Жүректің қатты әлсіреуі туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жүректің қатты әлсіреуі туралы түсінік

Қан айналымы жүйесінің негізгі міндеті органдар мен ұлпаларға
организм тіршілігі үшін қажетті әртүрлі заттарды жеткізу болып табылады.
Егер қан айналымы аппараты организмді оттегімен және энергетика заттарының
қажетті мөлшерімен қамтамасыз етпесе, қан айналымының жеткіліксіздігі
болады. Даму механизмі мен клиникалық көріністері бойынша қан айналымы
жеткіліксіздігінің шартты түрде екі түрі кездеседі:
1) насос ретінде жүрек жұмысының әлсіреуінен туындаған қан
айналымының
жүректегі жеткіліксіздігі.
2) Тамыр ырғағының бұзылуына байланысты тамырдың тіршілік
жеткіліксіздігі
Қан айналымы жеткіліксіздігінің жүрек және тамыр компонентерінің аса-
қатынасы ауру сипатына байланысты. Сондықтан жүректің немесе тамырдың
әлсіздігі туралы айтуға болады.
Жүректің қатты әлсіреуі асқынғыш жүрек аурулары (стенокардия, миокард
инфаргі, инсульт) кезіндегі аяқасты тәндік және жүйкелік күйзеліс
нәтижесінде туындауы мүмкін.

Стенокардия (жүрек ұстамасы)
Жүрек немесе кеуде арқылы берілетін сол иық, жауырын, қол, мойын мен
желке айналасындағы қатты аурулар ұстамасында пайда болады. Бұл ұстамалар
жүрек күретамырының(түйілуі) тарылуы салдарынан дамиды, соның салдарынан
жүрек бұлшық етіне қанның баруы бұзылады. Әртекте жүйкелік қозулар, жан-
дүниенің күйзелісі жоғары жүйкеталшықтарының шаршауы стенокардия ұстамасын
туғызады.
Ұстамалар көп жағдайда аяқасты, қозғалыс немесе қимылдаған кезде
пайда болады(түнгі ұйқы уақытында ұстамалар болуы мүмкін).
Жүректің қысылуы және қысатын немесе кесетін сияқты сырқырау пайда
болады. Бет ағарады, суық тер шығады, аяқ-қол суынады, жиі қатты демікпе
пайда болады.

Дәрігерге дейінгі көмек
Ұстама кезінде толық тыныштық қажет, жүрекке жылытқы немесе бұрау,
аяқ пен қолға жылытқы қажет. Сырқаттан жедел арылу: тілдің астына қант
түйіріне сіңірілген нитроглицерин таблеткасын қояды(0.0005) немесе
нитроглецирин ерітінді пайызының 1-2 тамшысын ішеді. Әсері болмаған
жағдайда(егер ауру 3-5 минут бойында айықпаса) жедел теріге 0.5 - 0.1
антропинмен бірге 1-2мл 1пайыз морфин егеді. Егер 20-30минут бойында ауру
басылмаса есірткі инъекциясы антропинсіз қайталанады және айықтырғыш әсерді
күшейту үшін бұлшық етке 1мл 1пайыз демидролмен бірге 20мл 50пайыз анальгин
енгізіледі. Аурудың бетін қайтарғаннан кейін зебілге салып санитарлық
көлікпен емдеу мекемесіне апарады.

Миокард инфаргі

Миокард инфаргін туғызатын себептер: әртүрлі жүйке қозулары, жан
дүниенің күйзелісі, жүрек тамырлардың ұзақ сіресуіне алып келетін
никотинмен улану. Кейде миокард инфаргі бұған дейін жүрегінің
ауыратындығына шағымданбаған адамда да кенеттен пайда болады. Ірі
тамырлардағы атеросклеротикалық(қан ұюы) өзгерістер олардың саңлауының
ақырындап тарылуына әсер етеді. Күре тамырдың өзгерген қалқасы қатқан қан
түйірінің пайда болуына ықпал етеді, олсаңылауды мүлдем жауып тастай алады.
Жүрек тамырлары бітілген кезде миокардтің осы бөлігіндегі қоректену бұзылып
инфаркт пайда болады, яғни миокардтың тиісті жерлері жансызданады, инфаркт
болған әсердегі бұлшық ет ұлпасы қайтадан түлейді және жансызданады және
қосу ұлпаларымен ауыстырылып, артынша тіліктер пайда болады.

Дәрігерге дейінгі көмек
Қатаң төсек тәртібі. Аурудың асқынуын барынша жедел ауыздықтау қажет.
Ұстама басталған тілдің астына астына нитроглицирин таблеткасын(0.0005)
немесе қант түйірене жағылған нитроглицериннің спирт ерітіндісі 1 пайызының
2-3 тамшысын қабылдайды, тек содан кейін ғана әсер болмаса
аналгетик(сырқатты басу дәрісі) ішуге болады.
Бұл мақсат үшін бұлшық етке промедолдың
1.2 мл 2 пайыз ерітіндісін немесе 0.5 мл 0.1 пайыз атропин ерітіндімен
бірге омнопонның 2 пайыз ерітіндісін егеді.
Есірткінің әсері бұлшық етке пиполфеннің 1мл 2.5пайызын бір уақытта
енгізіп, күшейтілуі мүмкін, әсері болмаса бұлшық етке 1мл 1пайыз
димедролмен бірге 2мл 50пайыз анальгин ерітіндісін егеді. Сырқат жалғасқан
жағдайда теріге проиедолды қосып егеді, ал бұлшық етке күніне 2-3рет
гепарин.Өкпе тамырларында қанның тұралауын азайту үшін эуфирилин(2.4пайыз
бұлшық етке) тиімді әсер етеді.
Миокард инфаргі кезінде сырқатты аса сақтықпен тасымалдау қажет. Егер
күре тамыр қысымы болмашы төмендесе ауруды көтеріңкі жағдайда жатқызу
қажет, ал қанның жүрекке ағынын азайту үшін бұрау қояды. Бұл үшін тек көк
тамырларды қыса отыра сырқатты ауруханаға тез жеткізу үшін барлық шараны
қолданады.

Инсульт, мидың шайқалуы

Бас миында қан кету (гипертониялық ауру, бас ми тамырларының
атеросклероз кезінде), ми тамырларының тығызлуы салдарынан болуы мүмкін.

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек

Сырқатты басын сәл көтеріп төсекке жатқызып, таза тыныштыққа
қалдырған дұрыс, егер ол шайнай алса тыныштандыратын дәрі-дәрмек
береді(валериан тұнбасы, бромды препараттар, андипал, дибазол, папаверин
сияқты қысымды төмендететін дәрілер). Қан кеткен кезде басқа салқын зат
қойып, аяқ-жақты жақсылап қымтайды, қан ұйыған кезде басқа жылы зат қояды,
гипертония кезінде қан жібереді(300-500мл). Ауру қатты асқыгған кезде
емханаға апаруға болмайды.
Тыныс алу қатты бұзылған кезде өкпеге жасанды желдетуді жасайды.
Жүрек қызметін қалыпты ұстау үшін натрий хлоридінің 10-20мл изотоникалық
ерітіндісі қосылған 0.5-0.75мл 0.6пайыз коргликон ерітіндісін баяу
енгізеді. өкпе қабынған кезде тамыр ішіне кіші дәрет айдау дәрмектерін
қосады.
Мидың қабындыруын болдырмау үшін лазикс, урегит сияқты кіші дәрет
айдау дәрмектерін береді.

ҚАН АЙНАЛЫМЫНА ӘСЕР ЕТУ ШАРАЛАРЫ
Тері сыртқы ортаның сан алуан ықпалын қабылдайтын көптеген нервтің
ұштары орйаласкандықтан, рефлекторлық реакция принципі бойынша ішкі
мүшелерге әсер етеді. Нерв рецепторларын жылумен немесе суықпен
тітіркендірудің салдарынан тек қана терідегі емес, ішкі мушелердің де қан
тамырлары улғаяды немесе тартылады. Назарын аударушы дәрі-дәрмектер (оңқа,
қыша қағаз, сулік, компрестер, ванналар т. б.) деп аталатындарды қолдану
осы принципке құралған. Алайда бул процедуралар дұрыс орындалмаса, ауыр
зардаптарға ушырайды, сондықтан мейіркеш орындау техникасын, әрекет
механизмін, көрсеткішін және ем болмайтынын жақсы білуі тиіс.
ҚЫША КАҒАЗДАР
Сырқат денесіне қыша қағаздар зфирлі қыша майы мен терінің қан
тамырларын тітіркендіру және кеңіту аркылы әсер етеді.
Қ о л д а н ы л у ы. Қыша қағаздар өкпе немесе бронх қабынғанда, қан
тамырлары қысылғанда туйілгенде және бірқатар басқа да ауруларға
қолданылады. Фабрикада жасалған қыша қағаздарының көлемі 12X18 см оған
ерекше тәсілмен қурғақ қыша жағылған. Қыша қағазды өзіміз дайындауымызға
болады. Бір ас қасық қышаны альш, оны бір ас қасық бидай унымен жайлап
араластыра отырып, бірқалыпты қоймалжың масса болғанша ыстық су (45—50°С)
құяды. Оны эфир майы пайда болғанша 30 минут бойы қойып қояды. Содан кейін
қажетті мөлшерде екі қабат дәкеге немесе қағазға тым қалың-датпай (0,5 см)
жағады да, оны терінің қажетті бәлігіне сальга, таңғышпен бекітеді. Бұл
қыша фабрикалыққа қарағанда біршама күштірек, сондықтан куйіп қалмас ушін
уақытында алып тастау қажет. Қыша қағаздарды курғақ әрі қараңғы жерде
сақтау керек; сақтау мерзімі 8-ден 13-айға дейін. Жарамды қыша қағаз
жарамсыздан ерекшелігі одан қыша майының әткір иісі шығады және қышасы
шашылып қалмайды. Қолдану алдында осы сапаларын тексеру қажет. Қыша қағазын
дененің. барлық жеріне қоюға болады.
Қолдану алдында қыша қағазды жылы (35°С жоға-ры) суға малып, сілкіп,
терінің қажетті бөлігіне қышасын төмен қаратып 10—15 минут ұстайды. Егер
сырқат терісі өте сезімтал болса, онда қыша қағаздың астына суға малынған
папирос қағазын салып, үстінен салфет-камен немесе сүлгімен жабу керек.
Қыша қағазды газет-тің үстіне қоюға болмайды, себебі қыша майының теріге
тікелей тигізетін әсері жойылады. Егер қыша қағаз дұ-рыс қойылса, тері
қызарып, күйдіргендей болады. Қыша қағазын ұзақ ұстаса, аса сезімтал
терінің күюі мүмкін. Қыша қағазды алған соң теріні сумен жуып, қүрғатып
сүртеді, сырқатты киіндіреді де қымтап жабады.
Қолданылмауы. Қыша қағазды тері ауруы мен қан ағу кезінде қоюға
болмайды. Терінің пигментация-сын (түсі өзгеруін) болдырмау үшін қышаны бір
орынға қайталап салуға рұқсат етілмейді.
Жоғары тыныс жолдары аурулары чсезінде, сондай-ақ қан қысымын азайту
үшін аяққа қыша ваннасын (судың температурасы 50°С, бір шелек суға қыша
концентраты 50 г, ваннаның ұзақтығы 20-30 минут) салады. Ваннадан соң жылы
сумен аяғын шаяды, жақсылап сүртіп, төсекке жатқызады.

ОҢҚАЛАР
Ауруханада дәрігердің белгілеуімен мейіркеш күнделікті жасайтын емдік
процедуралар саны жеткілікті, оның бірі – оңка қою. Қабыну ошақтарын жою
мен ауырсынуды азайту мақсатында оңқалар ткандар мен мүшелсрге қан
жүргізуде рефлекторлық әсер ету арқылы теріге тигізіп ықпал жасау тәсілі
болып табылады. Көбіне кәдімгі құрғақ оңқалар қолданылады. Олар – асты
жалпақтау, дөңгелек, ауыз жағы жұмырланып жақсы-лап тегістелген колба
сияқты шыны ыдыс.
Қ о л д а н ы л у ы. Қөкірек клеткасының қабынуы, қа-бырға аралық
невралгия, құяң, жедел және созылмалы миозиттер. .
Қ о л д а н ы л м а у ы. Өкпеден қан аққанда, екпе ту-беркулезі мен
көкірек клеткасында ісік болса, тері ау-руы мен оның өте сезімталдығы,
әлсіреу, жалпы тырысыпқұрысуы, қозу кезінде.
Әдетте оңқаны сырқатты жатқызып 10-нан 20-ға де-йін салады. Оларды
пайдалану алдыyда тазартып ыстык сумен жуады, құрғатып сүртеді, шеттерінің
сынбағанына көз жеткізген соң сырқат төсегінің жанына қояды. Содан кейін су
өткізгіш мақтаны ұзындығы 12-15 см металл стерженьге орап, оны тез
тұтанатын сұйыққа (спиртке) сәл ғана батырады. Сырқат терісін күйдіріп
алмас үшін артық сұйықты сілкіп тастап, оны тұтатады. Оңқаны көбінесе
арқаға, белдемеге т. с. с. дененің ет пен май қабаты неғұрлым қалыңдау
жерлерге салады. Әйелдер-дің белдемесі мен емшек безіне оңқа салуға
болмайды. Егер дене жүн басқан болса, жүнін қырқып, жылы сумен жуады да
вазелинмен немесе басқа да маймен майлайды, дене күймеуі және ауа астынан
кірмеуі үшін оңқа шеттері денеге тиіп түруы тиіс.
Оңқаны сол қолмен сырқат денесше жақындау ұстап, оң қолымен шамалы
уақыт (2—3 с) оңқаға жанып тұрған тампонды ендіреді, содан кейін кеңдеу
жағымен тездетіп денеге қояды. Оңқаның ішіндегі ауа сиретіледі, соның
арқасында тері 1-3 см ішіне қарай созылады да, шымқызыл немесе қоңырқай
түске боялады. Бұл іс ептілікті қажет етеді, себебі тампон жөнді жанбаса,
оң-қа орнықпай домалап кетеді. Оңқаны тым қыздырып жіберсе, денені
күйдіреді. Оңқаны денеде 15-20 минуттай ұстау қажет. Егер оңқалар дұрыс
қойылса, олардың асты қанталайды.
Оңқаны денені ауыртпай суырьга алу үшін оны жай-лап бір жағына қарай
қисайтып, екінші қолдың саусақтарымен оңқаның екінші қарама-қарсы жақ
шетінен теріні басу керек. Оңқаны суырып алған соң сырқат терісін сүртіп,
жылы киіндіреді де, көрпесін жауып тас-тайды.
Асқынулар. Неғұрлым жиі асқынулар – терінің күлдірегенше күюі, қан
қысымының кенет төмен түсуі қанда лейкоциттер санының уақытша азаюы мен
қанның ұюы артады. Тері күйгенде оған Коньков майы, 1 : 1000 риваналь
немесе балық майы жағылған зарарсызданған салфеткалар салғаи дүрыс.
Байқалған асқынуларды мейіркеш дәрігерге хабарлауы және оның белтілеулерін
қатаң орындауы тиіс.
Қолданылып болған оңқаларды дұрыстап сүртіп, жәшікке салу керек. Онда
сондай-ақ спирт, вазелин мен сіріңке сақталады. Мейіркеш оңқа салып
жатқанда палатаның форточкасы ашылмауын, желорай болмауын қадағалауы тиіс.

СҮЛІКТЕР

Сүлік – тұщы суда тіршілік ететін қос жынысты құрт. Олардың сілекей
безінде қан ұюын баяулататын зат – гирудин бар.
Қолданылуы. Сүлік белгілі бір жердің қанын се-руға қолданылады
(гирудотерапия).
Қолданылмауы. Қанның ұю жүйесі бұзылғанда, тері ауруына, қаны аздық
және антикоагулянттармен емдеуді қатар жүргізгенде.
Сүлік денесінің басқы жақ ұшында сорғыш бар, оның тереңірек ішінде
жақтары бар ауыз орналасқан, тістері да бар. Осы тістерімен сүлік теріні
тістеп теседі де, қанды сора бастайды. Сүлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Жарақаттар түрі
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Жүрек препараттары
Асфиксияның себептері
Жүрек қан тамырлар жүйесі
Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Жүрек жұмысының әлсіреуінен болатын жүректегі қан айналысының жетімсіздігі
Жедел миокардиттер мен жүректің ревматикалық зақымдануының салыстырмалы диагнозы
Пәндер