Қаржылық есеп беруді жасау



Кіріспе
1. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары.
1.1. Қаржылық есеп беруді жасау.
1.2. Қаржылық есеп берудің элементтері.
1.3. Қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Болашақ университетінің колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қаржылық есеп беру

Орындаған: Өмірзақова Әсел

Тексерген: Тұрлығұлова А. Ө.

Қызылорда 2009

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.

1. Қаржылық есеп беруді жасау.

2. Қаржылық есеп берудің элементтері.

3. Қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру.

2. Инвестициялық және қаржылық қызмет.

1. Консолидалынған қаржылық есеп беруді жасау.

2. Негізгі және тәуелді заңды тұлғалардың консолидацияланған қаржылық
есеп беруі.

КІРІСПЕ

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондайӨақ мемлекеттік органдар, т,б, кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несеи беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы аұпарат береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарау мен болжау үшін басты
(бастапқы) база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік және жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:

Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне өарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал
шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.

Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.

Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.

Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын)
бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экномикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.

Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат күні бұрын
ойластырылған мілеметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.

Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.

Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі
екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.

Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.

Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен түрады:

Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).

Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО,
ведомость, Бас кітап).

Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс,
қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозңалысы
туралы есеп беру, т.б.).

Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.

Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.

№2 Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін
ашып көрсету (2 БЕС); Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
беру (3 БЕС) және Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру (4 БЕС)
арқылы жүзеге асады.

Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлыңын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.

1. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі
қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес
келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе
бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық
табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-
жабдықтардың дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген
қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп
мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды
дәлдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе
түгелдеу) деп атаймыз.

Түгендеу (немесе түгелдеу) – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес
аутивтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың
есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет
түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын
жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның
көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар
бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге
бөлінеді: толық және ішінара болып.

Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу тек қана
түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға,
кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны, т.б.

Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:

- жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

- кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы
органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан
кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 Бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның
кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының
құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,
оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын,
олардың күнін белгілейді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп
тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.

Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және
өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу
нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем
шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-
материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге,
есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде,
сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі
түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-
материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі
бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға
бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп
айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
кәсіпорынның балансында реттелмеген соммалар қалмауы керек; баланста есепте
тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен
негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек
сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгелденген
шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің
көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса
тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-
жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері
және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.

Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада
бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен
дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын
басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв
қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.

Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар
негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың
бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:

- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады, бірақ
зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;

- артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай
қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың
артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;

- құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпке бекітілген
нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым
шығындарына көшіріліп жазылады;

- материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің кем
шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған
жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар
анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған
жағдайларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар
шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.

Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар
құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде
анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын
түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері
түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу
бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.

Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия
цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан, т.б. құжаттардың толық
түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі
барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың
амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға
арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді;
алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық
шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ
процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған
материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа да
шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.

1. Қаржылық есеп беруді жасау

Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік
баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша
қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы)
кіреді.

Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

- инвесторлар – жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін;
кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес
активтерңн сатып алудың, немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігін
анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивидендтерді төлеу
қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін
(мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін
тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

- сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

- қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі,
өйткені олар өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен төлемін
алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;

- Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық
саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ
статистикалық мәліметтерді жинайды;

- Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді-
мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңы
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы туралы
Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу
Қаржылық есеп беру жүйесі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есептілік заңы
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер