Механикалық антисептика


АНТИСЕПТИКА ЖӘНЕ АСЕПТИКА
АНТИСЕПТИКА
Антисептика деген сөздің түсінігі: грек тілінде «анти» - «қарсы» деген сөз (мысалы, борьба - имперализмге қарсы күрес) және «септикос» - «іріп шіру» деген сөз. Толығырақ айтсақ, антисептика дегеніміз - іріп-шіруге қарсы күрес немесе іріп-шіруге жол бермейтін әдіс Антисептика ұғымына әртүрлі мағына берілетінін де білеміз. Ғылыми тұрғыдан қарайтан болсақ, профилактикалық амалдар арқылы жараға енген микробтарды, дертке ұшыраған мүшенің микробтарын және бүкіл ағзаға енген микробтарды емдеуді, соның жою әдісін антисептика дейміз деп үлкен медициналық энциклопедия түсінік береді.
Антисептикалық әдістің түрлері . Антисептикалық әдістің бес түрі бар. Олар: механикалық антисептика; химиялық антисептика, физикалық антисептика; биологиялық антисептика; біріктірілген, қосылған антисептика.
Механикалық антисептика . Механикалық антисептика әдісі - хирургиялық әдіс. Кездейсоқ жараланған адамның жарасына балшық жұғып, су тиіп, шаң-топырақ, қоқым түсетіні мәлім. Осылармен бірге жараға сіңген микробтар бес-алты сағат арасында жыртылған тері, мыжылған ет, жараланған жерге құйылған қанмен араласып, өзінің өсіп-өнуіне жақсы мүмкіншілік алады. Жараға түскен микробтарды, слндай-ақ жарақаттану салдарынан өлген клеткаларды кесіп алып тастаса, жара орнының іріңдемейтіні белгілі. 1898 жылы неміс хирургі Фридрихтің жаңа ғана жараланған адамның жарасын қандауырмен (скальпель) тіліп алып (жараның жан-жағын, түбін) және сол жерді жіппен тігіп қойса, жара болған жер іріңдемейді, науқас адамның өміріне қауіп жоқ деген пікірі болашақта хирургтердің күнделікті әрекетіне, әдетіне айналды. Осы әдіс - ПХОР (первичная хирургическая обработка раны), яғни жараны алғашқы хирургиялық жолмен тазалау, немесе емдеу операциясы деп аталды.
Химиялық антисептика . Химиялық заттардың микробтардың өсіп-өркендеуіне кедергі жасайтын (бактериостатическое), не соларды жойып жіберетін (бактерицидное) қасиеттеріи химиялық антисептика деп атайды. Химиялық заттар жарадағы микробтарға ғана әсерін тигізіп қоймайды, сонымен бірге жараның жазылуына, бүкіл ағзаға әсер етеді. Осыны еске ала отырып, дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмекті мұқият қадағалап, мөлшерлеп беріп отыру керек.
Физикалық антисептика . Әр заттың физика заңына сәйкес тек өзіне ғана тән әртүрлі қасиеттері (сору, құрғау, ағу) болады. Бүл қасиеттер хирургиялық тәжірибеде кең қолданылады. Мысалы, дәкені алайық. Оның қандай да болсын сұйық затты тез сорып алатын қабілеті бар. Егерде жараның ішіне дәкеден тығын тықсақ тереңде жатқан ірің бері тартылып, сыртқа шықпақ. Дәкенің осы қасиетін ескере отырып, оны 5 немесе 10 процентті тұз ертіндісіне малып алып жараға тықсақ, іріңнің сорылуы бірнеше есе арта түседі. Тереңде жатқан іріңді сыртқа шығару үшін пластмассадан, шыныдан, резеңкеден жасалған түтік (дренаж), дәкеден тампон кең пайдаланылады. Кейде іріңмен бірге жарадан өлі тканьдар, микробтар, жараның уы да шығады. Кейбір кез жара байланбаса да жара беті тез қарақотырланып, микробтың өсуіне тосқауыл жасалады. Жараларды ультрафиолеттік сәулемен де емдейді. Осының бәрі физикалық антисептиканың негізін құрайды.
Биологиялық антисептика . Биологиялық антисептикаға әртүрлі дәрілер жатады. Ол дәрілердің екі түрлі қасиеті болады. Бірінші түріне жататын дәрілер микробтардың өзіне тікелей әсер етеді, не олардың өсуіне кедергі жасап, не соларды жойып жібереді (антибиотиктер) . Екінші түрі ауру адамның ағзасын нығайтып, күшейтіп, денеге енген микробтарды әлсіздендіреді, сөйтіп оларды ауруға шалдықтыруға шамасы келмейтіндей жағдайға келтіреді.
Ағзаға енген, сіңген микробты жою үшін, немесе оның өсіп-өніп, жайылып кетуіне кедергі жасау үшін антибиотиктер, бактериофагтар немесе антитоксиндер атты дәрілер қолданылады.
Бүкіл ағзаның микробқа жасар қарсылығын (иммунитетін) күшейту үшін қан құйылады, вакцина, анатоксин, иммуноглобулин, қанның сұйық бөлімі (плазма), метилурацил атты дәрілер тағайындалады.
Іріп-шіріп жатқан жараны түбегейлі емдеу үшін протеолитикалық ферменттер қолданылады. Бұл фер-менттер өлі, жансыз тканьдарды ерітіп жібереді де, жараны неше түрлі өзгерген тканьдардан, іріңнен тазар-тып, жараның тез жазылуына мүмкіндік туғызады.
Биологиялық антисептика әдісін дұрыс қолдана білу үшін микробтардың күшін, санын, түрін және де басқа қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар макро-организмге, яғни ауруға шалдыққан адамның жалпы жағдайына көңіл бөліп отырған дұрыс болады.
Біріктірілген, қосылған антисептика. Ауру адамды, жараны дұрыс емдеу үшін жоғарыда айтылған антисептикалық әдістердің бірін ғана пайдалану - бұл әлі жеткіліксіз. Ауруды емдеуге комплексті ем керек, ол үшін аитисептиканың бірнеше түрі біріктірілмек. Қазіргі кезде жараны емдеу үшін жаңада ғана жарақаттанған адамның жарасының төңірегіне йод, спирт жағып (химиялық антисептика), жараны операциялық жолмен тіліп, кесіп, жансызданған, мыжылған тканьдарды алып тастап (механикалық антисептика), оған пенициллин, стрептомицин дәрілерін беріп (биоло-гиялық антисептика), УВЧ, УФО процедурасын тағайындап (физикалық антисептика), айтылған антисептикалардың барлық түрін үйлестіріп, біріктіріп отырады.
Антисептикалық дәрілерді бірде үстірт (жараның бетіне ұнтақ ретінде сеуіп, немесе сұйық дәрімен жуып) қолданса, бірде тереңге (қара еттің, қан тамырыныц ішіне) жіберіп қолданады. Сонымен қатар дәріні нақты бір жерге (жараның өзіне және оның төңірегіне), я жалпы ағзаға (лимфа немесе қан тамыры арқылы енгізілген дәрі бүкіл ағзаға жайылып, ауырып тұрған жерде де елеулі әсерін тигізеді) әсер ететіндей ғып береді.
Антисептикалық дәрі-дәрмектер. Дәрі-дәрмектердің қасиеті оның физика-химиялық құрылымына байланысты. Адам ағзасына тараған дәрі-дәрмектер микробтардың тіршілігін, өсіп-өну процесін бұзады. Дәрі-дәрмектердің әсерінен микроб клеткаларының осмосы (жұқа жарғақша арқылы сұйықтың өтуі), дегидратациялық процесі (судың азаюы) өзгереді, олар белоктарды ірітіп, ұйытып, коллоидтық жағдайға әсер етіп, адсорбция және қышқылдану процесін нашарлатып, клеткалардағы протоплазманың реакциясын өзгертіп жібереді. Мұндай жағдайға ұшыраған микробтардың өмір сүруі екіталай болып қалады.
Физика-химиялық қасиеттеріне орай дәрі-дәрмектерді бірнеше топқа бөлуге болады.
1-ші топ. ГАЛОИДТАР: бұл топқа йодонат, хлорамин Б, йод ерітіндісі жатады. Галоид тобына жататын химиялық заттар микробтың сутегі тотығы атомдарымен араласқа түсіп, микроб клеткаларының белоктарын ірітіп, ұйытып жіьеретіндіктен, микроб өмір сүруін тоқтатады.
Хлорамин Б дәрісі хирургияда кең тараған. Осы дәрінің 1-2 процент ерітіндісі жараны жууға, 2 процентті ерітіндісімен темір емес аспаптарды жууға пайдаланылады. Іріңдеп, шіріген жараның жаман иісін жояды.
Йод ерітіндісі . Спиртпен ерітінділенген йод жара төңірегіне, хирургтың қолын жууға, операция жасалатын теріге жағуға пайдаланылады.
2-ші топ. ҚЫШҚЫЛДАНДЫРҒЫШТАР (ОКИСЛИТЕЛИ) . Бұл топқа сутегі тотығы, бор қышқылы, перманганат калий жатады. Олар сұйық түрінде жараға құйылғанда молекулалары жараның молекулаларымен реакциядық қатынасқа түсіп, сутегі тотығы екіге бөлінеді: яғни Н 2 О+О пайда болып, атомдық оттегі жарада анаэроб қатаирына жататын микробтардың өсіп-өнуіне кедергі жасайды. Сонда бұлардың жарада жайылуына мүмкіндік қалмайды. Сол сияқты перманганат калий ерітіндісі шіроіп, сасып кеткен жараның мүңсіген жаман иісін жояды.
Сутегі тотығы химиялық зат. Хирургия тәжірибесінде 3 процент су ерітіндісі ретінде қолданылады. Пергидроль деген химиялық заттың сутегі тотығының көлемі 30 процент. Осы затты жараға құйса көбік пайда болып, сол көбікпен жараға түскен бөтен заттар (құм, май, топырақ) сыртқа шығып, жарадағы ірің, іркілген заттарды жоюға болады. Бұл сұйықты жараға жабысып қалған дәке, шүберекті жібіту үшін де құяды.
Бор қышқылы - 2-3 процент ерітінді ретінде жараларды жууға, шаюға қолданылады. Осы қышқылдың микробқа әсері зор, сондықтан жара іріңдеп көгеріп кетсе, бор қышқылы көмекке келеді.
Перманганат калийдің 0, 5-1 процент ерітіндісі ауыз, көмейді шаюға, қуықты жууға, 5 процент ерітіндісі терінің күйіп қалған жерін емдеуге пайдаланылады.
Антибиотиктер - биологиялық антисептика қатарына жатады. Әртүрлі антибиотиктік әртүрлі микробтарға өзінше әсері бар. Мысалы, пенициллин микробтың белоктің зат алмасуын бұзады, стрептомицин микробтың көмір сутегін қышқылдатады, левомицетин - микробтың майын гидролизге айналдырады. Осындай зат алмасу процесі бұзылған микроб өмір сүруден қалып, құрып бітеді.
Антибиотиктердің пайдалы жағымен бірге зиянды жағы барын да білуіміз керек. Қалай болса солай қолданылған антибиотиктер біраздан соң адамның ауыр зардабына әсері болмай да қалуы мүмкін.
Антибиотиктерді көп уақыт пайдаланса, ағзадағы микробтардың өзара қатынасы бұзылып, жаңадан кандидоз ауруы пайда болады, кейде адам терісінде қышыма бөртпе, домбықпа ісі шыға келеді. Осы жайларды еске ала отырып, науқас адамның сілекейін, жарасынан алынған сұйықты лабораторияға апарып, қай микробтың қай антибиотикке ұрымтал екенін тексеруге болады. Ондай адамға осындай зерттеуден кейін ғана антибиотикті тағайындауға болады. Науқас адамға антибиотик тағайындағанда дәрігер оны миллилитр, милиграмм мөлшерімен алмайды. Ол үшін арнайы Единица Действия деген мөлшер бар. Яғни 50 мл ет-сорпа құйылған табақта алтын сияқты стафилококк микробының өсуіне кедергі жасайтын антибиотиктің белгісі. Бір МЕД - ұнтақ кристалдық пеницилиннің 0, 6 микронына тең. Антибиотиктерді кең спектрлі және жіңішке спектрлі түрлерге бөледі.
Қазіргі кезде антибиотек дәрілері бірнеше топ боп келеді. 1. Пенициллин тобы, бұған бициллин-1, бициллин-ІІІ, бициллин V, ампициллин, оксациллин, метициллин, фенокси-метилпенициллин және бензилпенициллиннің 3 түрі жатады.
2. Стрептомицин тобы.
3. Тетрациклин тобына тетрациклин, окситетрациклин, морфоциклин жатады.
4. Левомицетин тобы.
5. Макролид антибиотиктер тобына эритромицин, олеандомицин, т. б.
6. Аминогликозид антибиотиктер тобына - иеомицин, нистатин амфотерицин В жатады.
Адам ауруға шалдыққанда аталған дәрілердің бірін қолданып, оны терінің астына, қара етке, қан тамырларына, лимфалық тамырға, сүйек ішіне егу арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар жара бетіне ұнтақтап салуға, ерітінді ретінде, неше түрлі май дәрі (ішінде антибиотигі бар) арқылы беруге болады. Ине және шприц арқылы сан алуан қуыстарға антибиотиктерді енгізуге болады. Науқас адамға кейбір кезде дәріні жұтқызып, асқазан арқылы енгізуге болады.
АСЕПТИКА
Асептика деген грек сөзін талдасақ (а - «жоқ», septicos «іріңдеу, іріңдеді»), сонда асептика «іріңі жоқ» деген мағына.
Жараға, тканьға, мүшеге, адам ағзасының қуысына жасалатын хирургиялық операция кезінде түр байламды алмастыру, эндоскопия немесе басқадай диагностикалық және емдеу әрекеттері кезінде ағзаға микробтарды түсірмеу үшін атрнайы профилактикалық жүйе бойынша жүргізілетін жұмысты асептика дейді.
Операция кезінде жараға микроб түспесі үшін хирургиялық жұмысты ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру арқылы физикалық және биологиялық факторларды орнымен пайдаланып, жараға зиянды микробтарды жолатпау асептиканың алдына қойған құрметті де жауапты ісі. Асептикасыз хирургия жоқ. Асептиканы білмеген дәрігер - екі бірдей аяғынан ақсаған мүгедек.
Микробтар жараға екі түрлі жолмен түсуі мүмкін. Бірі - сырт жолы, экзогендік, екіншісі - іш жолы, эндогендік. Сырт жолы деп біз жараға микробтардың сырттан, яғни, ауадан түсетін микробтарды айтамыз. Дәрігер немесе басқа бір адам түшкіргенде, сөйлегенде түкірікпен, сілекейімен түсетін микробтарды тамшы инфекциясы жараға дәрігердің қолы немесе құрал-аспап тисе, контакт инфекциясы. Кесілген тканьдер тігілетіндіктен сол жерде қалып қоятын жіптер денеге сіңіп кетсе, ол енгізу инфекциясы деп аталады. Инфекцияның іш жолымен таралуы және жараға келіп түсуі - қан тамырлары, лимфа тамырлары арқылы болады. Жараға ол теріден, асқазан шеттен тамақ, тыныс жолдарынан келіп түседі.
ҚОЛҒАПТАРДЫ (саусақты биялай) ДӘРІЛЕНДІРІП ТАЗАРТУ. Қолғап микробтардан таза болу үшін бірнеше әдіс ұсынылады.
Бірінші әдіс . Заттарды, резеңке қолғапты микробтардан арылтып тазалайтын аспапты стерилизатор деп атайды. Сол стерилизаторға су құйып, оған резеңке қолғапты салып, 15 минут қайнатады. Суға көмір қышқылды натрий (сода) қосылмайды.
Екінші әдіс . Шыны ыдысқа 1:1000 сулема ерітіндісін құяды да, соған резеңке қолғапты салып қояды. Шамамен бір сағат өткеннен соң қолғап микробтан тазарып, пайдалануға, қолдануға болатын халге жетеді.
Үшінші әдіс . Қолғаптың ішіне және сыртына ұнтағын салып, әр биялайды дәкемен орайды да, басқа құрал-аспаптарды байлам материалдарымен, жамылғылармен бірге автоклавқа (стерилизатор) салып, қолғаптарды микробтардан тазартады.
АВТОКЛАВ (СТЕРИЛИЗАТОР) . Сұйық затты қысым күшімен жылытуға арналған жабық қазанды автоклав (стерилизатор) деп атайды. Стерилизатордың бірі тік, екіншісі көлденең орналасады. Ал аспап-құралдардың микробтарын қайнаған судың күшімен жоятын аспапты қайнатқыш (кипятильник) деп атайды. Стерилизатор аспабы сыртқы және ішкі цилиндрден тұрмақ. Екі цилиндр арасында кеңістік, қуыс қалады. Ішкі цилиндрдің үстіңгі жағында көптеген тесіктер бар. Сыртқы қалың темірден жасалған цилиндрдің қақпағы бұранда (винт) арқылы өте тығыз жабылады. Аспаптың астыңғы жағында су құйып қоятын ыдыс пен оны қыздырып тұратын тетік болады. Сонда қыздырғыш арқылы қайнаған суда пайда болған бу сыртқа шығу үшін жол іздейді. Ал буды сыртқа шығармаса, оның қысымы ұлғайып, аспаптың быт-шытын шығаруы мүмкін. Сол себепті аспапта бірнеше шүмек (кран) болады. Осы шүмектің бірі қайнаған судың буын ішкі цилиндрге жіберуге арналған болса, екіншісі ішкі цилиндрдегі будың қысымы шамадан тыс жоғарылап кетпес үшін артық буды сыртқа шығаруға арналған. Стерилизатордың құрамына термометр, манометр, сақтық клапаны кіреді. Аспаптың астыңғы жағындағы су құятын ыдыстың шүмегі арқылы қосылған су көлемін өлшейтін ұзынша цилиндр болады. Құйылған судың көлемін өлшегеннен кейін аспаппен қосылған жердегі шүмекті жауып тастайды.
Электр тоғымен немесе басқа қыздырғышпен қайнаған судан шыққан буды ішкі цилиндр өзіне тартып алады. Ішкі цилиндр ішінде бу қысымы күшейіп, температура жоғарылай бастамақ. Ішкі цилиндрдің ішіне салынған аспаптардың, шүберек, сауыт сияқты заттардың микробтары бу қысымы, жоғары температура нәтижесінде жойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz