Несептегі белокты анықгау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Несепті лабораториялық әдіспен зерттеу

Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтайды, микроскопиялық, бактериоскопиялық әдістермен тексереді. Несептің физикалық қасиеттеріне тәуліктік диурез, несептің түсі, иісі, салыстырмалы тығыздығы жатады. Тәуліктік диурездің және түсінің өзгерістері туралы жоғарыда айтылған. Зерттеуге құрғақ және таза ыдысқа жиналған таңертеңгі несеп алынады. Зәрдің түсі - ақшыл сарғыштан янтарлы сарғылтқа дейін өзгеріп отырады.

Мөлшері. Жалпы ересек адамның несебінің тәуліктік мөлшері 1000-1500 мл-ге дейін болады. Егер тәуліктік несеп мөлшері 500 мл-ден аз, 2000 мл-ден көп болса, ол патологиялық болып есептеледі.

Иісі. Қалыпты жағдайда несептің өзіне тән иісі болады. Бакте-риялармен бұзылғанда аммиак иісі шығады. Несепте кетон денелері пайда болса шіріген алманың иісіне ұқсас жеміс иісі шығады. Несептің салыстырмалы тығыздығының клиникалық маңызы зор. Ол несептегі еріген затгардың (мочевина, несеп қышқылы, тұздар, т. б. ) концентрациясын көрсетеді, сонымен бірге бүйректердің концентрациялау, ажырату қабілетін анықтайды. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1, 010-1, 028 аралығында болады және ол несеп мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Полиурияда несептің салыстырмалы тығыздығы азаяды, ал олигурияда керісінше көбейеді. Қант диабетінде несептің салыстырмалы тығыздығы жоғарылайды, ол 1, 030- 1, 040-тан артық болуы мүмкін. Несептің меңщікті салмағының азаюы - гипостенурия, біркелкі меншікті салмақ - изостенурия, меншікті салмақтың біркелкі төмендеуі - гипоизостенурия деп аталады. Несепті химиялық тексеруде - несептің реакциясын анықтау және белок, глюкоза, кетон денелері, билирубин, уробилиноидтардың барын анықтау жатады.

Несеіггің реакциясы. Организмнің қышқылдық негізін сақтап тұруда бүйректер өте маңызды рөл аткдрады. Бос сутегі (Н+) иондарының концентрациясы несептің шын реакциясын, оның қышқылдық белсенділігін (рН) көрсетеді. Қалыпты жағдайда аралас рационындағы сау адамдардың несебінің реакциясы рН 4, 5-8, 4 арасында, орта есеппен рН -6, 0 тең. рН көрсеткішіне дәрілік препаратгар (зәр айдағыш дәрілер, стероидты гормондар) әсер етеді. Қант диабетінде, бүйрек жеткіліксіздігінде, бүйрек туберкулезінде, ацидозда, гапокалиемиялық алкалозда, несептің кышқылдығы жоғарылайды. Несеп жолдарының созылмалы жүкдалы ауруларъшда, тоқтаусыз құсықта несептің сілтілігі өседі.

Несептегі белокты анықгау. Қалыпты несепте белок болмайды. Несепке түсетін аздаған плазмалық белок (тәулігіне 50 мг-га дейін) практикалық медицинада сапалы сынақтармен анықталмайды. Несепте сапалы сынақтармен анықталатын белок концентрациясы - протеинурия деп аталады. Протеинурия бүйректік және бүйректен тыс болып бөлінеді. Бүйректен тыс протеинурияда несепке белоктар зәр шығару мен жыныс жолдарынан түседі. Бұл қабыну экссудатының қоспасы болып есептелінеді. Бүйректен тыс протеинурия жалпы 1 г/ л-ден артық болмайды. Бүйректік органикалық протеинурияның себептеріне: жедел және созылмалы нефрит, амилоидоз, нефроз, нефросклероз аурулары жатады. Жедел нефритге протеинурия 1-1, 5 % шамасында, созылмалы нефритте 2-3 % шамасыңда, нефросклерозда 1, 5 % шамасында болады. Бүйрек текті протеинурияның негізгі механизмі қабыну әсерінен немесе қан іркілісіне байланысты бүйрек шумақтары тамырларының өткізгіштігінің күшеюінен болады. Ол "молекулярлы елек" ретінде жүреді. Сондықтан, әуелі кіші молекулярлы белоктар жоғалады (сұрыпталған протеинурия), үдеріс өршіген сайын үлкен молекулярлы белоктар да жоғала бастайды (сұрыпталмаған протеинурия) . Бұл ерекшелік диагностикалық белгі ретінде маңызды көрсеткіш. Сау адамда дене қызметінен кейін, физикалық күш түскенде, салқын тигенде, көп тұрғанда өте аз мөлшерде, өткінші - функционалдық протеинурия пайда болады. Оның себебі бүйректе қан іркілуіне жөне бүйрек шумақтарының мембранасының өткізгіштігінің күшеюіне байланысты болады.

Несептегі белокты анықтауға арналған ең көп таралған сынақ - несепке қышқылды қосқан кезде немесе қыздырған кезде оның коагуляциялануына арналған. Белокты анықтау үшін жүргізілетін барлық сынақтардың алдында несепті сүзу керек.

Бенс-Джонс уротропиндерін анықтау. Бенс-Джонс белоктары миеломды және макроглобулинді Валъденстрем ауруларында кездеседі. Бұл жеңіл полипептидті тізбек, өздерінің кішкене молекулярлы массасына байланысты бүйректің бұзылмаған сүзгісінен өте алады және термопреципитация өдісі арқылы анықталады. Бенс-Джонс белогы көбіне несепті электрофоретакалық тәсілмен зертгеу арқылы дәл анықталады.

Несептегі глюкозаны анықтау. Адамның несебінің құрамында глюкоза өте аз болады (0, 16-0, 15 г/л-ге тең болады) жөне ол сапалы сынактармен анықталмайды. Несепте глюкозаның пайда болуы глюкозурия деп аталады. Глюкозурия қандағы глюкозаиың концентрациясы 9, 9 ммоль/л-ден асқанда пайда болады (қалыпты жағдайда 4, 6- 6, 6 ммоль/л) . Глюкозурия физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді; Физиологиялық глюкозурияға алиментарлық, эмоционалдық, кейбір дәрілерді қабылдағаннан кейін (кофеин, кортикостероид) болатын глюкозурия жатады. Патологиялық глюкозурияға қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, бауыр берішінде, бүйрек ауруларында кездесетін (созылмалы нефрит) глюкозурия жатады. Глюкозурияны дүрыс бағалау үшін тәулік бойына жиналған несеппен глюкозаның қанша бөлініп шыққанын есептеу керек. Несептегі глюкозаны анықтауға қолданылатын көптеген сапалы сынақтар глюкозаның редукциялық қабілетін пайдалануға негізделген.

Гайнес сынағы глюкозаның мыс тотығы гидратын сілтілік ортада мыстың шала тотығының гидратына (сары түс) немесе мыс шала тотығына (қызыл түс) айналдыру қасиетіне негізделген.

Ниляндер сынағы. Бұл глюкозаның висмут нитратын висмут металына айналдыру қасиетіне бағытгалған.

Несептегі глюкозаның шамасын (самын) анықгау. Ол үшін поляриметрлік әдіс қолданылады. Глюкоза поляризациаланған жарықты оңға айналдырады. Поляризациаланған сәуленің бұрышы бойынша несептегі глюкозаның концентрациясы анықталады.

Альтгаузеннің колориметрлік әдісі. Бұл әдіс глюкоза ерітіндісін ащы сілтімен қыздырғанда пайда болатын ор түсті реакцияға, негізделген: пробиркадағы сұйықтықтың, түсінің қорытындысын әр түсті реттелген стандартпен анықтайды. Калориметрлеу фотометрдің көмегімен жасалынады.

Несептегі кетон денелерін анықтау. Несепте кетон денелері пайда болса, оны кетонурия деп атайды. Кетон денелеріне үш қосынды жатады: ацетон, ацетонсірке қышқылы, бетта - оксимай қышқылы. Қалыпты жағдайда несеппен кетон денелері өте аз бөлінеді. Олар сапалы сынақтармен анықталмайды. Несепте кетон денелері біріккен түрде кездеседі, сондықтан оларды бөлек анықтаудың клиникалық аса маңызы жоқ. Кетон денелеріне жасалған сапалы реакциялар олардың натрий нитропруссидімен сілтілі ортада қосылу әрекетінен пайда болатын әр түсті реакцияларға негізделген.

Көп тараған Ланге сынағы: натрий нитропруссидімен сілті қышқылы қосылған несепке аммиакты қабаттайды, егер сынақ оң болса, сұйықтар арасында күлгін түсті сақина пайда болады.

Несептегі билирубинді анықтау. Қалыпты жағдайда несепте билирубин болмайды. Егер сапалы сынақтар оң болса, ол патологиялық жағдайды көрсетеді. Бұл билирубинемт деп аталады. Билирубинге арналған көптеген сапалы сынақтар тотықтырғыштардың әсерінен олардың жасыл түске айналуына негізделген.

Розин сынагы. 4-5 мл несепке Люголь ерітіндісін немесе 1% йодты қабаттап құяды. Реакция оң болған жағдайда, сұйықтар арасында жасыл сақина пайда болады.

Фуше сынағы. 10-12 мл. несепке 5-6 мл. 1% хлорлы барий ерітіндісін қосып араластырады, фильтрлейді. Хлорлы барий билирубинді тұндырады. Тұнбаға 2-3 тамшы Фуше реактивін тамызады (100 мл. 20 % үшхлорсірке қышқылы және 10 мл. 10 % біржарым жарты хлорлы темір) . Реакция оң болған жағдайда тұнбада жасыл көк немесе көгілдір дақ пайда болады. Фуше сынағы өте сезімтал сынақ больш саналады.

Несепте уробилиноидтарды анықтау. Уробилиногенді денелер билирубиннің туындылары болады. Уробилиноидтарға уробилиңді және стеркобилинді денелер жатады. Уробилиноидтардың несеппен көп мөлшерде бөлінуі уробилиңурия деп аталады, олар бауыр ауруларында (гепатиттер, цирроздар), гемолитикалық жағдайда (гемолитикалык анемиялар), ішек ауруларында (энтеритгер) кездеседі. Уробилиноидтарды анықтайтын бірнеше әдістер бар.

Нейбауэр әдісі. Бұл әдіс уробилиноген денелерімен Эрлих реактиві (2 г. 100 мл. 20 % хлорлы сутегі қышқылының ерітіндісі) арасындағы реакцияларға негізделген. Бірінші 30 секунд ішінде сұйықтықтың боялуы уробилин денелерінің санының көбейгенін дәлелдейді (оң реакция) . Егер сұйықтықтың боялуы 30 секундтан соң пайда болса, онда уробилин денелерінің жоқ болғаны.

Флоранс әдісі. Күкірт қышқылы мен қышқылданған несептен уробилиноидтарды эфирдің көмегімен (8-10 мл. несеп және 3 мл эфир) айырып алады, содан соң барып эфирлі сығындыны 2-3 мл қойылтылған хлорлы тұз қышқылына қабаттап құяды. Бұл әдістің артықшылығы уробилиноидтар қалыпты мөлшерде болғанда да оң реакция береді. Сондықтан бұл әдіс уробилиноидтардың толық жоқтығын анықтау үшін қолданылады.

Несеп тұнбасын микроскопиялық зерттеу. Микроскопиялық зерттеуге центрифугадан өткен несеп тұнбасы алынады, сонан соң оның ішіндегі қан түйіршіктері, цилиндрлер, эпителий клеткалары, тұз кристалдарын тексереді.

Эритроцитгер. Сау адамның несебінде эритроциттер препаратта бірен-саран кездеседі. Несепте эритроциттердің көп болуы гематурия деп аталады. Микроскоппен ғана анықталатын гематурия микрогематурия деп, ал макроскопиялық, яғни көзге көрінетін гематурия макрогематурия деп аталады. Гематурия бүйректік және бүйректен тыс болып екі түрге бөлінеді. Бүйректік гематурияның себептері: нефрит (жедел, созылмалы), пиелонефрит, бүйрек ісігі, бүйрек туберкулезі, бүйрек инфарктісі, поликистоз. Бұндай жағдайда гематурияның механизмі - бүйрек шумактарының закымдануынан болады. Бүйректен тыс гематурияның себептері: бүйрек тас ауруы, қуық ісігі, қуық туберкулезі, қуық асты безінің аурулары. Гематурияның пайда болу себебін ажырату үшін үш стаканды сынама тәсілі қолданылады. Науқастар ертеңгі несебін үш стаканға бөліп жинайды. Егер гематурия бірінші ыдыстағы несепте болса, онда қан ағуы несеп бөлу каналынан (уретра), соңғы ыдыста болса - қан ағу қуықтан болғаны, барлық ыдыста бірдей болса - бүйректен болғаны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп құрамы және қасиеті
Несептің физикалық және химиялық қасиетін анықтау
Несепті зерттеудің диагностикалық маңызы
Несеп жүйесі
Аскорбин қышқылының ертіндісі
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі патофизиологиялық емдеу. Экстракорпоральды және перитонеальды диализ
Жіті нефрит
Зәр шығару жүйесі туралы түсінік
Кетоз ауруы
Қуық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz