Рак - эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Рак

Рак - (латын-шаян) – эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік. Бұл ісік
тарамдалып, айналысы шаянның аяғы тәрізді болатындықтан рак шаян деп
аталған. Емшек, тері ракты көп тарамданады. Рак деген түсінікке құрылысы
мен белгілері әр түрлі бірнеше қатерлі ісік жатады. Рак ісігінің негізгі
бөлігі эпителий паренхимасы және көптеген қан тамырлары мен лимфа
талшықтары болатын дәнекер ткань болады. Рактың сыртқы пішіні саңырауқұлақ
тәрізді асқазан, өңеш, ішек, жатыр органдарының ішіне бітіп, оны бітеп
тастауы мүмкін. Жайпақ табақ тәрізді түрі органның қабырғасына жайылып
тарамданып кетеді. Ісік өсіп жан-жағындағы сау тканьдерді қысады.

Рак ауыруы өте ертеден белгілі болған. Б.з.б (2000 жыл) Египет, Үнді,
Қытай дәрігерлерінің қолжазбаларынан бұл ауру туралы кейбір мәліметтерді
кездестіруге болады. Дегенмен оның неден, қалай пайда болатыны жөнінде әлі
толық мәлімет жоқ. Рактың неден пайда болатыны белгісіз болғанмен қандай
жерде, қандай жағдайда пайда болатындығы, қандай сыртқы факторлар әсер
ететіндігі зерттелген. Бұл ауру көбіне 35-40 жастан асқан адамдарда жиі
кездесетіні анықталды. Сондай-ақ Рактың жануарларда кездесетін түрлері
зерттелген. Осындай зерттеулердің нәтижесінде бұл аурулардың тұқым
қуатындығы және рак болғанда тканьдегі өзгерістермен қатар организм
биохимиялық, биофизикалық өзгерістерге ұшырайтыны байқалады. Кейбір
химиялық заттар қатерлі ісіктің өсуін тездететіндігі анықталды. Мұндай
заттарды канцерогендік заттар деп атайды. 3,4 бензпирен, 20-метилхолантрен;
1,2,5,6-дибензантранцен т.б.-канцерогендік заттар. Осы заттарды тышқанның
не үй қоянының терісіне жағып тәжірибе жасағанда бұлар тері рагына, егер
бұл заттардың ерітіндісін ішкізсе асқазан рагына ұшыраған. Рак клеткалары
қан және лимфа айналысы арқылы бүкіл организмге тарап, организмнің кез
келген тканьдері мен органдарында өсіп шығып, метастаз (басқа жерлерге
жайылуы) береді. Мысалы, өкпе, емшек, қалқанша без рагының клеткалары
көбіне сүйекке таралады. Рак тканьдері айналасындағы тканьдерді шірітеді,
соның салдарынан қан кетіп анемияға шалдықтыруы мүмкін, жақын жатқан
органдардың қызметін бұзады, көлемін кішірейтіп атрофияға ұшыратады. Рак
кенеттен пайда болмаыйды, қатерлі ісіктің өсуіне әр түрлі ұзаққа созылған
патологиялық жағдайлар, мысалы уақытылы емделмеген, ұзақ уақыт жазылмай
жүрген жара (ішек-қарын ойық жарасы, тері, жатыр жаралары), полип, кейбір
қатерсіз ісіктер т.б. себеп болады. Еркектерде қарын, бронх, тері рагы, ал
әйелдерде жатыр, ас қорыту органдары,емшек рагы жиі кездеседі. Рактың
қандай түрі болсын алғашқы жанға батып қатты ауырмайды, белгілері
білінбейді, сондықтан науқас адам дәрігерге асқынғанда ғана қаралады да,
емдеу қиындайды. Рактың түрі көп, әр түрінің өзіне тән белгілері бар.,
Мысалы, ұзаққа созылған қарын ойық жарасы, полип созылмалы гастриті бар
адам қарын рагына жиі ұшырайды. Белгілері: адам тез шаршайды, терісі
бозарады, салмағы тез кемиді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүрегі айниды
қыжылдайды. Ракты рентген, цитологиялық, биопсиялық әдістер арқылы
анықтайцды. Ракпен мәдени және жабайы өсімдіктер де жиі ауырады.
Бұл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителийден дамиды. Олар
қатерсіз және қатерді болып екі топқа бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер: Эпителийден пайда болатын арнайы даму орны жоқ
қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома (латынша раріла — бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден
өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек
астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде
өседі. Папиллома көлденеңнен 1 сантиметрге дейін болған түйінше түрінде
кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының
үстінде жайғаса-тын ісік, оның сырты бүртіктеніп тұрады. Микроскопта
қарағанда осы бүртіктерді көп қабатты эпителий қаптап жатқаны, эпителий
қабатының калыңдығы әр түрлі екендігі, оның беткей бөлігінде гиперкератоз,
дискератоз құбылыстары көрінеді. Әр түрлі механикалық әсерлер нәтижесінде
папилломада қабыну, қанау процестері дамиды. Папилломаның организм үшін
маңызы оның қай жерде жайғасқандығына байланысты. Мысалы, көмей папилломасы
жас балаларда тыныс жолдарын басып қалып асфиксияға (тұншығу) соқтырады.
Ересек кісілерде өсетін көмей папилломасы мен қуық ла-пиллодасы қатерлі
ісікке айналып кетуі мүмкін (малигнизация).
Аденома — безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін безді
ісік. Ол айналасындағы тканьдерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше
миллиметрден, ондағы сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп
шыққан жеріндегі тканьдерге ұқсас құрылымдар түзеді. Онық түрлері: 1)
белдеулі (трабекулалы) аденома ісік клеткаларынық бір-біріне жақын жатқан
таяқша тәрізді құрылымдар түзуімен сипатталады; 2) түтікті (тубуляр)
аденомада эпителий клеткалары бір-бірімен бірігіп түтікшелер түзеді; 3)
альвеолалы (немесе ациналы) аденома қуыстары біраз кең безді құрылымдардан
тұрады; 4) бүртікті аденомалар кең қуыстарда эпителийдің бүртіктер түзіп
өсіп кетуімен және бұл қуыстарда көп мөлшерде сұйықтық жиналып қалуымен
сипатталады. Клеткалардың ядролары базальды бөлігінде жайғасқан, ұзынша,
гиперхромды боялған. Аденоманың бұл түрі көп ретте қатерлі ісікке айналып
кетеді. Егер аденома құрамында эпителийден төрт дәнекер ткань өсуі басым
болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды.
Қатерлі ісіктер: Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды.
Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайыла өскен,
ақшыл реңдегі ісік, ол қатты кейде жұмсақ болады. Әрбір ағзанын рагы өзіне
тән морфологиялық көріністерге ие. Рагты жіктегенде оның микроскоптық
өзгерістері есепке алынады. Осы принцип бойынша рактың мына түрлерін
ажыратады: 1) орнықты рак; 2) жалпақ клеткалық; 3) безді; 4) ширышты; 5)
солидті;. 6). майда клеткалы; 7) фиброзды; 8) медуллярлы рак.
Орнықты рак эпителий қабатының ішінде өсетін рак, көпке дейін
айналасындағы тканьдерге бойлап кірмейді. Микроскоппен қарағанда клетка
атипизмін, көптеген митоздарды көреміз.
Жалпақ клеткалы (эпидермальдық) рак терінің, шырышты қабаттардың
жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығады. Бұл рак безді ағзалар
эпителийінен, мысалы бронхтарда, асқазанда метаплазия жолымен де өсіп шығуы
мүмкін. Жалпақ клеткалық рак кейде жалпақ эпителийге тән қасиетке, яғни
кератин түзу мүмкіншілігіне ие. Осы белгіге қарап рактың екі түрін
ажыратады: түлеуші және түлемеуші рак. Егер ісік клеткалары түлеу қасиетін
сақтаған болса, олар ісік арасында інжуге ұқсас, қабат-қабат жайғасқан
құрылымдар түзеді, оларға “рак інжіулері” деп ат берілген Рактың бұл
түрінде атипиялық клеткалар мен митоздар сайы аз болып эпителийдің жалпы
құрылысы сақталады. Жалпақ клеткалы рактың түлемейтін түрі ірі, ядролары
үлкен көп пішінде клеткалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп.
Кератин кейбір клеткаларда ғана көрінеді. Рак клеткалары әр түрлі
қалыңдықтағы созылмалар немесе ұяшықтар түрінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам ағзасына радиацияның кері әсері
Онкология
Ісіктерге қысқаша шолу, ісіктердің пайда болуы
Ісіктердің жіктелуі
Ісік торшасының қасиеттері,ісік құрылысы, ісіктің өсуі
Қазақстанда қатерлі ісіктер
Ісіктер.Сипаттамасы және жіктелуі
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Жануарларда ісіктердің патологиялық морфологиялық өзгерістері
«Патологиялық физиология» «Өспелер»
Пәндер