СЫНЫҚТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

СЫНЫҚТАР

Сүйектің бүтіндігінің бұзылуын сынықтар деп атайды. Сынықтарда көпшілік жағдайларда сынықтардың орнынан қозғалуы пайда болады. Бірқатар жағдайларда сүйек сынықтары орнынан қозғалмайды: бұлар көбінесе балаларда кездесетін сүйек кабығы асты деп аталатын сынуларда сүйек кабығы өзінің бүтіндігін сактайды немесе тістесіп қалған сынықтар деп аталатын сынуларда, бұнда сүйектің сынған бастары өзара бір-бірінің арасына кіріп тұру жағдайлары кездеседі. Балаларда сүйек пайда болу кезеңіне дейін эпифиз сызығында көбінесе сынықтың орнына эпифиздік және диафиздік алшақтану (эпифизиолиз) пайда болады.

Сынықтар туа және жүре болған сынықтар болып бөлінеді. Тумастан бұрын әртүрлі себептердің әсерінен пайда болатын жарақаттардың бір түріне туа болған сынықтар деп атайды. Үлкен адамдарда және балаларда ол немесе бұл механикалык себептердің салдарынан пайда болатын сынулардың түрлерін жүре болған сынықтар деп есептеледі. Анасынан туу процесінде пайда болған сүйектің сынулары да туғаннан соң пайда болған сынық тобына жатады. Сүйектердің ауруға байланысты сынулар (Цостеомиелит, ісіктер және т. б. ) патологиялык сынулар деп аталады.

Көбінесе сыныктар сүйектердің созылу касиетінін жоғалуы салдарынан қартайған адамдарда жиі кездеседі.

Сынықтардың көп кездесетін жерлері төмендегіше бөлінеді: қолдарда-50 процент, аяқтарда - 31 процент, жамбас және омыртқаларда - 12 процент және баста 6 процент болады.

Сынықтардың механизміне карай, олар төмендегідей болып бөлінеді: 1) қысылудан болған сынулар. Бұндай жағдайларда сүйектің бір ұшы екіншісіне кіруі мүмкін, сүйектің диафизі энифизіне кіреді (вколоченный перелом), немесе тістесіп қалған сынықтар (сколоченный перелом) немесе сүйектің жалпиып мыжылып қалуы (компрессиялык сынық) ; 2) иіліп бүгіліп сынулар. Бұл сынықтар өмірде көп кездеседі. Сүйек иілген жағдайында сүйекте үшбұрыш пайда болып кесе көлденең сынады; 3) бұранда тәрізді сынулар (торционвинт, спираль тәрізді), бұдар сүйектің бір ұшы козғалмай, ал екінші ұшы бұралып кеткен жағдайда пайда болады бұнда сүйектің сыну сызығы бұранда тәрізді болады; 4) жұлынудан сынулар бұлшық еттердің қатты қысқаруынан пайда болады. Бұнда бұлшық ет сіңірлерінің сүйекке жабысқан жеріңдегі сүйек өскіні жұлынып кетеді. Кейде екі бірдей күштің - бұлшық еттердің қатты тартылуынан қарама-карсы күшке байланысты тізе тобығының (надколенник) екіге бөлініп кетуі мүмкін.

Сынған сүйектердің бір-бірінен ажырап, қозғалып кетуінің түрлері: I) сыныктың бұрыштық қозғалуы, бұңда сынған сүйектер бір-біріне тік не доғал бұрыш жасап тұрады; 2) іргелес козғалуы - сынықтар бір-бірінен алшақтағанмен іргелес жатады; 3) перифериялық сынық козғалуы сынықтар бір-біріне бұранда тәрізді тұрады; 4) созылмалы айрылу - сынық ұштары бір-бірінен алыстап кетеді.

Жарақаттанған сүйектердің санына карай олар бір және көп сүйектердің сынуы болып бөлінеді. Сынуда сүйек жарқыншақтарымен каңдай болмасын мүшелердің жарақаттануы не жаракаттанбауына байланысты сынық асқынған және аскынбаған болып бөлінеді. Терінің бүтіндігі сақталса, олар жабық сыну деп, ал тері сүйек жарқыншақтарымен жарақаттанса, олар ашық сынық деп аталады.

Барлық уақытта сынуда сүйек бөлшектерінің орнынан козғалуы байқа-лады. Егер сүйектің сынығының козғалуы сынықты пайда еткен механикалық себептерден болса, онда ол біріншілік қозғалу деп аталады. Кейінірек бұлшық еттердің тартылуынан немесе жарақаттанған аяқ-қолды пайдаланудан қозғалса, бұндай қозғалуды екіншілік қозғалу деп атайды.

Сүйек сынуының біріншісіне түрі бар: 1) жай сынық; 2) күрделі сынық; 3) жарылған сынық; 4) асқынған сынық; 5) жеке сынық; 6) көп жарыкшақтық сынық.

Жай сынықта сүйек қабығының жыртылмай ұсақ сүйектің сынуы, асқынған сынықта айналасындағы тіндер жараланады. Сүйектің қан тамырлары, жүйке жүйесі, көрші мүшелер жарақаттанады. Бұндай асқыну остеомиелитке т. б. әкелуі мүмкін.

Клиникалық белгілері және синатгары - олар бұлтартпас (тек сынуларға тән) және біржоба (баска жарақаттарда да байкалуы мүмкін) сынықтың белгілеріне бөлінеді. Бұлтартпас белгілері: 1) аяқ-қолдың сынған жерінің пішінінің өзгеруі; 2) қозғалғанда сынған жердегі сүйектердің бір-біріне тиіп күтірлеуі (крепитация) ; 3) аяқ-қолдың білік бойы ығысуының нәтнжесінен сынған мүшенің қысқаруы; 4) сынған жерде патологиялық козғалыс пайда болуы. Бұл белгілердің тек біреуінің ғана болуы сынықтың диагнозын айқындайды.

Біржоба белгілері: сынык аймағынын ауыруы, сынған жерде қанды ісік пайда болуы, жұмсақ ұлпалардың ісінуі, томпаюы, мүшелердін кызметінің нашарлауы. Бұл белгілер тек бұлтартпас белгілері бар болғанда ғана мағына береді. Диагнозын дәл білу үшін және сүйек сынықтарының бір-біріне калай тұрғанын анықтауға алдынан және қапталынан рентгенге түсіріледі.

Жарақат алған науқастарда бірінші көмек көрсетіп, тасымалдау орта медицина қызметкерлері ұйымдастырады. Науқасты жөнелтуде дененің жарақаттанған жерін абайлап, карау кажет. Барлық жұмыс тез, ширақ, бірақ онша асықпай орындалады. Санитарлар орта медицина қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауы тиіс.

Жарақаттанғандарды тасымалдаудын бірнеше түрлері бар.

Наукасты сүйеп жүргізу, онын жалпы жағдайы көтеретұғын жағдайда науқастарды аяғымен жүргізуге болады. Жаракаттанғанның қолы жәрдем көрсетуінің мойнынан асырылын оның саусақтарынан ұсталынады (закисть) .

Қолда алып жүру. Жарақаттанған қолға көтеріліп алынады, бір қолымен денесінен құшақтайды, екінші қолы тізесінің астынан өткізіліп, науқас қолымен жәрдем көрсетуінің мойынан құшақтайды.

Арқалап алып жүру. Жаракаттанған жәрдем берушінің арқасына отырады және колымен мойнынан ұстайды. Жәрдем көрсетуші өз қолдарымен науқастың тақымына жақын жерден ұстайды, "Құлып" жәрдемінде екі адамның альш жүруі. I Үш, төрт қол "құлып" түрінде айқастырылады. Әрбір санитар колынын алақанымен өзінің оң білегінен, ал оң қолының саусақтарымен екінші санитардың білегімен қысып ұстайды. Науқас осы "отырғышқа" отырады және санитарлардың мойындарынан құшақтайды.

Науқасты шалқайтып отырғызу жағдайында алып жүру. Бір санитар артынан жарақаттың колтығының астынан ұстайды, ал екінші санитар наукастың аяқтарының арасында тұрып, қоладарымен оның жіліншіктерінен ұстайды.

Жарақаттанған мүшелерді, әртүрлі қолда бар кұралдарды пайдаланып, қимылсыз жағдайға келтіру әдістерін иммобилизация деп атайды. Иммобилизация әдісі негізінен екі түрге бөлінеді: I) көлікте бар құралдарды пайдалану; 2) емдеу тәсілдері.

Сүйек сынғанда немесе қозғалыс-сүйеніш аппараттары (опорно-двигательный аппарат) жаракаттанғанда науқасқа тасымалды иммобилизацияның маңызы өте зор. Жарақаттанған науқастың мүшелерін қозғалтпай ауруханаға тезірек жеткізу көліктік иммобилизацияның ең негізгі максаты. Науқастың жарақаттанған жерінің ауырғанын азайтып, жарақат шегіне жеткізбеудің алдын алу және сынған сүйектердің тері қабатын тесіп кетпейтін жүйке, кан тамырларын, бұлшық ет т. б. тіндерді зақымдамайтындай етіп, жақсы ұйымдастырылған жағдай, зақымдалған мүшеніңтез жазылуына көмектеседі.

Жарақаттанған мүшені қозғалтпай тасымалдау үшін колданылатын қол құралдары көп-ақ: үш бұрышты жұмсақ орамал, дәке танғыштары, арнайы қолдан жасалған кұрсаулар, фабрикада дайындалған ағаштан, сымнан, пластмассадан істелген жақтаулар, тоқыма таңбалар, ішіне ауа толтырылатын құрсаулар бар. Ішіне ауа толтырылған құрсаулар (пневматические шины) сынған қолға кигізіліп сынған сүйектерді козғалтпады.

Осы жабдықтардын барлығы да жедел көмек машинасында, емханада (поликлиника), дәріханаларда, тағы баска дәрігерлік мекемелерде болады.

Ортан жілік сынғанда Дитерихс тасымалдау құрсауы қолданылады. Дитерихс құрсауы екі балдақтан тұрады. Жарақаттанған науқастың бойына қарай, балдақты ұзартуға және қысқартуға болады, ол үшін жылжымалы тетігін қозғаса болғаны. Бұл құрсау науқастың киімі сыртынан пайдаланылады.

Көліктік құрсаулардың ішінде аса көп тараған және жиі пайдалынатын Крамер құрсауы. Оның көлденеңі 10 см, ұзындығы 1 м. Жұмсак сым темірден жасалғандықтан мүшеге дәл етіп, буын бар жерді майыстыруға болады. Крамер қүрсауын пайдаланар алдында ішкі жағына мақта салып оны таңғышпен ұстатады, қол-аяққа бинттермен бекітеді. Темір - тор құрсауында осылай пайдаланылады. Соңғы кезде, сынған мүшені козғалтпай тасымалдау үшін тез қататын пластмассадан құрсау салу қолданылып жүр. Осы құрсаулар болмаған жағдайда тақтай, тал, зонт т. б. заттарды пайдалануға болады. Кейде тіпті жарақаттанған аяқты сау аяққа қатты таңып байлап қойғанда жөн.

Қозғалтпай емдеу жолдары. Сынған аяқ-қолды гипске салып таңу, орау. Тәжірибеде ең көп қолданылатын жақтаулардың ішінде Белер жақтауы. Ол жақтауға жарақат алған науқастың аяғын орналастырып, тізесін және ортан жілікті бүгіп қолайлы жағдай (физиологическое положение) туғызуға болады. Осындай жағдайда сынған сүйектер осылай тартылудын арқасында олардың ұштары бір-біріне дұрыс келеді. Сынықтарды қысып және тартып емдейтін Илизаров, Гудушаури, Волков-Огонесян т. б. аспаптары да бар. Науқастың зақымданған жерін: мүшесін қозғалтпастан тасымалдау -дәрігерлік кызметтің басты мақсаты болып есептеледі.

Медициналық зембілдер (носилки) . Зақымданған науқастарды кауыпсыз және ыңғайлы тасымалдау үшін пайдаланылатын құралды - медициналық зембілдер деп атайды. Бұндай зембілдерді 2-4 адам алып жүре алады. Науқасты зембілге салу ережесі: зембіл науқастың жарақат алған жағына қойылады, ал омыртқа сынса, онда зембілді науқасқа қолайлы жағына қоюға болады. 2-3 адам тізерлеп отырып қолдарымен көтереді, осы кезде бос адам зембілді науқастың бас жағынан не аяқ жағынан кіргізіп, науқасты ептеп зембілге салады. Жарақаттанған науқасты зембілмен алып жүруде де өзіндік ережесі бар: I. Егер жеңіл жарақаттанған науқас болса және оны алып жүру тегіс жерде жүргізілген жағдайда - науқастың бас жағы кейінгі жағында болады; 2. егер ауыр жарақаттанған науқасты тасымалдағанда, оның бас жағы алға қаратылып тасымалдайды. Бұның өзі зембілдің соңғы тұтқасын ұстап келе жатқан адам, қатты жарақаттанған науқастың көңіл-күйін байқап отыру үшін бейімделінген.

Жарақаттардың түріне қарай, науқасты зембілге тиісті ауруханаға жеткізу керек. Науқас есінен танған жағдайда басының астына ештеңе салып қажеті жоқ. Басы жарақаттанғанда науқас шалқасынан жатқызылады, денесінің жоғарғы жағы және басы көтеріңкі болуы керек. Басын қозғалтпау үшін оның астына оралған одеял қойылады. Мойынның алдыңғы жағы және жоғарғы дем алу жолдары жарақаттанғанда науқастың басын алдына еңкейтіп, иегі кеудесіне тиетіндей етіп отырғызылады. Науқас кеудесінен жарақаттанғанда шалқайтып отырғызылады не жарақаттанған жағына жатқызылады. Іш қуысы жарақаттанғанда аяқтары тізелерінен және ұршық жіліктен бүгіліп, шалқасынан жатқызылады. Науқастың тақымының астына шиыршықтап оралған одеял қойылады. Омыртқа және жамбастың жабық жарақатында науқас шалқасынан жатқызылады, ал ашық жарақат алғанда науқасты қапталынан немесе етпесінен жатуы тиіс. Қолдары жарақаттанғанда науқасты шалқасынан жатқызып, денесін сау жағына аздап бұрып, жарақаттанған қолын кеудесіне немесе ішіне салып койылады. Аяқтары жарақаттанғанда науқас шалқасынан жатқызылып, жарақаттанған аяғының астына көпшік қойылады.

Жарақаттанған науқастарды тасымалдау үшін иыкқа ілетін қайыстан, матадан істелген жіптерді, бауларды тағы басқа да құралдарды пайдалануға болады.

Науқасты зембілде алып жүру үшін бір санитар бас жағында, екінші санитар аяқ жағында тұрады. Науқасты абайлап, селкілдетпей алып жүру керек. Басқыштан көтерілерде және түсерде көлденең (горизонталь) жағдайда ұстау керек. Осыған байланысты бір санитар зембілдің ұшын жоғары көтереді, ал екіншісі төмен түсіреді.

Жаракаттанғандарды кездескен көлікпен апарылуы мүмкін, бірақ ол науқасқа жәйлі болуы шарт. Жарақаттанғандарды алып бару үшін арнаулы жедел көмек көрсететін автомашиналарда, санитарлық самолеттерде, вертолеттерде жақсы жағдайлар тудырылады.

Сынықтардың бітуі . Сынықтарды бітуінің күрделі патогенезі бар. Сыну аумағында әрқашан микробсыз (асептикалық) қабыну құбылыстары пайда болады. Сүйектің сынған жерінде жұмсақ тканьдердің сарысу, ергілікті ыстығының көтерілуі пайда болады. Бастапқы күндері жалпы денесінің ыстығы көтерілуі мүмкін, ол кейде 38 0 С дейін жетеді. Ыстықтың көтерілу себебі - қанның және клеткалардағы бұзылған заттардың денеге тарауына байланысты болады. Сынықтын пайда болған жерінде бастапқы 2-3 тәуліктін ішінде бірінші сүйек мүйізгегі пайда болады Оның пайда болу процесінде сүйек сынған уақытында аққан қан, сүйек кабы сүйектің гаверс каналдары және эндост клеткалары катынасады. Қай жерде көбірек пайда болуына карай, ол төмендегі түрлерге бөлінеді: 1) эндостальдық мүйізгек эндост клеткаларынан; 2) интероосальдык мүйізгектер-гаверс каналдарынан; 3) периостальдық мүйізгек-сүйек кабынан; 4) параоссальдык мүйізгек-сүйекті қоршап тұрған жұмсақ тканьдардан.

Сүйек мүйізгегінің пайда болуында бір қатар құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылады. Ең бірінші сыну аймағында бірінші сүйек мүйізгегі пайда болады. Ол айтарлыктай едәуір жұмсақ болады және рентген сәулесінде көрінбейді. Кейіннен онда сүйек тканы клеткалары пайда болады және кальций тұздары жиналғандықтан екінші сүйек -- мүйізгегіне айналады, ол ұстап көргенде катты болады, сынған сүйектің бастарын жақсы ұстайды, көлемі жағынан жарақаттанған сүйек бөлінген едәуір үлкен болады және манжетка тәрізді сынған сүйектердің ұшын қоршап алады. Екінші сүйек мүйізгегі рентген сәулесінде жақсы көрінеді. Соңынан сүйек мүйізгегінің артық жерлері сорылып және сынған жер жалпы білінбей кетеді.

Сынықтарды емдеу. Сынықтарды емдеудің негізіне сүйек сыныктарын орнына салу және оларды осы жағдайда мүйізгек пайда болғанша козғалтпау жатады. Сүйек сынықтарын орнына салу үшін сынған жер 10-20 мл 2 процент новокайн ерітіндісімен жансыздандырылады. Ауыруды сездірмеуден басқа, ауыртпау шаралары бұлшық еттердің босауына себеп болады, бұл сүйек сынықтарының дұрыс салынуына жағдай туғызды. Сүйек сынықтарының дұрыс жағдайда болуы үшін: 1) гипстен таңба (құрсау, лонгета) койылады; 2) теріден немесе қаңқадан тарту колданылады; 3) сүйек сынықтарын операциялық әдістермен орнына салып, бекітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буын шығу. Сынықтар, емдеудің жалпы принциптері
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы
Қол - аяқ сүйектерінің сынықтары
Механикалық жарақаттардың сот-медициналық сипаты
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары
Алақан сүйектерінің сынуы
Тоқпан жіліктің сынығы
Омыртқа жотасының зақымдануы
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz