Оқушылардың күн кестесі мен киіміне қойылатын гигиеналық талаптар


Мектеп гигиенасы
Оқушылардың күн кестесі мен киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Оқушылардың күн кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. Балалардың күн кестесіне тазалық сақтау, ас қабылдау, таза ауада дем алып, ауа жұту, дене шынықтыру, ұйықтау, мектепте және үйде сабақ оқу, еңбек ету (үй шаруасына көмектесу, мектеп ауласында, ауыл шаруашылығында еңбек ету), қосымша сабақтар мен үйірмелерге қатысу сияқты оқушының күнделікті өмірі жатады.
Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда оқушының дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Оқушының үй кестесі мектептің жұмыс кестесіне бейімделіп жасалады. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол оқушының мектептегі еңбегіне кері әсер етуі мүмкін. Әрбір ата-ана өз баласының күн кестесін жақсы біліп, оның мезгілімен және дұрыс орындалуына жағдай тудырып және қадағалап отыруы керек. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршауы, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді, сабақ үлгерімі нашарлайды.
Үйдегі күн кестесінде баланың тазалық сақтау дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөлу керек. Оқушы ұйқыдан тұрғаннан кейін таза жуынып, тісін тазартып, даладан келген сайын, ас ішерде және ас қабылдағаннан соң қолын тазартып жууға, аузын шаюға дағдыландыру керек. Осыған орай кұн кестесінде таңертең, ас алдында, мектептен және ойыннан қайтқан соң жуынуға уақыт бөлінеді. Баланың денесі шынығу үшін таңғы гигиеналық гимнастикаға 10-15 минөт уақыт бөлінеді. Мектептен қайтқан соң оқушы киім ауыстырып, жуынып, асын ішеді. Содан кейін міндетті түрде таза ауада 1, 5-2 сағат дем алады, ал 1-2 сынып оқушыларының 1 сағаттай ұйықтап алып, қалған уақытта ауада дем алғаны жөн.
Баланың е ң б е к қ а б і л е т і күніне 2 рет (8-12 сағ., 16-18 сағ. ) жоғары болады. Сондықтан бұл мезгілдерді мектепте сабақ оқуына және ұйде үй тапсырмаларын орындауға пайдалану керек. Таңертең оқитын оқушылар 16-18 сағат, түстен кейін оқитын оқушылар 8-12 сағат аралығында сабаққа дайындалғаны жөн. Гигиеналық талапқа сай үй тапсырмаларының мөлшері барлық пәннен де баланың жасына лайық жоспарланады. Сондықтан 1-ші сынып оқушылары сабақ дайындауға 1 сағат, ал 8-11 сынып оқушылары 3-4 сағат уақыт жұмсайды.
Сабақ дайындау барысында бастауыш сынып оқушылары әрбір 25-30 минөт сайын, жоғары сыныптағылар 45 минөт сайын үзіліс жасап, демалуы керек. Жоғарғы сынып оқушылары 2 сағаттан кейін 20 минөт белсенді түрде дем алғаны дұрыс болады. Сол кезде баланың таңдауына, отбасының жағдайына сай үй шаруасына араласуына немесе қозғалысы мол ойын ойнауына болады.
Оқушының сабаққа дайындалатын ж ұ м ы с о р ы н ы таза, бөлмесінің ауасы желдетілген, отыратын орындығы ыңғайлы, барлық жағынан гигиеналық талапқа сай болу керек. Бөлменің шаң тозаңын су шүберекпен сүртіп, терезенің шынысын мезгіл-мезгіл жуып тазартады. Бөлменің тазартуы жеңіл болу үшін қажетсіз артық заттар, жөнсіз әшекейлер болмауы тиіс. Бөлменің жылылығы 18-20-22 о С, ылғалдығы 50-70 %, жарығы мол болғанда ғана оқушының еңбегі гигиеналық тұрғыдан қарағанда дұрыс ұйымдастырылады. Оның жұмыс орыны (үстелі мен орындығы) жарық мол болу үшін терезеге жақын тұрып, баланың дене көрсеткіштеріне сай болу керек. Үстелдің үстіндегі заттарды белгілі тәртіппен орналастырып, дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастырған жағдайда оқушының еңбегі нәтижелі болады. Сондықтан қағаздар, кітаптар, қалам-қарындаштардың тұрақты орыны белгіленіп, дер кезінде жинап отыруды баланың әдетіне айналдыру керек.
Бала д е н е с і н і ң ш ы н ы ғ у ы үшін таза ауада көбірек болып, дене қимылдары әртүрлі ойындарды (волейбол, футбол, жасырынбақ, т. б. ) ойнау керек. Соған байланысты тұрғын үйдің ауласында балалар алаңын жасайды.
Оқушының күн кестесінде ұ й қ ы ғ а бөлінген уақыттың маңызы зор. Шаршаған баланың еңбек қабілетін қалпына келтіру, шаршауын басу, денсаулығын сақтау үшін ұйқының физиологиялық мәні күшті болғандықтан, оны дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлу керек. Дені сау баланың ұйқысының ұзақтығы 7 жаста 10, 5-11 сағат, 10 жаста 10-10, 5 сағат, 11-13 жаста 9-9, 5 сағат, 14-17 жаста 8-9 сағаттан кем болмау керек. Бұл уақыттың 1 сағатын күндіз ұйықтаса, баланың организміне өте тиімді болады. Ұйқы кезінде баланың денесі дем алып, миындағы күндіз жиналған мәліметтерді еске сақтау жолдары реттеледі, нерв клеткаларындағы қуат қорлары қалыптасады, шаршаған организмнің еңбек қабілеті қалпына келеді. Оқушы үнемі бір мезгілде жатып, тұруға дағдыланғаны жөн. Сонда ұйқы уақыты нәтижелі пайдаланылады. Бастауыш сынып оқушылары кешкі сағат 9-да, ортаңғы сынып оқушылары 10-да, жоғарғы сынып оқушылары 10-11-ден бастап ұйықтағаны жөн.
Оқушының күн кестесінде т а м а қ т а н у м е р з і м і н е және тағамның қоректік қасиетіне көңіл аударылады. “Ас - адамның арқауы” демекші, организмге қажетті заттарды, қуат қорын дұрыс мезгілімен тамақтану арқылы қамтамасыз етуге болады. Ас қабылдау ұзақтылығы 15-20 минөттен 20-30 минөтке дейін созылады.
Жалпы алғанда, оқушының күн кестесін құрғанда күнделікті қайталанатын еңбек түрлеріне арналған уақыттан басқа 1-1, 5 сағаттай уақытты бос қалдырған жөн. Бұл уақытты әр бала өз қалауынша пайдаланады (спортпен шұғылдану, көркем әдебиетті оқу, кино-театрға бару, кездейсоқ шаруаға қатысу, т. б. ) .
Оқушының киіну гигиенасы. Киім денені сыртқы ортаның түрлі механикалық, химиялық жағымсыз әсерлерінен сақтайды. Сондықтан баланың денсаулығын қамтамасыз етіп, оның еңбек өнімін арттыруда киімнің маңызы зор. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда киім адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етіп қана қоймай, жеңіл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Сондықтан киімнің физикалық және химиялық қасиеттерін білудің (жылу сақтау, ауа мен ылғалды өткізу, суды сіңіру, т. б. ) маңызы ерекше. Киімнің эстетикалық мағынасы да көрнекті орын алады.
Киімнің физикалық және химиялық қасиеттері киім тігілген маталардың қасиеттеріне байланысты және қабаттап киген киімнің санына байланысты. Киім тігілетін маталардың жылу мен ауаны өткізгіш, ылғал сіңіру мен өткізу, серпімділік қасиеттері маңызды.
Матаның ж ы л у ө т к і з г і ш қасиеті оның негізі мен түктеріне байланысты болады. Қалың, жұмсақ түкті маталар жылуды жақсы сақтайды, себебі түктердің арасында ауа жиналып, жылуды сыртқа шығармайды. Мысалы, жүн, фланель маталардың жылу сақтау қабілеті 92 %, сукно 89 %, жүн көрпеде 88 %-ға тең. Әсіресе жүнді терінің жылу сақтау қабілеті өте жоғары болады. Тығыз жұқа маталардың бұл қабілеті төмен болады. Мысалы, мақта-матадан жасалған киімдердің жылу сақтау қабілеті 37-44 %. Жасанды (синтетикалық) маталардың кейбірі (капрон, нейлон т. б. ) жылуды мүлде өткізбейді және сақтай да алмайды, ал кейбірі жақсы өткізеді (лавсан, нитрон, поливинилхлорлы жіптен тоқылған маталар) . Ауа райы өте салқын болғанда киімді қабаттап киген тиімді болады, себебі киім қабаттарының арасындағы ауа жылуды сыртқа шығармай, оны сақтауға көмектеседі.
Маталардың а у а ө т к і з г і ш қасиеті киім ішіндегі қажетті ауа қозғалысы мен ауа алмасуын қамтамасыз етеді, яғни киім ішіндегі денеге жақын орналасқан ауаны желдету үшін қажет. Ауа желдетуі жеткіліксіз болғанда баланың еңбек қабілеті төмендеп, көңіл-күйі нашарлайды. Ауа өткізгіштік қасиет бос тоқылған тақыр маталарда жоғары болады, ал капрон, нейлон, жасанды жібектер ауа өткізбейді не нашар өткізеді. Жауында киюге арналған киімдер тігетін арнайы маталар мүлде ауа өткізбейді, сондықтан ондай киімдерді суық желден, жауын-шашыннан қорғану үшін ғана киюге болады.
Киімнің қажетті мөлшерде ы л ғ а л с і ң і р г і ш қасиеті денсаулық сақтауда маңызды орын алады. Ылғал сіңіргіш қасиет деп маталардың ауадағы судың буын немесе денеден шыққан терді сіңіру қабілетін айтады. Бұл қасиет арқылы киім ішіндегі жылу дұрыс алмасады. Жүн, трикотаж (тоқыма), жібектен тоқылған маталардың ылғал сіңіргіш қасиеті жоғары, ал жасанды жібекте өте нашар болады.
Эстетикалық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда киімнің с е р п і м д і л і к (қалпын сақтау) қасиетінің де маңызы бар. Бұл қасиет жүн, мақта маталарда талапқа сай, ал жасанды жібектердің кейбіреуінде нашар болады.
Сонымен, киімнің қасиеттері матаның қасиеттеріне байланысты, сондықтан барлық елдерде өндірілетін маталар арнайы санитарлық-гигиеналық сынақтан өтеді. Соның негізінде маталарды пайдалану жолдары мен тәртібі анықталады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты қазір көптеген жасанды жіптерден тоқылатын маталар өндіріледі, себебі олардың өзара құны табиғи жіптен тоқылған маталардан арзан және көптеген түрлі-түрлі әсерлерге төзімділігі жоғары, жеңіл, мықты келеді, әсемдік, жеңілдік, қалпын сақтау қасиеттері жағынан жүннен тоқылған маталардан кем түспейді, бірақ олардың ылғал сіңіру қасиеті төмен болады. Капрон, нейлон, т. б. жасанды жіптерден тоқылған маталар күннің ультра күлгін сәулелерін жақсы өткізетін, өте мықты, әсем болғанымен, мүлде тер сіңірмейді, сондықтан денедегі тер, май бездерінің қызметін нашарлатып түрлі тері ауруларын тудырады. Соған байланысты мұндай маталардан іш киім, денеге тиетін үстіңгі жеңіл киімді тігуге болмайды.
Киімге деген гигиеналық талаптар оның түрін, пайдалану жағдайларын, ауа райын, қызмет бабын ескереді. Жалпы алғанда, барлық киімнің түрлерін 4 топқа бөледі: сыртқы ауыр киім және жылы бас киім, сыртқы жеңіл киім, іш киім, аяқ киім.
Оқушылардың с ы р т қ ы а у ы р ж ы л ы киімі (пальто, тон, жылы курткалар, малақай, т. б. ) жеңіл, жылы, баланың денесіне сай болу керек. Шектен тыс жылы киіну баланы ыстықтатып, терлеуіне, көңіл-күйінің, еңбегінің нашарлауына себеп болады. Тым жылы киінген балалардың суық тиіп, қабыну ауруларына ұшырауы жиі кездеседі, оларда тез “тер қатады”. Ауа райы салқын жағдайда қыста жеңіл киінуге де болмайды. Әсіресе қазіргі жастардың ішінде кең етек жайған далада жалаңбас жүрудің нәтижесінде бас тоңазып, миға қан таситын тамырлардың қызметі нашарлап, мидың қабынуы, бас-бет нервтерінің қабынуы секілді түрлі аурулар байқалады.
С ы р т қ ы ж е ң і л к и і м (костюм, көйлек, т. б. ) баланың денесіне ықшам, қозғалысына қолайлы, жеңіл, мықты, әсем және таза болуы тиіс. Оның түрлі физикалық және химиялық қасиеттері гигиеналық талапқа сай, тігістері, түймелері, белбеулері денеге батпайтын, қан тамырлары мен көкірек қуысындағы мүшелердің қызметіне кедергі жасамайтын, ыңғайлы болғаны жөн. Жазғы ыстықта ауа райына сай өте жеңіл, күн сәулесін жақсы шашырататын, ауаны жақсы өткізетін киім киеді. Ондай киімдер мақта жіптен, табиғи жібек жіптерінен тоқылған маталардан тігіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz