ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ МЕН ОНЫ БАҚЫЛАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дене температурасы және оны өлшеу

Дені сау адамның қалыпты дене температурасы таңертеңгілік және кешкілік сәл
ғана өзгеріп отырады және 37°С артпайтын тұрақты болады. Температураның
мұндай тұрақтылығы организмдегі жылу бөлу және жылу беру процесіне
байланысты болады. Балалардың температурасы сәл жоғары, ал қария адамдардың
температурасы сәл төмендеу болады. Дене температурасының тәуліктік өзгеруі
организмдегі тәулік бойында болатын қышқылдық процестермен байланысты,
сондықтан таңертең температура градустың бірнеше ондық бөлігіне жоғары,
кешке төмен болады. Тік ішек пен қынапта температура, қолтық пен шаптың
тұсындағы тері температурасынан 1°С жоғары болады.

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ӨЛШЕУ МЕН ОНЫ БАҚЫЛАУ

Дененің температурасын өлшеу мен оны бақылау — мейіркештің күнделікті
әрі маңызды міндеті. Дене температурасын дәрігерлік термометрмен өлшейді.
Алғаш дәрігерлік термометрді 1723 жылы ұсынған Фаренгейт еді. Еліміз
Цельский термометрін қолданып жүр, ол капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады,
онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-
тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Температураны өлшегенде көтерілген
сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет
сілку керек. Термометрді жерге түсіріп немесе жақын тұрған затқа ұрып алмас
үшін оны еппен сілку керек.
Дәрігерлік термометрді түбіне бір қабат мақта салып, дизенфекцияланатын
ерітінді, мысалы 0,5% хлорамин ерітіндісін құйған банкіге немесе стақанға
салып сақтау қажет.
Температураны өлшеу алдында термометрді мұқият сүртіп, 35°С дейінгі
белгіден темендегенше сілкіп, содан кейін сырқатқа береді. Қолтық астын
алдын ала құрғақ сүлгімен сүрту қажет, себебі дымқылдық сынапты суытады да,
термометр неғұрлым төмен температураны көрсетеді. Қолтық астына термометрді
барлық өлшеу уақыты барысында оның сынаптық резервуары барлық жағынан
денеге тиіп тұратындай етіп қою керек. Термометр мен дене арасына іш киім
қалмауы тиіс. Әлсіз сырқаттың қолын мейіркеш сүйеп тұрады. Өлшеу ұзақтығы
кем дегенде 10 минут.
Өте жүдеген және ауыр науқастар температурасы тік ішек арқылы өлшенеді.
Дәреті жүрмеген немесе іші өткен кездерде, тік ішек аурулы болса, мұндай
әдіспен өлшеуге болмайды. Тік ішекке термометр салмастан бұрын вазелинмен
немесе кез келген маймен оны майлап, содан кейін сырқатты қырынан жатқызып,
термометрді жартысына дейін кіргізу керек. Қос қүйымшақ бірінің үстіне бірі
тығыз жатуы тиіс. Тік ішек арқылы өлшеген сайын термометрді жылы сумен
мұқият жуып, спиртке немесе қолда бар дизенфекциялайтын ерітіндінің
біреуіне салып залалсыздау керек.
Балалардың температурасын шап қыртысынан өлшейді. Ол үшін баланың аяғын
ұршық буынынан термометр тері қыртысында болатын етіп біршама бүгеді.
Стационарда температураны тәулігіне 2 рет: таңертеңгі 6 мен 8 сағат
арасында, күндіз 16—18 сағат арасында өлшейді. Сырқат бұл кезде отыруы не
жатуы тиіс. Осы сағаттарда жоғары және төмен температура жөнінде айтуға
болады. Егер неғұрлым нақты тәуліктік температура жөнінде мағлұмат алу
қажет болса, температураны әрбір 2—3 сағатта өлшеп, бөлек қағазға жазу
керек.
Температураны жазу үшін температуралық бет пайдаланылады, онда сырқат
фамилиясы, өлшеу күні мен уақыты (таңертең және кешке) көрсетілген. Оның
үстіне әрбір сырқатқа температуралық бет толтырылады (7-сурет). Оны ауру
тарихына салып қояды. Әрбір өлшеу санын сол бойда жалпы бетке түсіру керек,
содан кейін оны ауру тарихына, ондағы температураның бетке кешіріп, әрбір
өлшеуді нүктемен белгілеу қажет. Нүктелерді түзу сызықпен қосу кезінде
температуралық қисық сызықтар пайда болады, олар стационарда жатқан
сырқаттың барлық кезеңдегі температураларының өзгеріп отырғанын керсетеді.
Дене температурасының көтерілуі дене қызуы (қызбасы) деп аталынады. Ол
патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде және жылу реттегішті
қайта құру түрінде пайда болады. Дене температурасының қызба-лық көтерілу
жоғарлығы, ұзақтығы және езгермелі си-паты бойынша сан алуан.
Жоғарылығы бойынша мынадай түрлері болады. (М. В. Черноруцкий бойынша): 1)
0,5—1° шамасында температураның өзгеріп отыруымен сипатталынатын
субфебрильді температура (38°С жоғары емес); 2) орташа қызбалы температура
(38°—39°С); 3) жоғары қызбалы температура (39°—4ГС);4) гиперпиретикалық
(4ГС жоғары).
Ұзақтығы бойынша: 1) өткінші қызба-дене температурасының бірнеше сағат
бойында көтерілуі; 2) жедел— ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене температурасын өлшеу әдістері
Радиациялық пирометрлер
Дене температурасы және оны өлшеу
Физика пәнінен 8,9,11 сыныптарға арналған зертханалық жұмыстар топтамалары
Бөлменің ауа температурасын анықтау
Оқытудың несиелік жүйесі шарттарында мектеп физика курсындағы зертханалық жұмыстар бойынша электрондық курс құру
ДКВР-20 бу қазан қондырғысын автоматтандыру жүйелерін монтаждау
«өндіріс ғимаратарындағы микроклимат параметрлерін анықтау»
Сұйықтық термометрдің сипаттамасы
ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Пәндер