ҚАН КЕТУ ТУРАЛЫ. ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАН КЕТУ

Жараланған қан тамырының өзегінен шыққан қанды - қан кету, қансырау дейді. Жарақаттың, жараланудың қай түрі болсын - қансыратады. Жараланған тамырдан аққан қан не сыртқа (терінің сыртына шығып көрініп тұрады), не көзге көрінбей адам ағзасының ішкі құрылымына, қуыстарға, буын-буынға ағып кетеді. Қансырау салдарынан адамның өлімге ұшырау фактілерін ерте заман адамдары да білген, біліп қана қоймай қан тоқтату әдістерін де пайдаланған.

Адам ағзасында 5 литрге жуық қан бар. Адам жараланып қалса, дәрігер ең әуелі оның қан құрамына ынта қояды. Ол адамның жараланғанына қанша уақыт өткенін білгісі келеді. Қаны ақса, қанша аққанына, қалай аққанына ден қояды

Қансыраудың себептері көп. Сол себептердің жиі кездесетін бір түрі - жарақаттану, жаралану. Мұндай жағдайға ұшыраған адамның қан тамыры жыртылады, бұзылады, тамыр сыртына қан шыға бастайды. Қанның көп аққаны жаман. Тамырдағы қан қысымы көтерілгенде, артериосклероз ауруына шалдыққан адамның қан тамыры жарылып кетуі де ғажап емес. Сондай-ақ сыртқы ауаның қысымы төмендегенде науқастың құлағынан, танауынан, тамағынан қан кетеді. Сыртқы атмосфералық ауа қысымы ұлғайғанда да танаудан қан кетуі мүмкін. Операция кезінде қарынның немесе кеуденің қуыстарынан көлемді ісік алынса, солардың орны да қансырап қалуы мүмкін және осындай жағдайлар адам іші суға толып кеткенде, я сол суды инемен тесіп (қарынды) шығарғанда да байқалады.

Қан тамырынан қан кету процесі басқадай жағдайларда да кездеседі. Сондай жағдайлардың бірі - қан ауруы - гемофилия. Гемофилия ауруына шалдыққан адамның нәресте кезінен-ақ қан ұю (свертываемость) процесі баяулап, науқас адам әлсін-әлсін қаңсырай береді. Кейде тіс тазалаудың өзі де көп уақытқа шейін тоқтамайтын қаңсырау жағдайына келтіреді. Мұндайға ер адамдар жиі шалынады. Танаудан, ішектен кеткен қанды тоқтату өте қиын, жас кездерінде осындайға душар болған адамдар кейде өлімге де ұшырайды. Мұндай адам қосымша хирургиялық науқасқа шалынса, оны өлімнен құтқарып қалу өте қиын болады. Сондықтан хирургиялық операция алдында, операция кезінде және операциядан кейін осындай науқастарға көп көңіл бөліп отыру парыз. Ондайда науқастың қасынан кетпеген жөн. Оған аскорбин қышқылын беріп, уақытымен қан құйып отыру ләзім, қансырап тұрған жерді тығындап, фибрин пленкаларын кең қолдану арқылы қансырау процесін тоқтату керек.

Әсіресе бауыр дертіне шалдыққан, сарғайып кеткен адамға қан құю қажет. Ондай науқастарда қан ұюы төмендеп кеткендіктен, операциядан соң ішектен, танаудан қан кетеді. Кейде тері астындағы қан тамырларынан да қан кетеді. Мұндай жағдайды холемиялық қансырау деп атайды. Сарғайған адамды операцияға алардан бұрын оған қан құйып, тағамын жөндеп, К, С витаминдерін енгізеді.

Айтылған себептерден басқа қансырау қан тамырының осалдығынан да пайда болуы мүмкін, қан тамырының қабырғасы осал болса, қан сыртқа шығады. Қан тамырының өзегі кеңіп, қабырғалары осалданғанда скарлатина, қырқұлақ, шешек, сепсис аурулары байқалады. Фосфор, бензолмен уланғанда, уремия, холемия жағдайына ұшырағанда, орталық нерв жүйесінің (центральная нервная система) қызметі нашарлағанда қантамырының төңірегіне, сыртына шығады. Нерв және эндокриндік мүшелердің қызметі нашарлағанда танаудан, емшектен, ішектен кеткен қанды викарлық қансырау деп атайды.

ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ. Қансырау көп топқа бөлінеді. Қан тамырдан ағып жатса оны анатомиялық қансырау дейміз. Бұл топқа артериялық, веналық, капилляр, паренхималық қансырау жатады.

Артериялық қансырау адамдар үшін өте қатерлі. Себебі, азынаулақ уақыт ішінде кан тоқтату шаралары қонданылмаса, адам көп қан жоғалтып алады. Артериялық тамыр жараланғанда, қан жоғары атқылап, шапшып ағады. Қанның түсі - шымқай қызыл. Қансырау көп уақытқа созылса, қан шапшуы әлсірей бастайды. Қан тамырдың қиылған өзегінің бірінен ғана ақса (орталық жағы), кейде қиылған өзегінің екі жағынан да ағуы мүмкін. Мысалы - ұйқы тамыры (сонная артерия) жараланса, қан қиылған тамырдың екі шетінен де шапшып тұрады.

Веналық қансырау. Вена қан тамыры жараланса, қан шапшымайды, жайлап, біркелкі ағады, түрі - қошқыл қызыл. Қан жараланған тамырдың тек төменгі шетінен ғана ағады. Жүрекке жақын, кеуде қуыстарындағы қан тамырлары жараланса, қауіпті жағдай тууы мумкін. Яғни жараланған тамырға ауа кіріп, ауа эмболиясы атты жағдай туып, адам әлімге шалынуы ықтимал. Сол себептен кеуде төңірегіндегі жараны тез арада матамен жауып, кеудеге ауа кіруін болдырмау керек. Веналық тамыр жараланғанда қан ағуы өз бетімен тоқтайды, немесе жараланған аяқ-қолды көтерсе, қан тоқтату үшін соның өзі жеткілікті.

Капиллярлық қансырау деп ұп-ұсақ артерия мен қан тамырларының ең жіңішке бөлімшелерінен аққан қанды айтады. Жараланған жердің тканьдары қансырап тұрады. Қан ұю процесі нашарламаса, қансырау өз бетімен тоқтайды.

Паренхималық қансырау дегеніміз - паренхималық органдар (бауыр, көк бауыр, екпе) жараланғанда пайда болады. Бұл капиллярлық қансырауға ұқсас, бірақта өте қатерлі, себебі, ұсақ қан тамырларының өзегі жабылмайды. Сондықтан қан тоқтау қиынға түседі. Қансырап тұрған бауырды операция кезінде қара ет, фасция, фибриндік пленкалармен жауып, тығындап, қан тоқтату әрекетін жасаса, өкпенің жараланған жерін тігеді, ал кек бауырды операция кезінде алып тастайды.

Анатомиялық қансыраудан басқа қансырауларды топтастырсақ, механикалық қансырау (жаралану, жарақаттану себептерінен), тамыр қабырғаларының әртүрлі ауру себептерінен өзгеруі (сепсис, скарлатина аурулары), қан ұю процестерінің өзгеруінен (гемофилия ауруы, холемия жағдайы), сыртқы атмосфералық қысымның азаюы не ұлғаюы, фосфор, бензол сияқты химиялық заттармен улануы сияқты әртүрлі себептерден қансырау пайда болатынын айтқан жөн.

Сонымен қатар дене сыртына аққан қанды сырт қансырау дейді және ішкі қансыраумен бірге жасырын қансырау атты және бір түрі болатынын айта кеткен артық емес. Жасырын қансыраудың сырт белгісі болмайды да, қансырап тұрған тамырды болжап білу қиын. Адамның жалпы белгілерімен жорамалдап отырып, арнайы бақылау әдістерімен қансыраған жерді анықтайды.

Уақытқа байланысты қансырауды алғашқы қансырау және қайталап қансырау деп бөледі. Алғашқы қаңсырау - адам жарақатқа, жаралануға шалынған кезден басталады. Қайталап қансыраудың өзі екі түрге бөлінеді. Бірі - ерте қайталап қансырау болса, ол жараланғаннан кейін бірнеше сағат, немесе 2 тәулік ішінде пайда болады. Яғни қан түйіршіктерімен тамыр өзегі бітеліп қалып, қан тоқтағаннан кейін біраз уақыттан соң қан қысымы көтерілгенде тығын (тромб) орнынан қозғалып кетіп, қайталап қансырау басталады. Ерте қайталап қансырау жарадағы микробтар жараны іріңдеткенше пайда болады. Ал қансыраудың кеш қайталап пайда болу себебінің бірі - жараның іріңдеуі. Ірің қан тамырының өзегін балқытып жібергендіктен, немесе тамырдың Ішіндегі қан түйіршіктерінен пайда болған тромб (тығын ретінде) балқып, кеткендіктен, қайтадан қансырау басталады. Қеш қайталап қансырау операциядан кейін үшінші күні немесе бірнеше жетіден кейін басталуы мүмкін. Қайталап қансыраудың себептері көп, солардың кейбірі: а) операция кезінде жараланған қан тамыры толық байланбауы; ә) қан қысымы күрт өзгеріп жоғарылап кетуі; б) қанның ұю процесі нашарлап, химиялық қасиеті өзгеріп, витаминдер жетіспегендіктен; в) жарадағы құрғап қатып қалған таңғышты қалай болса солай жұлып алу; г) жара төңірегіндегі қан тамырына тромб бітеліп қалып және ол ерігенде, жараның іруі, шіруі, жараға анаэробтық микробтардың енуі, сіңуі; ж) жараның ішінде бөтен заттар - тас, темір, ағаш қалуы және олар қан тамырының қабырғасын көп уақыт жатқандықтан тесіп жіберуі.

Қансыраудың белгілері көп-ақ. Қансыраудың белгілері жараланған жердің көлемі, оған байланысты жараланған қан тамыр өзегінің диаметрі. Адамның қансырағанына қанша уақыт өтті, қаншалықты қан жоғалтты және жоғалған қан іш құрылымына ақты ма, әлде сыртқа қарай кетті ме - міне осы жағдайлардың бәріне байланысты.

Қансыраудың белгілері екіге бөлінеді. Біріншіден, қанынан айрылған адамның жағдайы нашарлап, өзгерсе, оны жалпы өзгеріс белгілері деп, екіншіден, жара төңірегіндегі өзгерістерді жергілікті өзгеріс белгілері деп атайды.

Қансыраудың қай түрінде де көп қан жоғалса, жалпы өзгерістер бірдей болады. Адам әлсіреп, басы айналып, әлсін-әлсін тала (обморок) береді, көзі қарауытып, құлақтары шыңылдап, сұп-суық қара тер басып кетеді, денесі бозарып, ақ қағаздай құп-қу болып, тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы азаяды.

Қан құйылуына байланысты жүрек қызметі нашарлап, адам еріндері көгеріп, күре тамырларда қан қысымы жоғарылайды. Жүрек құйылған қанның әсерінен қыспаққа алынып (тампонада сердца), өзіне тән қызметін атқара алмай қалады. Егерде жедел түрде операция жасап, жүрек қапты тіліп, жиналған қаннан тазартпаса, адам өлімге ұшырайды. Қан құйылған жүрек қабына (гемоперикард) операция жасар алдында оны рентген сәулесіне салса, жүрек үш бұрыш формасына ұқсас болып тұрады. Құйылған қанның көлемі 250-300 мл. аспағандықтан жалпы қансырау белгілері онша көзге түспейді, науқастың тамыр соғуы біркелкі болмайды - ол біресе соғып, біресе жоғалып кетеді. Жалпы тамыр соғуын санаса жиі келеді, бірақ жүрек төңірегін саусақтармен тоқылдатса, жүрек қабының кеңігенін дыбыстан айыруға болады. Осындайда дыбыс өзгеріп, дыбыстың түншығуы көбейе түседі.

Буынға қан құйылғанда адамның жалпы жағдайы айтарлықтай өзгермейді, қансыраудың жалпы белгілері де көзге түспейді. Себебі жоғалған қанның көлемі көп емес. Бірақта кан құйылған буынның көлемі ұлғайып, аяқ немесе қолын қозғалтса, ауру үдей түседі, буынына қан құйылған қол немесе аяқ көтеру, басу ыңғайсыз, саусақтармен осы буынды басса, адам шыдай алмай ойбайлап жібереді. Тағы бір белгі - қан құйылған ісіктің екі жағына алақан салып, бір алақанның саусақтарымен ісікті тез түртіп қалса, ісік ішіндегі сұйық екінші қолдың алақанына толқын сияқты келіп соғады.

Көзге көрінетін, саусақтармен басып (пальпация) зерттеп, анықтауға болатын жерлерге қан құйылғанда сол жердің көлемі ұлғайып, ісік пайда болады - мұны гематома дейді. Қөлеміне байланысты гематоманың бірнеше түрі болады. Терінің әр жерінде нүкте сияқты құйылған қанды - петехия (petechiae), тері жолақтарын (vibicez), қан едәуір мөлшерде құйылып көтерген жерді - экхимоз (eccchymoses), көлемділеу жайылып, шеттері көрінбейтін белгісіз қан құйылуды - suggilatio деп атайды. Гематома (қан ісігі) үлкен болса, ол астында қалған қан тамырын басып, қысып тастайды, содаи қан жүрмей қалады да, сол ісіктің төменгі жағын саусақтармен басып қараса, тамыр соғуы жоғалып кетеді. Қан ісігінің бетіндегі тері не көгереді, не бозарып, сұп-суық болып тұрады. Қан ісігі бар жердегі зардап қатты болғандықтан, науқас адам шыдай алмай, айғайлап ыңқылдап жатады.

Қан ісігі жараланған қан тамырының өзегімен қатынасып тұрса, тамырдың әр соғуына орай қан ісігі де солқылдап тұрғанын байқауға болады. Уақытында, яғни дер кезінде хирургиялық көмек көрсетілмесе, осындай ісік қан тамырын басып, қысып тастайды да, ісіктен төмен жердегі тканьдер қорек зат, оттегі келмегендіктен өледі (гангрена), жансызданады.

Қансыраудың сырт түрін білу қиын емес, себебі, шапшып, атқылап тұрған қанды көрген дәрігер қай қан тамырының жарақатқа ұшырағанын біледі. Ал қансыраудың ішкі, әсіресе жасырын түрін анықтау оңайға түспейді.

Қан тоқтату әдістері. Қансырап тұрған қан тамыры қан ұю процесі арқылы өз бетімен тоқтауы мүмкін. Қан тамырынан ағып тұрған қанды уақытша, я біржолата тоқтату әдістері болашақ дәрігердің хирургиялық білімін, тәжірибесін тереңдете түспек.

ҚАНСЫРАУДЫ БІРЖОЛА ТОҚТАТУ ӘДІСТЕРІ. Қансырап тұрған жердің қанын біржолата тоқтату әрекеті тек қана дәрігер қолында. Біржолата қан тоқтату әдістері 4 топқа бөлінеді: а) механикалық әдістер, ә) мұздату және ыстық арқылы тоқтату әдістері; б) биологиялық әдістер; в) химиялық әдістер.

Механикалық әдістер. Ұсақ қан тамырлары жараланып, қансырап тұрған шақта жараны таңғышпен қатты қысып байласа, немесе жараланған қол, аяқты жоғары көтерсе, қансырау тоқтатуға тиіс. Тоқтамаса, я паренхиматозды органдар қансырап тұрса, жараны операциялық жолмен тығындап, қан тоқтату үшін жараның аузына салатын кішкене мақта немесе дәке тастайды.

Мұздату және ыстық арқылы тоқтату әдістері . Физика заңдарына сәйкес суықтық (төменгі температура) қан тамырын құрастырып, өзегін жіңішкертеді, ал ыстықтық (жоғарғы температура) белокты бүрістіріп, қан ұю процесін тездетеді. Осыны ескеріп, дәрігерлер қан тоқтатуға ыстық, суықты кең қолданып келеді.

Биологиялық әдістер . Бұл әдістер бірнеше топқа бөлінеді. Олар: а) қансырап тұрған жараны операция кезінде науқастың майы, бұлшық еті, фасция, ішмай шарбысымен тығындайды; ә) витаминдер енгізіледі; б) бұлшық етке адамның немесе жануардың қанынан алынған, жұқпалы ауруға қарсы қолданылатын сұйық затты егеді; в) қансыраған жерге қанның неше түрлі бөлшектерін енгізеді; г) қансыраған адамға қан құю, сыворотка, қанның сұйық бөлімі, тромбоциттер массасы, антигемофольный глобулин А, қан ұюына қатынасы бар ІІ-VII-IX-X факторларды енгізу.

Химиялық әдістер . Химиялық заттардың қан тамырына беретіін әсері - қан тамырының өзегін тарылтып, тамыр өзегінің диаметрін кішірейтеді, екіншіден, қан тамырындағы қанның ұю процесін тездетеді. Тамыр өзегінің диаметрін тарылтатын дәрілерге адреналин жатады.

ҚАНСЫРАҒАН ТАМЫРДЫ БАЙЛАУ. Қансырап тұрған тамырды операция кезінде төңірегіндегі тканьдардан оңашалап алып, қысқышпен ұстап тұрып, қысқыштан төмен жерін жібек жіппен, я капрон жіппен бір рет байлайды да, қысқышты алғаннан соң екі рет байлайды.

ТАМЫРДЫ ЖАРАНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫНАН БАЙЛАУ. Егерде жара қатты қансырап тұрса және аққан қанды тоқтату қиынға соқса, хирург сол тамырды жарадан жоғары тұсынан кесіп, байлап тастайды. Осыған ұқсас жағдай жара қатты іріңдеген кезде де болады.

ЖАРАЛАНҒАН ҚАН ТАМЫРЫН ӨЗАРА БІРІКТІРІП ТІГУ. Қан тамырын тігудің өзіне тән өзгешелігі бар. Егерде қан тамырының ішкі қабығы тігілмесе, сол жерге қан түйіршектері жиналып, жентек пайда болуы мүмкін. Ал ондай жентек операцияны жоққа шығарады, себебі, сол жерден қан жүруі тоқталады.

ҚАН АЛМАСТЫРАТЫН ЗАТТАРДЫ НАСҚАУҚА ҚҰЮ

Кеткен қанның орнын толықтыру үшін тамырға, қан айналымына қан, плазма, қызыл түйіршіктер (эритроцитер) қосылады. Жан-жануардың көк етінен және өсімдіктердің қабығынан өтпейтін, кристалданбайтын химиялық затты коллоид десе, осындай коллоид ертіндісін, тұздың изотониялық ертіндісін, глюкозаны енгізіп, қан құрамын, оның көлемін бірқалыпқа келтіреді.

ҚАН ҚҰЮДЫҢ ТАРИХЫ. Қан құю туралы ілімді үш дәуірге бөлуге болады. Бірінші дәуір - сонау ескілік заманнан 1628 жылы Гарвейдің қан айналым заңы шыққанға дейін. Екінші дәуір-1628 жылдан 1901 жылға дейін, яғни агглютинация заңы ашылғанға дейін. Үшінші дәуір - бүгінгі күнге дейін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қансырау. Дисмургия
Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері
Ұлпаларды ығыстыру
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Геморрагиялық синдромы кездесетін ауруларда және тромбоэмболиялық асқынулар
Іш ағзаларының жарақатары
Қансырауды тоқтату
Қан айналымның бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz