Миокард инфаркты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Миокард инфаркты

Миокард инфаркты дегеніміз - коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жүректің жедел ишемиялық ауруы. Миокрад инфарктімен әйелдерге қарағанда ер адамдар жиі ауырады және 40 жасқа дейін көп кездеседі.

Миокард инфарктінің жіктелуі:

  1. Аурудың формасына байланысты:

А) жедел миокард инфаркты

- анықталған (определенный)

- мүмкін болған (возможный)

Б) миокард инфарктімен ауырып болған;

  1. Некроз ошағының көлеміне байланысты:

А) майда ошақты

Б) ірі ошақты;

  1. Некроз ошағының орналасуына байланысты:

А) алдыңғы

Б) бүйір

В) артқы (төменгі)

Г) перделік

Д) жүрек ұшы

  1. Некроз ошағының жүрек бұлшықетінің ену тереңдігіне байлансыты:

А) трансмуральді

Б) интрамуральді

В) субэпикардиальді

Г) субэндокардиальді

  1. Аурудың ағымына байланысты:

А) продромальді кезең (инфаркт алды жағдай)

Б) жітілеу кезеңі

В) жеделдеу кезеңі (подострый период)

Г) инфаркттан кейінгі кезең

Миокард инфарктінің атипиялық формалары:

А) астмалық вариант

Б) гастралгиялық вариант

В) аритмиялық вариант

Г) церебральді вариант

Д) симптомсыз вариант

Миокард инфарктының асқынулары:

А) кардиогенді шок:

- рефлекторлы

- шынайы

- ареактивті

- аритмиялық

Б) жедел жүрек жетіспеушілігі:

- сол қарыншалық жетіспеушілік (жүрек астмасы, өкпенің ісінуі)

- оң қарыншалық жетіспеушілік

В) жүрек ырғаны мен өткізгіштігінің бұзылысы: (экстрасистолиялар, пароксизмальді тахикардия, жүрекше мен қарыншаның жыпылықтауы мен дірілі, атриовентрикулярлы бөгет т. б. )

Г) Тромбоэмболиялар (қуыс ішілік тромбоз әсерінен пб)

Д) жүрек қарнышасының қабырғасының, қарынша аралық перденің, емізік бұлшық еттерінің жыртылуы;

Е) Тағы да басқа да асқынулар:

-асқазан мен ішек парезі

- эрозивті гастрит

- панкреатит

- дресслер синдромы

- психикалық бұзылыстар

Этиологиясы:

  • коронарлы қан тамырларының атеросклерозы;
  • коронарлы қан тамырлардың тробозы; эмболиясы;
  • коронарлы қан тамырлардың спазмы;
  • атеросклерозды табақшаларға қан құйылғанда;
  • коронарлы қан тамырлар арасында коллатеральды байланыстың жетіспеушілігінен;
  • қан уюының жоғарылап, тромб түзілуі күшейгенде;
  • миокардтың О2-ге қажеттілігі жоғарылауы
  • миокард микроциркуляциясының бұзылуынан;
  • коронарлы қан тамырлар саңылауының аорта аневризмасының қабаттасуынан қысылуы.

Патогенезі:

Миокард аймағында қан келудің бұзылуы (яғни тоқталуы)

Миокардтың өліеттенуі* және ошақты зақимдалуы

  • нәтижесінде ауру сезім пб.
  • ЭКГ-де өзгерістер пбп
  • Резорбтивті-некротикалық синдром пб
Жүректің лақтырыс күші төмендейді
  • жедел аневризма
  • жүректің жыртылуы
  • жүрек ырғағының бұзылыстары және бөгеттердің (блокада) пб

Кардиогенді шок жүрек демікпесі

пб пб

Өмірге маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады
Өмірге маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады

Микроциркуляция бұзылады,

тіндердің гипоксиясы,

олигурия, азотемия пб

Екіншілік фибриляция немесе

жүрек асистомиясы

Миокард инфаркты кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер:

  1. Жүректің систоликалық қызметінің бұзылуы
  2. Жүректің диастоликалық қызметінің бұзылуы
  3. Сол қарыншаның ремоделирленуі.

Осы аталған өзгерістердің айқындылығы, дәрежесі бұлшықетіндегі некроз ошағына байланысты.

Жүректің систоликалық қызметінің бұзылуынан, миокардтағы некроз ошағы орналасқан жері жиырылуға қатыспайды. Миокард инфаркты дамығаннан кейін, жақын орналасқан аймақта компенсаторлы механизмнің көмегімен гиперкинезия пайда болады. Гиперкинезия симпатикалық нерв жүйесінің активтенуі мен Франк-Старинг механизмінің әсерінен пайда болады (миокард талшықтарының диастолалық созылуынан, оның жиырылуы жоғарылап, біртіндеп жүректің күші әлсіреп, келесі диастолалық созылуда жүректің лақтыру күшінің жоғарылуына әкеледі) . Компенсаторлы гиперкинезия миокард инфарктымен ауыратын адамдарда 10-14 күннен кейін төмендейді.

1977 жылы Rackley фундаментальді зерттеу жүргізіп, некроз ошағының көлеміне байланысты миокардтың жиырылуы қызметінің бұзылу дәрежелерін дәләлдеді. Оның негізі 4 дәрежесі бар.

1) егер 15% некроз болса - жүректің лақтыру күші төмендейді

2) егер 15% некроз болса - диастолалық қысым жоғарылап, сол қарынша көлемі ұлғайып, жиырылуы төмендейді

3) егер 25% некроз болса - сол қарыншаның жетіспеушілігі дамиды

4) егер 40% некроз болса - кардиогенді шок дамиды

Миокард инфаркты кезінде миокардтың эластикалық қасиеті мен созылуы төмендейді, оның себебі кардиомиоциттерде энергетикалық сустраттың жетіспеушілігінен, миофибриллдерден Са + иондарының саркоплазмалық ретикулизмға түсуі тежеледі. Осының салдарынан диастола кезінде миокард толығымен релаксацияланбай, диастолалық қысым жоғарылайды.

Сол қарыншаның ремоделирленуі - тек некроз ошағында ғана емес, сонымен қатар сау аймақтарында миокардтың созылуынан пайда болады. Аталған патологиялық процесс трансмуральді миокард инфарктында болады және келесі факторлардың әсерінен дамиды:

  • некроз ошағында миокардтың жүдеуі
  • некроз ошағы мен перинфаркт аймағында миокард тонусының төмендеуі
  • сол қарынша қуысының сомпенсаторлы кеңеюі
  • ренин-ангиотензин - ІІ - альдостерон жүйесінің активтенуі
  • симпато-адреналды жүйенің активтеніп, миокардқа катехоламиндердің әсері ұлғаяды
  • эндотелиннің гиперпродукциясы

Миокард инфарктының типтік ағымы:

  1. Продромальді кезең - каронарлы қан айналым жетіспеушілік симптомокомплекстің пайда болуы анықталады:

А) алғашқы 4 аптада үдемелі стенокардияның пб

Б) үдемелі стенокардиясы пб, стенокардия ұстамасының жиілігі, интенсивтілігі, ұзақтығының ұзаруы

В) тыныштық стенокардиясы бар науқастарда кенеттен пбп стенокардия (спонтаиды) дамиды - оның ұзақтығы бірнеше сағаттан 4 аптаға дейін созылады

2) Жетілеу кезеңі - миокардта ишемия аймағы мен некроз ошағының алғашқы белгілері пб аралығындағы кезең. Ұзақтығы 30 минуттан 2 сағатқа созылады

3) Жіті кезеңі - некроз ошағы мен миомаляцияның пб уақыты. Ұзақтығы 2 күннен 10 күнге дейін созылады (кейде одан да ұзағырақ болуы мүмкін)

4) Жеделдеу кезеңі - тыртықтың бітуінің алғашқы процестері аяқталғанда, некротикалық массаның гранулациялық тінмен толық алмасқанда пб уақыт. Ұзақтығы 4-8 апта

5) Инфаркттан кейінгі кезең - тыртық тығыздығының ұлғаюымен, миокрадттың жүрек қан-тамыр жүйесінің жаңа қызметіне бейімделгенде пб, ұзақтығы 2-6 айға созылады.

  1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Миокард инфарктына қарағанда өкпе артериясының тромбоэмболиясына тән:

  • анамнезінде ауру басталар алдында мынындай бұзылыстар болады (ауыр сынықтардың болуы, босану кезіндегі асқынулар, аяқтың терең веналарының тромбозы)
  • кеуденің жоғарғы бөлімінің айқын цианозы
  • қан түкіру және өпе инфарктының белгілері (өкпенің үйкеніс шуы*, рентген суреттегі өкпе типінің инфильтрациясы)
  • ЭКГ белгілер: жүректің электрлік өсінің оңға ыжуы, ІІ, ІІІ, AVF, V1-V2шықпаларда Р тісшесі жоғары, бірақ кеңеймеген (оң жүрекшенің жүктемесінен пб), Q тісшесі анықталмайды.
  • өкпе сканограммасында изоптин жиналуының дефектісі
  • қанның биохимиялық анализінде аздап ЛДГ1анықталуы, бірақ КФК-МВ, тропонин анықталмайды
  • Рентгенограммада зақымдалған бөлімінде қкпе алаңы анарған

2) Аорта аневризмасының қабаттасуы.

Миокард инфарктына қарағанда аорта аневризмасының қабаттасуына тән:

  • кеуде клеткасында кенеттен интенсивті ауру сезімін пб, бірақ ауру сезім күшеймейді
  • ауру сезімнің таралуы жайылмалы сипатта (екі қол, арқа), жоғарыдан төмен қарай (аорта қабырғасының қабаттасуының дәрежесіне байланысты)
  • шынтақ артериясында пульстің жоғалуы
  • наркотикалық инъекциялардың әсерінен ауру сезім резистенттілігі
  • анемиясының пб
  • ЭКГ-де инфаркты өзгерістердің анықтамалауы
  • УДЗ-де аорта аневризмасының белгілері

3) Жедел периокардит

Миокрад инфарктына қарағанда жедел перикардитке тән

  • жүрек аймағындағы ауру сезім дем алғанда, денені қозғалтқанда, арқасымен жатқанда пб
  • ауру сезім жөтелгенде күшееді
  • перикардит басталғанда перикардытң үйкеніс шуы пб ұзақ сақталуы (ал миокард инфарктында 2-3 күн ғана сақталады)
  • ST сегменті изолиниядан жоғары ығысады, ал патологиялық Q-тісшесі анықталмайды

4) Спонтанды пневмоторакс

МИ қарағанда спонтанды пневматоркасқа тән:

  • кеуде клеткасында ауру сезімнің жедел пб, ентігу, цианоз
  • зақымдалған бөлігі тыныс алу актісінен қалып отыруы
  • зақымдалған бөлігінде тыныс шуларының анықталмауы және тимпалистің естілуі
  • рентгенологиялық белгілер (ағарған аймақ, өкпе суреті төмендеген)
  • ЖЭО оңға ығысқан, ІІ, ІІІ, V1-V2шықпаларында Р-тісшесі жоғары болады

5) Жедел панкреатит

МИ қарағанда жедел перикардитке тән:

  • ауру сезімнің пб майлы тағам, қуырылған, ащы тағам, алкоголь қабылдауға байланысты
  • ауру сезім эпигастрит аймағында, сол жақ қабырға астында пб, бірнеше сағатқа созылып, белдемелі сипатта, көп реттік құсумен, және оның жеңілдік әкелмеуімен сипатталады
  • дене t0жоғарылап, қантырау пб
  • терең пальпация жасағанда уйқы безінің проекциясында ауру сезім пб
  • ЭКГ-де: ST сегменті изолиниядан төмен ығысады, Q-тісшесі анықталмайды

6) Асқазан мен ұлтабар ойық жарасының перфорациясы

МИ қарағанда асқазан мен ұлтабар ойық жарасының перфорациясына тән:

  • ауру сезімнің эпигастрит аймағында пб
  • ауру сезімнің күшеюі анықталмайды
  • іш бұлшықеттерінің тақтай тәрізді қатаюы
  • іш қуысының рентгеноскописында бауыр мен диафрагма арасында ауаның анықталуы
  • ЭКГ-де Т-тісшесі төмендейді
  • Миокард некрозының биомаркері анықталмайды (тропонин, КФК-МВ)

Клиникалық көріністері:

1) Продромальді (инфаркт алды) кезеңдегі негізгі белгілер:

- төс артындағы ауру сезімнің күшейіп, ұзаруы

- ауру сезім көлемінің ұлғаюы, яғни тек қана төс артында ғана емес, преокардиальді аймақта, төстің оң жағында да болады

- ауру сезімнің сол қолға, сол жауырынға, жауырын аралығына, эпигастрий аймағына, сонымен қатар төстің оң жағына, шүйде-мойын аймағына таралуы

- физикалық жүктемені көтере алмау

- жаңа симптолардың қосылуы (ентігу, бас айналу, жүрек ырғағының бузылуы, жалпы әлсіздік, тершендік, жүрек айну т. б. )

- күш түсу стенокардиясына тыныштық стенокардиясының қосылып, түнгі ұстамалардың күшеюі

  1. Жітілеу кезеңінің тудырушы факторлар:
  • физикалық жүктеменің факторлар
  • психоэмоциональді жағдай
  • оперативті іс-әрекеттер
  • жарақаттар
  • асты көп қабылдау (переедания)
  • суықтау немесе жылуды көп қабылдау
  • инсулинді гипогликемия (қант диабеті бар науқастар)
  • жанастық қатынас

шығымдары;

  • кеуде артында қысушы, күйдіруші, пышақ сұққандай ауру сезімін пб
  • ауру сезімнің төс артында, иықта, қолда пб, жауырынға, жауырын аралығына, мойынға, төменгі жаққа, құлақ, жұтқаншаққа таралуы. Сирек жағдайда оң қолға, оң иыққа, жауырынға, кейде аяққа беріледі
  • ауру сезімнің толқын тәрізді болуы
  • ауру сезімнің нитроглицеринге басылмауы, ауру сезімнің тек наркотикалық анальгетиктерге басылады (морфин)
  • қорқыныш, үрейдің пб
  • тынышсыздық, қозғыштық пб (еденде сырғанайды, кейде далаға жүгіріп шығады, қыста қарға қулайды, салқын суға шомылады, айқайлап кейде жылайды)
  • жүрек аймағының қатып қалу сезімнің пб, жүрек қағу, жалпы әлсіздік, тершендік, ентігу, ауаның жетпеуі, аяқтарында әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, құсу
  1. Жіті кезеңі:
  • ауру сезімнің күшеюы
  • пульстің жиіленуі
  • АҚҚ төмендеуі
  • Жүрек тондарының әлсіреуі, жүрек ұшында дауысты дөрекі систоликалық шуылдың естілуі
  • Перикардтың үйкеніс шуы
  • Резорбционды-некротикалық синдром (дене температурасының 37, 1-37, 9оС, кейде 38оС көтерілуі, 7-10 күнге созылуы, лейкоцитоз жоғарылауы, ЭТЖ, L2-глобуиндер, фибриногеннің жоғарылауы)
  • Қанның биохимиялық анализінде (фибриноген, серомукоид, гаптоглобин, L2және j-глобулин, С-реактивті белок пб) өзгерістер пб
  • Биохимиялық анаизде кардиомиоциттердің өлуінен пб маркерлер анықталады: КФК, ЛДГ1, ЛДГ2, ГАСТ, тропонин-Т, тропонин-І пб
  1. Жеделдеу кезеңі:

-науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық

Пульсі, АҚҚ қалыпты

Жүрек ушында систоликалық шуылдың жоғалуы

Резорбционды-некротикалық синдромының жоғалуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфаркттың түрлері
Қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейі мен дені сау адамдардың созылмалы күйзеліс жағдайында реттеуші механизмдердің күшею деңгейі арасындағы өзара байланыс
Қанайналым жүйесінің патофизиологиясы
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі
Жүрек-тамырлар жүйесінің патологиясы: аритмиялар, ақаулар
Ауруларды емдеу алгоритмдері
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Гипертензивті криз
Тыныс-жүрек жансақтауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz