Жүйке жүйесінің даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жүйке жүйесінің даму кезеңдері

Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Орталық бөлім ми мен жұлыннан құралады, олар сұр және ақ заттардан тұрады.

Шеткі жүйке жүйесінің ішкі мүшелері мен бездердің, қан тамырларының жұмысын, зат алмасуын реттейтін бөлігі шеткі жүйке жүйесі немесе вегетативтік жүйке жүйесі деп аталады. Шеткі жүйке жүйесі мида және жұлында топ клетка болып орналасады, бұл - вегетативтік ядро, яғни орталық бөлік. Осы орталық бөліктен әрбір мүшеге қимыл және сезімталдықты өткізетін жүйке талшықтары тарайды. Жүйке жүйесінің шеткі бөлігі түйін тәрізді және талшықты болады. Толып жатқан түйіндер омыртқа жотасының екі жағын бойлай жатады. Түйіндер мен талшықтар орталықтан ақпаратты ішкі мүшелер мен ұлпаларға өткізеді және ішкі мүшелердің күйін орталыққа жеткізіп отырады. Организмдегі тіршілікті сақтайтын, өмірге қажетті, көптеген маңызды қызметтерді атқарады және организмнің сыртқы ортаға бейімделуіне қатысады.

Жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі - мүшелерді үйлесімді реттеп отыру және организмнің біртұтастығын қамтамасыз ету. Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесінің әрекеті психикалық процеске (сезім, оқи білу, есте сақтау, сөйлеу және ойлау) негізделеді, ал адам организмі солардың жәрдемімен тек айналадағы ортаны танып біліп қана қоймай, оны өзгертуге де белсене кіріседі.

Орталық жүйке (нерв) жүйесі. Жұлын омыртқа жотасының өзегіне орналасады. Оның диаметрі 1см жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлге (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке клеткаларының тіршілік орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы, артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейрон, артқы түбірде қондырмалы нейрондар сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады.

Алдыңғы түбір дегеніміз - қимыл нейрондарының аксондары. Омыртқааралық тесікте қимыл және сезім түбірлері қосылып, аралас жүйке түзеді. Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды, бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл

жүйке талшықтарынан құралған.

Артқы миға көпір мен мишық жатады. Көпірде ұйқы мен сергектілікті реттейтін орталықтар бар. Мишық сопақша мидың үстіңгі жағына орналасқан. Мишық жүйке талшықтарынан құралған өзінің үш жұп алдыңғы мидың басқа бөліктерімен тығыз байланыс жасайды. Мишықтың негізгі атқаратын қызметі - адамның қимыл әрекетін, ал жұлыннан мишыққа келген тітіркеністер бұлшық еттердің қызметін реттейді. Мишықтың қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дене тепе - теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар мас адамдарша теңселіп жүреді. Жүргенде қол - аяғын сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды. Сопақша ми жұлыннан жалғасады. Оның сұр затында адамның тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар жүрек жұмысын, тыныс алуды, жұтынуды т. б. мүшелердің қызметін, сонымен бірге сілекей, қарын сөлі, ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттеп отырады. Түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу сияқты қорғаныш рефлекстері сопақша мидағы орталықтармен реттеледі. Сопақша ми, ми көпірі және ортаңғы мидан ми бағаны құралады. Одан 12 жұп жүйке таралады. Бұл жүйкелер мүшелердің жұмысын реттеуге қатысады. Сондықтан жүйкелердің қызметі бұзылса, олар әсер ететін мүшелер жұмысы да бұзылады.

Ортаңғы мидың негізгі құрылысы көзді және басты қозғалтатын жүйкеден туады. Ортаңғы ми жүйкелерінде жоғары және төменгі өткізгіш жолдардың қызметін атқарады. Жоғары өткізгіш жолымен қозу мишыққа және үлкен ми сыңарларына жетеді. Төменгі өткізгіш жолымен қозу сопақша ми мен жұлынға барады. Ортаңғы ми арқылы көру, есту мүшелері қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекстік доғалары өтеді. Ортаңғы мидан қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке тітіркенісі жіберіліп, ширығып тұруына мүмкіндік туғызады.

Алдыңғы ми аралық және үлкен ми сыңарларынан тұрады. Аралық ми күрделі құрылысты, көптеген қызмет атқаратын ми бөлігі болып табылады. Арқалық мида 32 жұп ядро болады. Ол - барлық ми бөліктерімен байланысты, сондай - ақ ішкі жүйке жүйелерінің қызметін реттейтін жоғары орталық. Аралық мидың қатысуымен дене қызуы, жүрек қан тамыры жүйесінің қызметі, зәр шығару, ұйқы және сергектілік, бейімделу әрекеті, сезімділік құбылыстар, жек көру, еске сақтау т. б. физиологиялық құбылыстар өтеді. Аралық ми жұмысының нашарлауы құбылыстар өтеді. Артқы ми. Ми сыңарларының беті сұр затпен немесе ми қыртысымен жабылған. Сұр заттың астында ақ зат бар. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000 - 2500см куб, қыртысының қалыңдығы 2, 5 - 3мм. Ол 14 млрд жүйке клеткаларынан құралады.

Рефлекс (латынша << reflexus >> - қайтару, бейнелеу) - ішкі және сыртқы орта әсерлеріне орталық жүйке жүйесінің қайтаратын жауабы.

Рефлекс кезінде жүйке тітіркеністері өтетін жолды рефлекс доғасы деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік физиологиясы
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Адам жасының кезеңдері
Балалық шақтың кезеңдері. Балалар жүйелері мен мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне жалпы мінездеме
Онтогенез және аурулар кезіндегі ақуыз құрылысының өзгерістері
Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері
Физиологияның даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz