АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ


АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Дүние жүзіндегі ағзалар минут сайын әр түрлі себептерге байланысты тіршілігін жойып отырады, бірақ осыған қарамастан, Жер шарындағы тіршілік тұрақты болады. Осы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі тірі ағзалардың көбею қарқынына байланысты. Ағзалардың көбеюі алуан түрлі болып келеді, бірақ оларды топтастырып жыныссыз және жынысты жолмен көбею деп екіге бөлеміз. Жынысты жолмен көбею аналық және аталық гаметалардың қосылып, зигота түзілуіне байланысты, яғни ағза ұрықтанған бір жасушадан дамиды.
Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы жасушаның бөліну барысына негізделген.
ЖАСУШАНЫҢ БӨЛІНУІ. МИТОЗ
Жасушаның негізгі қасиеттерінің бірі - оның бөлінуге қабілеттілігі. Жасушаның бөлінуінің үш жолы бар:
1. Амитозды немесе тікелей бөліну - мұнда ядро екіге бөлінеді (қарапайым жасушалардың бөлінуі) ; 2. Мейозды бөліну - оның нәтижесінде жыныс жасушалары пайда болады; 3. Митоз немесе күрделі бөлінуі 40. Сома (дене) жасушалары осы жолмен бөлінеді.
Митоз. Мұндай жасушаның бөліну жолдары көбею барысының маңызды кезеңі болып табылады. Тұқымқуалаушылықтың негізгі қызметін ядро жиынтығы атқаратын болгандықтан митоздық бөлінуге кеңінен тоқталамыз. Митоз (грекше. "митос - жіп) деген мағынаны білдіреді.
Митоздың бөлінуі кезінде жасушалардың барлығында, әсіресе хромосомаларда, күрделі өзгеріс болады. Митоз екі кезеңнен тұрады: 1) митозды бөлінуге дайындық кезеңі - оны интерфаза деп атайды және 2) бөліну кезеңі (митоз) .
Интерфаза кезеңінде митоз әрекетіне қажетті заттар синтезделеді. Сондықтан да, оны дайындық кезеңі деп атайды. Интерфазада түқым қуалаушылықпен тығыз байланысты мынадай дайындықтар жүреді:
1. Бұл уақытта жасушадағы заттар нуклеотидтер, аминқышқылдары, ферменттер, т. б. жинақталады. Хромосомалар екі еселенеді. Екі еселенген хромосомалардың әрқайсысы екі бөліктен тұрады, оларды - хроматидтер деп атайды. Әрбір хроматиттердің құрамыңда ДНҚ молекуласы болады. Сонымен қатар РНҚ мен ақуыз синтезделеді. 2. АТФ синтезделеді, ол энергия жасушаларының бөліну кезінде жұмсалады. 3. Жасушаның орталығы және әр түрлі маңызды органоидтар синтезделіп, олар бөліну әрекетіне қатысады. Осындай дайындықтар аяқталысымен жасуша бөліне бастайды.
Жасуша ядросының бөлінуі митоз төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза 40. Профаза - митоздың бірінші фазасы. Мұнда ядроның торлы құрылысы хромосома жіпшелеріне айналады. Осы кезде ядро ісініп, хромосомалар ширатылады, осыған байланысты ДНҚ-ның жіпшесі бірнеше есе қысқарады және жуандайды, оны жарықтың көмегімен көрсететін микроскоппен де көруге болады.
Бұл кезде ДНҚ-сы еселенген хромосомалардың мөлшерін, пішінін, құрылысын жәяе санын анықтауға болады. Хромосомалар дегеніміз - созылыңқы тығыз денешік. Олар үзбелене бөлінген бірнеше бөліктерден тұрады
. Алғашқы бөлік (керме грекше - "мерос" - бөлік) және екінші реттік бөлікті көруге болады.
Хромосомалардың әрқайсысы ширатылған екі жіпшеден тұрады, оларды хроматидтер немесе жас хромосомалар деп атайды. Профазаның аяғьшда жасушаның орталығы екіге бөлінеді де, экватордың қарсы полюстеріне қарай ажырайды және олардың арасын бөліну шүйкесі байланыстырады. Бөліну шүйкесі негізінен ақуыздан тұрады. Прометафазада ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады да, хромосомалар цитоплазмаға таралады. Бұл әрекет метафазаның басталғанын білдіреді.
Метафазада хромосома қабығы - түпнегізді байқауға болады. Ол профазада пайда болып, телофазаға дейін сақталады. Зерттеулердің нәтижесі хромосома қабықшасы ядрошық заттарынан пайда болатынын дәлелдеді. Метафазада хромосомалар түгелімен жасуша экваторына жинақтала бастайды. Экватор жазықтығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы беліну шүйкесі жіпшелеріне жабысады. Осыдан кейін бөліну шүйкесіне бекінген хроматидтер жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды. Бұл әрекет анафазаның басталғанын білдіреді.
Анафазада хромосомалардың орталық бөліктерінін бөлінуі нәтижесінде хроматид жіпшелері бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Бөліну шүйкесі жіпшелерінің тұтқырлығы артады. Осыған байланысты хромосомалар жасушаның екі жақ полюсіне тез жылжиды. Бөліну шүйкесі қысқарады. Осы жүріп жатқан процестерге АТФ энергиясы жұмсалады. Анафазаның аяғында хромосомалардың шиыршығы жазылады. Осыған байланысты хромосомалар біртіндеп ұзарады және жіңішкереді. Бұл телофазаның бастамасы. Телофазада профаза сатысының барысына қарама-қарсы әрекеттер жүреді. Жасушаның полюстеріне жақындаған хромосомалар бұрынғы пішінін жоғалтып, ширатылады да ұзын жіпшелерге айналады.
Әрбір полюсіндегі хромосомалар саны, аналық жасушадағы хромосомалардың диплоидты санына тең болады. Телофазада адро қабықшасы мен ядрошықтар пайда болады. Ядрошықтар хромосомалардың екінші буынында синтезделеді. Цитоплазма жарғақшасы екіге бөлініп, қасиеттері бірдей екі жасуша пайда болады. Цитоплазманың бөлінуіне байланысты жасушаның барлық органоидтары пластидтер, митохондриялар, Гольджи жиынтығы, рибосома, т. б. тең екі бөлікке бөлінеді. Осымен ядроның бөлінуі - кариокинез аяқталады
Табиғатта көбеюдің кеңінен таралған екі жолы бар: жыныссыз және жынысты көбею. Жыныссыз көбеюге бір ғана дара қатысса, жынысты көбеюге екі дара (особь) қатысады.
Көбею түрлерін мына кестеден көруге болады.
Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею - жануарлар мен өсімдіктерге тән қасиет. Әсіресе жыныссыз көбею жоғарыдагы кестеден көріп отырғандай, өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Жыныссыз көбеюде мейоз болмайды. Көбеюдің кейбір жолдары: 1. Қарапайымдар (амебалар, эвглеиалар, инфузориялар, споровиктер, т. б. ) біржасушалы жасыл балдырлардың денесі екіге немесе одан да көп бөлікке митоз жолымен бөлінеді де, одан бірдей екі дара түзіледі, бұлардың әрқайсысынан екі дербес ағза дамып шығады. 2. Кейбір ағзалардың ата-енелік дара денесінен бірнеше жасушалар бөлініп шығады да, бүршік пайда болады. Ол бүршіктеніп өседі де, жаңа дараға айналады. Көбеюдің мұндай түрі ашытқы ағзалар, гидралар, гидройдты және маржан полиптері, т. б. омыртқасыз жәндіктерге тән қасиет 3. Спора арқылы көбею кеңінен таралған. Мысалы, құрлық өсімдіктерінде сырты қалың қабықпен қапталып, қолайсыз ортаның әсеріне төзімді гаплоидты жасушалар спораның көмегімен жыныссыз көбейеді. Споралар сумен, желмен және жануарлар арқылы таралады.
Ал, балдырлар мен суда тіршілік етегін саңырауқұлақтар талшықтарымен суда еркін жүзетін зооспоралары арқылы көбейеді. Өсімдіктер әлемінде өсімді жолмен көбею кеңінен таралған.
Жынысты көбею. Жынысты жолмен көбею деп сперматазоид пен жұмыртца жасушалары ядроларының өзара қосылу барысын айтады. Аталық және аналық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық дара ағзасында - жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара ағзасында сперматозоидтар түзіледі. Омыртқалы жануарлардың жыныс жасушалары пішіні және мөлшері жөнінен әрқилы болады. Мысалы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың, құстардың жұмыртқа жасушалары ірі, деңгелек пішінді болып келеді, әсіресе құстардың жұмыртқа жасушасының мөлшері
үлкен иегізінен, цитоплазмадан және қоректік зат қоры сарыуыздан тұрады. Жұмыртқа жасуша қозғалмайды, ал аталық гаметалар, сперматозоидтар мөлшерінің кішілігі және қозғалғыштығымен ерекшеленеді.
Аналық және аталық гаметалар қосылганда, жасуша ұрықтанады, ұрықтанган жасушаларды зигота" деп атайды. Осы зиготада ата-енеден алынған тұқым қуалау ақпараты сақталады да ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz