек бұлшық еті тәртіпті орналасады. Айталық, сарколеманың қалыңдығы 200 · 10ˉ¹º метрге тең. Оның сыртын колланен талшықтары қаптап тұрады.
Бұлшық етті сүйектен бөліп алып, оны жан-жақты зерттеуге әбден болады.
Бұлшық етті физикалық дене деп қарастырсақ онда ол серпімділік, созылғыштық, тұтқырлық релаксация тәрізді механикалық қасиеттерге ие болумен қатар, жиырылғыштық және қозғыштық тәрізді биологиялық қасиеттерге де ие.
Бұлшық етке күшпен әсер етіп оны созғанда, оның серпімділік қасиеті білінеді. Бұлшық ет созылуының шамасы Гук заңымен анықталады:
F/S=E(Δl) /l
Мұндағы l - бұлшық еттің бастапқы ұзындығы, Δl - бұлшық еттің абсолют ұзаруы, Ғ - әсер етуші күш, S - бұлшық ет көлденең қимасының ауданы, Е - серпімділік модулі.
Бұлшық етке күш әсер етуін тоқтатқаннан кейін ол бұрынғы қалпына қайтып келеді. Оның бұл қасиеті каучукке ұқсайды.
Каучуктің де, бұлшық еттің де серпімділік модульдері шамалас, атап айтқанда E=98, 1·10 Па тең. Бұлшық ет созылғанда кристаллизациялық жылу бөлінеді де, бұлшық ет қызады. Мұндай қасиет каучукте де байқалады. Күш әсер етуін тоқтатқаннан кейін бұлшық ет өз қалпына қайтып келеді дедік. Алайда, бұлшық ет өзінің бұрынғы қалпына түгелдей қайтып келе қоймайды. Мұны қалдық деформация деп атайды. Бұл деформацияның пайда болуы дененің созылымдық қасиетке ие болатынын көрсетеді. Бұлшық ет абсолют денеге емес, тұтқырлық - серпімді денеге жатады. Бұлшық етте пайда болатын қалдық деформация оның созылғыштық қасиетін білдіреді. Сонымен, бұлшық еттің созылғыштық қасиеті деп әсер етуші күш өзгермей қалғанда да бұлшық еттің уақыт өткен сайын ұзара түсуін айтады.
Бұлшық еттің қозғыштығы деп оның тұтқырлық, серпімділік күш салуы (напряжение) тәрізді қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соқтыратын қозғыштық күйге түсуін айтамыз. Ал бұлшық еттің жиырылғыштығы деп оған әсер етіп тұрған күштің өзгеріссіз қалғанына қарамастан бұлшық еттің ұзындығының өзгеруін дәлірек айтқанда қысқаруын айтады. Бұл қасиет бұлшық ет қозған кезде пайда болады.
Сонымен, бұлшық ет ұзындығының өзгеруі (жиырылғыштығына) оған әсер ететін күш шамасына және қозғыштық дәрежесінеде байланысты мәселе екен. Бұлшық еттің изотониялық және изотермиялық түрде жиырылу мүмкін. Изотониялық жиырылу деп күш өзгермесе де бұлшық ет қозуының нәтижесінде оның ұзындығының өзгеруін айтамыз. Изотермиялық жиырылу деп бұлшық еттің ұзындығы өзгермесе де қозуының нәтижесінде бұлшық етке түсетін күштің өзгеруін айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz