ДӘРІ - ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ САҚТАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
ДӘРІЛЕР ЖАЗДЫРЫП АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ. ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ 2
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАЗДЫРЫП АЛУ 2
ДӘРІЛЕРДІ САҚТАУ 2
ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ 3
Дәрі-дәрмек заттарын ішкі (энтеральды) тәсілмен енгізу 4
Дәрі-дәрмек заттарды парентеральды жіберу 4

ДӘРІЛЕР ЖАЗДЫРЫП АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ. ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ЕМДЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Терапевтік маңызды шаралардың бірі — дәрі-дәрмекпен емдеу. Мейіркеш сол
бөлімшенің жұмысы үшін қажетті дәрі-дәрмектерді дұрыс жаздырып алып, оларды
сақтауды дәрілерді дер кезінде сырқатқа үлестіруі және олармен емдеу
әдістерін білуі тиіс. Дәріні тек мейіркеш таратады және сырқат адамдар тек
мейіркеш көзінше ішуі тиіс. Бұл жұмысты кіші медициналық қызметкерлерге
немесе сырқаттың өзіне сеніп тапсыруға үзілді-кесілді тиым салынады.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАЗДЫРЫП АЛУ

Дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды бөлмеде сақтау тым маңызды
да жауапты іс. Рецепті жазу кезіндегі зейін қоймаушылық әсіресе қатты әсер
ететін және улы заттарды жазып беруде қате жіберу, сырқатқа орны толмас
зиян келтіруі мүмкін. Мейіркеш дәрі-дәрмек заттарын дұрыс ұстап тұтынудың
ережелерін барынша игеруі тиіс.
Дәрілерді күнделікті жазып алдыру қажет. Дәрігерлік аралап шығу кезінде
қатысқан мейіркеш дәрігердің барлық белгілеулерін мұқият жазып алуы тиіс.
Аралап шыққаннан кейін мейіркеш ауру тарихынан барлық белгіленген дәрі-
дәрмектерді арнайы қағазға және рецептуралық дәптерге жазып алады, ол
дәптер немесе қағаз екіге белінген: оның біреуін дәріханаға дәрі-дәрмек
даярлауға жібереді, ал екіншісін белімшеде бақылау үшін алып қалады. Қатты
әсер ететін және улы дәрі-дәрмектер белек дәптерге жазылады, онда сырқаттың
аты-жөні, ауру тарихының нөмірі, күні, ампула саны жазылып, мейіркеш қолын
қояды. Бөлімшенің барлық рецептурасы аға мейіркешке келіп туседі. Ол өз
кезегінде рецептің дұрыс жазылғандығын тексереді де, оны белім
меңгерушісіне апарып тексертеді, қол койғызады, міне, содан кейін барып
дәріхана оны даярлауға кіріседі. Ірі ауруханаларда дәрі-дәрмекті
белімшелсрге апаратын арнайы көлік бөлінген.
Мейіркеш дәріханадан дәрі-дәрмек қабылдау кезінде дәріхана тізіміндегі
жазуларды рецептуралық дәптердегі жазылғандармен салыстырып, дәрі-
дәрмектін, мөлшерін, сыртқы түрін тексереді де содан соң барлық дәрілерді
арнайы шкафқа жабады. Мөлшерінде қандай да бір ауытқу немесе дәріпі
даярлауда кемшілік кездессе, мейіркеш бұл жөнінде бөлімше бастығына жедел
хабарлап, ол препаратты дәріханаға қайтарады.
Дәріханадан дәрі-дәрмек заттары қолдануға дайын күйінде келіп түседі.
Дәрінің сыртқы орауын ауыстыруға, сұйық дәріні бір шыпыдан екіншісіне
құюға, ұнтақ дәрілерді немесе түймедақты бір пакетке қосуға, ұнтақ дәріден
ерітінді жасауға мейіркештің құқы жоқ, сыртында жазуы жоқ дәріні сақтауға
рұқсат етілмейді. Дәрі-дәрмекпен шұғылданғанда мейіряеш аса ұқыпты және
абай болуы тиіс. Сырқатты дәрімен емдемес бұрын, дәрі оралған сыртқы
қағазын мұқият оқып шығуы тиіс.

ДӘРІЛЕРДІ САҚТАУ

Дәрі-дәрмек сақтау үшін арнайы шкафтар болады, олар мейіркештің қызмет
орнында сақталады. Олар жақсы жабылуы және сол жердегі мейіркеш оларды
бақылап тұруы тиіс.
Шкафқа дәрілер тобы бойынша (стерильді, ішетін, жағатын) бөлек
сөрелерге орналастырылады. Әр сөренің өзіне сай жазуы болуы тиіс. Сөредегі
дәрілерді олардың түрлеріне қарай орналастырған дұрыс. Артқы жағына ірі,
алдыңғы жағына кішілеу ыдыстар қойылады. Бұл кез келген этикетканы оқып,
өзіне керектісін алуға мүмкіндік береді.
Иісі үшті дәрілер (йодоформ, лизол, т. б.) және тез тұтанғыш заттар
(спирт, эфир) бөлек сақталуы тиіс. Сырқат күтіміне орналған таңғыш
материал, шприцтер және басқа да заттар дәрілерден бөлек сақталуы тиіс.
Дәрілердің сақталуы көп себептерге: формасына (ұн-тақ дәрілер,
түймедақтар, микстуралар), бөлменің температурасы мен ылғалдығына,
жарықтығына, жабылу сапасына байланысты. Тұрынды мен тұнбалар тез бұзылады,
сондықтан оларды салқын жерде әсіресе тоңазытқышта сақтау қажет. Мұнда
сондай-ақ вакциналар, сывороткалар (сарысулар), антибиотиктер де сақталады.
Спирт пен эфир ерітінділері буланып кететінін, сөйтіп соның салдарынан
неғұрлым қоюланады да, мөлшері көбейіп кетіп, сырқаттың улануы мүмкін
екенін есте сақтау қажет. Түрлі май мен жасалған дәрі-дәрмектер мен жағатын
майлар да біршама тез бұзылады. Олар салқын жерде сақталуы тиіс. Жарықта
бұзылатын заттар (күмістің нитраты, йод, бром) күңгірт шыныларға құйылып
беріледі және қараңғы жерде сақталады. Бөлімшеде дәрілерді 3—4 күн сақтауға
болады.
Ампулаға құйылмаған зарарсызданған ерітінділер 3 күннен артық
сақталмайды, олар тіпті аузы ашылмаған болса да, төгіп тасталынады. Дәрі-
дәрмек заттардың бұзылуының белгісі — беткі түрінің бұзылуы, қабыршықтануы,
түсі мен иісінің өзгеруі т. б.
Улы және қатты әсер ететін дәрі-дәрмек заттар ерекше жағдайларда
сақталады. Оларға ішкі қабырғасына сақтауға жататын дәрі-дәрмектердің
тізімі ілінген шағын сейфтер арналады. А шкафында улы заттар (наркотиктер,
стрихин, мышьяк), ал Б шкафында қатты әсер ететін заттар (кодеин,
адрёналин, ұйқы дәрілер) болады. Улы және қатты әсер ететін дәрілерді
жұмсауды есепке арналған жіп өткізілген, беттері нөмірленген екі дәптері
болады, ол емдеу мекемесінің күкірт мөрімен бекітілген. Улы және қатты әсер
ететін дәрілер, сондай-ақ олардың есебін жүргізетін дәптердің сақталуына
толықтай кепілдік болатын жағдай тудыруға тиіс. Улы және қатты әсер ететін
заттарды дұрыс сақтамағаны және ұрланғаны үшін медициналық қызметкерлер
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Дәріні әрбір бөлімшеде түрліше таратады. Бірнеше ұяларға бәлінген, онда
сырқаттың аты-жөні көрсетілген және алдын ала дәрі салынып қойған
астаушаларды пайдалануға болады. Мейіркеш осылай салынған дәріні
палаталарға таратады. Қейде жылжымалы шағын үстелшелер пайдаланылады, оның
үстіне барлық дәрілерді, суы бар графинді, ұнтақ пен түймедақтарды ұстайтын
қысқыш (пинцет), тамызуға арналған пипеткалар мен сұйық дәріге арналған
мензуркалар қояды. Бұл шағын үстелді мейіркеш палатаға итеріп кіргізіп,
сырқат кезінше қажетті дәрілерін береді, сырқат оны дереу қабылдайды. Дәрі
берер алдында мейіркеш оны тағы да мұқият қарап, оның мөлшерін, белгілеуге
сәйкес екенін т. б. тексереді.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Дәрі-дәрмек заттарды енгізудің бірнеше тәсілдері бар: сыртқы тері беті,
шырышты қабық немесе тыныс жолы арқылы, ішкі (энтеральды)— ауыз немесе тік
ішек арқылы және парентеральды — қарын-ішек жолына соқпай қабылдау.
Дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу
Дәрі-дәрмек заттарын сыртқы қолдану олардың белгілі бір жеріне әсер
етуге негізделген. Зақымданбаған терінің сіңіру қабілеті өте төмен;
заттарды тек май бездерінің шығару езектері, май-ерігіш және шаш
фолликулдары арқылы сіңіреді. Дәрі жағу таза теріге таза аспаптармен және
мұқият жуылған қолмен жүргізіледі. Жағатын майды негізінен тері ауруларына
қолданады. Зарарсызданған қалақшамен жағатын майды екіге бүктелген
зарарсызданған салфеткаға жағады да, ауыратын жерге салады. Салфетканың
үстіне шағын түрде қабаттап мақта төсейді. Егер май компресі қажет болса,
онда мақтаның астына компрестік қағаз салады да, бинттеп тастайды. Кейде
тереңде жатқан тканға сіңіру үшін: майды теріге жағуға тура келеді. Ол үшін
терінің сол жерін сабындап жуып, содан соң алақанға қажетті мөлшерде май
салып, ол сіңгенше сыланады. Майды белгілі бір дене учаскесіне 30—40
минуттай мұқият жағылады. Дененің түкті жерлеріне жағуға болмайды: егер
осындай қажеттілік туса, онда түгін қырып тастау керек. Уқалап сипау үшін
жылы дәрі-дәрмек заттың шағын мөлшерін алақанға құяды да, алақаны құрғап,
терісі қызарғанша ысқылайды. Кейде теріге сырқат көңілін басқаға бұру
ретінде йод тұнбасын жағуды қолданып отырады. Ол үшін ағаш немесе темір
стерженьге домалақтанған мақта орап, содан кейін оны 5% спиртке жасалған
иодқа батырып, теріге бірнеше рет жағады. Майламастан бұрын шишадағы бар
иодты бүлдірмеу үшін шамалы иодты банкіге құйып алып домалақтанған мақтаны
малады. Процедурадан соң қалған иодты тегіп мақтаны лақтырып тастайды
немесе жағып жібереді.
Ингаляция — дәрі-дәрмек заттарды тыныс алу жолымен ішке дем тарту
арқылы енгізетін әдіс. Бұл принцип бойынша газдарды (оттегі, кемір,
қышқыл), тез ұшатын заттарды (эфир, хлороформ), сондай-ақ (аэрозольдар)
бүркуге арналған арнайы аппараттар құрылысына арналған (сырқат дем алатын
ерітіндісін қысылған ауа мен оттегі ыдыратады) ұсақ бүркілетін заттарды
жатқызуға болады.
Ингаляцияны дәрі-дәрмек ингаляторының көмегімен де жасауға болады.
Ингаляция жасарда сырқат іш киімдері кірсіз болуы үшін оның кеудесіне
клеенка жабады. Сырқат бөлінген буға күймейтіндей жерге, аппарат алдына
отырғызады. Буды мұрнымен жұтып, ауыз арқылы шығару керек. Тыныс
демікпесімен ауыратын сырқаттар үшін үйде қолдануға арналған ингаляторлар
бар. Дәрі-дәрмек заттары пластмассадан жасалған түтікшеде болады, оған
резеңке баллон кигізіледі. Сырқат балонды басып, ауаның күшімен дәріні
тыныс жолдарына итереді.

Дәрі-дәрмек заттарын ішкі (энтеральды) тәсілмен енгізу

Дәрі-дәрмек енгізудің ең көп тараған, қарапайым да ыңғайлы тәсілі
оларды ішке қабылдау, яғни ішу. Ұнтақ дәрі, түймедақ, пилюл ь, тамшы және
микстура түріндегі дәрілерді ішеді. Олардың бәрі дерлік организмге жалпы,
ал қарын-ішек жолына жиі әсер етеді. Дәріні карын-ішек жол
тітіркендірмейтіндерінен (темір, мышьяк, йодтан) басқасын көбіне тамақтану
алдында береді, ал тітіркендіретін дәрілерді тамақтан соң қабылдайды.
Ұйықтататын дәріні жарты сағат бұрын, тәбет қоздыратын дәріні тамақтанудың
алдында береді.
Бұл тәсілдің артықшылығы, мұнда дәрі-дәрмек заттарды түрлі формада және
зарарсызданбаған түрде қолданылады, ал кемшілігі — дәрі қарын-ішек жолында
баяу және түгелдей емес дерлік сіңіріледі, соған байланысты оның мөлшерін
дәл анықтауға болмайды. Мейіркеш сырқаттарға ауыз қуысы арқылы дәрі беру
және тік ішек арқылы енгізу тәсілдерін жақсы меңгеруі қажет.
Ұнтақ дәріні қабылдағанда қағазын ашып, астауша сияқты формамен бүгіп,
ішіндегісін сырқат тіліне салады да, сумен жұтқызады. Егер дәрі қабықты
немесе капсулды болса, сырқат оны тілінің түбіне қойып, бір жұтым мол сумен
жұтады. Егер сырқат дәріні үлкен қабығымен жұта алмаса, оны аузында сулап,
келесі жұтым сумен жұтады, ол асқазанға тез барып түседі. Түймедакты
тұтастай жүта алмайтын сырқатқа мейіркеш оны ұнтақтап ішкізеді.
Дәрінің сулы ерітіндісі (микстура мен қайнатпа) 5, 10, 15, 20 мг деген
белгісі бар градуске бөлінген шағын стақандармен, ал үй жағданында қасықпен
беріледі: ас қасықтың орташа сыйымдылығы 15 мл десерт қасық— 10 мл, шай
қасық — 5 мл. Спирт пен эфир тұрындылар, сол сияқты сұйық экстраттар
тамшымен өлшенеді. Дәріні стақанға немесе рөмкеге тамызады да, үстіне су
құяды, өйткені спирт немесе эфир тұрындылары мен зкстрактарды таза күйінде
ішуге болмайды. Әрбір дәрі үшін тамызғыш (пипетка) керек.
Дәріні тілдің астына салғанда, тез сіңіреді, тамақ қорыту
ферменттерімен бұзылмайды және бауырға соқпай қанның жалпы айналысына
түседі. Нитроглицеринді, валидолды, т. б. осылайша қабылдайды. Жұта
алмайтын, құсып ес-түссіз, сандырақтап жатқан сырқаттарға дәрі-дәрмек
заттарын балауыз түрінде тікішекке енгізеді, өйткені тік ішек көк тамыры
(гелорроидальды вена) кейбір дәрі-дәрмек заттарды жақсы сіңіреді.
Балауыздың формасы ұшы конус тәрізді цилиндр. Оны дәрі-дәрмек препараттарын
салып араластыра отырып, какао майымен дайындайды. Балауызды тоназытқышта
немесе салқын жерде сақтау қажет. Тік ішекке кейін балауыз ериді де,
шырышты қабықты бүркеп тастайды. Балауызды дәрі-дәрмек заттар тек шырышты
қабыққа немесе қанға сіңіріледі де, органи-змге жалпы әсер етеді. Балауызды
енгізу алдында тазалау клизмасын жасау керек. Балауызды тік ішекке
түгелімен енгізу үшін сырқат екі аяғын ішіне тартып қырынан жатады.
Мейіркеш балауызды қабынан босатып, сол қолымен сырқат құйымшағын екі
жағына ажыратып, оң қолымен балауыздың үшкіл тік ішектің сыртқы
сфинктерінен өткенше тығады, әйтпесе сфинктер бұлшық етінің жиырылуы
нәтижесінде балауыз шығып қалуы мүмкін. Балауызды қолға ұзақ ұстап тұруға
болмайды, себебі ол тез еріп кетеді. Балауыз енгізген соң сырқат бірнеше
минут жатады, ал содан кейін мейіркеш оның бөкселерінің арасына мақта
салады.

Дәрі-дәрмек заттарды парентеральды жіберу

Бұл тәсілдің негізгі артықшылығы дәл мөлшерде әрі тез енгізіледі.
Иньекция дегеніміз дәрі-дәрмек заттарды терішіне, тері астына, бұлшық
ет ішше, сүйекке, жұлын каналына шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика
ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, себебі асептикалық бұзылған кезде
организмге ауру микробтары еніп, кейде өлім қаупын төндіргенге дейін
асқынады. Сондықтан мейіркеш аспаптарды зарарсыздауға дайындау ережелерін
орындап, сырқаттың терісі мен қолдарын тазалап жууды, дәрігерлік заттарды
парентеральды енгізу техникасын, ең бастысы, асептика ережелерін жараны
инфекция туғызатын микроорганизмдерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДӘРІ - ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәрілер жаздырып алу және сақтау. дәрі-дәрмекпен емдеу тәсілдері
Дәрілік терапияның әдістері мен тәсілдері
Дәрілік заттарды енгізу жолдары
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Фармацевтік қадағалау және басқару мекемелеріндегі фармацевтік қызмет
Қазақстан Республикасының Фармацевтiк және медицина өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы
Дәрілік зат формалары
БҰЛШЫҚ ЕТКЕ КӨК ТАМЫРҒА ПАРЕНТЕРАЛДЫ ЖОЛМЕН ДӘРІ ЕҢГІЗУ
ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы. Дәріхананы басқару мен жабдықтау туралы
Пәндер