Зәр шығару жүйесі (несеп мүшелері)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Зәр шығару жүйесі (несеп мүшелері)
1.Зәр шығару мүшелеріне жалпы морфо-функциональдық сипаттама;
2.Бүйрек. Нефрон. Бүйректің эндокринді жүйелері;
3.Несеп жүретін жолдары;
Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек, несеп жүретін жолдар, бүйрек
тостағаншасы, бүйрек түтігі, несеп ағар, қуық және несеп шығар өзегі
жатады. Несеп түзілетін негізгі мүше – бүйрек. Қалған мүшелер несеп жүретін
жолдарда жатады.
Зәр шығару организмдегі судың және минеральдың тұздардың мөлшерін бір
деңгейде (гомеостаз) тұрақтыұстап тұрады, ішкі ортаның тұрақтылығын
(гомеостазды) қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бүйрек эндокринді қызымет
атқарады. Бүйрек-эритропоэтин, ренин деген гормондарды бөледі. Организмде
зат алмасу процесі нәтижесінде түзілген керексіз заттар (су, мочевина,
аммиакты тұздар, несеп қышқылы) 80% несеппен бірге сыртқа шығады.
Дамуы. Эмбриональдық даму кезінде бірінен соң бірі үш қос зәр шығару
мүшелері қалыптасады. Алдымен: 1.алдыңғы яғни алғашқы бүйрек– pronephros;
2) сосын – бірінші бүйрек аралық бүйрек – mesonephros; 3) тұрақты не соңғы
бүйрек– metanephros – қалыптасады.
Алдыңғы бүйрек мезодерманың 8-10 сегменттік аяқшаларынан дамиды,
қызмет атқармай – атрофияға ұшырайды.
Бірінші бүйрек негізгі зәр шығару мүшесі ретінде біраз қызмет
атқарады. Эмбриогенездің екінші айында тұрақты бүйрек қалыптасады, оның
дамуы нәресте туғаннан кейін тоқталады.
Бүйрек сыртынан дәнекер тканьнен тұратын капсуламен қапталған,
алдыңғы жағында сірлі қабық болады. Капсуланың астында қыртысты зат және
боз зат орналасады.
Нефрон. Бүйректің құрылымдық – функциональдық бірлігі – нефрон болып
саналады.
Бір нефронның ұзындығы – 50 мм, ал барлық нефрондардың ұзындығы – 100км-ге
дейін болады. Нефрон жинағыш түтікшеге өтеді, сосын бүртікті каналға
жалғасады, канал пирамиданың ұшында бүйрек тостағаншасының қуысында
ашылады. Нефронның құрамы: 1)шумақтың капсуласы (тамырлар шумағы). 2)
проксимальды ирек түтікше ; 3) проксимальды тік түтікше, 4) жіңішке
түтікше, а) жіңішке төменгі бөлігі, б)жуан жоғарғы бөлігі:
5. дистальды тік түтікше;
6. дистальды ирек түтікше;
Жіңішке түтікше және дистальды (тік) түтікше екеуі бірігіп, нефрон ілмегін
түзеді. Тамырлар шумағы және шумақтың капсуласы екеуі бүйрек денешігін
құрайды. Боз затта сырқы зона және ішкі зона болады.Сыртқы зона қыртысты
затқа жақын орналасады. Көпшілік нефрондардың ілмегі боз заттың сыртқы
зонасында әртүрлі тереңдікте, деңгейде орналасады, ал кейбір нефрондардың
ілмегі ішкі зонада тереңірек орналасады. Осыған сәйкес нефрондардың бірнеше
түрлерін ажыратады.
1) Қысқа нефрон (беткейлік) 15-20% , 2) аралық (70%) нефрон; 3) ұзын нефрон
– боз заттың төңірегіндегі (юкстамедуллярлы)– 15%. Қысқа және ұзын қыртысты
нефрондардың ілмегі зонада әртүрлі деңгейде орналасады. Ұзын нефрондардың
бүйрек денешіктері, ирек проксимальды, дистальды бөлімдері қыртысты заттың
боз затпен шекаралас бөлігінде орналасады, ал ілмектері ішкі зонада
тереңірек орналасады. Нефрондар ашылатын
Қан әкетуші артериоланың диаметрі тар, Қан әкелуші артериоламен
салыстырғанда, қыртысты нефронның капиллярларында қан қысымы өте жоғары
(50мм сынап бағанасы бойынша). Несеп түзілу процесінің бірінші фазасы үшін
мұның маңызы өте зор. Бірінші фильтрация (сүзілу) процесінде қан
плазмасының сұйық және заттар нефронға сүзіліп өтеді. Қан әкетуші артериола
қайтадан капиллярға тарамдалады. Перитубулярлы капиллярлар торын түзеді.
Бұл екіншілік капиллярлардың қан қысымы төмен (10-12мм сынап
бағанасыбойынша) бұл несеп түзілу процесінің екінші фазасына – нефроннан
сұйық және заттар бөлігінің қайтадан қанға апаруға мүмкіншілік жасайды.
Капиллярдан (перитубулярлы тордың) алуымен –жұлдызды – венаға – бөлікше
аралық вена – доғалы вена – бүйрек аралық вена – бүйрек венасы – бүйрек
қақпасы. Юкстамедуллярлы қан айналу жүйесі. Мұнда бүйрек денешіктерінің
тамырлар шумақтарының әкелуші және апарушы артериолалардың диаметрлері
шамамен біркелкілікті болады немесе шығару артериолалары едәуір кеңдеу.
Сондықтан осы шумақтардағы капиллярларда қан қысымы сәл төменірек болады.
Шығарушы шумақтардың юкстамедуллярлы нефрондардың артериолалары ми затына
барып, жұқа қабырғалы тамырлар будаларына тарамдалып, тік тамырлырға (vosa
vecta) айналады. Ми затында оларданМи перитубулярлы капиллярлы тор (vete
capillare peritubulare medullaris) қалыптасады. Тік тамырлар ми затының
әрбір деңгейіне ілмектерді түзеді. Ми затының капиллярларытік веналарға
жиналып, доға веналарына құйылады.

Нефронның құрылысы. Нефрон бүйрек денешігінен (диаметрі 200мкм)
басталады. Тамырлы шумақ (glomerulus) 50 жақын қан капиллярларынан тұрады.
Эндотелиоциттерінің көптеген тесіктері яғни диаметрі 0,1мкм поралары және
фенестірлері болады.
Базальды мембрананыңішкі бетінде эндотелиоциттерорналасады. Сырт
жағынан капсуланың ішкі жапырақшасының эпителиі жанасады. Капсуланың пішіні
екі қабырғалы тостағаншаға ұқсайды, қабырғасында ішкі және сыртқы
жапырақшалар болады. Екеуінің арасында капсуланың қуысы орналасады. Бұл
қуыс проксимальды түтікшеге өтеді. Ішкі жапырақша шумақ капиллярларының
араларына еніп, барлық жағынан оларды қоршайды. Ішкі жапырақша ірі
эпителиоциттерден – подоциттерден тұрады (30мкм). Продоциттер шумақтың
базальды мембранасының құоамына кіретін заттарды синтездейді, қан ағымын
реттейтін заттарды түзеді. Подоциттердің рецепторлары болады, иммунды –
қабыну процестеріне белсенді қатысады. Подициттердің денелерінен бірнеше
ірі, жалпақ өсінділер – цитотрабекулалар таралады. Ал, өз кезінде
цитотрабекулалар көптеген ұсақ өсінділерге цитоподияларға тарамдалады.
Цитоподий шумақтың базальды мембранасына бекиді. Цитоподиялардың араларында
жіңішке сүзгіш (фильтрациялық) саңылаулар болады,бұлар капсуланың қуысымен
байланысады.Сүзгіш саңылаулар сүзгіш тесікті поралы диафрагмамен аяқталады.
Бұлар альбуминге және басқа да ірі молекулярлы заттарға кедергі.
Подоциттердің бетінде және олардың аяқшаларында теріс зарядталған
гликокаликс қабаты болады. Шумақтың базальды мембранасы эндотерлиоциттер
мен подоциттерге ортақ. Капсуланың сыртқы жапырақшасы бір қабатты жалпақ
этителийден тұрады. Базальды мембрана үш қабаттан:
1. Сыртқы – тығыз (ашық түсті қабат);
2. Ортаңғы тығыздау (күңгірт түсті) қабат;
3. Ішкі қабат;
Базальды мембрананың құрамына коллаген талшықтарының ІV түрі,
протеогликан кіреді. Шумақтың капиллярлардан энозотелициттері, подоциттер
және гломерулярлық базальды мембрана сүзгіш кедергісі (фильтрациялық
барьер) түзеді. Осы сүзгі арқылы көп плазмасы сүзіледі, капсула қуысына
өтеді – алғашқы несеп (біріншілік) түзіледі. Қалыпты жағдайда бүйрек
фильтрі (сүзгіш) арқылы қанның формалы элементтері, қан плазмасының кейбір
белоктары – иммунды денешіктер, фибриноин және тағы басқалары өтпейді.
Фильтр – сүзгіш зақымданғанда, қабыну (нефрит) процестерінде жоғарыда
айтылған заттар ауру адамның ішінде болуы мүмкін. Сөйтіп несеп түзілудің
бірінші кезеңі – фильтрация (сүзілу) бүйрек денешігіндежүзеге асады.
Проксимальды бөлім (ирек және тік түтікшелерінен) қабырғалы бір қабатты куб
тәрізді, жиекті эпителийден тұрады. Бұл түтікшеде реабсорбция яғни қанға
қайта алу процесі жүреді. Алғашқы несептен қанға бірқатар заттар: белок,
глюкоза, электролиттер, су сіңеді.
Нефрон ілмегі – жіңішке түтікшеден және дистальды тік түтікшеден
тұрады. Қысқа және аралық нефрондарда жіңішке түтікшенің төменгі жіңішке
бөлігі болады, ол юкстамедуллярлы нефрондарда жіңішке төменгі және жуан
жоғарғы бөліктері болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп- жыныс ағзасы туралы
Тыныс алу жүйесі
Бүйректің, несепағардың, қуықтың дамуы және даму ақаулары
Несеп- жыныс ағзасы
Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік
Несеп -жыныс жүйелері
Несеп жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Бүйрекүсті безі
Жыныс жүйесі
Несеп шығару жүйесі
Пәндер